|
Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады
|
бет | 49/57 | Дата | 22.12.2022 | өлшемі | 2,07 Mb. | | #40741 | түрі | Практикум |
| treatise1367751.17-сурет
1.5.3. Екі атомды молекулалардың электрондық спектрлері
Электрондық спектрлер барлық молекулаларда байқалады, өйткені молекуладағы электрондардың үлестірілуінің өзгерісі әрқашан оның дипольдық моментінің өзгеруімен қабат жүреді. Молекулалардың электрондық спектрлерінің ерекше тербеліс және айналыс құрылымы болады. Айналыс та, тербеліс-айналыс та спектрлері болмайтын молекулалардың міндетті түрде электрондық спектрі болады, бұлардан айналыс тұрақтыларын және тербеліс жиілігін анықтауға болады.
Екі атомды молекуланың айналыс құраушысы ескерілмеген электрондық-тербеліс ауысу энергиясы (см-1):
(1.5.18)
мәндерінің өзгерісі әр түрлі болатын ауысуларға ешқандай сұрыптау ережелері шектеу қоймайды, бір электрондық күйдің әрбір тербеліс деңгейі басқа электрондық күйдің кез келген тербеліс деңгейіне ауыса алады (1.18-сурет). мәні тұрақты болатын жолақтар сериясы бойынша, ал мәні тұрақты жолақтар сериясы бойынша прогрессиялар деп аталады. - мәні тұрақты жолақтар сериялары диагоналдық сериялар деп аталады.
Бірақ спектрде осындай ауысулардың шектеулі саны ғана байқалады. Бұл Франк-Кондон принципімен байланысты.
1.18-суретте 0 болғандағы бойынша прогрессиясы көрсетілген. Осы прогрессия жолақтары спектрдегі жолақтан жолаққа ауысқанда мәні 1-ге өседі. Ангармоникалық салдардан прогрессия жолақтары жиілік өскенде біріне-бірі жақындай түседі. (0,0)-ауысулары интенсивтілігі ең үлкен жолақтарды береді (5.5-сурет).
Франк-Кондон принципі. Электрондық ауысудың өте тез өтетіндігі соншалықты, ауысу уақыты ішінде молекула өзінің геометриясын елерліктей өзгертіп үлгермейді.
Спектрдегі бір электрондық ауысуына жататын (байқалатын) жолақтарды Деландр кестесі түрінде көрсетуге болады. Кестедегі әрбір клетка тиісті электрондық-тербеліс ауысуының толқындық сан мәнімен толтырылады. Деландр кестесін құрастыру, шын мәнінде, электрондық ауысудың байқалатын тербеліс жолақтарының канттары нақты қандай υ’-υ” ауысуға жататындығын анықтауға саяды.
Деландр кестесі бойынша негізгі және қоздырылған электрондық күйлер үшін және мәндерін және νэл=Te’-Te” электрондық қоздыру шамасын оңай есептеп табуға болады.
және мәндерін анықтау үшін алдымен горизонталь және вертикаль бағыттарда көрші клеткалардағы сандардың бірінші айырымдарын табады. Осы айырымдар
(1.5.19)
шамасына сәйкес келеді.
Егер екінші айырымдар есептелсе, онда олар екі еселенген ангармоникалық тұрақтыға сәйкес келеді:
, (1.5.20)
яғни барлық есептеулер тербеліс спектрлерінен және мәндерін анықтауға ұқсас жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|