- «Полимерлердің химиясы мен физикасы»
- Мамандығы – «5В072100 – ОЗХТ Курстың көлемі – 3 кредит
- Чугунова Нина Ивановна
- профессор, химия ғылымдарының кандидаты, «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы
- Педагогикалық стажы – 30 жылдан астам
Курстың андатпасы: - Таңдап алатын курс ;
- Пәнді оқыту мақсаты студенттерді көмірсутекті щикізаттарды өңдеудің химиялық технологиясының ,полимерлі материалдарды өндіру және өңдеудің жалпы заңдылықтары мен даму мүмкіндіктерімен таныстыру. Студенттердің органикалық заттарды алудың технологиялық процестерінің теориялық негіздері бойынша жүйелі білімдерін қалыптастыру.
- Пәннің негізгі мақсаттары – студентердің мынандай білім алуы:
- - көмітсутекті шикізаттарды өңдеудің химиясы мен технологиясының ғылыми негіздерін қалыптастыру
- -мұнай, газ, пластмассалар мен полимерлі материалдарды өңдеудің негізгі әдістерімен таныстыру;
- -көмітсутекті шикізаттарды пайдаланудың альтернативті жолдарын қарастыру;
Курстың актуальдығы мен жаңалығы - «Полимерлердің химиясы мен и физикасы» пәні полимерлердің химиясы мен физикасының заманауи дамуының негізгі бағыттарын оқып үйренуге ,оларды экономиканың әртүрлі салаларында пайдалануға арналған . Жоғары молекулалық қосылыстарды полимерлерді, пластмассаларды, композициялық материалдарды, эластомерлерді синтездеудің технологиясы мен қайта өңдеудің негізі болып саналады.
Пән бойынша қарастырылатын тақырыптар: 1. Жоғарымолекулалық қосылыстар жөніндегі негізгі түсініктер. Олардың жіктелуі мен номенклатурасы. 2.Полимерлер алудың химиялық әдістері . 3. Полимерлердің физикасы. Дәріс материалдары полимерлерді тізбекті механизм бойынша синтездеу, сатылы поликонденсациялау процестерін, полимер- лерді модификациялау заңдылықтарын сипаттайды . Полимерлердің физикасы бойынша макромлекулалардың молекулалық және топмолекулалық құрылымын, полимерлердің фазалық және агрегаттық күйлерін, физикалық қасиеттерін, полимер ерітінділерінің ерекшеліктерін қарастырады. Өткізілетін сабақтардың түрлері: - Дәріс – 30 сағат
- Зетханалық сабақтар – 15 сағат
- Аралық бақылау (саны) – 2
- СӨЖ – 45 сағат
- СОӨХ – 45 сағат
- СОӨХ(офис.) – 30 сағат
- СОӨХ (ауд.) – 15 сағат
- Барлық аудиториялық сағат – 60
- Барлық аудиториядан тыс сағат– 75
- Жұмыс көлемі 135 сағат
- Емтихан 5 семестрде
Пәнді оқу кезінде студенттер мынандай біліктілікке ие болады: - жоғары молекулалық қосылыстарды жіктеу, полимерлер қасиеттерінің ерекшеліктерін , жоғарымолекулалық қосылыстарды алу процестерінің негізгі әдістері мен заңдылықтарын, полимерлердің химиялық түрленуін полимерлердің құрамы, құрылысы,агрегаттық,фазалық және физикалық күйлері, физикалық қасиеттері туралы заманауи көзқарастар тұрғысынан өндірісте қолдана алу.
- 7 зертханалық , 2 бақылау жұмыстары, 2 аралық бақылау, 2 өзіндік жұмыстар қарастырылған
- – жұмыстың әр түрінің нәтижесінің максимал бағасы 100 %.
Өзінің ғылыми жетістіктері: - Ғылыми дәрежесі : химия ғылымдарының кандидаты 02.00.06«Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» мамандығы бойынша.
- Ғылыми атағы: «Жоғары молекулалық қосылыстар» мамандығы бойынша» аға ғылыми қызметкер.
- Сабақ беретін пәндері: 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне «Алифатты қатар қосылыстарының органикалық химиясы», «Циклді қосылыстардың химиясы», «Мономерлердің химиясы мен технологиясының негіздері», «Қабыршақтүзуші заттар мен лак-бояу материалдарының химиясы мен технологиясы» курстарын, 6М0572100 мамандығына «Диенді қосылыстардың химиясы мен технологиясы», 6Д0572100 мамандығына «Полимерлік материалтанудың дамуының заманауи негіздері » курстары
- Басылымдары: 80 астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар, соның ішінде 5 авторлық куәлік, мемлекеттік тілде жазылған 2 оқулық, оның біреуін жеке өзі жазған, 2 оқу құралы (мемлекеттік және орыс тілдерінде), 10 ОӘК (6 мемлекеттік, 4 орыс тілінде) , магистраттар үшін 1 силлабус, докторанттар үшін 1 силлабус дайындалған,. Барлық сабақтар оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілген.
- «Жеңіл бензин фракцияларын алу мақсатында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу технологиясын жасау» мемлекеттік бюджеттік инициативті тақырыпты орындау.
- Тарауы: “Жоғары тұтқыр мұнайлар үшін депрессивті присадкалардың жаңа түрлерін жасау.”
- Студенттердің ҒЗЖ дайындау
- Ғылыми бағыты: Белсенді функионалды топтары бар полимерлерді синтездеу және зерттеу.
- Қоғамдық жұмыстары: Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің химиялық-технологиялық мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясының мүшесі (Шымкент қ.). 2011 жыдан бастап К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ –ің оқу процесін мониторлау комитетінің мұшесі ( ОПМК). Геология және мұнай газ ісі институтының ҒӘК мушесі, МжГӨХТ кафедрасының әдістемелік кеңесінің мүшесі,,кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедраның оқу процесіне және әдістемелік жұмыстарына жауапты.
- Қызмет ету барысында бірнеше рет алғыс қағаздар және грамоталар алған. Жеке өзі жазған «Полимерлердің химиясы мен физикасы» атты оқулығы үшін К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ-ің академикалық профессоры атағын алған. Студенттері университеттік және республикалық конкурстардың жулдегері болған.
Дипломдық жұмыс тақырыбы: 1. Ауыр қалдықтарды деасфальтизациялау қондырғысының жобасы. - Дипломдық жұмыс тақырыбы: 1. Ауыр қалдықтарды деасфальтизациялау қондырғысының жобасы.
- Магистерлік диссертациялардың тақырыбы: 1.Акрил қышқылы мен стиролдың сополимерлерін синтездеу және зерттеу
- 2. Акрилді қабыршақтүзуші заттарды синтездеу және зерттеу
- Курстар бойынша студенттердің үлгерімі 80-93 %.
- Білім алушыларға қойылатын талап: адалдық, тәртіптілік, ынталылық.
Достарыңызбен бөлісу: |