|
Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады
|
бет | 34/57 | Дата | 22.12.2022 | өлшемі | 2,07 Mb. | | #40741 | түрі | Практикум |
| treatise136775Рентгендік спектрлер
1. а) К-электрондық қабатты; ә) L-қабатты; б) М-қабатты құрайтын қабықтар санын көрсетіңіз. Барлық осы қабықтардың термдерінің нәзік түзілісін ескеріп, спектроскопиялық белгіленулерін келтіріңіз.
2. L, M қабаттары үшін нәзік түзілісі ескеріліп, энергетикалық деңгейлер сызбасын салыңыз. Сызбада нәзік түзілісі құраушыларының спектроскопиялық белгіленулерін келтіріңіз.
3. Рентгендік деңгейлер сызбасына және электродипольдық сәуле шығару үшін сұрыптау ережелеріне сүйеніп, сипаттауыш рентген сәулесінің К-сериясын тудыратын кванттық ауысуларды көрсетіңіз.
4. Ауыр элементтерде неліктен сипаттауыш рентген сәулесінің К-сериясы міндетті түрде басқа сериялардың пайда болуымен қабаттаса шығарылатындығын түсіндіріңіз.
5. Қайсы элементтен бастап: а) L-серияның; ә) М-серияның байқала бастауы мүмкін?
6. Рентген түтікшесіндегі кернеу U1=16 кВ болғанда сипаттауыш рентген сәулесінің L-сериясы пайда болады. К-серия байқалуы үшін U2 кернеу қандай болуы тиіс?
7. Мыстың К-жұтылу жолағының шекарасына k = 138 пм толқын ұзындығы сәйкес келеді. Сәуле шығару спектрінде К-серия пайда болатындай мыс антикатоды бар рентген түтікшесіндегі Umin ең кіші кернеуді анықтаңыз.
8. Марганец (z1=25) атомының К-электроны үшін Е1 байланыс энергиясы белгілі деп есептеп, вольфрамның (z2=74) К-электроны үшін Е2 байланыс энергиясын бағалаңыз.
9. Антикатоды молибден (z = 42) рентген түтікшесіндегі қандай ең кіші Umin кернеу жағдайында L-серия сәулелерінің байқала бастауы мүмкін болады? Экрандау тұрақтысын L7 деп алу керек.
10. Мозли заңын қолданып, вольфрамның (z1=74) К-сызығының толқын ұзындығы темірдің (z2 = 26) К-сызығы толқын ұзындығынан кіші болатынын анықтаңыз.
11. Егер рентген сәулесінің тұтас спектріндегі ең қысқа толқын ұзындығы min= 1 пм-ге тең болса, онда рентген түтікшесінің антикатодына түсетін электрондардың жылдамдығы қандай болатынын анықтаңыз.
12. Рентген түтікшесі U = 30 кВ кернеуде жұмыс істейді. Рентген сәулесінің тұтас спектрінің min қысқа толқынды шекарасын анықтаңыз.
13. Мозли заңын қолданып, алюминий (z = 13) және кобальттың (z = 27) К-сызықтарына сәйкес келетін фотондардың толқын ұзындықтары мен энергияларын есептеңіз.
14. Мозли заңындағы түзетуді бірге тең деп есептеп:
а) толқын ұзындықтары 193,5; 178,7; 165,6 және 143,4 пм К-сызықтар қандай элементтерге жататынын; осы қатардағы көрсетілмеген элементтің К-сызығының толқын ұзындығы қандай болатынын;
ә) К-сызықтарының толқын ұзындықтары 375,3 және 251,2 пм элементтердің аралығында қанша элемент болатынын табыңыз.
15. Антикатоды никель рентген түтікшесіндегі К-сызықтың К толқын ұзындығы мен тұтас рентген спектрінің қысқа толқынды шекарасы ш толқын ұзындығының айырымы К- ш
84 пм-ге тең. Рентген түтікшесіндегі кернеуді анықтаңыз.
16. Рентген түтікшесіндегі кернеуді U1=10 кВ-тан U2=20 кВ-қа дейін өсіргенде К-сызық пен тұтас рентген спектрінің қысқа толқынды шекарасының толқын ұзындықтарының айырымы 3 есе өскен. Антикатод ретінде қандай элемент алынған?
17. Рентген сәулесінің жұтылу спектріндегі K- және L-жұтылу жолақтары шеттерінің жиіліктерінің айырымы 6,851018 с-1 болатын жеңіл элементтің нөмірін табыңыз.
18. Ванадийдің K- және L – сериясы жұтылуының қысқа толқынды шекараларының толқын ұзындықтары белгілі (к = 226,8 пм, L = 2400 пм).
а) K- және L-электрондардың байланыс энергиясын;
ә) ванадийдің Ксызығының толқын ұзындығын есептеңіз (нәзік түзілісін ескермей).
19. Титанның К-сериясы бас сызығының және оның қысқа толқынды шекарасы толқын ұзындықтарының айырымы
= 26,0 пм болса, титанның L-электрондарының байланыс энергиясын табыңыз.
20. Қайсыбір жеңіл элементтің К- және К-сызықтарының толқын ұзындықтары – = 275 пм және = 251 пм. Бұл қандай элемент? Осы элементтің L-сериясының бас сызығының толқын ұзындығы неге тең?
21. Криптон (z = 36) атомдарын толқын ұзындығы рентген сәулесімен жарықтандырғанда кейбір жағдайларда атомдардан екі электроннан ұшып шығып отырған: К-қабаттан босаған фотоэлектрон және L-қабаттан Оже-эффект нәтижесінде босаған электрон. К- және L-электрондардың байланыс энергиясы – тиісінше, 14,4 және 2,0 кэВ. Есептеңіз:
а) егер 65 пм болса, электронның екеуінің кинетикалық энергиясын;
ә) екі электронның энергиялары бірдей болатын толқын ұзындығын.
22. Рентгендік термдердің нәзік түзілісін ескеріп:
а) сипаттауыш рентген сәулесінің спектрлері дублеттік болатынын көрсетіңіз;
ә) рентгендік жұтылу спектрінде неліктен К жолақтың шеті қарапайым, L жолақтың шеті үш, М жолақтың шеті бесеу болатынын түсіндіріңіз.
23. Тұйықталған қабаттан = 1 және j = 3/2 электроны жұлынған атомның рентгендік термінің спектрлік белгіленуін көрсетіңз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|