Сабақ жоспары.
Пән: Дүниетану,
Тақырыбы: Денелер.Заттар
Мұғалім: Байменова Айсауле Гайдаровна
Сабақ түрі: жаңа
Мақсаты:
Дене, зат туралы түсінік қалыптастыру, белгілері мен қасиеттері бойынша заттарды салыстыруға үйрету.
Міндеттері:
Оқушыларды дене, зат түсініктерімен таныстыру. Әртүрлі күйдегі заттарды салыстыру. Өткен тақырып бойынша білімін тексеру.
Ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту. Өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылау қабілетін жетілдіру.
Ұжымда достық қарым-қатынасты құру. Қоршаған ортаға қызығушылығын тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:
1. Интербелсенді тақта
1. Суреттер (қатты, сұйық, газ).
2. Сызғыш, доп
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
Мұғалім оқушылардың дайындығын тексереді.
-Бүгінгі сабақта балалар, жұпта және жеке жұмыс істейсіңдер. Қане, жұпта жұмыс істеудің ережелерін қайталап өтейік. (слайд № 2).
Жаднаманы оқу.
Жолдасқа өтініш жасау – «сыпайлық»;
Өзгелердің пікірі – «тыңдай біл де дәлел дей»
Ақпарат көздерімен жұмыс (сөздікпен, кітаппен) – негізгіні белгілеу.
Жаңа материалды меңгеру
Тақырыпты хабарлау. Оқушыларға мақсат қойғызу.
Біз алдымызға қандай мақсат қою керек?
Оқушылар жауабы: дене мен зат деген не? Айырмашылығы қандай? Оларға не жатады?
Мұғалім: Дене, зат туралы түсінік аламыз, белгілері мен қасиеттері бойынша заттарды салыстыруды үйренеміз.
(слайд № 3). Кез келген бұйым, кез келген тіршілк иесі дене деп аталады.
Кітаппен жұмыс.
Дәптерде түсініктерді жазғызу.
Слайд № 4. Мұғалім оқушыларға суреттерді салыстыру тапсырмасын береді.
Тапсырма1: жалпыла. Барлық денелер көлем мен формаға ие т.с.с
Тапсырма 2: заттардың негізгі белгілерді ата
Слайд № 5. Суреттерге сипаттама беру.
Доп – дөңгелек, резеңкеден жасалған, ашық түсті. Конверт – тіктөртбұрышты, қағаздан жасалған, ақ түсті. Шаршы –кішкентай, ағанштан жасалған, қою сары түсті.
Балалармен бәрге қорытынды жасау: «Кез келеген дене көлем, пішін мен түске ие». Дәптерге жазғызу.
Слайд № 6 – карточкамен жұмыс.
Оқушы үстелінде денелер суреттері берілген. Ол суреттерді екі топқа бөлу тапсырылады. Дәптерде жазу. Топ аттарын оқыту. Себебін сұрастыру.
Дұрыс жауаптар
Жасанды
|
Табиғи
|
Үстел
|
Күн
|
Қарындаш
|
Ағаш
|
Кітап
|
Бұлт
|
Орындық
|
Тас
|
Қорытынды шығару:Біз сөздерді қалай топқа бөлдік? Яғни, Табиғат жаратқан денелер және адам қолымен жасалған денелер бар. 43 бет
Дәптерде жазу..
Алған білімді «Бағдаршам» ойынымен бекіту. (слайд 8-10). Дұрыс жауапты табуға негізделген.
Слайд 8. Тапсырма: табиғи денелерді тап. Дұрыс жауапта – жасыл, қате жауапта – қызыл түсі белгіленеді. Дыбыс арқылы оқушы өзінің жауабының дұрыс, бұрысын түсіне алады.
Слайд 9. Тапсырма: Жасаснды денелерді тап.
Ағаш
|
Кереует
|
Баскиім
|
Сөмке
|
Слайд № 10. Тапсырма: жасанды денелерді тап.
Мұғалім: Бастапқыда не айтқынымызды еске түсірейік. Металл, су, саз оларды дене деп айтуға қиналдық Мынадай қорытындыға келдік; осы заттардың нақты көлемі мен пішіні жоқ. Сондықтан олар денеге жатпайды. Осы түсінікті біз заттар деп атаймыз.
Сергіту сәті: дене қимыл қозғалысына арналған
44 бет дәптерге түсінік жазу.
Слайд 11. Екі мысалды қарастыру.
Мысал 1: қайшы – дене, заты – темір.
Мысал 2:су тамшысы– дене, заты – су.
Слайд № 12. Бірнеше заттан тұратын денелерді қарастырайық. Мысалы, қарындаш пен үлкейткіш әйнек. Осы екі зат қандай заттардан тұратынын анықтайық.
Қорытынды жасайсыз. Көптеген денелер бәр ғана заттан емес, бірнеше заттан тұрады.
Слайд 13 Бірнеше заттан тұратын суреттер көрсетіледі.
Денелердің үш күйі: қатты, сұйық, газ. 44 бет
45 бет Заттардың өзіне тән қасиеттері туралы оқу.
Слайд 14 Заттың үш агрегаттық күйімен танысу.
Слайд 15. Сабақты бекіту
Сұрақтар:
Бізді қоршағанның барлығы бұл….
Денелер екіге бөлінеді.....
Зат
|
Қатты
|
Сұйық
|
Газ
|
Тұз
|
+
|
|
|
Табиғи газ
|
|
|
+
|
Қант
|
+
|
|
|
Су
|
|
+
|
|
Алюминий
|
+
|
|
|
Спирт
|
|
+
|
|
Темір
|
+
|
|
|
Көмірқышқыл газ
|
|
|
+
|
Бірнеше оқушыдан сұрастыру. себебін түсіндіру.
Қорытындылау.
Сендер бірлікте жұмыс жасадыңдар.
Қай там ең байғампаз топ болды екен?
Дене деген не?
Оқушылар жауабы: кез келген бұйым, кез келген тіршілк иесі дене деп аталады.
Дененің қандай күйі болады?
Қатты, сұйық, газ.
Заттар неде тұрады? Мысал келтіріңдер.
Схеманы толтыру.
Слайд 16
.
- Бүгінгі сабақта нені білдіңдер?
Балалардың жауабы: кез келген бұйым, кез келген тіршілк иесі дене деп аталады. Денелер заттардан тұрады. Дененің құрамына енетіндерді заттар дейді.
Слайд 17. Үй тапсырмасы:
43-45 бет оқу.
Үйіндегі қоршап тұрған 5 дене мен оның затын анықтап жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |