Білім беру мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары Жоспар: - Жоспар:
- 1. Білім мазмұны туралы түсінік
- 2. Оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары
- Қолданылған әдебиеттер:
- 1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика» Астана 2007ж.
- 2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы педагогика» Алматы, 2011
- Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек?'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады.
- Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
- Лернер Исаак Яковлевичтің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі". Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
- Оқу жоспары
- оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, матема-тика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.
- Оқу бағдарламалары
- оқу жоспары негізінде құрастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
- Бағдарламаның бөліктері:
- 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат;
- 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны;
- 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт;
- 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі;
- 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар;
- 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі;
- 7) ұсынылатын әдебиеттер.
Бағдарламаның қызметі - Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары.
- Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.
- Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
- қысқа, нақты, деректі материалдарды енгізілуі;
- ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
- балаларға түсініктілігі;
- баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
- оқулықтың өз ғылымның, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
- білімнің әр саласынан хабар беруі;
- оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
- оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек;
- қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
- әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
- эстетикалық талаптарға сай безендірілуі.
- Мектеп оқулығының атқаратын қызметін оны зерттеуші Зуев Дмитрий Павлович анықтады. Оқулық ақпараттық қызмет атқарғанда балаларды керекті мәліметтермен қаруландырып, баланың дүниетанымын қалыптастырып, рухани дамуына, дүниені іс жүзінде тануына мүмкіншілік жасайды.
-
- Трансформациялық қызмет атқарғанда ғылым салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады.
-
- Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалады. Оқулық материалды бекіту және оқушыға өзін-өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді. Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне мүмкіндік жасайды.
- Біріктіруші қызметі нәтижесінде оқушы оқулықтың материалына оған жақын ғылымдардан қосымша мәліметтер қосады.
- Үйлестіруші қызметі нәтижесінде материалды түсінуге керекті алуан түрлі оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитив, табиғи көрнекіліктер) қолданылды.
- Дамыту, тәрбие беру қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материал баланың рухани өміріне, ақыл-ойына, шығармашылығына әсер етеді.
- Оқыту қызметі арқылы баланы өздігінен білім алуға, әдебиетпен жұмыс істеуге, талдап, зертханалық жасауға үйретеді.
- Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген.Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
- 1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді.
- І-ІV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
- Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды.
- Сұрақтар:
- Білім беру мазмұны дегеніміз не?
- Оқу жоспары дегеніміз не?
- Оқу бағдарламасы дегеніміз не?
- Типтік оқу бағдарламасы дегеніміз не?
- Авторлық оқу бағдарламасы дегеніміз не?
- Мектеп оқулығының атқаратын қызметтерін ата?
- Оқулыққа қандай талаптар қойылады?
- Рефлексия
- Синквейн 5 жолдық өлең әдісін орындайық:
- 1. Тақырып аты
- 2. Тақырыпты 2 сөзбен сипаттау (белгі немесе сын есім)
- 3. Осы тақырыптағы іс-әрекетті 3 сөзбен сипаттау
- 4. 4 сөзден тақырыпқа байланысты фраза құрау.
- 5. Синоним тақырыпты ашатын
- Үйге тапсырма:
- Дәрісті оқу, мазмұндау.
- Шығармашылық презентация әзірлеу
Достарыңызбен бөлісу: |