«Медициналық психология» пәні бойынша
050503 – «Психология» бакалавр мамандық студеттеріне арналған
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттіќ стандарт және типтік оқу жоспар негізінде әзірленді ҚР МЖМБС 3.08.056-2004 және ПМУ ғылыми кенесінің мәжілісінде бекітілді.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды “____ ” ____________ 2009__ ж.
Хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі _____________ К.М. Кертаева
Филология , журналистика және өнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“_____” ________________Хаттама № ____
ОӘК Төрайымы ____________ Е.Н. Жуманкулова
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы ____________ Ж.Т. Сарбалаев “_____”____________2009__ж.
ОӘБ МАҚҰЛДАНДЫ ОӘБ бастығы ________________А.А. Варакута
____”________2009__ж.
1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
1.1 Кіріспе
Медициналық психология қазіргі заман психологиясының алдыңғы қатарына шығып отыр. Медициналық психологияның дамуы – бүкіл әлемдік тенденция. Әлемнің дамыған елдеріндегі психологтар «клиникалық психологиямен» айналысады, ал біздің елімізде оны «медициналық психология» деп қарастырады. Медициналық психологияның басты ерекшелігі – бастапқы теорияның негізі мен оның халықтың денсаулық сақтаудағы тәжірибелік мәселелерінің шешімін енгізумен тығыз байланыстылығында. Психологияның басқа салаларына қарағанда қазіргі кезде медициналық психология, денсаулық сақтау ісінің көпшілік мәселелерінің шешілуінде қолданылады. Берілген пән бойынша дәріс курсында жүйелі түрде пәннің теориялық және әдістемелік негіздері ашылуы керек, соның ішінде нейропсихологияның, патопсихологияның негіздері, бала дизонтогенезі мәселелері, әлеуметтік патология, соматикалық медицинаның психологиялық мәселелері, тұлғаның құбылыс жағдайының, суицидология негіздерінің, мамандық деонтологиясының психологиялық аспектілері және т.б. Бұл курсқа қазіргі отандық клиникада қолданылмаған медициналық психологияның мүмкіншіліктерінің ішінде психикалық, денсаулық мәселелерін талқылау, норма және патология мәселелерінің кросс-мәдениеттік аспектілерін, ғылым жүйесіндегі медициналық патологияның орны,оның дінмен, әлеуметтанумен, философиямен, әлеуметтік саясаттанумен және т.б. әлеуметтік тәжірибе салаларымен өзара байланыстары енуі керек. Осы курста отанымыздың медициналық психология теориясы мен тәжірибесі дамуы, қарым-қатынас жемістілігі, сол сияқты, денсаулық сақтаудың тәжірибелік сұрақтардың шешілуіне қолданбалы мәнділігі көрсетілу керек. Медициналық психологтардың базистіктеориялық зерттеулері тәжірибелік істің негізі ретінде көрсетіледі. Денсаулық сақтау жүйесінде психологтың жұмысы жоғары жауапкершілікпен байланысты, өйткені ол психиатриялық, соттық, әскери сараптамаларда қатынаса алады. Сараптамалардың нәтижелері бойынша диагноз қойылады, әскерге жарайтындығын не, жарамайтындығын, сот алдында кінәлі ме, әлде кінәлі емес екендігі шешіледі. Сондықтан бұл курста студенттердің ауру адамдарды экспериментті-психологиялық зерттеудің негізгі әдістері және тәсілдерімен, сонымен қоса, психокоррекциялық жұмыс жүргізудің тәсілдеріне ерекшк көңіл бөлінеді. Психиатриялық ауруханалар базасында тәжірибелік сабақтарды немесе арнайы практикумдарды ұйымдастыру қажет. Қорыта келгенде, бұл курс жалпы психология мәселерін шешуде медициналық –психологиялық зерттеуді қолдану мүмкіндіктерін қарастыруымен аяқталады.
1.2 Пәнді оқыту мақсаты – : студенттерді қазіргі заманғы нейропсихологияның, патопсихологияның негіздері, соматикалық ауралардың психологиялық факторлары, тұлғалық дамуының ауытқуларығ олардың коррекция және профилактика негіздерімен таныстыру.
1.3 Курстың міндеттері:
нервтік-психикалық және соматикалық аурулардың дамуындағы, өтуіндегі және емделуіндегі психикалық факторлардың рөлін зерттеу;
әртүрлі ауралардың психикалық белгілерін динамикада зерттеу;
тұлғалық аномалиялардың, ауытқулардың нервтік-психикалық өзгерістерінің психикаға әртүрлі әсерлерін зерттеу;
аура адамның ортамен, оның микроортасының, өзара қатынасының сипатын зерттеу;
психикалық функциялар мен процестерді зерттеудің лабораториялық, эксперименттік-психологиялық әдістерін зерттеу, содай-ақ тұлғалық көріністерді, компенсация және коррекция әдістерін зерттеу, тұтас зерттеуге сәйкес, оларды қолдану, интерпретацияны жасау;
орталық жүйке жүйесінің локальды-органикалық бұзылулары жағдайында топикалық диагностика міндеттерімен байланысты психикалық функциялардың бұзылуын зерттеу;
психотерапия мен реабилитация негіздері аурудың денсаулығын қалыптастыру мен сақтауда ғана емес, сондай-ақ тұлғалық, әлеуметтік статусты қалыптастыру мен сақтау ретінде зерттеу;
клиникалық тәжірибедегі психологиялық коррекция мен реабилитациялық дағдыларды игеру.
Пәнді игеру нәтижесінде студенттің білуі керек:
отандық клиникалық психологияның теория мен тәжірибесінің өзара байланыс дамуы өнімділін оқып білу;
медициналық психологияның базистік, фундаменталдық зерттеу мәнділігін практикалық міндеттер шешімінің негізі ретінде қолдану;
- қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың алдын алу шараларын жүргізу кезінде медициналық психологияның қолданбалы мүмкіндіктерін пайдалана білу.
Студент істей білуі керек:
психоневрологиялық мектептердегі клиникалық психологтардың негізгі функцияларын орындау;
- психосоматикалық мәселелер және оны шешу жолдарын игеру;
- психикалық ауытқулары бар адамдарды диагностикалау және емдеудің қазіргі әдістерін білу.
2 Пререквизиттер: . «Жалпы психология», «жасөспірім психологиясы», «тұлға психологиясы», «дифференциалды психология», «психогенетика», «жоғары нерв әрекеттерінің физиологиясы».
Постреквизиттер. «Жеке дара және топтық психотерапия», «отбасылық психологиясы», «психологиялық кеңес берудің негіздері».
Берілген пәннің көлемі – 135 сағат (3 несие). Оның ішіне дәрістік, семинарлық сабағының, студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) және студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысының (СОӨЖ) сағаттары кіреді.
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тематикалық жоспары
|
№
|
Тақырыптар
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Қазіргі заманғы медициналық психологияның әдістеме-теориялық мәселелері
|
2
|
1
|
6
|
2
|
Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктемелік парадигмалары.
|
2
|
1
|
6
|
3
|
Медициналық психологиядағы психологиялық бағыттар және түсіндіру модельдері.
|
2
|
1
|
6
|
4
|
Патопсихология және аномальды дамудың психологиясы.
|
2
|
1
|
6
|
5
|
Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері..
|
2
|
1
|
6
|
6
|
Кейбір психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы.
|
2
|
1
|
6
|
7
|
Сананың, қабылдаудың, естің бұзылулары. Критерийлері, синдромдары.Эмоциялар, патологиялық өзгеруі.
|
2
|
1
|
6
|
8
|
Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар, олардың психотерапиясы мен психокоррекциясы
|
2
|
1
|
6
|
9
|
Жеке тұлға аномалиялары және олардың жалпы психология үшін зерттеудің мәні.
|
2
|
1
|
6
|
10
|
Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция.
|
2
|
1
|
6
|
11
|
Нейропсихология және медициналық психологиядағы оның мәні.
|
2
|
1
|
6
|
12
|
Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы.
|
2
|
1
|
6
|
13
|
Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылулары.
|
2
|
1
|
6
|
14
|
Психосоматика. Соматикалық аурулар клиникасының психологиялық мәселелері.
|
2
|
1
|
6
|
15
|
Аурудың ішкі көрінісі.Тұлғаның спецификалық ерекшеліктері және ауру.
|
2
|
1
|
6
|
Достарыңызбен бөлісу: |