6 апта
Тақырып 7. Циклдік операторлар
Дәріс жоспары
-
Циклдік алгоритм.
-
Шарты алдын ала берілген циклдік оператор.
-
Шарты соңынан берілген циклдік оператор.
-
Параметрлі цикл операторы.
-
continue операторы.
Дәрістің қысқаша конспектісі
Си тілінде циклді ұйымдастырудың үш түрі бар:
-
while… - шарты алдын ала берілген циклдік оператор
-
do… - шарты соңынан берілген циклдік оператор
-
for… - параметрлі цикл операторы
Әр операторды жеке қарастырайық.
1. Шарты алдын ала берілген оператор
Жазылу форматы:
while (өрнек_шарты)
цикл_денесі;
Өрнек_шарты ретінде көбінесе қатынас немесе логикалық өрнек қолданылады.
Цикл денесі циклде орындалатын операторлардан тұрады. Цикл денесі – не құрама, не жеке оператор, яғни, операторлық жақшаға алынған операторлардың кезектілігі. Цикл денесі бос оператор болуы да мүмкін, яғни, тек ";" түрінде ғана бейнеленеді.
Бұл оператор келесідей жұмыс атқарады:
Ең бірінші өрнек_шарты есептеледі. Егер ол ақиқат болса(яғни, 0-ге тең болмаса),онда цикл денесі орындалады, одан кейін өрнек_шарты жалған болғанға дейін қайта- қайта тексеріледі. Егер өрнек_шарты бірінші тексерілуден кейін жалған болып шықса, онда цикл денесі бір де бір рет орындалмайды. Егер өрнек_шарты тек ақиқат мәнді ғана қабылдаса, онда цикл денесі шексіз орындала береді.
Өрнек_шарты арифметикалық өрнек болуы да мүмкін.Бұндай жағдайда цикл денесі өрнек_шарты 0-ге тең болғанға дейін орындалады.
Ескерту: Циклде орындалатын операторлар циклдің денесі болып табылады.
2 .Шарты соңынан берілген циклдік операторлар
Жазылу форматы:
do
цикл_денесі
while(өрнек_шарты);
Өрнек_шарты while цикліндегі сияқты логикалық немесе арифметикалық болып табылады.
Бұл оператор келесідей жұмыс істейді:
Ең бірінші цикл денесі орындалады, содан соң өрнек_шартының мәні есептеледі. Өрнек_шартының мәні ақиқат болғанша(яғни, 0-ге тең болмаса), процесс тексеріледі. Бұл мән жалған болысымен (яғни, 0-ге тең болса) циклдің орындалуы тоқтатылады. Егер өрнек_шартының мәні әрқашан ақиқат болса, онда цикл шексіз орындалады .
Ескерту: while операторында өрнек_шартының мәнін тексеру циклдің басында орындалатына мән беріңіздер, ал repeat операторында өрнек_шартының мәнін тексеру циклдің соңында орындалады және цикл денесі кез келген жағдайда бір рет болсын орындалады.
-
Параметрлі циклдік оператор
Жазылу форматы:
for (өрнек_1;өрнек_шарты;өрнек_3)
цикл_денесі;
for операторндағы бірінші және үшінші өрнектер үтірмен бөлінген бірнеше өрнектерден тұруы мүмкін.
Бұл оператор келесідей жұмыс істейді:
Өрнек_1 әрекетті циклдың басталуына дейін анықтайды, яғни, цикл үшін бастапқы шарттарды береді; көбінесе бұл меншіктеу операторы болып табылады.
Өрнек_шарты – әдетте логикалық немесе арифметикалық болады.Ол циклдің аяқталуын немесе жалғасуын анықтайды. Егер ол ақиқат болса(0-ге тең емес), онда цикл денесі орындалады, одан кейін өрнек_3 есептеледі.
Өрнек_3 әдетте циклдің келесі орындалуына қажеттілерді параметрлерді өзгерту немесе цикл денесінің кез келген айнымалыларын береді.
Сөйтіп, өрнек_1 бір рет ғана орындалады, ал өрнек_шарты және өрнек_3 цикл денесінің әр орындалуынан кейін есептеледі.Цикл өрнек_шарты жалған болғанға дейін жалғасады.
for операторында кез келген 3-еудің, кез келген 2-дің немесе барлық үш өрнек те жоқ болуы мүмкін, бірақ оларды бөлетін ";" символы міндетті түрде болуы керек. Егер өрнек_шарты жоқ болса, онда ол ақиқат және циклден шығу үшін арнайы құрал керек.
Continue операторы
continue операторы , break операторы сияқты, цикл операторының ішінде ғана қолданылады, бірақ, оның орындалуынан айырмашылығы программаның орындалуы тоқтатылған оператордан кейінгі оператордан жалғаспайды, тоқтатылған оператордың басынан басталады. Оператор форматы келесідей: continue;
Өзін – өзі тексеру сұрақтары:
-
Циклдік алгоритм деген не?
-
Шарты алдын ала берілген циклдік операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Шарты алдын ала берілген циклдік операторы жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?
-
Шарты соңынан берілген циклдік операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Шарты соңынан берілген циклдік операторы жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?
-
Параметрлік цикл операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Параметрлік цикл операторының жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?
8.1. Негізгі әдебиеттер
1. Нейбауэр А. Моя первая программа на С/С++ /Перев. с англ. – СПб: Питер, 1995
2. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке СиЖ Учеб. пособие. – 2-е доп. изд. – М.: Финансы и статистика, 1999
3. Информатика. Базовый курс. 2-е издание / Под ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2005
8.2. Қосымша әдебиеттер
1.Дейтел Х., Дейтел П. Как программировать на Си. – М.: Бином, 2000
2. Мейер Б., Бодуэн К. Методы программирования. Т. 1 и 2. – М.: Мир, 1984
Достарыңызбен бөлісу: |