«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 190 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 15508) 1-қосымшаға сәйкес қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама, не стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша iс-қимылды бастауға көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынуы негiз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн іс-қимылдардың мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатын қабылдауды жүзеге асырады. (Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады). Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
1-шарт - стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2 - іс-қимыл – «Еңбек нарығы» ақпараттандырылған ақпараттық жүйесіне» (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) көрсетілетін қызмет алушының жеке деректерін енгізу. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызмет алушының еңбек ету қызметінің жоқтығын тексеру, жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу туралы шешім қабылдау. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) сағат;
4 - іс-қимыл – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат 30 (отыз) минут;
5 - іс-қимыл – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасағанда құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызметті ұсынудан мынадай:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетiн жұмысы бар;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқтығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтер ұсынған негіздер бойынша бас тартады.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау болып табылады, бұл 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi «Еңбек нарығы» ААЖ» ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызмет алушының жеке деректерін енгізу болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызмет алушының еңбек ету қызметінің жоқтығын тексеру, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау болып табылады, бұл 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру болып табылады, бұл 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру болып табылады.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi iс-қимылдардың сипаттамасы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы құжаттарды қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 20 (минут) минут;
2 - іс-қимыл – «Еңбек нарығы» ААЖ ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызмет алушының жеке деректерін енгізу. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызмет алушының еңбек ету қызметінің жоқтығын тексеру, жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу туралы шешім қабылдау. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) сағат;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қалыптастыруы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат 30 (отыз) минут;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі және «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
бизнес-процестердің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізу
(20 минут)
Құжаттарды қабылдау
(20 минут)
Көрсетілетін қызметті алушының еңбек ету қызметінің жоқтығын тексеру, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау
(5 сағат)
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру
(10 минут)
Нәтижені қалыптастыру
(2 сағат 30 минут)
Шартты белгілер:
Шартты белгілер:
|
- көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы және аяқталуы
|
|
- көрсетілетін қызметті алушының рәсімінің (іс-қимылының) атауы
|
|
- келесі рәсімге (іс-қимылға) ауысу
|
- ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
Достарыңызбен бөлісу: |