Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума (инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады.
9-тақырып. Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы.
Адам психикасы - даму өнімі ретінде.
Психиканың дамуындағы негізгі мәселелер.
Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары: инстинкт, дағды, интеллект.
Адам психикасы дамудың өнімі б.т.
Даму дегеніміз – кез-келген құбылыстың сандық және сапалық өзгеруін көрсететін объективті процесс. Адамға қатысты дамудың келесі түрлерін көрсетуге болады: физикалық даму, физиологиялық даму, әлеуметтік даму, рухани даму, психикалық даму.
Психиканың даму мен қалыптасуын генетикалық психология, зоопсихология,және жас ерекшелі психологиясы зерттейді және бұл мәселеге елеулі жаңалықтардыХХ-ғасырдың ортасында көптеп енгізілді.Бұл мәселені зерттеуге байланысты екі үлкен ағым қалыптасты: эволюцианистік және диалектикалық материалистік.Бірінші ағым – психиканы үздіксіз немесе бірізділікпен байланыстырады. Ал екінші ағым – психикалық дамуды зерттеудің бір аймағы деп қана емес, психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі және жалпы принципі ретінде қарастырды. Өйткені психиканың және барлық құбылыстардың заңдылықтары тек дамуда деп түсіндірді.
Адамның психикалық даму процесін дұрыс тсіну үшін, оның негізгі мазмұнын түсініп алу қажет. Яғни, психикалық даму дегеніміз, шындықты бейнелеудің танымдық және әрекеттік формаларының күрделенуі.
Кез-келген организм қоршаған ортаның бір бөлігі бола отырып, одан бөліне бастайды, бірақ сол ортамен байланыста болады. Сол сияқты психикалық даму процесінде де тұлға өзін шындықтан неғұрлым алып шыққанымен , соғұрлым онымен байланыста болады. Бейнелеудің неғұрлым жоғары формаларына ауыса отырып, м-ы, зат немесе құбылысты қабылдап, түйсінудегі сенсорлы талдаулардан ортаның байланыс қатынастарын ажыратушыойлауға ауысуында, тұлға шындықтың неғұрлым кеңірек сфераларына еніп, онымен байланысқа түседі. Психика дамуының сатылары – байланыс, бөліну сатылары б.т.
Адамның психикалық дамуының қарқынына адамзаттың қол жеткізген негізгі үш жетістігі өз әсерін тигізді. Олар:
еңбек құралдырын жасау;
материалдық және мәдени-рухани заттарын өндіру;
тілдің, сөздің қалыптасуы.
Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары:
Әрект-қылық дегенде қоршаған ортамен байланысты қамтамасыз ететін ұйымдасқан іс-әрекеті ұғымын жатқызуға болады.
Адамның санасының ішкі жоспары әрекет-қылықтан бөлек қарастырылса жануарларда психика менәрекет-қылық бірге қарастырылады, сондықтан психиканы оқып-зерттеу , оның компоненті ретінде әрекет-қылықты да қарастыруға болады.
Негізінен түрлі әрект-қылыққа байланысты, индивидтің эволюциялық дамуында психологиялық табиғаты жағынан үш түрлі типтегі әрекет- қылықты ажыратуға боады:
инстинктивті әрект-қылық,
дағды,
интеллект.
Жануарлардың барлық әрекет-қылығы “инстинктивті” б.т. Бұлардың психика мен әрекет-қылық формаларының барлығы тіршілік етудің биологиялық формаларының негізінде қалыптасады. Яғни, бұл формалар саналы емес, биологиялық қажеттіліктен туындайтын “соқыр” әрект.
Инстинктивті әрекет-қылық келесі ерекшеліктермен анықталады:
Мотивтің спецификалық тәсілі;
Орындаудың өзіндік ерекше спецификалық механизмі.
Сондықтан инстинктивті әрекет-қылық өте күрделі процесс, ол орг. мотивациядан туындайды да, алғашқыда автоматталған реакциялар арқылы орындалады.Бұл әрекет-қылықтың басқа формаларынан ерекшелене отырып, олармен тығыз байланыста. М-ы, балапанның шоқу әректі – туған бетте дайын тұрған инстинктивті механизм бола отырып, дағды, интеллектінің элементтері біртіндеп қосылады. Шоқу ол үшін инст. әрекет, ол басында бидайды да , ұсақ тасты да, моншақты да бірдей шоқып көреді.Осы жерде онда қайсысы жеуге жарамды, қайсысы жарамсыз екендігі ас қорыту реакциясы арқылы ажыратады.
Дағды үйрену немесе жеке тәжірибенің негізінде туындаған, нәтижесінде автоматталынған әрект. Көптеген жәндік, жануарларда шарсыз тітіркендіргіштерді пайдалана отырып белгілі әрекеттерге дағдыландыруға болатындығы туралы көптеген эксперименттер жасалынды (Керен Иерекс, К.Т.Тернер.. Дағды – тарихи ұғым. Дағды да түрлі даму сатыларына қарай өзгеріп отырады және дағдының табиғаты қабылдау табиғатына байланысты болады. Өйткені қабылдау негізінде дағды байланысатын сәйкес әрекеттер дифференциалданады.
Сонымен қатар, оқыту, үйрету процесінде дағды әрекет-қылығының екі компоненттен тұратындығы анықталды (Э.Толмен.:
Бұнда адамға тән қателесу, қолданып көру әдістері байқалады.
Адам психикасының генезисінің даму мәселесі бұдан әрі алдыға жылжуды талап етеді. Бұл неғұрлым жоғары форма – “интеллектуалды” әрекет-қылық..
Интеллектуалды әрекет әрқашан біртіндеп қолданылатын операциялар түріндегі автоматты да, стереотипті де компоненттерден тұрады. Бұл мәселе олардың күрделенуіне байланысты түрлі даму стадияларынан өтеді. Интеллектуалды әрекеттің дамуымен әрекет-қылықтың икемділігі арта түседі. Интеллектуалды әрекеттің негізіндегі “саналы” әрекет-қылық, бір жағынан белгілі ситуацияларға деген объективті қатынас ерекшелігімен және екінші жағынан , индивидтің тарихи дамуымен анықталады.
Адам интеллектісі қоршаған ортаны, шындықты танып білуге, әрекетін басқаруға бағытталады және сол шындықпен тікелей әсерлесу процесінде қалыптасады. Ол қоршаған ортаға деген қызығушылық деңгейі танымдық форманың өзіндік ерекшелігі ретінде қызмет атқарады. Интеллект дамуы , тек сандық өлшемнің өзгеруімен емес, оның сапалық өзгеруімен анықталады.
10-тақырып. Сананың пайда болуы және дамуы
Сананың негізгі белгілері.
Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде.
Сананың қалыптасуының алғышарттары.
Шындықтың жаңа формасы, яғни өмірдің адамдық формасының қалыптасуының нәтижесінде сана қалыптасты. Бұндағы субъект (адам) өзінің тіршілік аймағынан шыға алатындығы, өзінің өмірлерін түрлі міндеттергебағындыруға, өз ісіне жауап беруге , алдына түрлі міндеттерді қоя білуге ,сондай-ақ , өзінің өмір сүру ортасының шарттарына бейімделіп қана қоймай, оны өзгертуге қабілетті екендігі байқалады.
Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі адамның өмір сүру формасы ерекше, осыған сәйкес психиканың жаңа және жоғары формасы – адам санасының қалыптасуы және оның дамуы психология ғылымының негізгі мәселелерінің бірі.
Сананың пайда болуымен психикалық іс-әрекет жаңа сапалық ерекшелігіне ие болады.
Қоршаған орта мен ондағы қарым-қатынасты адамның түсінуі, олармен әрекеттесуі кезінде, онда қоршаған және өз өміріне деген рефлексиясы п.б. Сондықтан сананың болуы адамды оны қоршаған ортадан бөлектендіреді. Сананың ерекшелігін, санадан бөлек зат немесе құбылысқа танымдық әрекет көрсетуінен байқаймыз.
Адамның шындықты бейнелеуінің ерекше тәсілі ретінде пайда болуы, тілдің пайда болуымен тікелей байланысты: тіл – сананың пайда болуының негізгі шарты.Санадан өткізу – объективті шындықты көпшілік қабылдаған зат немесе құбылыстың мағынасын сөз арқылы бейнелеу. Сана мен тілдің байланысы тығыз және шартты.
Тіл - әлеуметтік индивид ретіндегі адамның саналылығының белгісі.Бұнда тілдің өзі бірқатар байланыстарға : қоғамдық әрекеттерге, онда қалыптасқан білімге және т.б. тәуелді. Осы тәуелділіктің негізінде ғана тіл адам санасы үшін маңызды ролге ие болды.Сана мәселесін дайын, қалыптасып болған құрылым ретінде қарастыруға болмайды. Сана адамның қоршаған ортамен әрекеттесу деңгейіне қарай, яғни бүкіл өмір сүру процесінде дамып отырады.Бұл жағдайда негізгі психологиялық орталық проблемасы – адамның ортаны түсінуі болып табылады. Сана адамның психикалық іс-әрекеттін толық қамтымайды.Сана әрекет-қылықты басқару қызметін атқарады.
Сана – психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетінің формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – бұл қоғамдық болмыс.
Сонымен, сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:
Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрамына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгерте алады, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналымақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру,себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолдарын айқындау және т.б.
Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішінде күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
11-тақырып. Сана және бейсана (астар сана).
Психикалық процесс, қасиет және қалыптағы бейсаналық бастаудың көрнісі.
Бейсаналық психикалық құбылыстардың типтері.
Сана және бейсананың өзара байланысы.
Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет –қылығын басқара алмауы мүмкін.
Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. М-ы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.
Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар.
Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип - бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады.
Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады:
Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде;
Ден мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда;
Түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде;
Дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда.
Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде. Түрлі әрект-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады. Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ. Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде.
Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе психолог-зерттеушілердің ең қызықтыратын объектісі. Бұл мәселе б-ша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді:
психоанализ теориясы;
астарлы психикалық нұсқаулар (установки).
12-тақырып. Психология және адам туралы ғылымдар.
Психология және тарих.
Психологияның философияық бастауы.
Әлеуметтанумен байланысы.
Адам қоршаған орта өмірінің, табиғаттың, сондайақ қоғамның құрамды бір бөлігі. Сондықтан психология зерттеу объектісі адам болып табылатын ғылымдармен тікелей байланысты.
Адам психикасын және әрекет-қылығын оның биологиялық бастауларын, ағзаның қызмет ету заңдылықтары мен құрылымын зерттеп алмай,оны толық түсіну мүмкін емес. Адам санасының қалыптасуын қарастырғанда, оның біртіндеп уақыт өте келе қалыптасқандығын және шыңдалғандығын байқаймыз.
Тарихты сараптау адам үшін, оның қазіргікейіпі, психологиясын түсіну үшін қажет. Немовтың пікірінше адам ерекше биологиялық организм ретінде басқа тіршілік иелерінен 1,7 миллион жыл бұрынбөлінсе, ол қоғамдық өмірдің субъектісі ретінде 50000 жыл бұрын ғана өмір сүруде. Бірақ оның осы уақыт ішінде жасақталған материалдық және рухани мәдениетінің арқасында өзінің жоғары психикалық процестердің, жеке қасиеттердің иегері ретінде Адам болды. АЛ бұл кезең адам үшін тарихи кезең.
Адам туғаннан табиғат тылсымынан тыс жасанды әлеуметтік ортада өмір сүреді, дамиды. Біздің айналамыздағы нәрсенің барлығы адам қолының, оның іскерлігінің жемісі. Ал бұның барлығы адам психологиясының көрністері. Сондықтан түрлі психологиялық қасиетері бар қазіргі адамды зертеп тану үшін, адам тарихын, оның ішінде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихын зерттеп білу қажет. Олар: түрлі халық және ұлттардың философиялық ұғымдары, діни сенімдері, дәстүр және т.б.
Психология және тарихтың өзара байланысы іштей және сырттай болуы мүмкін
Іштей байланыс дегеніміз, аталған ғылым салаларының біріншісінің өз проблемасын шешуде, екіншісінің мәліметтерін өзіне көмекке алу мақсатында байланысуы.
Сыртқы байланыс бір ғылым саласының екінші ғылым саласының әдіс тәсілдерін қолдануда жүзеге асырады.
Тарих пен психологияның өзара байланысы жалпы ғылыми теорияны жасақтауда көрінеді Бұндай теориялардың бірі, адамның жоғ. психикалық қызметінің мәдени-тарихи дамуының теориясы (Л.С.Выготский). Бұл байланыстың негізінде психологияны зерттеудің тарихи әдісі жасақталынды.
Кез-келген психологиялық құбылыстың табиғатын, заңдылықтарын зерттеу үшін, оның фило және онтогенетикалық дамуын қарастыру қажеттігімен негізделінеді.
Философия мен психологияның байланысы неғұрлым тығыз, өйткені:
олар екеуі де қатар дами бастады;
ғасырлар бойы психология философияның бір бөлігі ретінде қарастырылды;
екі ғылым саласының зерттеу объектісі, онда қаралатын мәселелердің өзіндік ерекшелігі, бұдан туындайтын қиындықтардың ұқсастығы.
Психологияның әлеуметтеанумен байланысы қоғамды, жеке тұлғаны, оның мотивтері, әлеуметтік топтпарды, олардың өзара қарым-қатынасы жөніндегі проблемаларды шешуден көрінеді. Атап айтқанда әлеуметтану әлеуметтік психолгиядан жеке тұлғаны , адам аралық қатынасты зерттеу әдістерін алып қолданса, психологтар , ғылыми мәліметтерді жинақтауда дәстүрлі әлеуметтанулық тәсілдер: анкета, сауалнамаларды қолданады. Сонымен қатар, бұл екі ғылым сласының қатар қатысуымен шешілетін проблемалар да жоқ емес. Бұлар – адамаралық қатынастар, ұлттық психология, экономика, саясат, мемлекет аралық қатынастар проблемасы. Сондайақ, әлеуметтендіру, әлеуметтік бағыт, олардың қалыптасуы мен қайта жасалуы. Бұндағы жеке ұғымдар мен ғылыми тұжырымдамалардың негізінде түрлі теориялар бар. Олардың бірі әлеуметтік үйрету теориясы (теория социального научения).Бұл теорияның пәні әлеуметтендіру. Әлеуметтендіру индивидтің қоғамдық тәжірибені игеруі, оны қолдануы, осының негізіндегі оның жеке тұлғаға айналуы. Әлеуметтендіру. Сонымен қатар, адамгершілік нормаларды, адамаралық қатынастар мәдениетін, басқа адамдар арасында өзін-өз ұстау, түрлі әлеуметтік рольдерді, іс-әрекет түрлерін игеруді қамтиды. Әрбір жаңа ұрпақ үшін әлеуметтендірудің небір жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
13-тақырып. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.
Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.
Психологиялық білімдердің пайда болуы, оған деген қызығушылықтың ежелгілігі.
Қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы.
Психологияның дамуының тарихи кезеңдері:
І-кезең – ғылыми қолданыста психология термин ретінде ХҮІ ғ. қолданыла бастады, яғни әр адамның өзінде аңғарылатын жандық немесе психикалық құбылыстарды қарастыратын сала ретінде қалыптасуына дейінгі;
ІІ-кезең – ХҮІІ- ХІХғ.ғ. психологтардың зерттеу аймағының астар санадағы психикалық процестер мен адамның іс-әрекеті аумағында кеңейуі;
ІІІ- кезең – ХІХ ғ. ортасынан ХХ ғ. екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің қайта құрылуы.
ІҮ –кезең – қазіргі психологияның дамуы.
Қазіргі психологияның негізгі принциптерін толық түсіну үшін, оның қалыптасу тарихына тоқталуымыз қажет. Өйткені, қазіргі негізгі ғылыми түсініктердің бастауы, олардың бірнеше түрлі өзгерістерге түскен байланыстарында.
Адам баласының санасында ең алғаш ғылыми түсініктер пайда болғаннан бастап психологияда зерттелінетін мәселелерге қызығушылықтар байқала бастады. Ғылыми бағыттарға ең алғаш, жан туралы мифологиялық көзқарастарға қарсы шыққан түсініктер жүйесі кіреді.Олардың бірі: анимизм (жан, рух). Бұл бағыт бойынша жан қозғалыс және жылу бар жердің бәрінде бар екендігін айтады.Бұнда жанның өзі жеке , тәуелсіз құбылыс ретінде қарастырылады, жан мен тән бір-бірінен дербес өзара параллельді түрде тіршілік етеді. Анимизм әлемнің рухтануы философиялық білім.
ҮІІ-Ү (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософиялық бағыт өрістеді.Оның өкілдері: Фалес, Анаксимен, Гераклит. Олар жаңа гилозиоизм бағытын алға тартты. Жан енді материяның егізі емес, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Жан құбылысын түсіндіру әлемнің негізгі үш бастауының негізінде болды: су, ауа және от. Жер бетіндегі нәрсенің барлығы осы материялық бастаулардың құрамдас бөлігі, оның ішінде жанның бастауы оттан деді (Фалес).
Ү-І (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософтардың жаңа ағымы басталды. Ол – атомистік бағыт. (Демокрит, Эпикур; Лукреция). Жанды олар мүше ретінде, өмір сүре алатын дене деп қарастырды. Бұл мүше рухты (немесе сананы) басқарады. Жан – дене мүшесі бола отырып, жеке ұсақ шар тәрізді қозғалыстағы атомдардан тұрады деді. Атомистік бағыттың бұл мәліметтері сол кезде өмір сүрген Аристотельдің “Жан туралы трактатында” беріліп, жан туралы білім философияның дербес тарауы ретінде енгізілді. Бұл ең алғаш ғылыми-психологиялық білім ретінде танылды. Аристотельдің еңбегіндегі жан атомдарының қозғалыс динамикасы арқылы, қабылдау, ес, ойлау, түс көру құбылыстары түсіндірілді. Жан атомдары өз бетімен өмір сүреді, ол тәннен алыстауы немесе оған енуі мүмкін деді.
Бұдан кейін (428-348 ж.ж.) идеализм бағыты өріс алды (Платон). Бұл псих. Түсініктердің дамуының алдыңғы этапын алмастыра отырып, оның логикалық жалғасы болды.Негізі: жан құбылыстарын классификациялау, яғни ақыл-ой, ерлік (ерік),құмарту (мотив) деп бөліп қарады. Олар дененің әр бөлігінде орналасқан: ақыл-ой – баста, ерлік – кеудеде, құмарлық – асқазан маңайында. Адамда жанның бір бөлігінің басқасынан басым болуы, сол адамның жеке ерекшелігін көрсетеді, тіпті оның әлеуметтік шығу тегімен салыстырылады. Жанның материалдық емес негізі ретінде идея, оның мәңгілік екендігін дәріптеді. Натурфилософтар жанның материалистік және идеалистік түсініктерін біріктіруге тырысты. Сол кездегі философияның теологиямен өте тығыз байланысы жанды ғылыми әдістермен болмайтындығын нақтылады.
Идеализмнің ғылымға қосқан үлесі: тән мен жанның ара қатынасы туралы білімге (дуализмге) бастау салғанында.
Бұдан кейін осы идеалистік бағыттың негізіндегі сананы идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі (Платон, Августин). Бұл өз кезегінде психологияны зерттеу әдісі ретінде интроспекцияның өзін бақылау (өзінде болып жатқан өзгерістердің негізінде психологиялық құбылыстарды түсіндіру) пайда болуына әсер етті. Бұл психологияны зерттеудегі негізгі әдіс ретінде екі жүз жыл мөлшерінде өмір сүрді. Өзін-өзі тану әдісі – жанның білім алуға сезім мүшелерінң беретін тәжірибелерінен ерекшеленетін өз тәжірибесін жинақтауға бейім екендігі жайында байқаулар жүргізіле басталды. Осылайша, ХІҮ- ХҮІ ғ.ғ. “психология” термині п.б. бастады.
14-тақырып. 19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы.
ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуы.
Психология ғылымының дамуындағы дағдарыстың негізгі заңдылықтары.
ХХ-ғ. басындағы дағдарыстың нәтижесінде өз алдына бөлек шыққан негізгі бағыттар.
ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуына әсерін тигізген басқа ғылым салаларының: жаратылыстану, медициналық және түрлі өнер салаларында қарқынды даму басталды. Жан туралы білім сол кездегі дінмен күрестің нәтижесінде көптеген қиындықтарға ұшырағанымен өз дамуында жалғасын тапты. Бұның қозғаушы күші ретінде сол кездегі ағылшын, француз және басқада европа материалистерінің көзқарастары болды. Сол кездегі нақты ғылымдардың ішінде күшті дамыған механика саласы. Механика түрлі, күрделі қозғалыстарды жасайтын машиналарды жасаумен айналысты. Ал олардың қозғалысы, адам және жануарлардың қозғалысына ұқсайтындығы аңғарылды. Осының нәтижесінде адам қозғалысын, тіпті психикасын машинаның механика заңдылықтарымен түсіндіруге ыңғай біліне бастады. Нәтижесінде ең алғаш “рефлекс” ұғымы осы күрделі ұйымдастырылған “машинаның”, яғни тірі организмнің сырттан келетін әсерге механиканың қозғалмалы жауабы ретінде енгізілді.
Ал техника мен әрекет қылықтың өзара байланысын түсіндіруде келесі бағыт туындады. Дуализм - әлемде бір-біріне тәуелсіз, бөлек екі бастаудың: материя және рухтың бар екендігін нақтылайды. Әрі қарай психологиялық білімнің дамуы келесідей болды: адам және жануарлар денесі күрделі машина түрінде қарастырылады, сонымен қатар жануарларға қарағанда адам денесінің жұмысы оның жанымен реттеледі, демек, органикалық емес қажеттіліктерімен (Рене Декарт).
Дуализм бағытына қарсы детерминизм бағыты өріс алды (Б.Спиноза). Кез-келген құбылыстың жалпы себептілігі және оның жаратылыстың ғылымдық түсініктері болатындығын дәлелдеуге тырысты. Ең алғаш бейсаналық және оның санамен байланысы туралы неміс ғалымы Лейбинц өз зерттеулерін жүргізе бастады. Бұдан кейін , ХҮІІІ ғ. психологияның ғылым ретінде дамуына үлесін қосқан эмпиризм және сенсуализм ағымдары дүниеге келді. Эмпиризм - өзіндік тәжірибе мен адамның оны жинақтау заңдылықтарын және тәжірибенің санадан басымдылығын дәлелдеді. Сенсуализм – психикалық өмірдің негізін сезімдік әсерлену, сезімдік танымның басымдылығын нақтылайды. Бұл көзқараста негізінен түйсік туралы идеалистік және материалистік екі көзқарастардың күресі байқалады.
Э. және С. де тума өзгермейтін идеяларды жоққа шығарып, дамудың мүмкіндігі ретінде тәжірибенің басымдығын дәріптеді.
Психика мен әрекет –қылықтың табиғаты туралы білімдегі күрт бұрылыс ХІХ ғ. ІІ-жартысында болды. Бұл бұрылыс сол кездегі ғылыми дүниетанымда болып жатқан үлкен де , маңызды оқиғалармен байланысты болды:
Дене құрлысы процестері мен жан құбылыстарының арасындағы тығыз байланысты анықтаған медицинадағы (психиатриядағы) жаңалықтар, яғни, дуализм бағыты дәріптеген материалдың және идеалистік құбылыстардың бөлек , байланыссыз екендігі туралы тұжырымдамасы жоққа шығарылды (байқау, бақылаулардың негізінде).
Жан түсінігінің адам өміріндегі ролі туралы сұрақтардың мазмұны тым өткір бола бастады, яғни, ағза физиология заңдылықтарымен, дене механика заңдылықтарымен жұмыс істей беретін болса, адамға сана, басқада психикалық құбылыстар мен процестердің қажеті қандай ?
Адамның - әрекет қылығын механикалық тұрғыдан түсіндіру өз мағынасын жоғалта бастады . Әрине, механика тұрғысынан қарапайым, біртүрлі қозғалысты түсіндіруге болады, бірақ оның ауыспалылығын, бірнеше нұсқалылығын, оның ағзалық психикалық кейіпіне тәуелділігін түсіндіре алмайды. Адамның әрекет-қылығының жоғары формасы ретіндегі ойды құрғақ рефлекс тұрғысынан түсіндіру жеткіліксіз болды.
ХІХ ғ. ортасында Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ұсынылды. Ол адам мен жануарларды анатомиялық тұрғыдан жақындастырып, олардың дене құрылымдарындағы ортақ заңдылықты көрсетті. Ең алғаш адам мен жануар психикасының бірлігін айтты. Енді адам биологиялық тұрғыдан ерекше тіршілік иесі болмай қалғандай болды. Тіпті эмоцияның өзі тек адамдарға ғана емес, кейбір маймыл түрлеріне де тән екендігі дәлелденді. Бұл мәліметтердің негізінде адам мен жануарларға ортақ нәрселерді іздестіруге деген қызығушылықтар көріне бастады, әсіресе , интеллектуалдық және сөздік қабілеттерге байланысты.
ХІХ ғ. ортасынан бастап психология өз алдына бөлек ғылым ретінде қарастырыла бастады. Осы уақытқа дейін оның негігі әдісі – интроспекция болды. 1879 ж. Неміс психологы, физиолог және философ В.Вундт (1832-1920 ж.ж.) алғаш рет психологияға ғылыми лабораториялық экспериментті енгізді. Сананы элементтерге бөлу және олардың арасындағы байланыс заңдылықтарын физиологиялық тұрғыдан түсіндірді. Осының негізінде ерекше ғылым саласы – сезім мүшелерінің эксперименталды психофизиологиясы қарастырыла басталынды. Бұнымен қатар психологияда бұрын қолданылмаған бірнеше жаңа ғылыми терминдер қосыла бастады: психофизика, психометриядағы жетістіктерді айтуға болады. Бұдан кейін жеке өзгешеліктердің психологиясы (дифференциальная психология) зеріттелінді (Ф.Гальтон). Ол егіздер әдісін қолдана отырып жеке психологиялық өзгешеліктердің детерминизациясындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның өзара байланысын салыстыра отырып түсіндірді.
Детерминизм – белгілі факторлардың негізінде психикалық құбылыстардың өзара тәуелділік заңдылықтарын зерттейді.
Келесі кезекте жасанды лабораториялық эксперименттің кемшіліктері байқалып, адамдардың реалды психикалық өмірі мен әрекет-қылығын табиғи жағдайда зерттеу қажеттілігі туындап, табиғи эксперимент әдісі қолданыла бастады. Эксперименттің бұл түрін түрлі салаларда А.Ф.Лазурский (жеке тума психологиясы), В.М.Бехтерев (ұсақ топтар психологиясы). Бұл табиғи эксперименттің нәтижесінде балалар , педагогикалық, зоопсихология, әлеуметтік және мәдени-тарихи психология, психотехника салалары п. б.
Сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат еткен жаңа бағыттар:
Бихевиоризм – ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Б. Теориясы негізінде адам мен жануарлардың әрекет-қылығы – сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр.(Э. Торндайк, Дж.Уотсон)
Гештальтпсихология – ХХ ғ. бас кезінде Германияда п.б. идеалистік психолгияның бір бағыты (М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К.Левин). Г. механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды.
Генетикалық психология – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.
Фрейдизм – жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм мен мистика сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт (З.Фрейд).
15-тақырып. Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайы.
Кеңестік психологиялық ойдың дамуы.
20-жылдардағы кеңес психологтарының зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
Қазіргі психологияның дамуы және ондағы негізгі принциптері.
Біздің еліміздегі психологияға деген қызығушылық тың п.б. психология ғылымының өз алдына бөлек сала ретінде бөлініп шығу процесінің негізінде болды. Кеңестік психологияның дамуына әсерін тигізген И.М.Сеченевтің психофизизиологияда ашқан жаңалықтары (Рефлексы головного мозга). Кейін оның еңбектерін толықтырып, дамытқан В.М.Бехтерев, И.П.Павлов.
Ресей ғалымдарының теорияларындағы
психиканың табиғи-ғылыми негіздері.
Әрекет-қылықтың Жрғары жүйке
психикалық қызметі
реттелуі жөніндегі
И.М.Сеченов И.П.Павлов
теориясы тағылымы
Психиканың
табиғи –
ғылыми негіздері
Психиканың Жүйелі динамикалық
қызметтік оқшаулап шектеу
жүйелері жөніндегі (локализация)
П.К.Анохин жөніндегі А.Р.Лурия
Теориясы теориясы
Кеңестік дәуердегі психология ғылымы өз пәнінің диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамыды. 1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияны марксизм негізінде қарастыру міндеті қабылданған болатын. Бірақ материалистік тұрғыдан тұсінудің негізі үлкен идеалық-теориялық күрес барысында - әсте, ақырын қаланып, әдістері белгіленді, аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар:Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запорожец, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов және басқалар болды. Кеңестер Одағының психологиялық ой орталықтары Москва, Киев, Тбилиси қалаларындағы психологиялық ғылыми-зерттеу иниституттарында, сондай-ақ университеттер пен педагогикалық иниституттардың психолгия кафедраларында болды.
30-60 жылдарда отандық психологияда бірнеше мектептер мен бағыттар өріс алды. Олар: Д.Н.Узназде мектебі. Ол бағыттау түсінігін қолдана отырып, оны көптеген псих. Құбылыстарды зерттеуде қолданды. Келесі мектеп, Л.С.Выготскидің басқаруымен ММУ-де жұмыс жасаған зерттеушілер тобы. Бұлар жалпы және педагогикалық психологияның мәселелерімен айналысты. С.Л.Рубинштейн мектебі де жалпы және пед. психологиямен айналысты, бірақ ол әсер етудің ғылыми емес әдістерін қолданданғаны үшін өткір сынға алынды. Ол психологиялық проблемасы жағынан мазмұны өте кең “Жалпы психология негіздері” еңбегін жазды (1940ж басылған, 1989 ж қайта басылған).
Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп-салдық) принципі, сана мен іс-әрекет пинципі, даму пинципі.
Детерминизм принципі бойынша әрқандай психологиялыққұбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Жануарлар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы- түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық құбылыстардың материалистік негізін түсіндіріп, қоғам дамуының заңдарын көрсетіп берді. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттеуі 30-жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол “іс-әрекет және сана назар аударылған объекттің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас: теңдік емес, бірлік” – деп жазған.
Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму илеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады (Л.С.Рубинштейн).
80-жылдардан бастап отандық психологияда жаңа кезең басталды десе болады. Ол елде болып жатқан саяси түрлі оқиғалармен байланысты. Шетел психологиясының зерттеу тенденциялары сарапталып, қалыптасқан идеологиялық стереотиптерден, саяси догмалардан арылу басталып, оларды неғұрлым жаңа құрылымдармен ауыстыру процесі жүруде.
3.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ
№1 семинар сабағы. Психология ғылым саласы ретінде
Талқылауға арналған сұрақтар:
Психология – психика механизімі мен оның заңдылықтарын зерттеуші ғылым саласы ретінде.
Психиология ғылымында қарастырылатын негізгі мәселелер.
Қазіргі заман психологиясында қарастырылатын жалпы түсініктер.
Қазіргі заман психологиясының оқыту және тәрбиелеуге байланысты арнаулы салалары.
Әдістемелік нұсқау:
Психологияның ғылым саласы ретінде даму перспективасына сараптама жасай отырып, негізгі қарастырылатын ұғымдарға студенттердің өз түсініктерін беруі көзделеді.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М., 2003
Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005
Сатиева Ш.С.Психология С. 2007
№2-3 семинар сабағы. Психологияның пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері
Талқылауға арналған сұрақтар:
Психологиялық зерттеу әдісінің негізгі мәселелері.
Психологиялық зерттеу әдістері тарихынан мәліметтер.
Бақылау, өзін-өзі бақылау, олардың танымдық ролі.
Психологиядағы моделдеу, сауалнама, эксперимент, психологиялық тесттер.
Әдістемелік нұсқау:
Психологияның теориялық және методологиялық негіздерін талдау. Зерттеу әдістерінің қалыптасу заңдылықтарына көңіл аударып, психиологиядағы зерттеу әдістерінің өзіндік жетістіктері және кемшіліктеріне сараптама жасаңыз.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М., 2003
Жарықбаев Қ. Психология. – А., 2001
Сатиева Ш.С.Психология С. 2007
Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. – М.,1980
Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии – М., 1984
№4-5 семинар сабағы. Психологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері
Талқылауға арналған сұрақтар:
Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және қасиетіне сипаттама.
Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері. Ми қыртысы, жартышарлар, гипоталамус, гипофиз.
Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі.
Әдістемелік нұсқау:
Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және қасиет-сапаларына анатомиялық-физиологиялық сараптама жасаңыз.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998
Лурия А. Мозг человека и психические процессы. Т 1.- М.,1963
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
Русалов В.М. Биологические основы индивидуально-психологических различий. – М., 1979
№6-7 семинар сабағы. Адам миы және психика: байланыс принципі және жалпы механизмі
Талқылауға арналған сұрақтар:
Психикалық процестердің адам миының жұмысымен байланысы.
Қозғалысты реттеудегі психиканың қатысуы туралы Н.А.Бернштейннің ілімі.
Әрекет-қылықты реттеудегі психикалық және физиологиялық құбылыстардың өзара байланыс моделі ретінде П.К.Анохин бойынша функционалдық жүйе концепциясы.
А.Р.Лурия зерттеулері бойынша мидың негізгі функционалды блоктары.
Ырықты зейіннің физиологиялық механизмі туралы Т.Рибоның теориясы.
Әдістемелік нұсқау:
Адам миы мен психиканың байланыс қызметінің приципін ашыңыз. Психикалық құбылыстарды ми қызметі жұмысымен салыстыра отырып, бұл бағыттағы орыс физиологтарының еңбектері мен олардың ұсынған концепцияларын талдау жасаңыз.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998
Лурия А. Мозг человека и психические процессы. Т 1.- М.,1963
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
Русалов В.М. Биологические основы индивидуально-психологических различий. – М., 1979
№8 семинар сабағы. Психика мен әрекет-қылықтың төменгі формаларының қалыптасуы
Талқылауға арналған сұрақтар:
Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері.
Жүйке жүйесінің пайда болуы және оның психиканың дамуындағы ролі.
Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадияларын талдау(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша).
Әдістемелік нұсқау:
Психиканың шығу тегін материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге көңіл аударыңыз. Бұл екі бағыттың ұсынатын аргументтерінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеңіз.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В2т. Т.1. – М., 1983
Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996
№9 семинар сабағы. Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жоғары психикалық функция туралы түсінік.
Жоғары психикалық қызметтің дамуының негізгі көздері мен алғышарттары.
Таным процестерінің жоғары психикалық функция ретінде даму ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау:
Жоғары психикалық қызметтің дамуының негізгі көздері мен алғышарттарына (белгілер жүйесіне, материалдық заттар және рухани мәдениеттің қалыптасуына) талдау жасаңыз. Адам және жануарлар психикасының дамуын кесте жұмысы арқылы салыстырыңыз.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Гримак Л.П.Резервы человеческғой психики. Введение в психологию активности. – М., 1989
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В2т. Т.1. – М., 1983
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004
Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005
Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996
№10-11 семинар сабағы. Сананың пайда болуы және дамуы. Бейсана
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сананың негізгі белгілері.
Сана адамның шындықты бейнелеуінің формасы ретінде.
Сананың қалыптасуының алғы шарттары.
Әдістемелік нұсқау:
Сананың фило-онтогенетикалық даму бағыттарына талдау жасай отырып, адам санасының мүмкіндіктеріне мысалдар келтіріңіз. Оларға психологиялық талдау жасаңыз. Адам әркет-қылығындағы, психикалық процестер кейіп және қасиеттеріндегі бейсаналылықтық көрінуін түсіндіруге байланысты қалыптасқан психологиялық ағымдардың тұжырымдамаларына көңіл аударыңыз.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Гримак Л.П.Резервы человеческғой психики. Введение в психологию активности. – М., 1989
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В2т. Т.1. – М., 1983
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004
Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996
№12 семинар сабағы. Психология және адам туралы ғылымдар
Талқылауға арналған сұрақтар:
Психология ғылымының тарих, философия арасындағы қалыптасқан байланыстар.
Әлеуметтану ғылым салаларымен байланысы,олардың өзара толықтырулары.
Психология және педагогика одағының дәстүрлілігі.
Әдістемелік нұсқау:
Психология ғылымының тарих, философия және педагогика ғылымдарымен өзара байланысын тарихи және қазіргі заман тұрғысынан түсіндіріңіз. Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесін шешудегі педагогика мен психологияның бірігуінің объективті және субъективті мәселелерін қарастырыңыз.
Әдебиеттер:
Андреева Г.М. Социальная психология. – М., 1988
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах (Учебно-методическое пособие). – М., 2000
№13-14 семинар сабағы. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері
Талқылауға арналған сұрақтар:
Психологиялық білімдердің пайда болуы,оған деген қызығушылықтың ежелгілігі.
Қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы.
19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы.
Әдістемелік нұсқау:
Психологияның дамуының тарихи кезеңдеріне хронологиялық сараптама жасаңыз. Психологияның дамуына өз үлестерін қосқан негізгі ғылыми жаңалықтарға (Р.Декарттың рефлекс туралы ілімі; Эмпиризм және сенсуализм; Интроспекция әдісінің пайда болуы; Психофизиологияның, эксперименталды психологияның қалыптасуы; Психологияның жеке ғылым саласына айналуы; Осы кезеңдегі психологиядағы дағдарыстың себептері;Бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм бағыттарының қалыптасуы) тезаирус жасаңыз.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
Ждан А.Н. История психологии: От античности до наших дней. – М., 1990
Ярошевский М.Г. История психологии. – М., 1985
№15 семинар сабағы. Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайы
Талқылауға арналған сұрақтар:
20-жылдардағы кеңес психологтарының ғылыми-зерттеудің негізгі бағыттары.
С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, Д.Н.Узназденің жаңа ғылым мектептерінің ашылуы.
Қалыптасқан негізгі бағыттардың қарастыратын мәселелері.
Әдістемелік нұсқау:
Қазіргі заманғы психологиялық ғылымдардың дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасаңыз. Қазақстанда психология ғылымының дамуына байланысты мәліметтер жинақтаңыз.
Әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
Ярошевский М.Г.Анциферова Л.И. Развитие и современное состояние зарубежной психологии. – М., 1974
Жарыкбаев К. Психологическя наука в Казахстане. - А., 2002
4.2.1 СӨЖ тақырыптарының тізімі
Кесте 3
СӨЖО
|
СӨЖ
|
Аудиториялық
|
Аудиториядан тыс
|
|
2
|
3
|
4
|
Қазіргі заман психологиясында зерттелуші құбылыстар жүйесі.
|
Келесі ұғымдарды салыстыру: индивид, жеке тұлға, даралық. (Терминологиялық сөздікпен жұмыс)
|
С.Л. Рубинштейн б-ша жеке тұлға құрылымы. (конспект)
|
Психологиялық білімдердің педагогикалық теория мен практика үшін маңызы.
|
(Терминологиялық сөздікпен жұмыс)
|
Жеке тұлғаны зерттеудегі негізгі үш кезеңге салыстырмалы сараптама жасау.
|
Психологиялық зерттеу әдістері
және онтогенездік дамуы.
|
Монографиямен жұмыс: Леонтьв А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1982
|
Р.С.Немов б-ша жеке тұлғаның қазіргі теорияларын классификациялау схемасын сызу.
|
Адамның психологиялық қалпы мен қасиеттері және физиологиялық факторлар .
|
Монаграфиямен жұмыс:
Братусь Б.С. Аномалии личности. – М., 1998
|
Р.С.Немов бойынша жеке тұлғаның қазіргі теорияларын классификациялау кестесін сызу.
|
Ми және психика.
|
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999 551-583 беттерді конспектілеу.
|
(Терминологиялық сөздікпен жұмыс)
|
Адам психикасы мен әрекет-қылығы
ның дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
|
Адам психикасы мен әрекет-қылығының физиологиялық негіздерін түсіндірудегі түрлі концепцияларды салыстыру.
|
(Терминологиялық сөздікпен жұмыс)
|
Мидың құрылым бірліктері қызметінің адамның психикалық процестері мен қалыбына байланыстылығы.
|
Психология. Словарь /Под общ ред. А.В.Петровского, М.Г. Ярошевского
|
Мидың құрылым бірліктері қызметі туралы. (еркін шығарма)
|
Адам санасының қызметіндегі сөйлеудің ролі.
|
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999 587-606 беттерді конспектілеу.
|
Адамда сөйлеудің көрінуі мен белгілеріне мысалдар келтіру.
|
Психология және әлеуметтану салаларының түйісуінде пайда болатын адам психологиясындағы негізгі проблемалар.
|
Психология. Словарь /Под общ ред. А.В.Петровского, М.Г. Ярошевского
|
Психология және әлеуметтанудың көрінуі мен белгілеріне мысалдар келтіру.
|
Мекендік теориясының ғылыми негізі және оған қарсы көзқарастар.
|
Мекендік теориясының ғылыми негізі, қажеттігі және мотивациясымен байланысын теориялық тұрғыда дәлелдеу.
|
Мекендік теориясының ғылыми негізінің көрінуі мен белгілеріне мысалдар келтіру.
|
19-ғасырдың ортасына дейінгі психология дамуының негізгі кезеңдері.
|
19-ғасырдың ортасына дейінгі әрекетке теориялық талдау жасау.
|
(Терминологиялық сөздікпен жұмыс)
|
Психологияның дербес ғылымға айналу тарихы.
|
Психологияның дербес ғылымға айналу тарихы ұғымдарына анықтама беру. (Терминологиялық сөздікпен жұмыс)
|
Адамның психология
ның дербес ғылымға айналу тарихы сферасының құрылысымен танысу.
| Психологиялық зерттеудің қазіргі кезең бағыттары. |
Психологиялық зерттеудің қазіргі кезең бағыттары
|
Психологиялық зерттеудің қазіргі кезең бағыттары зерттеудің қысқаша тарихи талдауын жасау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |