Bus topology
2 «Шина» топологиясы. Шина топологиясын “сызықтық шина” (linear bus) деп те атайды. Ол ең қарапайым және кең тараған топология болып саналады. Желідегі бар компьютерлер магистраль деп аталатын бір кабель бойымен қосылады.
3 Сигнал тарату. Мәліметтер электр сигналы ретінде барлық желілік компоненттерге бірден таратылады. Дегенмен хабарды, сигнал ішінде шифрланған түрде көрсетілген “қабылдаушының” адресіне сәйкес келетін ғана қабылдаушы қабылдай алады. Сонымен қатар әр мезетте тек бір ғана компьютер хабар тарата алады
4 Сигналдың шағылысуы. Мәліметтерді тасымалдайтын электр сигналдары желідегі бар кабельдердің басынан аяғына дейін бірден тарайды. Егер арнайы шара қолданылмаса, сигналдар кабелдердің соңына жеткен соң одан кері шағылысып, тура тарап келе жатқан басқа сигналдарды бұзуы мүмкін. Сондықтан, мәліметтер алушысына жеткізілгеннен кейін немесе электр сигналдары кабель соңына жеткен соң, олар өшірілуі қажет.
6-компьютерден жіберілген сигнал кабельдің соңына жетіп, шағылысып, желіде қосымша бөгеуілдер тудырады.
5 Терминатор. Электр сигналдарының шағылуын болдырмау үшін әр кабельдің соңына электр сигналдарын жұтатын терминатор (terminator), қойылады.
6 6-компьютер 2-компьютерге сигнал жібергісі келеді делік. Кабельдің шетіне терминатор қойылған, сондықтан кабельдің соңына жеткен сигнал шағылыспай бірден жұтылады (жойылады). Жойылған сигнал басқа компьютерлердің мәліметтер жіберуіне кесірін тигізбейді.
7 Пассивті топология. Шина топологиясы – пассивті топология. Олай дейтініміз, компьютерлер желі арқылы таратылган мәліметтерді тек "тыңдайды", олар жіберушіден алушыға дейін арнайы жеткізілмейді. Сондықтан, егер бір компьютер істен шықса, оның жоқтығы басқаларына әсерін тигізбейді.
8 Кабельдің үзілуі екі терминатордың арасындағы кабельдің екі бос ұштарының пайда болуына әкеп соғады. Бос ұштардың пайда болуы желілік кабельдің физикалық түрде үзілуіне немесе оның бір шетінің компьютерден немесе терминатордан ажырап кетуіне байланысты. Осы ұштардан шағылысқан сигнал желінің жұмысын тоқтатады. Сондықтан істен шыққан компьютердің орны қалпына келтірілмесе, онда желі "құлады" деген сөз.
9 Өз жағдайында желідегі компьютерлер жұмысқа деген қабілетілігін толық сақтауы мүмкін, бірақ сегмент бойындағы кабель үзігі қалпына келтірілгенше, олар бір-бірімен байланыса алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |