Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:
1. Апиын алкалоидтары: морфин, морфилонг, омнопон.
2.Морфиннің синтетикалық алкалоидтары: промедол, фентанил, суфентанил, пентазоцин (фортрал, лексир), буторфанол (бефорал, морадол, стадол), бупренорфин (норфин, темгезик), нальбуфин (нубаин), трамадол (трамал), пиритрамид (дипидолор), эстоцин, тилидин, росидол.
3. Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
Морфин апиын алколоиды болып табылады. Апиын - көкнәрінің кептірілген түрі. Медициналық мақсатта қолданылатын опийдің қүрамында морфин 10%-дан кем болмауы қажет. Апиынның қүрамында 20-дан астам алкалоид бар.
Достарыңызбен бөлісу: |