46
main()
{ float x,y,s;
clrscr();
printf("\n х-ті және оның дәрежесін у-ті енгізіңіз:");
scanf("%f%f",&x,&y);
s=pow(x,y);
printf("\nНәтижесі s=%f",s);
}
Бҧл программаны орындаудағы экран бейнесі тӛмендегідей болады:
х-ті және оның дәрежесін у-ті енгізіңіз: 2.5 4
Нәтижесі s=39.062500
Сонымен,
scanf()
функциясы символдарды, сандарды, сӛз тіркестерін
енгізу ҥшін қолданылады, енгізілетін сандар, сӛздер бір-бірінен бос орын,
табуляция символы немесе Enter пернесін басу арқылы ажыратылады екен.
Бақылау сұрақтары
1.
С программасының жалпы құрамы мен құрылымы.
2.
Препроцессор директивалары түсінігі.
3.
Тілдің әліпбиі құрамы. Операциялар таңбалары, айыру белгілері, қатынас
таңбалары және арнайы символдар.
4.
Басқару тізбектері не үшін қажет және олар қалай жазылады?
5.
Тілдің қарапайым объектілері.Сандар мен айнымалылар, олардың жазылуы.
6.
Идентификатор дегеніміз не? Ӛрнек ше?
7.
Тілдің түйінді сӛздері.
8.
С тіліндегі мәліметтер типтері мен олардың ені.
9.
Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
10.
Бүтін сан типтері мен оларды қолдану ерекшеліктері.
11.
Символдық тип және оны қолдану жолдары.
12.
Нақты сандар типтері және оларды пайдалану.
13.
Символдық тіркестерді сипаттау.
14.
Мәліметтерді пернелерден енгізу функциясы, оның жазылу форматы.
15.
Нәтижені экранға шығару жолдары.
16.
Формат арқылы жазылатын енгізу-шығару функциясы қызметі.
17.
Cандардың арасында қалдырылатын бос орындардың енін қайтіп кӛрсетеді?
18.
Енгізу функциясының жазылуы және оның түрлендіру спецификациялары, рrintf()
және scanf() функцияларының негізгі айырмашылықтары.
Тапсырмалар
1. Экранға ӛз атыңыз бен тегіңізді бір жолға және екі жолға (\n арқылы)
шығаратын printf() функциясын жазып шығыңыздар.
2. х = -12,56789 санын ҥтірден соң, екі, ҥш, тӛрт және бес
таңба шығатындай
ету ҥшін, printf() функциясын қандай формат арқылы жазу керек?
3. scanf() функциясын екі бҥтін сан ( а және b), бір бҥтін және бір нақты сан (a
және x) және екі нақты сан (x және y) енгізу ҥшін қандай формат тіркестері
арқылы жазуға болады?
4. x және y сандарының нақты мәндерін программаға енгізіп,
формуласы бойынша
а мәнін есептеп, нәтижесін экранға шығаратын программа
жазу керек.
47
3 C ТІЛІНДЕГІ НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН ОПЕРАТОРЛАР
Арифметикалық операциялар символдар арқылы жазылады. С тілінде
мынадай операциялар бар:
* – кӛбейту, / – бӛлу, % – модуль бойынша бӛлу (қалдықты анықтау),
+ – қосу, - – азайту.
Модуль бойынша бӛлу бҥтін санды бҥтін санға бӛлген кездегі қалдықты
анықтайды. Мысалы: 20 % 3 = 2.
Компьютер жадындағы мәлімет кӛлемін (мӛлшерін, енін) анықтау
операциясы
sizeof объектінің немесе типтің алатын орнын байтпен анықтап
береді, оның екі тҥрі бар:
sizeof өрнек
sizeof (
тип )
Мысалы:
#include
int main() {
float x = 1:
cout<<"sizeof
(float):"
<< sizeof (float);
cout << "\nsizeof x :" << sizeof x;
cout << "\nsizeof (x + 1.0) :"
<< sizeof (x + 1.0);
return 0;
}
Программа жҧмысы нәтижесі 3.1 суретте кӛрсетілген.
Мҧндағы С++ тілінде келтірілген тақырыптық
файлында
енгізу/шығаруды басқару кластары жиынын сипаттау мәліметтері бар.
Iostream.h - енгізу/шығару кітапханасының стандартты тақырып файлы. Бҧл
кітапхана программадағы cout ағымы жайлы ақпарат береді. Бҧл файлда
мәліметті пернетақтадан енгізуге арналған стандартты cin объект-ағымдары
және экранға мәлімет шығаратын cout объект-ағымдары анықталып, ағымға
мәлімет беру << және ағымнан мәлімет оқу >> операциялары қарастырылған.
С++ тілі стиліндегі негізгі енгізу/шығару функциялары оның кластары кітап-
ханасын пайдаланады. Оны тҥсіндіру ҥшін тағы бір программа мысалын
қарастырайық.
#include // С++ тіліндегі программа
int main()
{
int i;
cout << "Бүтін сан енгізіңіз:\n";
cin >> i;
cout << "Сіз " << i << "санын енгіздіңіз, рахмет!";
return 0;
}
3.1-сурет. Мысал нәтижесі
48
Мҧндағы <
iostream.h> – енгізу/шығару кітапханасының стандартты
тақырып файлы. Ол программадағы мәліметтер ағымы жайлы ақпарат береді,
iostream сӛзі input/output stream cӛздерінің қысқаша жазылуынан
шыққан сӛз. Бҧл файлда мәліметті пернетақтадан енгізуге арналған стандартты
cin
ағымы және экранға мәлімет шығаратын
cout ағымы анықталып, ағымға
мәлімет беру
<< және ағымнан мәлімет оқу
>> операциялары арқылы
орындалады.
cin – ағылшынша «С» және «input» сӛздерінен, ал
cout – «С» және
«output» сӛздерінен қҧралған.
cout << "Бүтін сан енгізіңіз:\n";
жолы экранға қос тырнақ-
шадағы сӛз тіркесін шығарып, курсорды келесі жолға кӛшіреді.
cin >> i;
жолы пернелерден енгізілген бҥтін санды
i айнымалысына
меншіктейді.
cout << "Сіз " << i << "санын енгіздіңіз, рахмет!";
жолы қос тырнақшадағы тіркестерді ӛзгеріссіз, ал
i айнымалысы орнына оның
енгізілген сандық мәнін экранға шығарып береді.
С тілінің енгізу/шығару функцияларына қарағанда, С++ тілінің ағымдары
әртҥрлі типтермен жеңіл, әрі жылдам жҧмыс істеуді қамтамасыз ете алады деп
саналады.
Ағымнан мәлімет оқу оны
ағымнан алу деп, ал ағымға мәлімет шығару
оларды
ағымға қосу деп айтылады.
С++ тілінде бҥтін сандармен арифметикалық
амалдар орындайтын тағы бір
мысал қарастырайық.
/* ia және ib бүтін сандарын қосу, азайту, көбейту және бөлу
операцияларын орындау */
#include
void main()
{ // мәліметтерді сипаттау
int ia, ib, iplus, iminus;
float del, mult;
// сандық мәндерді енгізу
cout << "Input ia,
ib:
\n"; //"ia,
ib енгіз:" сөзін шығару
cin >> ia >> ib; // енгізілген мәндерді ia,
ib-ға меншіктеу
// есептеулер
iplus = ia + ib;
iminus = ia - ib;
mult = ia * ib;
del = ia / ib;
// нәтижелерді шығару
cout << "plus = " << iplus << "\n";
cout << "minus = "<< iminus <<"\n";
cout << "del = " << del <<"\n";
cout << "mult = " << mult <<"\n";
}
Программа нәтижесі: