ПОӘК 042-14-3-04.145-2009
|
№ 1 басылым 30.09.2009ж
|
бет. -
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14.3.04.145/2009
|
«Агробизнесті ұйымдастыру»
пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№ 1 басылым
30.09.2009ж
|
050506 «Экономика» мамандығы студенттері үшін
«Агробизнесті ұйымдастыру» пәні бойынша
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Семей 2009
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
1. ГЛОССАРИЙ
Жерге арендалық төлем – жерді уақытша пайдалану үшін берілетін ақы;
Аффилиированды тұлға – мемлекеттік емес заңды тұлғаның немесе тәуелді акционерлік қоғам деп танылған ұйымның жалғасы;
Төлемнің базалық ставкасы – жерге жекеменшіктік құқық бергендегі немесе жерді уақытша пайдалануға сатқандағы мемлекеттің кадастралық (бағалау) құнын анықтаудың нормативті шектелген бағасы;
Жерді қайталай пайдаланушы – келісім негізінде жерді алғашқы пайдаланушыдан алғандағы құқығын сақтай отырып қайталай пайдаланатын тұлға;
Жерді мемлекеттік пайдаланушы – республикалық мемлекеттік және коммунальдық заңды тұлға;
Мемлекеттік кепілдікпен пайдаланушы – жер кодексімен және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдылықтарымен төлемсіз пайдаланылатын жер учаскесінің иесі;
Тыңайған жер – ұзақ уақытқа өңделусіз қалған жер;
Кепілді жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы – кепілді келісімнің, Қазақстан Республикасының заңдылық актілерінің негізінде кредиторлардың басқа кредиторлардан артықшылықпен пайдалану құқығы. Ол жерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне орай пайдаланады;
Жер үлесі – басқа да тұлғалармен қатар өзіне тиесілі жер учаскесінің аумағы. Ол жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының басқадай заңды өкілдері арқылы беріледі;
Құқықтық жер қатынасы – жеке субъектлерге жер ресурстарын қадағалау басқармасы берген құқыққа орай пайдалануды айқындайды;
Жер кадастры – мемлекеттік кадастрдің құрамдас бөлегі болып табылатын жер туралы мағлұматтың жүйесі;
Жер участкесі – жер кодексімен субъектіге бекітілген шектеулі жер аймағы;
Жер – Қазақстан Республикасының суверенитеті бекітілген аймақтық кеңістік. Оған табиғи ресурстар, жалпы өндірістік құралдар және еңбектің кез келген аумақтық негізі кіреді;
Жер қоры – мақсаттарына қарай тиісінше мынандай категорияларға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
2) елді мекендер (қалалар, поселкелер және ауылдық елді мекендер);
3) өнеркәсіпке, көлік қатынасына, байланысқа, қорғанысқа және ауыл
шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер;
4) ерекше қорғауға алынған территориялар, сауықтыру, рекреациондық
және тарихи – мәдени мақсаттағы жерлер;
5) орман қорына арналған жерлер;
6) су қорына арналған жерлер;
7) запастағы жерлер.
Тұрақты мәдениетке бөлінген – көпжылдық өсімдіктерге, сондай-ақ жеміс-жидекке арналған жерлер;
Иммиграциондық жер қоры – репатрианттарға (оралмандарға) беретін және арнаулы жер қорының құрамына кіретін резервке алынған жер учаскелері;
Шетелдік жер пайдаланушылар – шет мемлекеттердің азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, құқықтық тұлғалар. Олар шет мемлекеттердің, халықаралық бірлестіктердің, ұйымдардың заңдылықтарына сәйкес ие болғандар.
Жер учаскелерін мақсатты пайдаланатын классификатор – территорияның учаскесін және оған орналасқан үйлер мен ғимараттарды пайдаланатындар;
Кондоминимум – қозғалмайтын мүлік иелігінің түрі. Мұнда жылжымайтын мүліктің бір бөлегі, оның ішінде жер учаскесі де қатысушылардың тиісті үлестеріне қарай пайдаланылады.
Шаруа (фермерлік) қожалығы – бұл жанұялық еңбеккерлердің бірлестігі. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өндеу және өткізумен айналысады. Шаруа фермерлік шаруашылықтың субъектілері өз қарекеттерін құқықтық тұлғалар құрмай-ақ және құқықтық тұлғалардың белгілері жоқ болса да жүргізе береді.
Жеке қосалқы шаруашылық - өз қажеттерін өтеу үшін ауылдық жерлерде және қала маңынан алған жер учаскесінде қарекет жасау;
Ұлттық жер пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен қарекет жасайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, заңды тұлғалары;
Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар – азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
Жер қатынастары объектісі – Қазақстан Республикасы территориясы аумағындағы барлық жер, не орналасқандығына қарамастан және жеке субъектлерге бекітілуіне және құқықтық негіздеріне, сондай-ақ жер учаскесіне және жерге үлесіне құқығы барлығына қарамастан осыған жатады;
Меншікті құқық объектісі – мемлекеттік және жеке меншік иелігіндегі жерлер;
Жыртатын жерлер – бұл жүйелі өңдеуден өткізіліп, көпжылдық шөп өсірілетін және таза парды қоса алғандағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі үшін пайдаланылады;
Жайылымдық – бұл мал жаю үшін жүйелі пайдаланатын ауыл шаруашылығы алқабы;
Жерді алдымен пайдаланушылар – Жер Кодексінің 32 бабында көзделген тәртіпке орай мемлекеттен алған немесе алғашқы пайдаланушыдан алған жерге иеліктік құқығы барлар;
Жер учаскесін арендаға беруге сатқаны үшін төлем – мемлекет меншігіндегі жер учаскесін ақы төлеу арқылы уақытша пайдалануға құқық алатын бірмезгілдік төлем;
Жерді тұрақты пайдаланушылар – бұлар жерді түбегейлі пайдаланатын тұлғалар;
Топырақ қабаты – жердің үстіңгі құрғақ қабаты, оның өзіне ғана тән құрылысы, құрамы және қасиеті бар ерекше табиғи құрылымы;
Жерге иелік ету құқығы – жерге нақты иелік етуге мүмкіндік беретін заңдылық;
Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалануға берілген құқық – жер учаскесінің иесі мен оны уақытша пайдаланушының (арендатормен немесе төлемсіз пайдаланушының) арасында жасалған келісім бойынша субъектіге берілетін құқық;
Жер пайдалану құқығы – мемлекет меншігіндегі жер учаскесін қанша уақыт болса да (тұрақты пайдалануға немесе белгілі бір мерзімге дейін (уақытша пайдалануға) пайдалануға берілетін құқық;
Жерді реттеу құқығы – Қазақстан республикасының территориясындағы жер тағдырын шешуді (Қазақстан Республикасының заңды актілерімен тиым салынбаған жерлерді пайдалануға беретін құқықты) заңды түрде бекіту;
Жер учаскесіне жеке меншіктік құқық беру – азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға Жер Кодексінде бекітілген аумақтағы шектегі жер учаскесін беру құқығы;
Жер учаскесіне берілетін құжаттарға иелік ету құқығы – жер учаскесіне азаматтар мен заңды тұлғалардың иелік етуін берілетін құжаттар (бұларға жердің жеке меншікте болуы, жерді пайдалану құқығы, сервитуттар және басқадай жер учаскесіне берілетін құжаттар жатады). Құқықты бекітетін құжаттарға жер учаскесіне меншіктікті, үнемі пайдалануға құқық беретін акт және уақытша пайдалануға (төлемді, төлемсіз) құқық беретін актлер жатады;
Атқарушы органдардың шешімі – атқарушы органдардың жер учаскесіне құқық беретін құқықтық актілер;
Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – бұл негізінен ауыл шаруашылығы аясында қызмет ететін заңды тұлға. Жергілікті бірліктер – бұлар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін көмекші шаруашылық түріндегі заңды тұлғалы бөлімшелер.
Ауылшаруашылығындық алқаптар – бұлар ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері (орман, көл, егістік, батпақтар);
Ауылшаруашылығындық жерлер – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері. Олардың құрамына жыртылатын жерлер, мәдени дақылдар, шыбындықтар мен жайылымдық жатады;
Шыбындықтар – бұл шөп шабу үшін жүйелі пайдаланылатын жерлер;
Сервитут – басқа біреулердің учаскелерін шектеулі мақсаттарға (өту, өткел ретінде, жету және қажетті коммуникациялар, аңшылық шаруашылық және басқадай қажеттіліктер үшін) пайдалануға;
Арнаулы жер қоры – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұза отырып өз мақсатында пайдаланылмаған жерлерден және шартты үлестерінен бас тартқан және жер пайдаланушылардан алынған жерлер жатады;
Жер құқыққатынастары субъектілеріне жай және заңды тұлғалар, сондай-ақ жер қатынастарына қатысушылар болып табылатындар және берілген құқыққатынастарына міндеттемелер алушылар жатады;
Шартты жер үлесі – таратылған немесе қатты құрылған ұжымшарлардың, мемлекеттік емес болып құрылған бұрынғы мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің, сондай-ақ Жер Кодексінде көрсетілген бұрынғы жер пайдаланушы ұйымдардың есебінде болып жер алып келген тұлғалардың, немесе Жер Кодексінде көзделген адамдардың жер алуға деген құқықтары бойынша беріледі;
Жұртшылықтың шаруашылығы – бұл адамдардың жеке қосалқы шаруашылығы, ұжымдық бау бақшалар, саяжай учаскелері; жеке қосалқы шаруашылықтарға жер иелік ету үшін және өздеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірулері үшін берілді; ұжымдық бау бақшалар – бұл жерді пайдаланудың бір түрі, ол бойынша ұжымның азаматтарына жер жеміс жидек және бақша салу үшін беріледі.
2. ДӘРІСТЕР
Дәріс сабақтарының құрылымы
Тақырып 1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар
Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б. шарттар керек.
Экономикалық шарттар – бұл дегеніміз ең алдымен тауарларды ұсыну және оған сұранымның болуы, яғни:
тұтынушылар ала алатын тауарлардың болуы;
олардың сатып алатындай ақша қаражаттарының болуы;
қызметкерлердің еңбек ақылары тауарларды алуларына әсер
ететін жұмыс орындарының, жұмысшы күштерінің артық немесе кемшін болуы;
экономикалық жағдайларға мыналар елеулі әсер етеді;
ақша ресурстарының болуы және алу мүмкіндігі;
инвестицияланған капиталдағы табыс деңгейі;
өздерінің іскерлік операцияларын жүргізуді қаржыландыру үшін
ауылдағы тауар өндірушілерге қарыз бере алатын мекемелердің және оларда заемдік қаржыларының болуы.
Осылардың бәрімен нарықтың инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар шұғылданады:
фабрикаттармен, комплектілейтін бұйымдармен, жанармаймен, энергиямен, машиналар және қондырғыламен, аспаптармен және т.б жабдықтайтын жеткізушілер;
үшінші кезекте – тұтынушыларға тауарларды жеткізу қызметін
көрсететін толайым және бөлшек сауданың сатушылары;
төртінші кезекте – бұл кәсіптік және заңгерлік, бухгалтерлік,
делдалдық қызмет көрсететін мамандандырылған фирмалар мен мекемелер;
бесінші кезекте – жұмысшы күштерін іріктеп алуға көмек
көрсететін еңбекке орналастыру жөніндегі агенттік;
алтыншы кезекте – бұл жұмысшылар мен мамандарды,
қызметшілерді оқытып үйрететін оқу орны;
ақырысында, жарнамалаушы, көлік қатынасы, қамсыздандыру,
байланыс және ақпарат беретін агенттіктер.
Әлеуметтік шарттаркәсіпкерліктің экономикалық жағдайларға қалыптасуына әсер етеді. Бұл ең алдымен тұтынушылардың талғамға сай тауарларды алуға ұмтылыстары. Әртүрлі кезеңдерде осы ұмтылыстардың өзгеруі де мүмкін. Бұл орайда ортаның әлеуметтік – мәдени жағдайына байланысты адамгершілік және діни нанымдардың да елеулі рөль атқаратынын ескерген жөн. Бұл нормалар тұтынушылардың өмір салттарына және осы арқылы тауарларға деген сұранымдарына да әсер етеді. әлеуметтік жәйіттер әркімнің жұмысқа деген, еңбек ақыға, жұмыс жағдайына деген талаптарына ықпал жасайды.
Ауылдағы кәсіпкер кәсіпшілік қызметінен қанағат тауып жүруі тиіс. Ол қызметкерлерінің деңсаулықтарын қорғау, жұмыс орындарын сақтау және т.б. мәселелерді шешуге тырысып отырады.
Кәсіпкерлікті қалыптастыруда кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандықтарын көтеру маңызды рөль атқарады:
кәсіпкерлік қызметті жүргізудің қазіргі тәсілдеріне оқытып,
үйрету;
кадрларды оқыту және қайта оқыту, оларды дамыған елдерде
дайындықтан өткізу;
қайта даярлауды шектеу;
ауыл шаруашылығы бойынша кеңес беретін жүйе құру және т.б;
ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің негізгі элементтері біздің пікірімізше мыналар болып табылады:
бизнестің мүмкіндігін айқындау және бағалау;
бизнес – жоспарды жасау;
ресурстарға қажеттілікті анықтау;
кәсіпорынды басқару.
Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері.
Бизнестің мүмкіндігін анықтау және бағалау
|
Бизнес – жоспарды жасау
|
Ресурстарға қажеттілікті анықтау
|
Кәсіпорынды басқару
|
Бизнес мүмкіндіктерінің ұзақтылығы
|
Тарау.
Бизнеске қадам басқан кез
|
Қажетті ресурстарды анықтау
|
Басқару стилін қалыптастыру
|
Бизнес мүмкіндіктерін жүзеге асырудың рыногы
|
Жоспардың мән – мағынасы
|
Қолда бар ресурстарды анықтау
|
Бақылау жүйесін енгізу
|
Бәсекелестікті зерттеу
|
Тарау.
Кәсіпорынның резюмі (жазылуы)
|
Ресурстарға қажеттілікті идентификациялау
|
Ұйымдастырушылық процестерді жасау
|
Рынок және кәсіпорын үшін бизнестің мүмкіндіктерін бағалау
|
Саланы талдау: Өндірістік жоспар; Маркетинг жоспары; Қаржы жоспары; ұйымдық жоспар.
|
Қажетті ресурстарды жеткізушілерді анықтау
|
SWOT талдауын (күшті, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері, қауіпсіздігі, оларды бағалау)
|
Тәуекелділік және бизнес мүмкіндігі әкелетін пайда
|
Операциялық жоспар;
Қорытынды: Тиімділікті есептеу.
|
Жеткізушілермен тіл табысудың жолдары
|
Табысқа жетудің факторларын анықтау
|
Кәсіпкерліктік біліммен, біліктілікпен, ұмтылыспен қабысу жағы
|
|
|
|
Агроөнеркәсіп кешені салаларының соңғы 15 жылда дамуының құқықтық жағынан даму кезеңдерін былайша бөлуге болады:
Жер реформасының бірінші кезеңінде (1990 – 1994 ж.ж.) «Жер реформасы туралы», «Шаруа қожалығы туралы», «Жер салығы туралы» Заңдардың қабылдануы. Осы құжаттарға сәйкес ұжымшарлар мен кеңшарлардың жерлері мен өндіріс құрал жабдықтары ұжымдардың мүшелеріне берілді. Экономикалық аграрлық секторында экономикалық қатынастарды түбірінен өзгертуге алғаш рет мүмкіндік туды. Алайда бұл кезеңде жаңа заңдылықтар негізгісі болып табылатын ауыл шаруашылығының жеке меншіктік секторын құруға қол жеткізе қойған жоқ. Көптеген экономистер мен саясат танушылардын пікірлері бойынша бұның негізгі себептері мыналар болды:
- ауылшаруашылығындық алқаптар мен құрал жабдықтардың негізгі бөлегі ұжымшарлар мен кеңшарларда болғанымен жеке меншіктік түрге көшудің және шаруашылықты жүргізудің нақты жолдары белгіленбеді;
- жер қатынастарын жаңаша дамытудың құқықтық негіздері жасалмады.
Жер қатынастарының екінші кезеңінің дамуы (1994 – 2001 ж.) жерге байланысты заңдылықтардың нарық жағдайына қарай бейімделу кезеңі болды. Осы мақсатқа орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қатынастарын реттеу туралы», «Жер қатынастарын одан ары жетілдіру туралы» жарлықтары шықты, әрі бұлар нарықтық қатынастарды қалыптастыруға (жерге иелік ету арқылы) әсер етті.
ҚР – сы Президентінің Заңдық күші бар «Жер туралы» (22.12.1995) Жарлығы жарияланып берудің шарттары мен сол жерлердің аумақтары белгіленді, жер рыногы нарығында, оның ішінде жерді пайдалану құқығы нарығына жол ашылды. Жарлықпен әрі жеке участок меншік немесе пайдалану учаскесі болады да оның құны бағаланады.
Жер участкесі шаруаларға (фермерлерге) тұрақты пайдалауға беріледі, оны олар басқаға сыйлай алады, жалға береді, ауыстыра алады, кепілге де салады, ауыл шаруашылығы серіктестіктеріне және кооперативтерге жарна ретінде де бере алады.
1998 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермерлік) шаруашылықтардың құқықтық, ұйымдық, және экономикалық негізін реттейтін «Шаруа қожалықтары туралы» Заң жарияланды. 1995 жылы 24 сәуірде ( өзгерістер және қосымшаларымен 1998 ж. 01.07 де).
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Заңдық күші бар «Шаруа (фермерлік шаруашылықтарға) қожалықтарына салық салу тәртібі туралы» жарлығы шықты, ол бойынша шаруа қожалықтарына мемлекеттік және жергілікті салық салынады.
ҚР – ның «Жер туралы» (24.01. 2001 жылы) және ҚР – нің Жер Кодексі қабылданған күннен ауылда реформаны жүзеге асырудың үшінші кезеңі басталады.
ҚР – ның «Жер туралы» Заңын жетілдіру үшін ҚР – ның Үкіметінің алған қаулыларындағы қағидалар мыналар:
жер участкелеріне құқықтықты бекітудің тәртібі;
жер кадастры мен жер рыногын жүргізудің негіздері;
өнімдерді өткерудің негіздері және ауыл шаруашылығын
қаржыландырудың мемлекеттік қорын құру.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Ауыл шаруашылығындағы бизнесті құру үшін қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар
ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар
Тақырып 2. Нарықтық экономика және бизнес
Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны
Іскерлікті ұйымдастыру формалары
Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.
Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Бизнес дегеніміз ол белгілі бір істі жүргізу.
Бизнестің өзіне тән бір белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акционерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болып келеді. Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруды бұл жағдайда мемлекеттік тапсырыс ретінде мемлекет қаржысына бизнесмендер орындай алады. Экономикасы дамыған көптеген мемлекеттерде, мысалы мұндай мемлекеттік қолдауды, бизнесті жүзеге асыру үшін жеңілдік жасауды ұсақ іскерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары немесе тұтастай агробизнес пайдаланады.
Бизнес экономикалық қызметтің басқа тұрақты түрлерімен салыстырғанда өзінің жандылығымен және инициативалылығымен ерекшеленеді. Бизнесмен үнемі жаңа өнімді, технологияны, сапаны, нарықты, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және т.б. іздестіру үстінде болады.
Бизнес жоғары деңгейдегі өзінше іс-қимыл танытуды және экономикалық таңдау бостандығын, сондай-ақ жауапкершілікті қажет етеді. Бизнестің қасиеттері шығармашылыққа, жетілдірілуге, жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруге итермелейді, ал мұның өзі өз кезегінде қоғамды экономикалық және әлеуметтік өркениетке алып келеді.
Бизнес – бұл өзіндік инициативалық, өз мүлкінің жауапкершілігі аясында жүзеге асатын, жекелеген азамттардың немесе олардың топтарының пайда немесе басқалай түрінде экономикалық олжа табуға бағытталған кез келген қызметі.
2. Бизнес адамзаттың кез келген ойластырылған қызметі ретінде сендіру негізінде болсын тиісті мағынасындла және заңдық негіздегі жасалуы жағдайында болсын, мемлекетпен арадағы іскерлікке қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Заңмен бекітілген іскелік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады.
Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның, фирманың мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен, жалғызбасты болып іс-қимыл танытады. Алайда, егер бұл қызмет бір рет қана немесе кездейсоқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жеке іскерлік белгіленген минимумнан асатын пайда әкелсе, іскер осы пайдадан салық төлеуі тиіс.
Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналысуы үшін іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу қажеттілігі қарастырылған. Мысалы, дәрігерлік қызмет, білім беру қызметін көрсету, нотариалдық қызмет және т.б.
Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір салады жүйелі жүргізілетін болса, онда белгілі бір мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент алу қажеттілігі туады.
Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кезе келген уақытта тоқтата алады.
Жеке іскерлік қызметтің тағы бір түрі жеке кәсіпорын, фирма, шаруа (фермерлік) қожалығы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол өзінің жеке кәсіпорнын тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы шарт. Мұндай жағдайда кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана тұрмауы мүмкін. Бұл кәсіпорынның меншік иесі іскерлік қызметтің субъектісі ретінде танылады, ол кез келген мөлшерде қызметкерлер жалдауы мүмкін, бірақ олар іскерлер ретінде емес, жалдамалы қызметкерлер қатарында саналады.
Жеке іскерлік кейде отбасылы кәсіпорын түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда жеке іскерліктен топтық, яғни ұжымдық іскерлікке өту әдісі байқалады.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылымы, масштабы, қызмет ауқымы тұрғысынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік тұрғыдан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді.
Кәсіпкерліктің түрлері:
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық қаржылық және кеңестік.
2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның құрамы болуы керек.
4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық-құқықтық; 2) ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер.
Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар: 1) жауапкершілігі шектелмеген серіктестік, 2) командитті (сенімге негізделген) жауапкершілігі шектелген серіктестік. Ұжымдар өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алды.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы-өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер бар.
Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен бір немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектеулі жауапкершілікті серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекелін өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам. Қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Акционерлік қоғам – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады.
Шағын кәсіпорындар – бұл өзінің көлемі жағынан шағын шаруашылық ұйымы. Мұнда жұмыс істеушіліердің саны мен шаруашылық айналымының көлемі заі актілерімен және үкіметтің қаулыларымен белгіленеді.
Жоғарыда келтірілген ұйымдастыру формалары негізінен ұсақ және орта бизнеске тән. Дамыған елдерде ірі бизнес көптен бері мемлекеттік шекарадан шығып, экспорт-импорт операцияларымен және басқа елдерде капитал орналастырумен айналысатын халықаралық компаниялар тәсіліне ие болды. Осындай компаниялар, бірақ филиалдары бар және бірнеше елде тіркелгендіктен, дүние жүзіндегі көптеген елдерде бизнес операцяиларын жүзеге асыратындықтан, трансұлттық компаниялар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |