ҚОЙЫЛҒАН САУАЛНАМА НӘТИЖЕСІ
Сауалнама сұрақтары
|
Респонденттердіңжауаптары, %
|
иә
|
жоқ
|
Фирманың орналасқан жері сізге ыңғайлы ма?
|
70
|
30
|
Қызмет көрсету сапасына ризасыз ба?
|
90
|
10
|
Сіз тұрақты клиент болып саналасыз ба?
|
20
|
80
|
Туристік қызмет сізді қанағаттандырады ма?
|
81
|
19
|
Сіз өз достарыңызға/таныстарыңызға туристік фирма қызметін пайдалануға кеңес бересіз ба?
|
70
|
30
|
Фирманың турпакеттерінің құны көңіліңізден шығады ма?
|
55
|
45
|
Е с к е р т у - Деректер «Zhana-Talap» турфирмасынан алынған
|
ҚОСЫМША б
Қалалық турлар
(Алматы - Бішкек - Ташкент - Самарқант - Бұхара - Хиуа - Ашхабад)
Біздің сапарымыз Алматы қаласынан басталады – Қазақстанның бұрынғы астанасы, Тянь-Шань тауларының арасына орналасқан, бұл жерде таулы соқпақтармен саяхаттай отырып екі күн өткіземіз. Содан соң Қырғызстанға жол тартамыз – шөл даламен қоршалған, таулы жұмақ, жолай қазақстанның Ақсу – Жабағлы қорығына соғамыз. Бішкектен Ташкентке бара жолдың бойында біз көптеген өткен уақыттың ескерткіштерімен кездесеміз.
Өзбекстанда біз үш оазис – қалаларды көреміз: Самархандты, Бұхараны және Хиуаны. Самархандта, бір кездері Темірлан хан басқарған, Орталық Азияның ең әдемі құрылыстарының толық ансамблін көреміз, оның ішінде таңқаларлық мозаикалармен безендірілген мешіттер мен мұнаралар арасында орналасқан, Регистан алаңы бар (14 ғасыр). Осы жерде Сіз аты аңызға айналған Тадж – Махал мұнарасын көре аласыз. Бұхара, Ұлы Жібек Жолының «Үш інжуінің» бірі, мың жылдан аса жасы бар тарихи аудандарын көруге болады. Бұл керуен сарайлар, жабық базарлар, мешіттер мен медресе. Хиуа (қала, өте алыстағы Хорезм оазисінде орналасқан) қабырғалармен қоршалған, тар көшелері мен ішкі аулалары бар (шын мәнінде ашық аспан астындағы XVII-XIX ғасырлардың мұражайлары болып табылады).
Біздің саяхатымыздың соңында баратын қаламыз – Түркіменстанның астанасы Ашхабад. Бұл жерде біз жексенбі базарына барып, үйге қайтар алдында түйеге мініп қыдырамыз.
Саяхат бағдарламасы:
1-2 Күн Алматыда болу. Қазақтың халық музыкалық аспаптары мұражайына, шіркеуге, Панфилов паркіндегі Данқ Мемориалына қалалық экскурсия жасау, ал Қазақтың Орталық мұражайында сіздер Алтын Адамды көресіздер, одан кейін Жоғары тау бөктерінде орналасқан Медеу мұз айдынына және бірдей атаулы су плотинасына, тау шаңғысы базасы Шымбұлаққа барып, жергілікті базарды аралайсыздар. Қонақ үйге орналасу * * *
3 Күн Тамғалы тау шатқалына барамыз, онда экскурсия жасап, серуендейміз, содан соң Бішкекке кетеміз. Қонақ үйге орналасу * * *
4 Күн Ала-Арча тау шатқалына жол тартамыз, онда серуендеп ашық далада тамақтанамыз, күннің екінші жартысында Лениннің мұражайына барамыз. Қонақ үйге орналасу * * *
5 Күн Айша Бибі кесенесіне келеміз (біздің эрамызға дейінгі XI ғ.), тамақтанудан соң Ақсу – Жабағлы қорығына экскурсия жасалады. Жеке үйде орналасу.
6 Күн Ақсу өзенінің арнасын көреміз және қорықтың ішінде экскурсия жасаймыз. Жеке үйде орналасу.
7 Күн Ташкентке жол тартамыз. Қала ішіндегі экскурсия: мешіттер, ескерткіштер, базар. Қонақ үйге орналасу * * * *
8 Күн Самарқантқа жетеміз, Регистанда, Гүр Эмирде боламыз. Қонақ үйге орналасу * * * *
9 Күн Самарканттағы экскурсия жалғасады: Шах-И-Зинданы, Бибі Ханым мешітінде, Ұлықбектің обсерваториясында, Афросиабтың ертедегі жерлері мен базарда боламыз. Қонақ үйге орналасу * * * *
10 Күн Самарқантта боламыз, еркін күн. Түсті тамақтану өз бетінше. Қонақ үйге орналасу * * * *
11 Күн Бұхараға барамыз – Бұхараның соңғы әмірі Ситорай-Ахмет-Пашаның жазғы үйінде болып, арғы заманғы бассейнді көреміз. Қонақ үйге орналасу * * * *
12 Күн Бұхараны зерттеу жалғасады. Қамалға, Кальян мұнарасына, Минор мұнарасына барамыз. Қонақ үйге орналасу * * * *
13 Күн Қызыл – Құм шөл даласы арқылы Хиуаға барамыз. Қонақ үйге орналасу * * *
14 Күн Хиуадағы экскурсия: Ичан – Кала архитектуралық кешенін, Ислам – Ходжа мұнарасын, Кунья Арк қамалын аралаймыз. Күннің екінші жартысында Ташауызға (Түркіменстан) жетеміз. Қонақ үйге орналасу * * *
15 Күн Кунья – Ургенчке экскурсия. Ашхабадқа ұшып жетеміз. Қонақ үйге орналасу * * * *
16 Күн Қалада экскурсиялау, кілемдер мұражайына бару. Қонақ үйге орналасу * * * *
17 Күн Ескі Ниседе экскурсияда боламыз, жексенбі базарын көреміз.
* * * - қонақ үй деңгейі.
Құнға кіретіндер: таңертеңгі, түскі және кешкі тамақтанулар.
Турдың ұзақтығы:17 күн
Күрделілік деңгейі: 1 күн жаяу жүру, қалған күндердің бәрінде көлікті қолданамыз.
Орналасу: 15 түн қонақ үйде, 2 түн жеке үйде.
Жайлылық деңгейі сіз сатып алған қызметтердің пакетінің шамасына тәуелді:қызмет көрсетудің толық пакеті және қызмет көрсетудің минимал пакеті.
Барлық жерде, саяхаттау кезінде сіз қонақ үйлердің сан қилы түрін көресіз, онда сіз демала аласыз. Бес жұлдыздыдан арзан 1 – 2 жұлдыздыға дейін. Сонымен қатар бір қаладан екіншісіне жету үшін қоғамдық көлікті қолдануға болады – бұл сіздің саяхатыңызды едәуір арзандатады.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТОЛЫҚ ПАКЕТІ:
Барлық баратын елдерге шақыру хаты.
Қонақ үйлер *** жұлдыздыдан **** жұлдыздыға дейін.
Бүкіл саяхат бойына желдеткішті автокөлік.
Ағылшынша сөйлейтін гид.
Әрбір қаладағы толық экскурсия (барлық мұражайлар мен көз тартар орындарды аралау, жергілікті гид (жолбасшы)).
Мейрамханаларда үш мезгілді тамақтану.
Жеңіл сусындар және жолға тамақ.
Бағдарламаға енгізілген ішкі ұшулар.
Басқарудың жергілікті органдарында тіркелу.
Билеттерді мақұлдау.
Қызмет көрсетудің толық пакеті бар бағдарламаның құны:
$US 1990 (11-16 адам),
$US 2490 (8-10 адам),
$US 2790 (5-7 адам.),
$US 2990 (2-4 адам)
Қызмет көрсетудің минимал пакеті бар бағдарламаның құны:
$US 1050 (8-16 адам),
$US 1140 (5-7 адам),
$US 1340 (2-4 адам).
ҚОСЫМША В
«Zhana-Talap» турфирманың қызме көрсету сапасын жақсарту бойынша іс
шаралар өткізілді.
№
|
Өткізілген іс-шаралардың түрі
|
Өткізілген уақыты
|
1.
|
Инчеондағы азия ойындарының жеңімпазы Алексеев Евгенийді қонаққа шақырды.
|
7.10.2014ж
|
2.
|
Өзбекстандағы туристік көрмеде Оңтүстік Қазақстан бойынша турларға презентация жасады.
|
3.10.2017ж
|
3.
|
Мақтарал ауданындағы оқушыларды ЭКСПО-2017 көрмесіне апарды.
|
14.06.2017ж
|
4.
|
3 мыңнан астам оқушыларды ЭКСПО көрмесіне апарып, 4 күндік тур өткізді.
|
1.07.2017ж
|
5.
|
«Zhana-Talap» турфирмасы 7 күндік парустық жарыс ұйымдастырды. Оған Өзбекстан мен Қазақстандағы 60-тан астам спортшы қатысты.
|
23.03.2018ж
|
6.
|
«Халықаралық балаларды қорғау» күніне байдарка мен коноэде жүзуге ұмытылмас спорттық сайыс ұйымдастырады.
|
1.06.2018ж
|
7.
|
ОҚО обылысында Ресей драмма театорының қызықты коммедиясы «Смертельный номер» қойылымын ұйымдастырды.
|
26.03.2018ж
|
Е с к е р т у – Деректер автормен жазылған
|
i
Достарыңызбен бөлісу: |