25
Ол алтыбҧрыш тәрізді геометриялық фигурадан тҧрады да, оның міндетті
тҥрде екі кіру және екі шығу сызығы болуға тиіс. Осы блокты пайдалану
арқылы жоғарыда келтірілген алгоритм 1.7-суреттегідей тҥрде кескінделеді.
Параметрдің алғашқы
х мәні оның соңғы
х мәнінен кем болса, онда оның қада-
мы
dx оң сан болады. Керісінше, параметрдің алғашқы мәні оның соңғы мәні-
нен артық болса, онда қадам теріс сан болады.
4. Қадамдық циклдер. Циклді орындаудың ал-
дында, оның қайталану саны белгісіз болған
жағдайда қадамдық циклдер пайдаланылады.
Мҧнда циклді жазу ҥшін тек қана "шартты тек-
серу" блогын қолдану қажет, ол циклді аяқтау
ҥшін белгілі бір шартты тексереді. Қадамдық
циклдердің схемасын сызғанда модификаторды
(алтыбҧрышты) қолдана алмаймыз, себебі алдын
ала циклдің неше рет қайталанатыны бізге бел-
гісіз. Енді осындай циклдер жҧмысына мысал
келтірейік.
3-мысал.
2
k
k
x
Z
функциясының мәндерін
k = 1,
2, 3, ... және
Z 0.0001-ден артық болған жағдайда
есептейік, мҧндағы 0
х
1. Бҧл мысалда алдын
ала цикл неше рет қайталанатынын айта алмаймыз,
ӛйткені бізде тек
k параметрінің алғашқы мәні мен
қадамы ғана белгілі. Сонымен қатар
Z функ-
циясының 0.0001-ден артық болуы циклді қайталау
шарты болып есептеледі (
Z > 0.001). 1.8-суретте
осы есептің алгоритм схемасы кӛрсетілген.
1.9 Программалау тілдері
Программаларды
компьютерде
тікелей
орындауға арналған алгоритмдерді жазу тәсілі, яғни алгоритмдерді
компьютерге тҥсінікті мәтін ретінде жазуға арналған қарапайым жасанды тіл
программалау тілдері деп аталады. Әрбір компьютердің ӛзінің машиналық
программалау тілі болады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы
таңбалау) тілі дейді. Компьютер тек ӛз ана тілінде, яғни машиналық тілде
жазылған программаларды ғана орындай алады. Алайда, машина тілінде прог-
рамма жазу ӛте кҥрделі жҧмыс, ӛйткені ол тек екілік (он алтылық) жҥйедегі
кодтардан тҧрады және әр машинада әртҥрлі машиналық тіл қолданылады.
Программа жазуды жеңілдету ҥшін математикалық формулаларды кеңінен
қолданатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик,
Паскаль, Фортран, С, т.б. кеңінен қолданылады.
Алгоритмдік немесе програм-
малау тілі – жазу ережелері қарапайым жасанды тіл. Оның машина тілде-
рінен айырмашылығы – табиғи ағылшын тілі негізге алынып, кең тараған мате-
матикалық таңбалармен толықтырылып жасалған. Сондықтан алгоритмдік
тілдерде программа жасау адамдарға әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді.
x-ті
енгізу
2
k :
= 1
3
k,
z
соңы
басы
z>10
-4
жоқ
иә
8
k:
=k+1
5
6
1
7
4
z
:
=
2
/
k
x
k
x
k
k
/
2
1.8-сурет. Қадамдық цикл
алгоритмі
26
Алгоритмдік тілдер автоматты тҥрде компьютердің кӛмегімен аудармашы
программалар арқылы машиналық тілге кӛшіріледі.
Әрбір машинаның ӛз машиналық тілі болады және ол тек осы тілдегі программаларды
ғана орындай алады. Программаларды машиналық тілде жазу ӛте кҥрделі, әрі адамды
шаршататын жҧмыс болып табылады. Программалаушылардың жҧмыс ӛнімділігін арттыру
мақсатында жасанды тілдер, яғни программалау тілдері қолданылады. Мҧндайда жасанды
тілде жазылған программа машиналық тілге аударылуы тиіс.
Алгоритмдік тілдер машинаға және проблемаға бағытталған болып екіге
бӛлінеді.
Машинаға бағытталған тілдердің машина тілінен айырмашылығы,
олар компьютердің ерекшеліктерін есепке ала отырып әріптерді де пайдала-
нады. Қазіргі кезде машинаға бағытталған тілдерде маман программалаушылар
жҧмыс істейді. Оларға – автокод, макроассемблер, ассемблер тәрізді тілдер
жатады.
Проблемаға бағытталған тілдер шығарылатын есептердің ерекшеліктерін
еске ала отырып, есептің математикада жазылу тіліне жақындастырылады.
Бҧларға – Бейсик, Фортран, Паскаль, С, т.с.с. тілдер жатады.
Негізінде компьютерде кез келген программалау тілінде жазылған есеп
машина тіліне аударылып барып орындалады. Есептің орындалу кезеңдерін 1.9-
суретте кӛрсетілген схема тҥрінде кӛрсетуге болады.
Жалпы осы
оқулықтың (пәннің) заттық негізі болып алгоритмдер мен
программаларды құрастыру тәсілдері мен құралдары саналады. Программалар
қҧру ҥшін программалау жҥйелері пайдаланылады.
Программалау жүйесі – программалауды автоматтандыру қҧралдары. Олар
программалау тілінен, тілдің трансляторынан, қҧжаттамаларынан және де прог-
раммаларды дайындау әрі орындау қҧралдарынан тҧрады.
Транслятор – бір тілді екінші тілге аудару программасы. Оларды пайдалану
программалауды жеңілдете отырып, компьютерде есеп шығару процесін оңай-
латады, алайда онда есеп шығару уақыты аздап кӛбейеді. Транслятор интер-
претатор және компилятор сияқты екі топқа бӛлінеді.
Интерпретатор – бҧл командаларды аударып, оларды бірден орындауға
арналған трансляторлық программа. Жиі қолданылатын, тікелей интерпретация
жасайтын транслятор тҥріне Бейсик тілінің трансляторы жатады, ол коман-
даларды аударады да, оны бірден орындайды. Мҧндай транслятор жҧмысының
қорытындысы қажетті нәтижелерді алу болып табылады.
Компилятор – бҧл алгоритмдік тілдің конструкцияларын толығымен
машиналық кодқа тҥрлендіретін программа. Есептің нәтижесін алу тҥшін
машиналық кодты орындау керек.
Паскаль, С тілдерінің трансляторы – компилятор тҥрінде болады. Мҧнда
бастапқы жазылған программа мәтіні машина тіліне
аударылады да,
объектілік
модуль деп аталатын программа коды шығарылады. Сонан соң объектілік
модуль
Программа аралық байланыс редакторы деп аталатын программа
Есептің программалау
тілінде жазылуы
Транслятор
(аудармашы)
Есептің машина
тілінде жазылуы
Есепті
шығару
1.9-сурет. Есепті шығару
кезеңдері