Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технология факультеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Программалау технологиясы
050703 Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
Павлодар
Әдістемелік нұсқауларды Ф СО ПГУ 7.18.1/05
бекіту парағы
БЕКІТЕМІН
ФМжАТ факультетінің деканы
___________Тлеукенов С.К.
«_____» ____________ 2009 ж.
Құрастырған: аға оқытушы Ақанова А.С.
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
Программалау технологиясы пәні бойынша
050703 Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне арналған
Кафедра отырысында ұсынылған 2009 ж. ________________ № хаттама
Кафедра меңгерушісі____________ Ж.К. Нурбекова
ФМжАТ оқу - әдістемелік кеңесінде мақұлданған
2008 ж «____»_____________№____ хаттамасы
ӨӘК төрайымы ______________________ А.Т.Кишубаева
1 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Курстық жұмыстар оқытушының студенттерге жеке тапсырмасы нәтижесінде орындалады. Студентке сұрақты толық, терең қарастыру үшін, тақырып бойынша белгілі бір зерттеулер және есептеулер жүргізу үшін алдын ала беріледі, сабақ басталғаннан кейін бірінші айда.
Студент курстық жұмысты өздігінен орындау кезінде теориялық және практикалық білімін қолдана білу керек. Сонымен бірге программалаудың жұмыс дағдысын меңгеру.
Курстық жұмыс «Программалау технологиясы» пәні бойынша тереңдету мақсатында теориялық және практикалық білімді тәжірибемен ұштастыру. Курстық жұмыс тақырыптарын ашу үшін зертеу нәтижесінде болған нәтижелерге көңіл бөлу керек.
Тақырыппен жұмыс мынандай бөлімдерден тұрады:
а) мақсатты анықтау және қалыптастыру;
б) курстық жұмыс жоспарын құрастыру;
в) зерттеудің дұрыс жүруін және әдістемесін оқу;
г) зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыларды, қолданылған әдебиеттерді жалпылау;
д.) курстық жұмысты дайындау.
2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖАЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
АҢДАТПА – курстық жұмысқа қысқаша түсінік беру.
МАЗМҰНЫ — тақырып бойынша курстық жұмыстың бөлімдері беттерімен беріледі.
КІРІСПЕ.
Жалпы тақырып бойынша міндеттерді анықтау олардың маңызы мен алатын ролін және тақырыптың ерекшелігін ашу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдебиеттерге шолу. Бұл бөлімде автордың атымен қолданылғен әдебиеттерге нұсқама жасайды.Қой шаруашылығы бойынша қазіргі кездегі ғалымдардың еңбектеріне шолу жазылады. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша практикалық және технологиялық үрдістерге көңіл бөлініп сипаттама беріледі. Сонымен бірге жұмыс мазмұны бойынша берілген тапсырмалар деңгейінде осыған дейін істелген зерттеу жұмыстарына шолу жасалынады.
Өз зерттеулері. Негізгі бөлімге кіретіндер: мақсаты, зертеу объектісі мен әдістемесі. Берілген жұмыстағы зерттеудің мақсатын айқындау, зерттеу объектісі туралы толық мәліметтер беру, программалаудағы қолданылған әдістерді сипаттау, программалау ортанын қолданғаны туралы мәлімет:
- бағдарламалау технологиясының негіздері, прогаммалау стилі (Си тілі негізінде);
программалу тілінің стандартты функциялары туралы жалпы мағлұматтар;
объекті-бағытталған бағдарламалаудың негізі (Delphi, Си++ Bulder).
әр түрлі алгоритмдердің құрылымдық сызбасын құрастыру;
есептің талабы бойынша қажет мәліметтер құрылымын ұымдастыру;
Зертеу нәтижелері және қорытынды: Студенттің өз зертеулеріне берілген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулерге (программалауда) қорытынды жасау керек. Қорытындыларға талдау: алынған мәліметерді терең талдау және қазіргі кезде жүргізіліп жатқан зерттеулермен салыстыру.
Қорытынды
Бұл бөлімде студенттің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып беріледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ең бірінші үкмет орындарының үкімдері келтіріледі. Содан кейін алфавитті ретпен (автор тегі) әдебиеттер келесі формада жасалынады: тегі аты жөні; жұмыс аты; шыққан жері, шыққан жылы.
3 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ
Суреттер мен қосымшалар (егер болса) курстық жұмыстың аяғында кетіріледі. Олар нөмірленеді, міндетті түрде сурет немесе кесте аты және беті қойылады.
Курстық жұмыстың мәтіні А-4 форматында, сол жағы 3 см, оң жағы 1см, төменгі және жоғарғы жағы 2 см. Бет номірі араб цифрымен жоғары он бұрышына қойылады. Беттің абзацы 1,25 см орын қалдырылады.
Сыртқы парағы белгілі бір талаптарға сәйкес жасылынады (қосымша А) орындаушы жазылады. Сыртқы парақтан кейін аңдатпа парағы қойылады. Мәтінде кесте келтірілгенде кесте нөмірленеді. Сонымен бірге кесте аты жазылады. Курстық жұмыс суретке сипаттама берілсе жақша ішіне сурет нөмірі, аты көрсетіледі.
Курстық жұмыс көлемі 25-30 бет. Жұмыс аяғында қолданылған әдебиеттер беріледі. Өз еркімен жасалынып белгілі бір талап бойынша жазылмаса жұмыс қабылданбайды. Мәтінде түзету болмауы керек. Орындалған курстық жұмыс топтың және комиссия мүшелерінің алдында қорғалады. Жұмыс талқыланғаннан кейін сапасы тексеріліп бағаланады. Курстық жобаны генетика және биотехнология кафедрасының мамандарының сарапшы комиссиясы алдында қорғайды. Әрбір жоба келесі критерилер бойынша бағаланады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРҒАУ БАРЫСЫНА ҚОЙЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Программаның интерфейсінің мәдениеті.
4 Сөз мәдениеті.
5 Қауымдық қорғау мәдениеті.
6 Курстық жұмысты қорғауда көрінетін білімділік.
7 Регламент немесе шектеу уақытың сақтау.
8 Автордың жеке үлесі.
Курстық жұмыс қорғалғаннан кейін студенттер сынақ пен емтиханға жіберіледі.
4 Курстық жұмыс тақырыптары
1. Әр түрлі сандық әдістерді қолданып, сызықты емес теңдеу жүйесін шешу;
2. Таңдап алу әдістерін пайдалану («Ат туры» есебін шешу үшін программа құрастыру, шахмат тақтасындағы берілген екі алаңды жалғайтын әр түрлі шахмат турларының қозғалысының ең қысқа жолын табудың программасын құрастыру)
3. Таңдап алу әдістерін пайдалану «Ханой мұнарасы» программасын құру.
4. Берілген сөз тізбегін қолданып, крассворд құрастыратын программа құру;
5. Файлдарды өңдеу
6. Класстарды пайдалану;
7. Модульдік программалауды қолданып программа құру.
8. Программалаудың мультимедиялық мүмкіндіктерін қолданым объектілердің қозғалысымен программа құру.
9. Графиканы қолданым әр түрлі функция графигін сызатын программа құру.
10. Тестілеу бағдарламасын құру.
5 Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Фаронов В.В. Delphi 5. Учебный курс- М.Нолидж, 2001.
Культин Н.Б.Основы программирования Delphi 7. Санкт-Петербург. БхВ -Петербург 2003.
3 С.В.Глушаков, А.Л.Клевцов. Программирование в среде Delphi 7.0.,, Харьков ФОЛИО, 2003.
Я.Н.Глинский, В.Е.Анохин, В.А.Ряжская. TURBO PASCAL 7.0 и DELPHI.Учебное пособие. Москва-Санкт-Петербург-Киев. 2001.
Б.Д.Сыдықов Алгоритмдеу жэне Бағдарламалау негіздерін оқыту. Алматы,2002.
Н.Культин. Delphi в задачах и примерах.-СПб.: БХВ-Петербург, 2004.
Санкт-Петербург, 1999.
Н.И.Культин. Программирование на Object Pascal в Delphi 5/ -СПб.: БХВ-
Санкт-Петербург, 1999.
Достарыңызбен бөлісу: |