2008-2013 жылдардағы химия өнеркәсібінің серпіні
4 сурет
2011 жылы химия өнеркәсібінің өндірісін ұлғайту жалғасуда. 49,3%-ға өндіріс көлемінің өсімі натрий үшполифосфатын өндіруді 1,9 есеге, ортофосфор қышқылын - 1,8 есеге, минералды тыңайтқыштарды – 1,5 есеге, сары фосфорды - 1,4 есеге өсіру есебінен қамтамасыз етілген. Жоғары шектегі химия өнімін экспорттау 151,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 1,1% артық.
Алайда, 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда химия өнімінің нақты көлем индексі 9,1%-ға төмендеп 50,7 млрд.теңгені құрады. Талдау нәтижесінде жұмыс қарқынының төмендеуінің негізгі себебі фосфор өніміне сұраныстың төмендеуі, ортофосфор қышқылы (28%-ға), натрий үшполифосфаты (33,3%-ға) көлемінің қысқаруы, күкірт қышқылының жоқтығы болып табылатындығы анықталған.
2013 жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 51,7 млрд. теңгені, НКИ – 97,8%-ды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда ортофосфор қышқылының өндірісі 13,3%-ға төмендеген (2009 жылдан бастап Шымкент қаласында «Реактивті фосфорлы қосындылар» ЖШС фосфор қышқылы өндірісі нәтижесінде өткеру нарығы төмендеген, мұнда демпингтік баға орнап Ресей нарығын игеруде), натрий үшполифорсфаты – 12,8%-ға төмендеген (Польшадағы, Үндістандағы өткеру нарығын жоғалту, теміржол тарифтерінің өсуіне, долларға шаққандағы ресей рублінің өсуіне, ұсынылған баға Ресей нарығында бәсекелестікке қабілетсіз болуына байланысты). Сонымен қатар, фосфор өндірісі 3,7%-ға, азотты тыңайтқыштар – 4,3%-ға, фосфорлы тыңайтқыштар – 1,3%-ға артқан.
«Казфосфат» ЖШС химия өнімдерін әлемдік нарыққа экспорттаушы негізгі кәсіпорындардың бірі болып табылады, облысымыздың химия өнеркәсібі көлеміндегі үлесі 98,2% құрайды. Дайын өнімнің 80% астамы шет елдерге өткізіледі, атап айтқанда сары фосфор - Ұлыбританияға, Германияға, Данияға, Үндістанға, Италияға, Польшаға, АҚШ, Чехия Республикасына, Швейцарияға; минералды тыңайтқыштар – Бельгияға, Кореяға, Латвияға, Испанияға, Қытайға, Голландияға, Норвегияға, Түркияға, Финляндияға, Швецияға, Қырғызстанға; натрий үшполифосфаты – Германияға, Қытайға, Чехия Республикасына, Украинаға; ортофосфор қышқылы – Бразилияға, Ұлыбританияға, Германияға, Қытайға, Кореяға, Чехия Республикасына, Швейцарияға өткізіледі.
Осыған байланысты, «Казфосфат» ЖШС жұмыс істеп тұрған және соғылып жатқан қуаттылықтарының тұрақты жұмысы минералды тыңайтқыштар мен сары фосфордың әлемдік нарықтарындағы жағдаяттарына байланысты болады. Сонымен, 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында химия өнеркәсібі өнімінің экспорты 7,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге, оның ішінді минералды тыңайтқыштар экспорты - 1,4 есеге артқан (5,8 млн. АҚШ доллары).
Индустрияландыру Картасының шеңберінде 2012-2013 жылдар аралығында Компаниямен Тараз қаласында натрий гексаметафосфатын және тағамдық фосфаттар өндірісін құру бойынша инвестициялық жобалары іске асырылды және өз өндірісін күкірт қышқылымен қамтамасыз ету мақсатында күкірт қышқылы цехінің құрылысы бойынша инвестжобасын іске қосты, бұл құны 14 млрд. теңгені құрайтын жоғары технологиялық жоба әлемдік нарықта бәсекелестігін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Қаратау қаласында 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында «TalasInvestmentCompany» ЖШС-і натрий цианидінің өндірісі бойынша заутты іске қосылды, сондай-ақ, қалдықтарды өңдеу есебінен жылдық қуаттылығы 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіруді жоспарлап отыр. 2015-2018 жылдар аралығында «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС-і глифосат және калий сульфатын өндіру бойынша 2 инвестжобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Химия өнеркәсібінің тұрақты дамуына тежеуші факторларға қарамастан, облысымызда экономиканың бұл секторын дамытуға бірнеше артықшылықтар бар. Ұзақ мерзімді және тұрақты дамудың басты басымдылығы саланың ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалана отырып, қосымша құны жоғары өнімдерді шығару, ішкі және сыртқы нарықта химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті тұстарын нығайтатын болады. Саланың болашағы одан әрі фосфориттерді, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың түрін кеңейтумен және көлемін ұлғайтумен байланысты. Мұнда жылдар бойы жинақталған - ресурстық, кадрлық, технологиялық және инновациялық әлеуеттер бар.
Облыста химиялық кластерді дамытуға барлық басмыдықтар бар, онда «Казфосфат» ЖШС-і, «Еврохим» және ««Тараз» Химиялық паркі АЭЗ» ЖШС-і кәсіпорындарымен бірқатар болашағы бар жобалар жүзеге асырылуда.
«Казфосфат» ЖШС-і 2020 жылға дейін 7 жобаны іске асыруды (тау-кен байыту фабрикасын қайта жаңғырту және құру, фосфор өндірісінің қалдықтары негізінде азот-фосфор-калий тыңайтқыштары өндірісінің құрылысы; экстракционды фосфор қышқылының бөлімшесін жаңғырту; азықтық фосфат алудың замануи технологиясын әзірлеу; үшхлорлы фосфор және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің заманға сай өндірісінің құрылысы (1-кезең), бескүкіртті фосфор өндірісінің құрылысы; заманауи «ақ» қышқыл өндірісінің құрылысы) және жаңа өнім түрлерін игеруді жоспарлауда (сульфоаммофос, фосконцентрат, бескүкіртті фосфор, үшхлорлы фосфор және т.б.).
«Еврохим-Удобрения» ЖШС – Қазақстан Республикасында 2008 жылы құрылған, «ЕвроХим» Холдингі құрамына кіретін, минералдық тыңайтқыштар кешенін шығаратын кәсіпорын Жамбыл облысының Қаратау бассейні кен орнында өз қызметін іске асыруды жоспарлайды. Компанияның облыста жұмыс жасауы жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсер береді. Жобаның аса маңызды аспектісі қазақстандық газды қолдана отырып өзінің азоттық өндірісінің құрылысын салу болып табылады, бұл өз кезегінде Республиканың Өзбекстаннан тасымалданатын аммиакқа деген тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын 2014 жылы Жаңатас қаласында тау-кен байыту комбинатын (фосмука), 2018 жылы – Жаңатас қаласында фосфор шикізатын химиялық қайта өңдеу бойынша кешенін және Қаратау қаласында қуаттылығы жылына 1 млн. тоннадан астам минералды тыңайтқыштар шығару бойынша кешенін іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 356 млрд. теңгеден аса құрап, 2000-ға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.
Ресейлік ірі кәсіби компаняларының бірін тарту арқылы салынып отырған инвестиция есебінен осы жобаны нәтижелі іске асыру Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын барлық тыңайтқыштар гаммасымен: азоттық, фосфорлық, калий, кешендік қамтамасыз етуге және қолданыстағы егін алаңдарының өнімділігін едәуір ұлғайтуда өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыруға, сонымен бірге, жаңа жерлерді ауыл шаруашылық айналымына тартуға мүмкіндік береді. Зауыт өнімі алыс және жақын шет елдерге экспортқа шығарылатын болады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның қатысумен «Тараз» Химиялық паркі» АЭА-н құру жұмыстары жүргізілуде, онда жалпы инвестиция көлемі 390 млрд. теңгеге дейін болатын 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2017 жылы алдын ала бағалау бойынша «Тараз» Химиялық паркі» АЭА-да өндірілетін өнімдер көлемі 101,0 млрд. теңгеге 890 мың тоннаны құрайды.
Дамыған алдыңғы қатардағы технологияларды пайдалану арқылы химиялық кластерді дамыту елдің химиялық өнеркәсібін дамытуға, қазақстандық үлесті ұлғайтуға, күкірт қышқылы шикізатын жеткізушілерден тәуелсіз болып, өндірілген өнімнің сапасын арттыруға, бастысы, қосымша жұмыс орындарын ашуға, аймақтың экологиялық жағдайын түзеуге, қалдықсыз өнім өндіруді ұйымдастыруға және минералды тыңайтқыштардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Машина жасау
Машина жасау саласы республика көлемінің шамамен 0,1% болмашы үлесін, облыс өнеркәсібінің - 5,3% және өңдеу саласының 7% құрайды.
Салада кір жуу техникалары – тұрмыстық немесе кір жуатын үйлер үшін сыйымдылығы 10 кг құрайтын кір жуу машиналары; кір сығуға арналған машиналар басымды шығарылуда.
Машина жасаудағы өндірістің құлдырауы өнімге деген сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты, өнім шығару көлемі 2008 жылы 2007 жылға қарағанда – 31%-ға, 2009 жылы 2008 жылға қарағанда – 8,5%-ға төмендеген.
Дағдарысқа қарсы шаралардың, мемлекеттік қолдаудың арқасында салада 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 3,8%-ға өсім байқалуда. (6 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |