Программа развития Жамбылской области



жүктеу 4,77 Mb.
бет7/15
Дата24.02.2018
өлшемі4,77 Mb.
#10650
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

2009-2014 жылдар аралығында

облыстағы былғары өндірісінің серпіні, млн. теңге

8 сурет


Көп жылғы тоқыраудан кейін 2005 жылы қайта іске қосылған «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС облыстағы аяқ киім өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпорын Жамбыл облысында 10 жыл өндіріліп келе жатқан былғары-аяқкиім өндірісін қай жандандыруда. Үш былғары және екі аяқкиім цехы жаңғыртылған, жаңа жабдық жөндетілген, екі қуатты DESMA неміс агрегаттары және жоғары өндірістік италяндық технологиялық жабдықтардың 7 бірлігі іске қосылған.

Фабриканың негізгі өнімі – республикамыздың қарулы күштері мен ведомстволарына арналған италяндық технология негізіндегі былғарыдан арнайы аяқ киім. Кәсіпорын болашақта көркемдігімен және сапасымен айрықшаланатын, қойлайлы бағада балалар мен әйелдерге арналған аяқ киімді өндіруді жоспарлауда.

Саладағы өнім көлемінің өсімі киім өндірісінің есебінен қамтамасыз етілген. Сонымен 2009 жылы сала өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға, 2010 жылы – 1,8 есеге, 2011 жылы – 1,3 есеге өскен. Тапсырыстың төмендеуінен 2012 жылы 27,5%-ға төмендеген. Алайда 2013 жылы киім өндірісі 1,3 есеге, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 1,2 есеге артқан.

Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіптің күшті жақтарына, бірінші кезекте, өңірде биязы жүнді қой шаруашылығы мен басқа да мал түрлерін өсіруге қолайлы жағдайдың барлығы жатады. Жамбыл облысындағы қойды көп өсіретін аудандар – Қордай (Жамбыл облысындағы қой басының 15%-ға жуығы), Талас (14% шамасында) және Т. Рысқұлов аудандары (13% шамасында). Жамбыл облысындағы жүн қырқу көлемі барлық аудандар бойынша бір келкі болып келеді.

Солай бола тұрғанмен де, өңірдің жеңіл өнеркәсібінің бірқатар әлсіз жақтары бар. Оның ішінде мал саны бойынша жеке шаруа қожалықтарының үлесінің жоғарылығы (ҚР қой мен ешкі санының 70%-ы), соның салдарынан жүн өндірісінің құрылымында бұл мәселе жүн сапасына кері әсерін тигізуде. ЖШҚ-ның негізгі кемшілігі асыл тұқымды отарлардың режимін және жеммен қамсыздандырылуын сақтау үшін олардың көлемінің жеткіліксіздігі болып табылады, әлемдік тәжірибе бойынша 3 мың бастан (немесе 1,5 мың бас аналық қойлардан) тұратын отар болу керек. Жүн өндіруде ЖШҚ-ның үлесінің жоғарылығы өнім сапасының төмендігіне алып келеді.

Жүн өнеркәсібінің тағы бір проблемасы бұл отар малдың құрамында биязы жүнді қойлардың аз ғана үлесі және қатты жүнді қойлардың үлесінің көптігімен байланысты.

Ауыл шаруашылығы малдарының терісін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар тізіміне кірмегендігі себебінен, заңды жұмыс істеп келген кәсіпорындар маңызды салықтық жеңілдіктен қағылған. Осының салдарынан, шикізаты дайын тері өнімі болып табылатын отандық аяқ-киім өндіретін фабрикаларда зардап шеккен.
Мұнай-газ саласы

Облыста газ, бензин, дизельді отын және нығыздалған газдан және импортталған мұнайдан мазут өңдеу мен оны тасымалдау іске асырылады. Мұнай өңдеу өнеркәсібі Жамбыл облысында әлсіз дамыған: ЖӨӨ құрылымындағы оның үлесі 2009 жылы 0,2%-ды, ал облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 1%-дан төмен. Өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 1,3 млрд. теңгені (НКИ -142,3%) құрады, ал 2010 жылы – 2,2 млрд.теңге (162,2%), 2011 жылы – 4,3 млрд. тенге (256,1%), 2012 жылы – 10,3 млрд.теңге (222,1%), 2013 жылы 13,1 млрд. теңге (107,3%). Мұнай өңдеу өнімдері газ конденсатынан алынады. Облыста мұнай шикізаты өндірілмейді.

Жамбыл облысындағы газ өндіру 2003 жылдан бері Амангелді газ кен орнында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Амангелді газ кен орнынында газды кешенді дайындау қондырғысы; газды кәсіпорынішілік жинау жүйесінің 25 ұңғымасы жұмыс істейді.

Облыс аумағында екі өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді («Амангелді ГӨЗ» ЖШС және «Казхиминвест» НПФ ЖШС), олар бензин, дизельді отын жергілікті кен орындарындағы және облысқа Құмкөл кен орнынан (Қызылорда облысы) импортталатын газ конденсатынан мазут өндіреді. Өндірілген өнім көрші Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан Республикасына жөнелтіледі.

ҮИИДБ аясында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 2010 жылы шикі мұнайды өңдеу зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. 2013 жылы («Бірлік Энерго» ЖШС) шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша зауыт іске қосылған.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша мұнай өндірісі көлемінің 49,1%-ға төмендеуінен, құлдырау орын алды («Амангелді ГӨЗ» ЖШС-і кәсіпорынында өндіріс көлемінің азаюына байланысты дизельдік отын, отын, мотор отыны). Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады.


Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру

Облыста барланған және игерілген алтын кен орындарының, барит кен орындарының, газ кен орындарының қолда болуы тау-кен өндіру кешенін дамытудың негізі болып табылады. Бариттердің (табиғи барий сульфаты) бағаланған кені 12 млн. тоннаны құрайды. Аумақта кварциттің 2 кен орындары бар – Жаңатастық (баланстық қор – 38800 мың тонна) және Мақбелдік (137040 мың тонна, еліміздің ең ірісі) кен орындары, бұл металлургиялық кремнийды өндіру үшін маңызды шикізат болып табылады.

2009 жылы өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласы мен кеніштерді игеру 5,6%-ды құрайды. Негізгі капиталған салынған инвестициялардың көлемі 1,6 млрд. теңгені құрады. Салада 6,5 млрд. теңгенің (НКИ – 69,6%) өнімі өндірілді.

Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы салада 2009 жылменсалыстырғанда 31,8%-ға өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізілген және 8,7 млрд. теңгені құрған, 2011 жылы 39,8%-ға ( 12,9 млрд.теңге), 2012 жылы – на 6,8%-ға (17,1 млрд.теңге), 2013 жылы 16,5%-ға (18,8 млрд. теңге), 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 12,0%-ға (20,8 млрд. теңге) (9 сурет).


2009-2014 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі

және карьерлерді қазу серпіні

9 сурет

2009-2014 жылдардағы кен өндіру саласы және кеніштерді игеру өнімдері негізгі түрлерін өндіру динамикасының өзгеруін көріп отырмыз (4 кесте), 2009 жылы облыста көмір (9,6%-ға), табиғи газ (4,6%-ға) өндіру артқан, 2010 жылы – әк тас және гипс (18,4%-ға), табиғи құм (6 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (2,4 есеге), фосфат шикізаты (1,7 есеге), 2011 жылы әк тас және гипс (1,5 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,6 есеге), ұнқталған фосфат шикізаты (1,4 есеге), ұсақталған фосфат шикізаты (1,5 есеге), 2012 жылы табиғи құм (1,1 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,5 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (3,4%), ұсақ ұнтақталған фосфат шикізаты (4,0%), 2013 жылы газ конденсаты (2,8%-ға), алтын құрамды кен (8,8 есеге), мыс кені (2,4 есеге), әктас және гипс (1,1 есеге), табиғи құм (2,5 есеге), саз жене ақ саз (1,9 есеге), ескерткіштерге арналған тас (1,9 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (1,1 есе).


2009-2014 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі

және карьерлерді қазу серпіні

4 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

2014 қаңтар-желтоқсан

Көмір және лигнит өндіру




тас көмір

мың тн

355,0

375,0

281,0

80,0

80,0

90,1

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру




газ конденсаты

мың тн

26,0

24,2

21,9

21,3

21,9

20,7

табиғи газ

млн.текшем

354,0

344,1

326,5

324,1

321,8

327,8

Басқа салалар




әктас және гипс

млн. тн

0,9

1,0

1,6

1,5

1,7

2,0

табиғи құм

мың

текше м


29,7

171,8

122,2

137,5

348,4

165,2

тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас

мың

текше м


553,6

1309,6

2128,5

3160,4

2495,2

1394,8

ұнтақталған фосфат шикізаты

мың тн

74,8

148,1

211,2

218,3

247,5

349,5

ұсақталған фосфат шикізаты

-/-

84,9

124,4

185,6

193,1

147,0

122,1


Электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптау

Өнеркәсіптің жалпы көлемінің 17,2%-ын құрайтын электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптауда сұраныстың төмендеуінен 2009 жылы электр қуатын өндіру 65,3%-ға, жылу энергиясын беру – 7,3%-ға қысқарды.

2009 жылы өндіріс көлемі 19,9 млрд. теңгені (НКИ - 55,6%), 2010 жылы 18,3 млрд. теңге (80,7%) құрады (10 сурет). Электр қуатын өндіру, беру және таратудың 29,4%-ға қысқаруы есебінен 2010 жылы жұмыстың және қызмет көрсетудің өндіріс көлемі 19,2%-ға төмендеген.


жүктеу 4,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау