ПоәК 042-14-3-01 20. 20/03-2009 Басылым №1


Гүлсараның қайтарып алған капиталы – 1.05. – 20000



жүктеу 0,74 Mb.
бет2/4
Дата10.02.2018
өлшемі0,74 Mb.
#9152
1   2   3   4

Гүлсараның қайтарып алған капиталы – 1.05. – 20000


Жансаяның қайтарып алған капиталы – 1.06. – 20000

Гүлсара мен Жансаяның бастапқы салған капиталдарының қалдығы төмендегідей болады:

Гүлсара – 75000, Жансая – 65000, барлығы – 140000, капиталдың үлестік салмағы:

75000/140000*100═ 54%

65000/140000*100═ 46%

Егер құрылтай құжаттарында алынған табысты бастапқы салынған капиталдың үлесіне бөліп тарату көзделген болса, онда Гүлжан ЖШС қатысушыларының арасында таза табыс 100000 теңге төмендегінше бөліп таратылады:

Гүлсара 100000* 54% ═ 54000;

Жансая 100000*46% ═ 46000.

Егер есеп беру мерзімінің ішінде қосымша капитал салынған болса және қатысушылар белгілі бір себептермен капиталдарын қайтарып алған болса, мұндай қозғалыстың нәтижесінде, әрбір қатысушының үлесі өзгеріске ұшырайды.

Сондықтан да қатысушылар капиталдың көлемі бойынша табысты бөліп тарату әдісін пайдаланған болса, онда капитал үлесін анықтауда бастапқы салынған капитал негізге алына ма немесе барлық салынған капиталдың орташа үлесі бойынша үлес анықтала ма, осы жағдайды міндетті түрде айқындап алу керек.

Мысалы: Қатысушылар пайданы бөліп таратуда төмендегі келісім – шартқа отырды делік:


Атауы

Жалақы

Салынған капиталға үстеме мөлшері

Бастапқы салынған капитал көлемі

Гүлсара

45000

Бастапқы капиталдан 15 пайыз үстеме

75000

Жансая

35000

Бастапқы капиталдан 15 пайыз үстеме

65000

Егер есепті кезеңнің қаржылық нәтижесінде пайда 100000 теңгені құраса, жалақы мен салынған капиталға үстемені бөліп тарату төмендегі ретпен орындалады:



Бөліп тарату кестесі






Қатысушылар


Бөліп таратылатын пайда

Гүлсара

Жансая


Бөліп таратылатын пайда мөлшері







10000

Жалақы










Гүлсара

45000







Жансая




35000

80000

Жалақыны шегергеннен кейінгі қалған пайда мөлшері







20000

Гүлсара (75000*15пайыз = 11250)

11250







Жансая (65000*15пайыз = 9750)




9750

21000

Үстеме мөлшерін шегергеннен кейін алынған зиян мөлшері







-1000

Алынғанның зиянның бөліп таратылуы:

Гүлсара


Жансая

-500


-500

-1000

Жиынтығы


55750

44250

100000

4. Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте пайданың бөліп таратылуы төмендегідей болады:


“ГҮЛЖАН” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 31 желтоқсан 2007жылға

қаржы – шаруашылық қызмеітінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі




Таза пайда мөлшері




100000

Пайданың бөліп таратылуы:

Гүлсара


Жалақы

45000





Салынған капиталға үстеме

11250




Жиынтығы

56250




Алынған теріс соманың бөліп таратылуы

-500




Таза табысының үлесі




55750

Жансая







Жалақы

35000




Салынған капиталға үстеме

9750




Жиынтығы

44750




Алынған теріс соманың бөліп таратылуы

-500




Таза табысының үлесі




44250

Бөліп таратылған таза пайда




100000


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Жарғылық, резервтік капитал дегеніміз нені білдіреді?

  2. Меншікті капиталдағы өзгеріс ненің салдарынан болады?

  3. Пайданы бөліп тарату әдістерін атаңыз?

  4. Кәсіпорынның капиталы бойынша пайданы тарату деген не.

  5. Таза пайда үлесі деген не?



Тақырып 7. Шаруашылық субьектісінің табыстары мен шығыстарының есебі.

Дәріс жоспары: (2 сағат)

  1. Шаруашылық субьектісінің табыстары мен шығыстары.

  2. Ақша қаражаттарының қозғалысы.

  3. Қаржылық қорытынды есеп беру.


1. Шаруашылық субьектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары – деп кәсіпорындардың мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан , көрсеткен қызметтерден , сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары – деп субьектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің , тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субьектінің шығыстары б.т.

Субьектінің қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі бір мақсатпен құралады. Баланста субьектінің экономикалық ресурстарының / активінің / белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру көздерінің жағдайы көрсетіледі. Субьектінің қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебінде оның есеп беру мерзімінде алған табысы көрсетіледі.

Қорытынды есептің аталмыш нысандары субьектінің қаржылық жағдайы қарастыруды туындайтын барлық сұрақтарға жауап бере алмайды. Мысалы: Субьектінің дивидент төлеуге жататын ақша қаражаттары бар ма, ол өзінің кредиторлық борыштарын жаба ала ма, т.б.

Осы сұрақтардың барлығына жауап беретін қаржылық қорытынды есептің жаңа нысаны – ақша – қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп.

2. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі мақсаты :



  1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығарылуы жөнінде ақпараттар беру.

  2. Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпаратты беру.

Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табуы бойынша негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.



Шаруашылық жүргізуші субьектілер операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып, ашып көрсетеді:

  1. Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлерін ашып көрсететін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір операцияны зерттеуге және ол операцияны субьект қызметінің қай түріне жататындығын анықтауға негізделген. Тікелей әдісті қаражы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабына түзету / корректировка/ жасау дейміз. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып алу бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының сомасын шығарады.

Тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін операцияларға төмендегі операциялар жатады:

  1. Тауарды сатып өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақ.

  2. Жөнелтілетін ТМҚ көрсетілетін қызмет үшін алынған аванстардың сомасы.

  3. Проценттер, дивиденттер т.б.

Ақша қаражаттарының шығуы:

  1. Келіп түскен тауарлар және көрсетілетін қызметтер үшін жабдықтаушыларға және мердігерлерге ақша төлеу.

  2. Келіп түсетін ТМҚ , көрсетілетін қызметтер , атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу.

  3. Еңбек ақы төлеу және басқа да төлемдер.

  4. Бюджеттен әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру органдармен, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу.

  5. Проценттерді төлеу.

  1. Жанама әдіс – бұл таза табысқа немесе зиянға ағымдағы активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянының және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету жасалынатын әдіс.

Бұл әдіс ББ және қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің ақпараттарына негізделген. Жанам әдісте қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабын түзету көзделмейді. Бұл әдіске сәйкес есеп беру мерзіміндегі таза табыстың өткен есеп беру мерзімі мен салыстырғандағы өзгеруі корректировкаланады.
Жанама әдісті пайдаланып таза табысты түзету.

Таза табысты түзетуші операциялар:




Есептелген тозу сомасы және амортизация

Кезең сайын есептелінген тозу және амортизация сомасы таза табыс сомасына қайта қосылады, өйткені олар ақша қаражаттарының шығуын тудырмайды.

Ағымдағы актив сомасы өзгеруі Дебиторлық борыштардың, босалқылардың, алдағы уақыт есебіне жататын шығыстардың, басқадай ағымдағы активтер

Ағымдағы актив өсуі ақша қаражаттары легінің азаюын туындатады және ақша қаражаттарының шыққанын көрсетеді. Ағымдағы активтердің азаюы есеп беру мерзімі ішіндегі ақша қаражаттарының келіп түсуін көрсетеді

Ағымдағы міндеттемелердің сомаларының өзгеруін кредиторлық борыштардың, салық төлемдерінің, басқадай ағымдағы міндеттемелер.

Ағымдағы міндеттемелердің өсуі есепті кезең ішінде ақша қаражаттары легінің көбеюі тудырады және ақша қаражаттарының келіп түсуін көрсетеді. Ағымдағы міндеттемелердің азаюы ақша – қаражаттары легінің азаюын тудырады және ақша – қаражаттарының шыққанын көрсетеді.



3. Қаржылық қорытынды есеп беру деп – кәсіпорынның ( шаруашылық жүргізуші субъектінің ) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі.

ҚҚ есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. ҚҚ есептің мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.

Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі, барлық көрсеткіштердің бір – бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің инвесторлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.

ҚҚ есепті дайындаудың және тапсырудың Концептуалдық негіздерінде ҚҚ есептің бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдар басшылыққа алуға міндетті нормативтік – құқықтық құжат болып табылатын бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетілген.

ҚҚ есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі қайнар көзі ретінде ҚҚ есепке сенім артуға тиісті.

Субъектілер жылдық ҚҚ есепті меншік иелеріне – құрылтай құжаттарына сәйкес, мемлекеттік стастика органдарына – тіркелген жерінде, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына – олардың құзіретіне сәйкес тапс ырады.

ҚҚ есеп ҚР-ның валютасымен жасалуға тиісті. Өлшем бірлігі - мың теңге.

ҚҚ есепке дер кезінде орындалуына және дұрыстығына жауап беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.

Жылдық ҚҚ есеп есепті кезкңнен кейінгі жылдың сәуір айына дейін тапсырылуға тиісті. Меншік иелері осы мерзім шегінде ҚҚ есепті тапсырудың мерзімін анықтап тағайындай алады, бірақ ол жылына 1 реттен аспауы тиіс.

Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталды.

Субъект тіркеуге алынған немесе заңды тұлға мәртебесін алғанға дейінгі жасалған операциялар бірінші есепті жылдық қаржылық есебіне кіреді.

Заңды тұлғаның ҚҚ есебі оларды пайдаланушылар үшін жариялауға ашық болып табылады. Жылдың ҚҚ е септің дұрыстығы заңды тұлға немесе тәуелсіз аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталады.

Қаржылық есептер ҚҚ есеп берудің құрамдас бөліктері болып табылады.

Субъектінің ҚҚ есебі төмендегі қаржылық есептерден тұрады:



  1. Бухгалтерлік баланс

  2. Қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп

  3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп

  4. ҚҚ есепке түсіндірме хат.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Алынған табыстар шаруашылық субьектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Жанама әдіс дегеніміз не?

  3. Негізгі қызметтен алынатын табыстар дегеніміз не?

  4. Негізгі емес қызметтен алынатын табыстарға анықтама беріңіз?

  5. Субьектідегі шығыстар ұғымы, оларды есептеудегі тәртіп қандай?

  6. Қаржылық қорытынды есеп нысандары қалай жіктеледі?

  7. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы не білесіз?



Тест сұрақтары.

1. Шаруашылық субьектісінің табыстары дегеніміз: (С)


А активтердің көбеюі

Б міндеттемелердің азаюы

В капиталдың көбеюі

С барлық жауап дұрыс


2. Субьектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен алынған табыстарының қосындысы нені құрайды? (В)
А капиталды

Б шығындарды

В жиынтық табысты

С табыстарды


3. Қаржылыќ есеп беру кезінде шаруашылық субьетісі қандай құжатта барлық процесстерді алып көрсетуі керек. (А)
А түсініктеме жазба хатында

Б баланста

В қаржылық қорытынды есеп беруде

С ақша қаражаттарының қозғалысы есебінде


4. Қаржылық қорытынды есеп беру неше нысаннан тұрады? (С)
А 2

Б 5


В 4

С 3
5. Белгіленген мерзімге борыштарды өтеу үшін жеткілікті төлем қаражаттарының болуы не деп аталады? (А)


А өтімділік

Б түсімділік

В кезеңділік

С қаржылық


6. Қаржылық қорытынды есеп ҚР-ның валютасымен жасалуы тиіс, оның өлшем бірлігі? (В)
А 10 теңге

Б 100 теңге

В 1000 теңге

С барлығы дұрыс.


7. Операциялық қызмет дегеніміз не? (А)
А заңды тұлғаның табыс табу бойынша негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі

Б негізгі өндіріс қызметіне байланысты басқадай қызметі

В негізгі өндірістен жеке қосымша қызметтер

С заңды тұлғаның қаржылық есеп беру қызметі


8. Шаруашылық жүргізуші субьектілер операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын қандай әдістерді пайдаланып есептейді: (Б)
А өндірістік әдіс

Б тікелей және жанама

В инвестициялық іс-әрекет

С барлық жауап дұрыс


9. Жанама әдіс дегеніміз не? (В)
А ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері ашып көрсетілетін әдіс

Б барлық операцияларды жүргізудегі түзету енгізетін әдіс

В таза табысқа немесе зиянға ағымдағы активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету жасалатын әдіс

С ақша қаражаттарының қозғаласын бейнелейтін әдіс


10. Субьектілердің шығыстары дегеніміз не? (А)
А кәсіпорындағы сатқан өнімдердің, тауарлардың активтерінің өзіндік құны, оларды сату есептен шығару барысында пайда болатын шығындар жиынтығы.

Б бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның мөлшердегі проценті.

В субьектінің нақтылы қызметтерінің барысында тапқан табыс жиыны.

С шаруашылық субьектінің басқа кәсіпорындармен ұйымдарға салынған табыстар.



Тақырып 8. Өнім өндіру және шығару есебі.

Дәріс жоспары: (2 сағат)

  1. Дайын өнім есебінің негізгі мақсаттары

  2. Өнімді сатып - өткізу есебі.

  3. Өнімді шығару және ауытқу пайызын есептеу.

1.Дайын өнім – кәсіпорынның өндірістік процессінің соңғы өнімі, ұйымның материалды - өндірістік бағалықтарының бөлігі – сатуға арналған. Осы кәсіпорында толықтай өндеуден өткен, техникалық шарттарға және стандарттардың талаптарына сәйкес, қоймаға тапсырылған өнімдер.

Дайын өнімнің аналитикалық есебі және оның жеке түрлері, сақталу орындары бойынша жүргізледі: қоймашы немесе олардың міндеттерін орындайтын адам есеп карточкаларын жүргізеді. Өнімді кірістіру үшін негіз болып қоймаға өнімнің түсуінің накладнойлары және басқа алғашқы құжаттары тапсырылады, ал шығындау үшін – түсуге байланысты құжаттар, басқа кәсіпорындармен өнімді қабылдау туралы квитанциялар немесе есеп айрысу құжаттары жатады. Осы жағдайда оның қозғалысын есептік құндар бойынша олардың құнынан ауытқуларды көрсетумен жүргізуге болады.

Дайын өнім есебінің негізгі мақсаттары:



  • шығарылған өнімнің сапасына , жоспардың орындалуына, ассортименті бойынша жоспардың орындалуына бақылау жүргізу.

  • Кәсіпорының құрлымындағы бірліктерде және қоймалар бойынша өнімнің бар болуының және қозғалысының есебі.

Бухгалтерлік есепте дайын өнімді бағалаудың мынадай түрлері қолданылады:

  • іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құн бойынша шығындардың жиындары, мысалы жеке тапсырысқа ( жиі көлік және күрделі құрал- жабдық шығаратын кәсіпорындарда қолданылады.)

  • қысқартылған ( толық емес өндірістік өзіндік құн ) бойынша жалпы шаруашылық шығындарынсыз есептелінеді.

  • Жоспарлық ( нормативтік ) өндірістік өзіндік құн бойынша нақты есептік құн ретінде қолданылады. Осы әдіс арқылы есептік бағаның және жоспарлаудағы бағаның бірлігін қамтамасыз етеді.

  • өткізудің көрме бағалары бойынша – нақты есептік бағалар ретінде қолданылады, осы жағдайда әрбір жеке шот бойынша өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құннан ауытқулар көрсетіледі. ( олар түсірілген және жеке есеп айырысу бойынша қоймадағы дайын өнімге таратылады. )

  • көтерме сауда бағалары бойынша – олар қосымша құнға салынатын емес, көтерме сауда арқылы өткізлетін есепте қолданылады.

  • Босату бағалары ( бос ) бойынша – олар қосымша құнға салынатын салық сомасы өседі – кейбір бір реттік тапсырмаларды және жеке жұмыстарды орындау жағдайында қолданады.

  • Дайын өнімнің табыстылығын анықтау, оның түрлері бойынша,

  • өнім түсіру бойынша жоспардың орындалуына және есеп айырысуға бақылау жүргізу.

Дайын өнім – негізгі сатуға арналған өнім болғандықтан оның өндірісте жасалғаны, біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау, сынау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде хатталуы керек. Өнім өндіру және өткізу жоспарының орындалуы субьект қызметінің сипатталуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Субьект тұтынушылармен жасасқан шаруашылық шарттарын орындау ретінде өз өнімін өткізеді, жұмыс істейді және қызмет көрсетеді.

Өнімнің бір бөлігін ол өзінің өнімді сату жөніндегі сауда жүйесі арқылы өткізе алады. Субьектінің ең маңызды міндеті- өнімнің саны, номенклатурасы, жеткізу мерзімдері, сапасы және басқа талаптары бойынша шарт міндеттерін орындау. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Өнім – кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіретіндіктен, қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

2. Шығарылған дайын өнім өндіріс сомасынан айналым саласына ауысады. Бұл процесс алғашқы құжаттарда көрсетіледі – қабылдау – тапсыру накладнойларында, актлерінде, ведомстарында, жоспар – карталарында орындалады.

Дайын өнім бұйрық – накладной негізінде босатылады.

Қоймаға бұйрықты сәйкес қызмет сатып алушылармен шарт жағдайлары негізінде толтырады. Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында « өнім шығару мәліметін » арнайы типтік үлгіде қолданады. Мәлімет бойынша бір айдағы өнімді кірістіруге болады.

Дайын өнімді шығаруда – төлем талабы жабдықтаушының банкке төлеушінің есеп айырысу шотынан шот – фактураға сәйкес түсірілген өнімнің құнын аударуға бұйрық. Дайын өнім есебінде кезеңдік және үздіксіз жүйелер қолданылуы мүмкін. Кезеңдік есеп жүйесін қолдану барысында жыл ішінде Дайын өнімді шығаруда – төлем талабы жабдықтаушының банкке төлеушінің есеп айырысу шотынан шот – фактураға сәйкес түсірілген өнімнің құнын аударуға бұйрық. Дайын өнім есебінде кезеңдік және үздіксіз жүйелер қолданылуы мүмкін. Кезеңдік есеп жүйесін қолдану барысында жыл ішінде шығару есебін нақтылап жүргізбейді. Дайын өнімнің нақты шығарылған партиясы кезең сайын жүргізілетін түгендену нәтижесінің негізінде анықталады.

Өнімді шығарудағы мәліметтің негізінде ай ішіндегі өндірілген өнімнің әртүрлілігі талданады.

Шығарылатын дайын өнім – техникалық шарттарға, стандарттардың талаптарына сай болуы керек. Алдын – ала өнімді өндіруге рұқсат қағаз алынады, рұқсат қағазда міндетті түрде шығаруға рұқсат мөр болады.

Кәсіпорындар өнімді жасасқан шарттарға сәйкес өткізеді. Солардың негізінде өнім өткізу бөлімінде өнімді сатып алушыларға босатуға немесе жөнелтуге бұйрық накладнойы жазылады,өнімді қоймадан босатқаннан кейін оларды есеп айырысу төлеу құжаттарын жазу үшін бухгалтерияға береді. Шығарылған өнімді тағы да бір ретте штрихтық кодтауға жіберу, сатып алу бағалары формула бойынша ғана есептеледі. Ал кейбір тауарлар өзінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға жатпайды.

3. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады. Есептемеде есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді.ауытқу кәсіпорынның эконономиясын немесе артық жұмсалғанын көрсетеді, оларда дайын өнімнің шотында есептелінеді: экономиясы ( үнемделгені ), жұмсалынғаны жазылады.

Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді:

Ауытқудың Ауытқу сомасы

пайызы = ------------------------------------------------ х 100



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау