«психологиядағы психобиографиялық Әдістер» ПӘні бойынша


Әдебиеттанудағы биографиялық зерттеулер



жүктеу 1,2 Mb.
бет2/4
Дата12.02.2018
өлшемі1,2 Mb.
#9395
1   2   3   4

Әдебиеттанудағы биографиялық зерттеулер

Жалпа әдебиеттану мен өнертануда, суретші тұлғасы мен оның өміріне деген қызығушылық бар. Көркем өнер туындыларын түсіну тарихи контекст пен автор қашан өмір сүргендігі туралы, уақыты жайлы білімдерінсіз мүмкін емес. Дәл осы биография арқылы зерттеуші өнер туындыларын жасау дәуірі атмосферасына енеді.

Г.Винокур биография туралы терең ойды ескі бірақ, ескірмеген «Биография және мәдениет» кітабында, әдебиеттануда мәдени феномен ретінде айтқан (10). Көбінесе, ол өмірлік жолда тұлға мінез-құлқының бағдарламалануында , әдеби туындылардың рөліне назар аударған. Себебі, көптеген білімді адамдарда әдеби үлгіге сәйкес өмірлік стиль заңдылықтары бар.

Әдебиеттануда бірінші болып биографилық әдісті қолданған , әдебиетші француз сыншысы Сент-Бёваны айтады (XIXғ.). Ол әдеби туындыларды автор тұлғасының бейнесі арқылы қарастырған. Сент-Бёваның сыни шығулары, өз кезегінде жазущылардың әдеби кескіндері, биографиялық миниатюра ретінде көрсетілген (күнелікті өмір бейнесі, оның мәдени ортасы, жазушының замандастарымен қатынасы). Қазіргі әдебиеттанушылар бұндай бағыттың тарлығы мен шектеулерін көрсетеді, себебі бұндайда әдеби туындылардың өздері көлеңкеде қалады. Дегенмен, жазушының шығармашылық өнім мен биографияны байланыстыру принципі дұрыс болып табылады.

Жазушы өз уақытындағы маңызды сұраныстарды , мәселелер мен идеяларды көрсетіп , алдын ала болған көркем өнер тәжірибелерін қолданады. Шығармашылықтың бірігуін елемеу , әдеби процессті соңына дейін әлеуметтендіру талпыныстары КСРО-да 20-жылдары болғандай , «есімсіз өнер» концецциясында айқындалды. Сол кезде, О.М.Брик былай деп есептеді: «әдебиетшілер мен ақындар жоқ- әдебиет пен поэзиялар бар... Пушкин болмаса да, «Евгений Онегин» бәрі бір де жазылар еді» (11).

Әдеби шығармашылықтың обьективті шындығымен байланысының жоққа шығарылғандығы және «әдеби көріністер жазушының спонтандық өзіндік көрінісі » өз заманындағы сұратуға, обьективті даму жолының көркем өнер формасына да байланысты емес. Бұл тенденциялар психоанализ әсерінен күшейе түскен. Психоанализ жазушының кітаптарынан сюжеттер мен олардың өмірлік жолдары арасындағы байланысты, сексуалды тәжирибесі мен ерте балалық шақтағы оның шығармашылық қайнар көзін табуды іздеген. (Бұл жерде атақты психоанаоитикалық биограф Леонардо да Винчи, Н.В.Гогаль, Ф.М.Достоевскийдің еңбектері айтылып отыр). Бірақ фрейдистерде өнердің психологизациясында шығармашылық индивидуалдылықты мойындамаумен бұрып жіберді . Себебі бәрі сол бір ұғынықсыз себептермен- эпидтік кешенмен, садо-мазохизммен, ерте психологиялық жарақаттармен түсіндірілді.


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

Детерминизм принципі.

2.Физиологиялық пен психикалықтың бірлігі принципі.

3.Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.

4.Объективтілік принцип.

5. Даму принципі мен жүйелі-құрылымдық принциптер.


Әдебиеттер:

  1. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  2. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  3. Новиков А.М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. – М., 1998

  4. Палецкий С.В. Педагогическая технология освоения учащимися исследовательской деятельности: Учебно-методическое пособие. – Омск, гос. ун-т, 2004


Тақырып 4: Психологиядағы биографиялық әдістің тарихы. Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі

Мақсаты: Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ұйымдастыру логикасын қалыптастыру, психологиялық-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппарат компоненттерін

Жоспар:

          1. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппарат компоненттері

          2. Мәселе, тақырып, өзектілік

          3. Зерттеу объектісі, оның пәні

          4. Мақсаты, міндеті, болжамы

          5. Ғылыми жаңалылығы, теоретикалық және практикалық мәнділігі

          6. Тәжірибелік-экспериментальды жұмысқа көлем мен сипат беретін зерттеу жұмыстары


Психологиядағы биографиялық әдістің тарихы

Шыныменде шығармашлық қабілеттер, басқаларына қарағанда маңызды, автордың жеке қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Творчестволық шығармашылықтар автордың биографиясына байланысты, сондықтан биографиялық зерттеулер әдебиеттанудың маңызды бөлігі болып табылады. Биографияны зерттеу адаммен автордың шектеулі байланысын орнатуға көмектеседі, осылайша шығарманы тереңірек түсінуге мүмкіндік пайда болады. Шығармашылық қабілеттердің жеке факторлары негізіде шектелмейді, сондықтан ол шығармалардың пайда болуында ғана емес дайын романда, поэмада, суреттерде жеке стиль, жеке өмірлік тәжірибе ретінде шығармашылық еңбекте көрінеді. Бұның бари творчестволық индивидуалдық түсінігінде көре аламыз. Жекешелік, жазушыныттанудыңң шығармашылығына биографиялық қарастыру да қазіргі әдебиеттануға сай. Қазірге отандық гуманистикада әдебиеттанудың биографиялық бөлімдеріде керемет мысалдар береді. Бұл Борис Буровтың Пушкин мен Достоевский туралы биографиялық зерттеушілік романдары, Юрий Лотманның Пушкин туралы жұмыстары, Борис Соловьевтың Блок туралы жұмыстары және т.б.

Тарихтағы сияқты, әдебиеттанудада биографиялық әдіс атақты адамдардың өміріне байланысқан. Биографиялаудың әдістемелік жақтары да тарихи түб нагіздерге жақын болып келеді. Жеке іс қағаздардың көптеген түрлері суреттелген, олардың әдебиеттануға байланысы ашылға және жеке іс қағаздармен жұмыс істеудің және биография жазудың заңдары анықталған.

Жеке іс қағаздар техникасы тек биографиялық зерттеулерге ғана байланысты еме, және де жазушының шығармашылық зертханасына кіру мақсатында жасалған. Шығармашылық процесстің бейнесін жасау хаттар, күнделіктер, жазба қағаздары, қоршаған ортасының куәгелігі сияқты іс қағаздардан жасалады.



Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі

Биографиялық әдіс (көбінесе оны жеке іс қағаздар әдісі деп атайды) әлеуметтануда қолданылады. Кейінгі уақытқа дейін ол аздаған орын алған, бірақ 80-90 жылдардың өзінде ақ оған үлке көңіл бөлетін жәнеде әлеуметтанушылардың әдетттегі өмірге деген қызығушылығына сүйене отырып үлкен болашаққа уәде береді. Биографиялық әдістердің көмегімен әлеуметтануда өмірлік жолдың әлеуметтік жағдайын, ұжымдық тарихи санны, әлекметтанудың қалай дамитынын зерттейді. Әлеуметтану үшін әлеуметтік процесстің қатысушысының жеке қасиеттері емес, оның рекциялары мен акцияларының әлеуметтік ерекшеліктері қызықты. Әлеуметтану көптеген жеке іс қағаздар негізінде әлеуметтік ситуациялар жайлы әлеуметтік қорытындылар, қоршаған орта ойы туралы, әлеуметтегі әртүрлі топтпрдың өмір сүру үлгісі мен жағдайы ттурады әлеуметтік қорытындылар жасайды.

Жеке іс қағаздар әдіснамасында Я.Щепанский жазғандай, «адамдардың өмір жағдайлары жайлы ойлары біріксе, ол зерттеу тәсілі болып табылады». Жеке іс қағаздар белгілі бір адамға байланысты деп В.А.Ядов үлкен анықтама берген. Олар үшінші бір тұлғадан берілген анкета, кітапханалық формулялар, мінездемелер жәнеде хаттар, күнделіктер жатады.

Сөздің нақтылы түрі жеке іс қағаздардың аяк асты, тез уақытта жазылған және олар автордың жеке құлшынысымен жазылған түрі жатады. Оларда жағдайлармен аландаушылықтары жайлы оның жанды көзқарастары көрсетілді. Мұндай жағдайда протокол интервью жеке іс қағаз болып табылмайды, өйткені онда басты рөлді зерттеушінің өзі атқарады.

Сонымен жеке іс қағаздарды әлеуметтанушылар қандай мақсатта пайдаланады? Жедел іс қағаздар әлеуметтанушылар үшін жаңа проблемаға бастау болады, яғни олар зерттеудің алғашқы деңгейінде гипотеза қою үшін қажетті.

Әдістемешілер биографиялық әдістің ерекшелігі деп әлеуметтік шындықтың күрделілігі мен вариаттивтілігін бейнелейтіні, сырттағы бақылаушыға қол жетімсіз әлеуметтік топтағы процесстерді ашатыны, әлеуметтік өмірдің процесстілігін анықтайтыны деп көрсеткен. Сонымен қатар оның сенімділігі мен шынайылығы туралы күдіктер де айтылған. Бұл бағыттан журналистиканың, бейнелеушілік, субъективтік материалдардың көп мөлшері, субьекттердің өзі және болған жағдай туралы анықтамалары сиякты көптеген қырын көруге болады.

Әдіснамалық тұрғыдан әлеуметтанушылар биографиялық зерттеулерді біріктіріп, келесі қорытындылар мен кеңестерге келіп тоқтады:


  1. Автобиографиялық материадардың сенімділігі мен шындылығы жеке іс қағаздардың құрамы нақты бір тақырыппен шектелсе жоғары болады

  2. Адамдар қоршаған ортадан көрі өздері туралы үлкен құлшыныспен айтады, сондықтан бұл эгоцентризмді ескеру қажет

  3. Болған жағдайды құнарлы да түсінікті етіп бейнелеу білімді адамдарға да қиын. Олармен берілген фактілерді тексеру қажет.

  4. Жеке іс қағаздардың шынайылығы мен сенімділігі автордың бейнелеген жағдайларына байланысты қойылады.

Ян Щепаньский жеке іс қағаздар конкурсында ескеретің 7 заңды көрсетеді:

  1. Хабарландыру берілген тұрғындар тобын білу қажет

  2. Конкурсын мақсатын жетік түсіндіру

  3. Автобиографияны жазуда қолданылатын кзектілікпен проблематикасына нақты инструкция беру

  4. Жазуда қатал талаптар қоймау

  5. Хбарландырудың мәтінін баріне түсінікті тілде құрау

  6. Конкурстың қатысушыларына нақтылы мотивациялық тақырып қою, мысалы патриоттық сезім жайлы


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппарат компоненттері

2. Мәселе, тақырып, өзектілік

3. Зерттеу объектісі, оның пәні

4. Мақсаты, міндеті, болжамы

5. Ғылыми жаңалылығы, теоретикалық және практикалық мәнділігі

6. Тәжірибелік-экспериментальды жұмысқа көлем мен сипат беретін зерттеу жұмыстары

Әдебиет:


  1. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  2. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  3. Новиков А.М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. – М., 1998

  4. Палецкий С.В. Педагогическая технология освоения учащимися исследовательской деятельности: Учебно-методическое пособие. – Омск, гос. ун-т, 2004



Тақырып 5: Жеке тұлға құрылымы өмір жолының субъектісі ретінде.Индивид. Жеке тұлға. Субъект

Мақсаты: Студенттерді психологиялық-педагогикалық зерттеудің негізгі эмпирикалық әдістерімен таныстыру Әрбір әдіске сипаттама беру, оны пайдаланудың спецификасын анықтау
Жеке тұлға құрылымы өмір жолының субъектісі ретінде

Тұлға жалпы мән жайлары бойынша ұсынылады және өмір салтын құру арқылы өз тарихын жасайды.Оны қандай жолмен жасайды?Яғни ол өмір жолы ағымдағы құрылымына байланысты,жеке тұлға мен ақыл-ой құрылымының өмірлік жолда қалыптасуы болып табылады.Біріншіден,ол жеке қасиеттерінің жалпылама түрінде бекітілген жағдайа болса,екіншіден,білім нысаны ерекше мәдениетпен үйретіледі, сондықтан тек білім арқылы өмір сүруге болады деген нышандарға ие.

Білім - сана мен өзін-өзі танудың негізі.Кейбір білімнің құрылымдық мәні бар,қызметінің атқарушы жағына қарасаңыз,бағдарламалау мәні сендіру принципіне жеке басы мен оның өмір сүру философиясы,дүниетанымы ретіндегі тікелей қызметі болып табылады.Бірақ өмір жолы білім,сана,сана-сезіміне ғана тәуелді емес.Өмір адамға басқа да мән-жайлардың,проблемалардың жауап,шешімдері мен іс-шараларын құрумен тұлғаның құрылымының ажырамас әсері.Барлық тыс әсер байланыстырушы қызметін атқарады.Олар:өмірлік оқиғалар мен мән-жайлар.

Жеке тұлғаның іс-әрекет бастамасы көп жағдайда өмірлік таңдау , адамдардың өзін жеңу және оның сипатамасы мен ө қолданысындағы құрылымына әдейі қайшы жайдтарды істеуге болатыны және жалпы құрылысы сәйкес келетіні жайлы қарасырады.

Жеке адамның өмір салтын талдау жеке өмір оқиғаларына және жалпы заңдарын түсінуге, білімге негізделеді. Психологияда, алайда, белгілі бір ұқсастығы бар тұлғаның көптеген құрылымдық моделі бар. Олар иерархиялық құрылымды, табиғи және әлеуметтік шартты, көп ресми және оның негізгі қасиеттерін көрсетеді. Өмір жолында өмірді реттеу , әр түрлі мағынаға ие.

Б.Г Ананьевтің теориясы бойынша, өмірбаяндық әдісі біздің түсінуімізге байланысты биографиялық әдіс, жеке тұлғаның құрылымын антропологиялық принципі бойынша ( немесе, керісінше, жеке ) адамның табиғи және әлеуметтік қасиеттерді қамтиды . Б.Г Ананьев , біріншіден, жеке және жеке тұлғаның қасиеттерін бөлді , және екіншіден - субъектіні және тұлға мәселесі болған .

Тұлға және индивид - табиғи және әлеуметтік құбылыстар ретінде адам болмысының негізгі формалары. «Индивид » және « тұлға»терминдерінің психологиялық сипаттамалары шектелген емес, бірақ (мысалы, жеке физиологиялық әлеуметтанулық тұлғасы бар) басқа деңгейдегі сипаттамаларын қамтиды . Сол сияқты адам болмысының алғашқы екі нысандарының туындысы болып субъект туралы айтуға болады.

Адам тұлғасының құрылымының ең ажырамас қалыптасуы-индивид. Бұл оның зерттеудегі қиындықтарын туғызады. Бірақ индивид осы қасиеттеріндің сомасын азайтатын емес , ол осы үш қасиеттерін біріктіреді , өйткені , ол жаңа полисистема ретінде пайда болды.Ананьев бойынша тұлғалық құрылымының тұжырымдамасы индивид тұжырымдамасының интеграция деңгейінде (жеке қасиеттерін нақты құрылымы бар шатастыруға болмайды ). Тұлға « қиылысатын ( жинақталған ) ғана емес, жеке тұлғаның , сондай-ақ индивид пен субъектің ең маңызды қасиеттері» (1 , 211) құрылымы болып табылады.


Индивид

«Индивид » ұғымы Ананьев бойынша психофизикалық тіршілік ,түрлерінің Homo Sapiens жеке тұлғаларының тұжырымдамасының мағынасы ретінде. Табиғи қасиеттері тұқым қуалаушылық арқылы бірінші кезекте анықталады. Абиотикалық биотикалық және әлеуметтік, экологиялық орта факторлары - онтогенездің генетикалық бағдарламасының шеңберінде өзара іс- әрекетті анықтауынан тұрады. Бұл жағдайға , сондай-ақ өз білімі мен адам қызметінің қолданысы кіреді.

Индивидтің тұлғаға сәйкес келмеуі тұлғалылығы жоқ әдеби песонаждардың мысалынан көрінеді, бірақ бұларда толығымен тұлға қырлары көрінеді. Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.

Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз — өзіне ұқсастыру формасы.

Бұл қиын анықтаманы қабылдауда маңызды болып табылады. Драмалықта ағза ретіндегі тұлға және өзіндік сана жетектеушісі адамдардың барлық көріністері сонымен қоса бір – біріне өзара әсер етеді, мұндағы өзіндік реттелудің қабілеті көрінеді. Яғни күрделендіріп айтсақ, мысалы темперамент адамдардың жүктемесін білдіреді, және оның мамандық таңдауына бейім келеді, ал мақсаты мен құндылықтары психотиппен байланысты болуы мүмкін деп айтуға болады (мінездік ерекшеліктермен). Адамның ұлпалық құрлымы жаңарып отыратынына қарамастан (ішкі өзгерістер), ал өмір жаңа (тапсырмаларын) міндеттерді қояды (сыртқы өзгерістер), адам өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпайды — бүтіндік шарты бұзылғанда тұлға ішкі қарама – қайшылықты, конфликтіні бастан кешіреді, былай айтқанда, өзіндік бұзылуға әкелуі мүмкін.

Осылайша, біршама жеңілдетілген түрде индивидуалдылық – бұл индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады. Индивидуалдылықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «Ғимарат» ретінде елестетуге болады.

Сонда төменгі деңгейде (тұлғалық биологиялық іргетасы) біз барлық индивидті, формальді – динамикалық сипаттамаларды жинай аламыз (жыныс, темперамент, қабілеттіліктің қасиеттері, бас ми жарты шарының ассиметриясы). Екінші деңгейде біз заттық – мазмұнды сипаттамаларды қарастырамыз (тұлға түрлері, қырлар, қабілеттер, мінез – құлықтың стильдік сипаттамалары). Ал үшінші жоғарғы деңгейде рухани – дүниеге көзқарастық сипаттамалар болады (тұлғаның бағыттылығы, құндылығы, пайымдауы, көзқарастары, және ұстанымдары).
Жеке тұлға

Сөздің тар мағынасында тұлғалық, әлеуметтік және психоәлеуметтік сипаттамаларымен сипатталады. Адам үшін «тұлға ретінде , әсіресе, оның материалдық өмірі өндіріспен қоғамның дамуына байланысты, демек, нақты әлеуметтік функциясы маңызды ғана сипаттамалар ретінде қарастыруға болады». (2,179) Жеке тұлғаның психологиясы тек мына жағдайға байланысты анықталды « қазіргі заманғы қоғам және адамдардың өмір сүру жолын , әсіресе , мәдени, саяси және құқықтық даму тарихы бар әлеуметтік өмір қазіргі заманғы салтын қалыптастырумен анықталады» (3 , 107) .

Жеке тұлға дегеніміз-өзінің қайталанбас индивидуалдығымен ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы. Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама-қайшы көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие бола қоймайды. Ал екінші көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі қасиеттері мен белгілерін толығымен терістейді және жеке тұлғаны әлеуметтік тәжірибе барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі көзқарастар болып табылады.Бұл құбылысты талдауда біз жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерімен қатар оның әлеуметтік тәжірибелерін де ескеруіміз қажет.

Жеке тұлға ұғымы адамда оның өмірлік қызметінің әлеуметтік бастауын сипаттауға көмектеседі. Адам әлеуметтік байланыстарда , әлеуметтік институттарда, мәдениетте, яғни қоғамдық өмірде басқа адамдармен қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылатын қасиеттерді жасайды.

Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы белгілердің индивидуалды бейнеленуін және оның негізгі барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде бейнеленуін көрсетеді. Социология ғылымы тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуының әлеуметтік негізін, тұлғалар типі қоғамында өсетін әлеуметтәік қызметтер мен әлеуметтік мазмұнда , яғни жеке тұлғаны қоғамдық өмірдің қайнар көзі ретінде зерттеуге тырысады. Социологтардың көзқарасы бойынша жеке тұлға басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы ндивидуалды өмір қызметінің әлеуметтік белгілерін бейнелейтін және сол арқылы қоғамдық қатынастардың дамуы мен тұрақтануына әсер ететін жеке адамдарды білдіреді.

Субъект
Субъект құрылымы жеке тұлғаның қасиеттерін біріктіреді. Бірақ субъект жеке тұлғаның сомасынна азайтылуы мүмкін емес - ол адамның жаңа сапасы болып табылады. Осы сапасын мәнін анықтау үшін, Ананьев адамның осы екі анықтамаларын ескере отырып, осындай дәрежеге байланысты «,» жеке тұлға «және» субъкт «ұғымы таралған - қоғамдық, білім беру, сондай-ақ жеке қоғамдағы нақты іс-шаралар арқылы қалыптастырылады және дамиды деген. Адамның ажырамас құрылымы - субъект жеке тұлға ретінде дамуының тек әлеуметтік деңгейінде ғана анықтайды «(1, 243-244) Жеке тұлға дамуы, өмір сүру және процесінің нысаны әлеуметтік мінез-құлық болып табылады, және пәндік -. белсенділігі барша адамға бірдей емес.» ...

Субъект -болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші. Субъект индивид немесе топ іс-әрекетті танудың және өңдеудің негізі ретінде; іс-әрекеттік белсенділіктің тасымалдаушысы. Барлық көріністерімен бірге идеализм субъектінің белсенділігінің қайнарын оның өзінде деп біледі. Ғылыми психологияның негізі делінген диалектикалық материализм субъектіні тарихи дамудың өнімі деп қарайды және оның белсенділігін адамдар қарекетінің ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы қарекет процесінде объектінің нақты, іс жүзіндегі өзгеруі субъектінің қарекеті соған негізделіп реттелетін субъектідегі бейнелерге барабарлығының, болмысқа сәйкестігінің критерийі болып табылады.

Жеке тұлғаның субъектісінің ішкі құрылымы, жеке шегінен қорытындылайды, түрлі іс-шаралар мен өнімділігінің ықтимал деңгейін орындауға негізгі көмек физиологиялық және психоәлеуметтік меншік құқықтары болып табылады. Сондықтан да оған адам ресурстарының әлеуетін жатқызуға болады.

Ол барлық қызметі үшін маңызды болып табылады, себебі Зияткерлік компонент, жалпы мүгедектікке арнайы қабілеттері болуы тиіс. Шынында да, барлау табысқа жету үшін қажет. Өз қабілеттерін ( ойлау -бірінші орында ) , эрудиция , шығармашылық , әлеуметтік өнімділігін - жеке интеллект деңгейінде жеке тұлға деңгейінде , ақыл-ой қабілеттерін , талабы ұсынылады. Ананьевтің пікірінше, психикалық қызметі табысты жұмыс істеп ,бірлік ақпаратқа , мотивация , сонымен қатар ақпаратты өңдеу үшін энергиямен қолданатыны мәлім, демек жеке тұлға энергия жүйелерін зияткерлік қызмет үшін « қосылу » тиімділігіне ғана тәуелді емес.

Талант шығармашылық деңгейде іс-шаралар дайындығын анықтайтын тұлғалық қасиеттердің жиынтығы. Талант ¬ қабілеттіліктердің, ең алдымен арнайы қабілеттердің дамуының еңжоғарғы деңгейі. Талант — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. « Қажеттіліктер мен қабілеттеріне , себептері және осы қызмет үшін нақты дайындығы , өмірлік қатынастар жүйесіндегі басым сипаттығы және тәуелсіз шығармашылық жұмыс дағдылары үшін қажетті біріктіру іс-әрекетімен сипатталады - ». ( 5 , 97 )


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

Әдебиет:


  1. Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. Изд. Калининградского государственного университета, 2003

  2. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  3. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  4. Образцов П. И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. — СПб.: Питер, 2004.

  5. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  6. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  7. Образцов П. И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. — СПб.: Питер, 2004.



Тақырып 6: Өмірлік жол жеке тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тарихи дамуының формасы

Мақсаты: Психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүргізудің кезеңдері мен әдістерін туралы көзқарасты қалыптастыру

Жоспар

1.Проблеманы анықтау.

2.Гипотезаны ұсыну.Гипотезаны тексеруді жүзеге асыру.

3.Нәтижені тексеруді интерпретациялау.

4. Психологиялық зерттеу жұмыстарының этаптарын талдау
Өмірлік жол жеке тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тарихи дамуының формасы

Даму жеке тұлғаның өмір сүру процесі, бұл кезде әртүрлі қиындықтар болуы да мүмкін, ол жеке тұлғаның дифференциация және интерграциясы, жаңа қасиеттердің пайда болуы немесе тұлғаның жаңалануы. Жаңалану құрылымында оның өткен өмірінен де белгілер әсер ететіні белгілі: оның қабілеті мен білімі, қолынан келетін дүниелер, әлеуметтік ортадағы өзін ұстауы сияқтылар. Жеке тұлғаның дамуы оның психикалық функцияларымен тығыз байланысты болғанымен оған тәуелді емес. Жеке тұлға дамуы жалпы құрылымның деңгейіне байланысты бақыланады. Алайда өзгерістер күнделікті болып жататын, көп байқала бермейтін функциялық өзгерістер, тәжірибе алу, жеке тұлғаның санасының механизміндегі микроөзгерістерге байланысты жүзеге асады. Жеке тұлға өміріндегі микроөзгерістерді байқау бізге қиынға соғады себебі біз тұлға өзгерісін көп жағдайда оның өміріндегі кризистік жағдайларға байланысты деп жалпы түрде қараймыз. Алайда кризистік жағдайлар көп бола бермейді, ал даму процесі үнемі жүріп отырады.Жеке тұлғаның дамудағы микроөзгерістері мен өміріндегі бір сәттік өзгерістердің жалпы механизмін түсіну даму психологиясы мен жеке тұлға генетика зерттеулерінің тапсырмасы болып табылады.

Даму проблемасы өте күрделі және жан жақты процесс. К.А.Абульханова Славскаяның пікірінше даму жеке тұлғаның өз өмірінің қозғалысының траеоториясын қадағалайтын субъектісіне айналуы. Оның пікірінше дамуды жай ғана өзгеруден бөлек қарастыру керек деп есептейді. Мұнымен әрине келісуге болады бірақ жеке тұлғаның қалыптасуы мен өмір жолының субъектілі детерминациясының әртүрлі деңгейлеріне мән беру керек. Сонымен қатар бұл кезде жеке тұлға өміріндегі детерминацияның объективті және субъективті фактор пропорциялары және психикалық дамуда өзгерістер болады.Б.Г.Ананьев психологиясында адамның өмірлік жолындағы әлеуметтік және табиғи қасиеттердің араласуы формаланған және эмпирикалық дәлелденген. Ананьев психобиоәлеуметтік даму туралы өзінің жаңа ғылыми зерттеуінде айтқан болатын, ол оны ОНТОПСИХОЛОГИЯ деп атаған болатын. Онтопсихология Ананьевтің ойынша жеке тұлғаның әлеуметтік тарихи жолы мен индивидтің табиғи онтогенезін психологиялық зерттеу. Тұлғаның дамуының алғашқы пункті табиғи, генетикалық құрылымды индивид. Генетикалық бағдарлама ол дамудың ең алғашқы бағдарламасы. Генетикалық бағдарламаға байланысты адам өміріндегі басқа да фазалар бірінен соң бірі жүріп отырады: ұрықтану, туу, даму, пісіп жетілу, қартаю және әрине өлім. Бұл фазалардан ешкім де құтыла алмаған әрине адам өмірінде оқыс оқиға болып аяқ астынан қайтыс болып кетпесе. Онтогенездің бұл фазалары адам денесінің соматикалық құрылымы мен функцияларына ғана емес сонымен қатар адамның психофизиологиялық құрылымы мен функцияларына да қатынасы бар деп есептеледі.

Онтогенездің заңдарына байланысты психофизиологиялық функцияларының дамуы және қартаюы органикалық қажеттіліктер мен темпераментте жүреді. Ол тұлғаның өмірде болатын жағдайлар мен жағдаяттарға формальды реакциясын анықтайды. Мысалға алатын болсақ бір тұлға жағдайды өзіне қатты жақын алатын болса оның артынан кемістктері шығуы мүмкін, ал аса жақын қабылдамайтын бала одан тез өтіп кете алады.Генетикалық бағдарланған онтогенез тұлғаның бүкіл өмірінің құрылшымына кіреді және ол өте маңызды рөл атқарады. Демек адам өз өмірінде алдына қоятын жоспарлары мен қалауларын өзінің физикалық, психофизикалық мүмкіндіктері мен өзінің жас ерекшелігіне байланысты құрады. Адамның жасы онтогенездік мінездеме сияқты өмірлік шешімдердің уақытылы немесе уақытылы емес орындалуына өз әсерін тигізеді.мысалға әйел адам балалы болғысы келсе бала туа алатын жасында үлгеруі тиіс әйтпесе баласыз қалуы мүмкін.

Әр жастың биографиялық мәні бар: оқудың, жұмыс жзасаудың, карьера құрудың, араласудың тіпті өлудің де өз уақыты бар екені белгілі. Адамның өлімі де биографиялық мәнге ие. Психологиялық тұрғыдан өлім проблемасы адамның өз өмірін белгілі этаптарға бөлу арқылы әр нәрсені өз уақытында жасауына мүмкіндік береді. Өлім мәселесі әрқашан да адам санасын алаңдатып келді. Ол туралы көптеген философтар, жазушылар мен ақындар өз еңбектерінде жырлайды. Ол туралы философтар мен дәрігерлер өлім мен өмірдің арасындағы шекараны білуге ұмтылып зерттейді. Тіпті өлім мен өлу туралы ТАНАТОЛОГИЯ деген ғылым да бар. ( Г.В.Шордың Адамның өлімі туралы еңбегі.)

Жаңа теориялық көзқарастарда жеке тұлғаның әлемге деген көзқарасына үлкен мән беріледі. Сондықтан біз тіпті кішкентай балаларға ашық тұлға немесе тұйық деп айтып жатамыз. Органикалық қажеттіліктердің құрылымы және жалпы психофизологиялық денсаулығы адамның өмірде пессимист немесе оптимист болуына өз әсерін тигізеді. Бұл дамуда тек қана өмірге деген көзқарас пен қажзеттіліктерге байланысты болады деген емес әрине.

Адамның өмір жолы тұлғаның онтогенезбен салыстырғанда адамның индивидуалды дамуының кешіккен түрі. Өмірлік жол ол тұлғаның тарихы, ал тұлға бір адам болғанымен индивидтен қарағанда жас болып табылады. Адам индвид болып туылады, тіпті ол анасының құрсағының ішінде жатқанның өзінде индивид болып табылады. Алайда ол тұлға болып қоршаған ортамен араласқанда және әлемді танып біліп сана сезімі қалыптасқанда ғана кейіннен ғана бола алады. Тұлғаның қалыптасу деңгейін анықтау оңай емес. Ол жеке тұлғаның критериясына байланысты болады: диалектикалық сөйлеуге, балалық негативке, немесе қырсықтық белгілеріне,алаңдаулар мен естеліктерге. Б.Г.Ананьевтің ойынша биография туралы үш төрт жастан ерте емес кезеңде ғана айтуға болады. Шарлотта Бюллердің пікірінше ол туралы тіпті кешірек уақытта , жасөспіпімдік кезеңде ғана сөз қозғауға болады, өйткені дәл осы уақытта ол өзінің өмірлік жолын таңдай алатындай сана сезімі қалыптасады. Биография үшін ең маңыздысы ол адамның өз өмірін жай ғана өткізіп жатуы емес оны қандай да бір жоспарларға сәйкес еңбек етіп, қоршаған ортамен тығыз байланысты болуы. Тұлғаның өмірі бір біріне байланысты екі бағдарламалар арқылы анықталады. Біріншіден, әлеуметтік бағдарлама ол барлық адамдарға міндетті болып табылады, ол белгілі бір тарихи эпода жүреді. Әлеуметтену процесі тұлғаның қалыптасуында яғни балалық шақта, жастық шақта ерекше түрде жүреді. Сонымен қатар ол бұдан кейін де тоқтап қалмайды, сондықтан адам жұмыс сферасында, үйренуде, араласуда жаңа талаптарға бейімделеді. Оған сонымен қатар жаңа талаптарға , сұрауларға, қоршаған орта қарым қатынасындағы тарихи эпоха күтетін жағдайларға бағынуға тура келеді. Үнемі әлеуметтік дамуда болмаса адам өмірден қалып қояды.

Сонымен әлеуметтену дамудың тәсілдерінің бірі болып табылады, мұның астарында әлеуметтік оқудың механизмдері мен мәдениетті меңгеруі жатыр. Бұдан бөлек тағы да бір тәсіл бар ол тұлғаландыру. Ол өмірдің тұлға бағдарламасына, өмір жоспарларына, және тұлғаның осы жоспарларын өмірдегі барлық жағдайлармен байланыстырып жүргізуіне байланысты болмақ.егер де әлеуметтену тарихи эпоха мен қоршаған ортаның талаптарына бейімделуі болса, ал тұлғалану ол бұған қарама қарсы яғни талаптар мен ережелерге қарамастан өзін өзі сендіру болып табылады. Өзін өзі сендіру ауқымды түрде қарастырғанда тұлғалану деген сөз, яғни адамның тек қана қоршаған ортаның талаптарына сәйкес қана әрекет жасауы емес сонымен қатар өзінің де ойларына сәйкес дамуы болып табылады. Тұлғалану жан жақты болып табылады. Бұл еңбектегі, қарым қатынастағы, жан жақты меңгеруіндегі жеке тұлғаның өмір сүруінің индивидуалды стилі болып табылады. Ол мінез және талант болып табылады, ал жалпы ол индивидуалдылық. Оның әрбір элементі өз алдына қайталанбайтын әлеуметтік индивидуал. Адамда барлық жағынан керемет немесе әлеуметтік барлығына тән бола алатын қасиет болмайды. Мұнай тұжырымға жаңа заманғы ғылым келген болатын. Адамның әлеуметтінуі мәдениетті, білімді, моральды, құқықтық, профессионалды білімдерді, сонымен қатар қылық әрекеттің нормалары мен ережелерін, әлеуметтік ортада өзін ұстауын және тағы басқаларды меңгермей жүзеге аспайды. Дәл балалық шақта әлеуметтену процесі интенсивті түрде жүреді, ал меңгеру іс әрекеттің ең маңызды формасына айналады. Баланың белсенділігіі оынң ата анасының , мұғалімдердің, сонымен қоса қоршаған ортаның әсеріне байланысты дамиды. Кішкентай бала әлі де барлық затқа құқылы және өз алдына дербес тұлға болған жоқ, ол педагогтардың объектісі. Мәселе пісіп жетілуде жатыр. Пісіп жетілу дегеніміз тұлғаның енді қоршаған ортаны танып білуге ұмтылуы емес, оған өзі араласуы болып табылады.

Пісіп жетілу оның ішкі әлемінің дамып, қоршаған ортада өзіндік шешімдерді қаббылдай алуы болып табылады.Жетілу арқылы адам бұл қасиет бекер берілген еместігіне және осы арқылы ол қоршаған ортадағы адамдарға қуаныш сыйлай алатындығына үміттенеді. Жетілу іс әрекетсіз жүзеге аса алмаса да одан қарағанда үлкен мағынаға ие. Жетілу өте үлкен мағынаға ие, өйткені ол мәдениеттегі бар нәрсені меңгеру формаларына тікелей қатысты.

Жетілу түсінігі шығармашылық түсініге жақын болып табылады. Шығармашылық алдымен ерекшелік, іс әркеттің пайдалы болуы дегенді білдіреді. Ал жетілудің шығармашылық сияқты әрқашан ерекше немесе жаңа болуы міндетті емес.

Антон Павлович Чехов Ялтадағы өзінің үйінің жанына бақ орнатқан кезде раушандар мен сирендердің жаға сұрыптарын отырғызған жоқ, яғни ол шығармашылықпен айналыспады. Ал өзінің әңгімелері мен пъесаларын жазып шағарды. Алайда ол өзінің екі әрекетінде де қоршаған ортаға қандай да бір пайда әкелуге, қоршаған ортаны жаңаландырып гүлдендіруге , адамдарға көмектесуге тырысты. Оның өмірі ауқымды мағынада жетілудің айқын айғағы. Тұлғаның жетілу позициясы адамның өмірді түсінуінен туындайды, оны Сергей Леонидович Рубенштейн өзінің Адам және әлем еңбегінде дәл және айқын түрде көрсеткен болатын. Адам өмірінің мәні басқа адамдарға жарық және жылу сыйлау. И.А.Бунин өзінің өмірінің соңында мынадай тұжырымға келген болатын: біздің өміріміздегі әрбір зат үлкен мәнге ие болуы және қандай іс жасасақ та қоршаған ортаның гүлденуіне және қоршаған ортада барлығы жақсы болуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Адамның өмірі оны түсінуіне байланысты қандай да бір ойластырылған жоспар бойынша құрылуы мүмкін. Өмір сүрудің мұндай тәсілі субъектілік детерминацияның жоғарғы деңгейіне сәйкес келеді. Бұл деңгейде адам өз өмірінің максималды жасаушысы және басшысы. Ол өз өмірінің мәнісін іздейді және оны тапқан соң оны қалай және қалай қолдану керектігін түсінеді, алдына мақсаттар қойып оның ішінен ең маңыздысын таңдап алады. Ол кедергілерге қарамастан осы мақсатына жетуге тырысады. Өмір сүрудің мұндай жолы үнемі күш салуды талап етеді, және ол оңайшылықпен орындала сала алмайды. Алайда өмір сүрудің мұндай тәсілі дамудың ең тиімдісі болып табылады.

Өте мазасыз және максималды белсенді өмір іс әрекеттегі психикалық механизмдерінің барлығының орындалуына жағдай жасайды. Іс әрекет кезінде олар формаланып жаңаланады және белгілі бір деңгейге өтеді.

Өз материалдарымнан адамның күделікті іс әрекетке басымен кіріп кететіндігіне және барлық адамның басқалар сияқты жаттанды өмірді сүруге талпынатындығына өзінің өткені мен болашағына көз жүгітпей ақ сол бұрынғы қалыптасып қалған қағидалармен өмір сүруді таңдайтындықтарына яғни отбасын құру,өмірге ұрпақ әкелу, оқу орнын бітіру сияқты , басқалардыкіне ұқсамайтын индивидуалды ерекше жоспарлар құруға талпынбайтындықтарына бір мысал келтірейін: Валентина Ш.42 жаста. Экономикалық жоғары білімді, жеке фирмада бас есепші болып жұмыс жасайды. Өзінің өмірі туралы: Мен өз өмірімде ештеңені өзгерткім келмес еді...ешқандай жаңалықтар жоқ. Барлығы дұрыс, өзінен өзі болды. Менде проблема жоқ. 18 жасымда бала кезден танитын адамыма тұрмысқа шықтым. Ол ұсыныс жасады, мен келістім. Барлығы сияқты ойланбастан техникумға оқуға түстім.

Тұлғаның дамуы өмірде болып тұрады ма деген сұрақ туады.Бірақ ол кейде адамның еркіне бағынбай тіршілік әрекетіне қатысты істерді істейді.Бұл жағдайдағы өзгертулерде айқын дәлеледемелер арқылы зерттеуге болады,және адам тұлғалық ерекшелігіне байланысты,өз өмір бейнесін құрады.Және өз өмірінің бейнесін құра отырып тәжірибелік тұрғыдан өз өмірлік әдеттерін бекітеді.Әдеттер жинақталад,аккумуляцияланады,және кейде адам өзіне немесе айналасындағы адамдарға осы қылықтар басқалай қөрінуі мүмкін.Ол адам тек өзін салыстыра отырып қана барлығын түсіне алады.

Кейде сен өзіңнің ескі хаттарың мен күнделігіңді оқығанда соны өзіңнің жазғаныңа сенбейсің.Кейде сен өзіңнің көптен көрмеген досыцңды кездестіре қалсаң,ол досың сенің қалай өзгергендігіңді байқайды.Бұл өзгерудің жақсы жақтары мен жаман жақтары да бар.Бұл сенің қалай өмір сүргендігіңе байланысты.Бұл анықтамалар адамды еркіне жібереді немесе сол заңдылықтарға бағынады.Сондықтан біз айтамыз барлығын өмір өзі үйретеді деп.

Субьектінің төменгі деңгейі.Ол әуелі өмірдің жай жапсарлары мен ұғымдылықты кішкентай бала мен сайлаушыға тән деп есептеген.Тұлғаның бастапқы құрылымы біріншіден сайлаушыға тәуелді.Екіншіден тұлғаның құрылымы мен нақты жасына тәуелді болып келеді.Бұл ұғымның қатынасы нақты өмірде болған Л.И Божовичтің «ішкі айқындама» түсінігінде маңызды болды.

Субьектінің төменгі деңгейінде ішкі позицияны ескерген жоқ ,себебі адам өзінің тұлғалық әрекеттестіктерін ескерген жоқ.Бұндай жағдай бала кезде бәрімізде болды.Бірақ кейде үлкендері күнднлікті уайымдары мен жұмыстарын батыл атқарады,және оларды оңайлық пен тоқтата алмайсың.

Кейбір адамдарөз өмір бейнесінайтуға қорқады.Олар өмірдің қайшылықтарын көрмей тек өмірді өзінің өмір сүру заңдылығында деп ойлайды.

Өзін –өзі қадағалау мен ойлаудың таралуы өмірлік ерекшеліктерімен,бұнда субьект өмірлік оқиғаларды айқындап,өзінің өмірлік жолын таңдайды олар болған оқиғаны уайымдап ой иелігінен өткізеді,және өзін қандайда бір жағдайда сынап қөреді.Бұл субьект белсенді ескерілгенжәне субьектінің орта деңгейі болып табылады.

Бұл түсіндірмелерді француз жазушысы Армана Ланудың журналға берген мақаласында «ағылшын литературасы»(1982,№10).Ол өзінің өмірлік негізгі сұрақтарында былай дейді:негізінде адам өзінің өмірінде көптеген шешімдер қабылдайды....Менің ойымша билік біз қаламасақта сыртымыздан жүріп отырады.

Біз қандай әлемде өзіміздің тағдырымызға жауап бере аламыз?Көбінесе адамдар өзінің мүмкіндіктерінен жай ғана бас тартып,сонымен өзінің тағдырларын шешеді.Қалғандары өмірдің бергенін пассивті түрде қабылдайды.Тағы бірі өз жолын белсенді түрде іздеп,қалағанына қол жеткізеді;субьектінің интериндивидуалды өзгермелі деңгейі бар.Әрқайсысында өзіне тән үлкен және кіші белсенділік бар.Бірақ субьектінің деңгейі адамда қандайда бір жағдайға байланысты өзгереді.

Өмірде субьектінің деңгейі өмірлік жағдайларда пайда болып,біз ойлағандай оның негізгі үш түрі бар.Біріншіден:бұл қоршаған ортаның жағдайыөмірлік субьектінің белсенділігінің төменгі деңгейлеріне сай келеді.Ол адаммен жоспарланбайды,ол өздігінен болады.Кейде қоршаған ортаның жағдайы бағдарлама бойынша болады бірақ бұл өмірлік бағдарлама емес,табиғаттың не қоғамның (мысалы:ата –аналардың өлімінің шарасыздығы немесе баланың мектепке баруының бағдарламасы).Басқа жағдайларда адамдармен кездейсоқтықтар болып тұратындықтан бағдарлама туралы айту келеңсіз.Бұл жағдайларды жоғалту немесе сәттілік, жолы болдғыштық деп айтуға болады(мысалы:лотореядан көп ақша ұтып алу).Кейде бұл жағдайларды адам кеш түсінеді,кейде бұл жабық күйде қалады.Дегенмен бұл жағдайлар тағдырлық рөл ойнайтын жағдайлар болып табылады.

Әртүрлі өзгерістер биографияның тоғыстарын құрайды.Кейбір тоғыстар шынайы оқиғалар болып табылады.Туыстардың тууы мен өлуі осындай жағдайларға сай келеді.Үдерістер оқу немесе еңбек ұжымының өмірлік процестері біздіңі өмірімізді көптеген оқиғалар мен толықтырады:жаңа қызметке тағайындалу сыйлық алу.басшылықтың ауысуы т.б.Қазіргі адамның өміріне қатысты айналада болып жатқан жағдайлар оның өміріндегі негізгі жағдайларға тәуелді.

Біз кей жағдайларда мынаны байқаймыз,адамның тарихи оқиғалар мен әлеуметтік бағдарламалық факторларға қатысы барын не жоғын анықтайды.Олар тек жай адамның еркіне бағынбай,тек топ адамдары ғана қызықтырады.Тарихи жағдайларға қатысушылардың барлығы болған оқиғаларды қабылдаған жоқ.Осындай тарихи оқиғаларды дамыту,сезіну(Б.Ананьев).Сонда адам оны тек игеріп қан қоймай,тарихи жағдайларды белсенді тұжырымдап,өміріне қатысты уақытты анықтайды,Осындай жағдайлар адамның өмірдегі обьективті өзгеруі сияқты бірдей бола алмайды.Обьективті жағдайлардың ашылуы оның позицияға қатысы немесе адам өзінің ішкі әлемі мен күресі және өзінің тұлғалық іс-әрекеті өмірдегі түсінігіне байланысты.

Екіншіден,бұндай жағдайлар өмірде іс-әркет пен тәртіппен рекшеленеді.Іс-әрекет тұлғаның тәрбиелік ортадағы бірлігі,бұнда оларда мінезі,әсіресе моральдық жағдайлары анықталады.Іс-әрекеттің жоғарғы деңгейі-ерлік.Барлық іс-әрекет бір адамға ғана қатысты емес өмірдегі барлық адамдарға қатысты.Іс-әрекет жағдайы мақсатқа жетуге немесе жаңа өмір беттерін ашуға көмектеседі.

Мысалға әртүрлі іс-қимылды айтуға болады болған жағдайға байланысты,нақты қарым қатынас және іс-қимылдарын.Адамға деген қарым-қатынас адамның өзінің іс-қимылынан сөйлеу мәнерінен байқауға және қоғамға деген қатынасынан байқауға болады.

Жұмыстың өз биографиялық маңызы зор.Себебі адам өз еңбегі үшін материалдық моральдық төлем алады.еңбектің арқасында өз беделін көтереді,соған байланысты өмірлік жаңа беттері ашылады,көбінесе психологиялық тұрғыда.

Іс-әрекеттің нәтижесі өз өмірінің таңдауы болып келеді.Өз өміріңді, тағдырыңды шешуі өз қолыңда.

Оқиғалар көркем туынды сияқты болуы мүмкін.Чернышевскийдің «Не істеймін атты»еңбегімен танысқаннан кейін,щның сөзінде»әр бетті ойладым...жаңа өмір аштым.Өмірге көзқарасым өзгерді».

Адам өзінің өмір сүру барысындағы ойы,іс-әрекеті өзгеріп отырады.Егер өзгеріс жоғарыдан болса,онда біз тұлға жайлы айтамыз.

Тұлға дамуы -өмірлік зерртеу мен,іс-әрекет пен тәрбиеде.Бұндай негізгі қорытынды характерологиялық зерттеулерде Б.Г. Ананьев және осы ойға К.А Абульханаова-Славская да қатысты.


жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау