ПоәК 042-14 01/01-2013 Баспа. №1 от 03. 09. 2013



жүктеу 0,54 Mb.
бет1/3
Дата23.05.2018
өлшемі0,54 Mb.
#16719
  1   2   3

ПОӘК 042-14.1.01/01-2013

Баспа . № 1 от 03.09.2013

Бет -



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-1830-2013



«Педагогикалық инновация» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

(оқу әдістемелік материалдар)


№3 – басылым



«Педагогикалық инновация»

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие

мамандыгына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Cемей – 2013

1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: 28.08.2013

п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 04.09.2013ж.

Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./


2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № 1 «05» 09.2013ж.

Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама №1 18.09.2013ж.

ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)

МАЗМҰНЫ


  1. Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).

  2. Пәні бойынша дәрістер кешені.

  3. Пәні бойынша практикалық сабақтар кешені

  4. Пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар


1.«Педагогикалық инновация» пәні бойынша негізгі түсініктер

(глоссарий)
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Әдiстеме /методика/ - 1) бiр нәрсенi практикалық орындаудың әдiстерiнің, тәсілдерінің жиынтығы; 2) қандай да бiр ғылымды оқытудың әдiстерi туралы iлiм.

Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды. «Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі.



Белсендiлiк - әлеуметтiк және психикалық белсендiлігiнiң турi: жеке адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының қарқыны. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды

«Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.

Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Пассивті оқыту әдістері – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);

Активті оқыту әдістері (белсенді)  оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);

Интерактивті оқыту әдістері – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Кейс-стади–өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын кӛрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.

PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі -қойылған мәселемен өзбетінше жұмыс істеунәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі.

TBL (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі –студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі

Тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады т.б.



Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттерге ситуация шешімі жауабының бірнеше жолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың оперативтіәдісі.

Тәрбие – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.

Тәрбие – тәрбиеленушілер бойында көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесулерінің процесі.

Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес.

Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.

Бiлiм беру - қoғaм мүшелеpiнiң aдaмгepшілiк, интеллектуалдық мәдeни жәнe дeне дaмyы мен кәciби білiктiлiгiнiң жoғapы дeңгейiнe қoл жeткiзyдi мaқcaт eтeтiн үздiкciз тәpбиeлey мeн oқытy пpoцeci. Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.

Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі.

Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі.

Бiлiм берудi информатизациялау - білім беру жүйесін микропроцессорлық техникаға негізделген ақпараттық ӛніммен, құралдармен және технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың комплексі.

Білім беру технологиясы - қатысушылардың комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағдарлаудағы және коррекциялаудағы мұғалімдер мен 20 оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі. Б.Б.Т. кіретіндер: мақсаттық бағытталғандық, сүйенетін ғылыми жүйесі, нәтижені бағалаудың ӛлшемдері, нәтижесі, қолданудағы шектеуліктер.

Дамытып оқыту - оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.

Дәстүрлі оқыту - ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі тусініледі. Ол Я.А.Коменский белгілеген дидактика принциптеріне негізделіп XVIII ғ. қалыптасып, дүние жүзінің мектептерін де осы күнге дейін оқытуды осылай ұйымдастыру басым болып келеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты ролді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменскийдің, Н.Пестолоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы құрайды.

Дәстүрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы. Түрлері: интегралды сабақтар, аукцион, парламенттегі дебаттар, ойын, саяхат, музыкалық-театрландырған, сайыс т.б. сабақтар.

Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды.

Сабақ - оқытудың мiндеттерiн, яғни бiлiм беруiн, тәрбиеленуiн және дамуын шешуге жүйелi түрде қолданатын белгiлi бiр уақыт аралығында тұрақты құрамдағы мұғалiмдер мен оқушылардың iс-әрекетiн ұйымдастырудың формасы. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеудің 5 түрі (типі) бар: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы.

Сыныптық-сабақтық жҥйе - педагогика саласындағы бағалы жетістіктердің бірі. Сыныптық деп атауы-мектептің барлық оқушыларының ӛздерінің жас шамасы мен білім дәрежесіне сәйкес жеке сыныптарға топтастырылғандығында. Сабақтық деп аталуы-әр пән бойынша оқу курсының бірқатар жеке тараулар мен тақырыптарға, ал тарау мен тақырыптың біркелкі және бірізді орналасқан кесте бойынша бірінен соң келіп отыратын бӛлшектергеқ-сабақтарға бӛлінетігінде.

Оқыту әдiстерi - бұл мұғалiм мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының мiндеттерiн шешуге бағытталған өзара бiрлескен iс-әрекетiнiң тәсiлдерi.

Оқыту технологиясы /педагогикалық технология/ - дидактикадағы бағыт, оптимальды жүйелердiң принциптерiн анықтаудың және жасаудың, алдын-ала сипаттамалары берiлген қайталауға келетiн дидактикалық процестердi конструкциялауды ғылыми зерттеу аясы.

Жаңашыл – мұғалімдер – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.

Жеке адам (тұлға) /личность/ - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ол өзінің өмір жолын таңдай алады. Тұлға -қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тарихы, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі.

Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология

Инновация /лат. - жаңарту. жаңалық, ӛзгерту/ - жаңаның мазмұны және ұйымдастырылуы. Педагогикалық И. бағыттары: білім берудің жаңа мазмұның қалыптастыру; балалардың даму жүйесін, әдістемесін, педагогикалық технологияларын жасау және жүзеге асыру; оқу орындарының жаңа түрлерін құру т.б.

  • Инновация – кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы инновациялық өнім түрінде нақты өмірге жүзеге асырылған интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде;

  • Инновация –бұл нарықтық тепе – теңдікті бұзатын бәсекелік күш;

  • Инновация пайдалы тиімді қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде;

  • Инновация экономикалық өсу факторы ретінде.

Инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық ұсу мен бәсекелестiк қабiлетiлiгi үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды және ӛнім түрлерiн ұндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына ұңгiзуге бағытталған қызмет.

Инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация  – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет.

Мұғалім – мұғалімдік қызмет атқаратын адамдар мұғалім қызметкерлер болып есептеледі.

Педагогикалық инноватика - Педагогикалық жаңа енгізулер (инновациялар) - мақсатты бағытталған өзгерістер, олар білім беру мекемесінің әрекетіне жаңа, салыстырмалы тұрақты элементтерді енгізеді, сөйтіп оның дамуына және қызметіне тиімді әсер етеді. Педагогикалық жаңа енгізулердің тарауының факторлары:


  • Кең ауқымдағы әлеуметтік шарттар. Педагогикалық идеяларға қоғамдық қатынастың басымдылығы, білім беру саласындағы мемлекеттің саясаты;

  • Жекелеген әлеуметтік шарттар: нақты мемлекеттік және қоғамдық институттардың әрекеті бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру ұйымдары, өнерпаз шығармашылық педагогикалық бірлестіктер;

  • Жекелік факторлар: педагогикалық инноватиканы жасаушылардың және насихатшылардың тұлғалық ерекшеліктері.

Педагогикалық шеберлiк - кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның қасиеттердің комплексі. Оның элементтері: гуманистік бағытталғандығы; кәсіптік білімдері; педагогикалық қабілеттері; педагогикалық техника.

Педагог–жаңашыл – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.

2. «Педагогикалық инновация» пәні бойынша дәрістер кешені.
Тақырып-1. Инновация ұғымы және педагогикалық жүйеге енгізілетін жаңалықтардың мәні мен бағыттылығы. ( 3 -сағ)

Инновация ұғымы.

Педагогикалық инновацияларға, педагоикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру. Жаңалық енгізудің деңгейілері.

Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:

Инновация ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал мен үрдіс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына , оқыту әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады. Оқытуда жаңалық енгізілетін жүйе педагоикалық жүйе деп аталады. Педагогикалық жүйе - өзгерістер жағдайында да тұрақты , өзгермейтін компоненттер жиынтығы. Мұндай компоненттер қатарына педаготер, оқушылар, оқу-тәрбие үрдісін басқару, технология және оқыту мен тәрбиелеу мазмұны , әдіс, формалары, құралдары жатады.

Педагоикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру бірқатар жағдайлармен анықталады.



Біріншіден, қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық түрлендірулер білім беру жүйесі, түрлі оқу мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясын түбірімен жаңартуды қажет етеді.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендіру оқу пәндері көлемін, құрамын өзгертіп , жаңа пәндер негізіп, оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын іздестіруді қажет етеді.

Үшіншіден мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдау мен меңгеруге қатынасы сипаты өзгереді.

Төртіншіден, оқу орындарының нарықтық қатынасқа өтуі бәсекелестік деңгейін көтеруді талап етеді.

Педагогикалық инновацияларға :

  1. жаңа емес, бірақ өзінің өзектілігін жоймаған және педагогика ғылымы мен практикасы жүйесін қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу-тәрбие үдерісін оңтайландырудың жалпы идеялары мен практикалық технологияларын;

  2. ізгілік педагогикасының барлық қағидалары мен практикалық технологиялары жиынтығын қарастыруды;

  3. жаңа идеяларға негізделген педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру мен басқару амалдарын;

  4. ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына негізделген технологияларды жатқызуға болады.

Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер енгізудің басты бағыттары: тұтастай алғандағы педагогикалық жүйе; оқу мекемелері;педагогикалық теория; мұғалім;оқушылар; педагогикалық технология; мазмұны;формалары,әдістері, құралдары;басқару;мақсаты мен нәтижелері.

Жаңалық енгізудің үш деңгейі бар:

  1. Төменгі деңгейі – атаулар мен тұжырымдамаларды өзгерту ұсынылады.

  2. Орташа- мәні емес, тек формаларын өзгерту талданады.

  3. Жоғары- жүйені немесе оның негізгі компоненттері мәнін өзгертуі. Тек соңғы деңгейдегі жаңалықтар ғана практикалық жағынан құнды.

Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:

А) оңтайлылық нәтижелер алу үшін жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылар күші , құралдар шығынын тиімдендіру көрсеткіші;

Б) нәтижелік- мұғалімдер іс-әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір тұрақтылығы;

В) жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндіктері болуы.

Бұл критерийлерді білу педагогикалық жасампаздық іс-әрекеттің негізі болып табылады.


Тақырып-2. Оқыту технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер. ( 3-сағ)

Гуманистік мектеп практикасындағы инновациялық іс-әрекет формалары мен әдістері.

Инновациялық оқу мекемелері.

Оқу мекемелерінің инновациялылығын көрсететін белгілі өлшемдер.

Педагогика- ғылыми білімдер жүйесі. Оның ғылым ретіндегі негізгі сипаттамалары: объективтілік, мақсаттылық, тұрақтылық, қарама-қайшылықсыздық. Кез келген ғылыми теория сияқты , педагогиканың жүйе құраушы басты принципі – ғылымилық.

Күшті және тұрақты тәрбие жүйесін тек объективті ғылыми анықталған және практикада дәлелденген қағидалар құрайды. Осыған байланысты педагогикалық теория дамуының инновациялылық бағыттарын анықтауға болады.

Бірінші инновациялық бағыт Я.А.Коменскийдің табиғи үйлесімділік педагогикасына қайта оралу. Бұл оқушылардың мүмкіндіктерін түсіне отырып, оқытуды объективті негізде жүргізуді анықтайды.

Екінші бағыт педагогикалық жүйені ізгілендіру , яғни гуманистік педагогиканы дамыту болып табылады.

Ізгілік педагогикасының мәніне тоқталайық.

Гуманизм (латынша humanus-адами, адамшылық) -әлемдегі ең маңызды құндылық адам деп танудың тұтас тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманың басты қағидасы тұлғаның жетістіктерін қорғау , оның еріктілігін , бақытты блу құқтарын мойындау , оның өзінің қабілеттіліктерін дамыту және байқату үшін жағдайлар (өмірде,еңбекте, оқуда, т.с.с. )жасау болып табылады. Гуманизм- тұтастай алғанда адам болмысының, жекелей алғанда әрбір адамның жан-жақты маңыздылығын мақұлдайтын идеялар мен құндылықтардың жиынтығы.

Гуманистік педагогика- тәрбиеленушіні оқу- тәрбие үдерісінде белсенді ,саналы, тең құқықты, өз мүмкіншіліктеріне сай дамитын қатысушы ретінде анықтайды.

Гуманистік педагогика тұлғаға бағытталған. Оның айырмашылық белгілері: ақпаратты меңгерту және белгілі бір білік , дағдыларды қалыптастырудан гөрі тұлғаның психикалық, денелік, интеллектуалдық , құлықтық және басқа сфераларын дамытуға; еркін,өз бетінше ойлай алатын және әрекет ететін тұлғаны, әр түрлі өмір сүру және оқу жағдайларында негізделген таңдау жасай алатын , азамат-гуманистің қалыптасуына қажетті оқу-тәрбие үдерісін қайта құруға басым жағдай жасау блып табылады.

Гуманистік педагогика мектептің оқушыға бейімделуін, оған ыңғайлы атмосфера құру және психологиялық қауіпсіздік жағдайын жасауды талап етеді.



Гуманистік мектеп практикасындағы инновациялық іс-әрекет формалары мен әдістері:

  1. Оқу-тәрбиелік іс-әрекетті дифференциялдандыру.

  2. Тәрбиелеу және оқыту үдерістерін жекешелендіру.

  3. Әрбір тәрбиеленушінің бейімділіктері мен қабілеттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.

  4. Гомогенді сыныптар мен параллельдерді қалыптастыру.

  5. Оқу-тәрбие іс-әрекетінің ыңғайлылығы.

  6. Психологиялық қауіпсіздік, оқушыларды қорғау.

  7. Оқушыға,оның күшіне және мүмкіндіктеріне сену.

  8. Оқушыны сол күйінде қабылдау.

  9. Оқыту мен тәрбие жетістігін қамтамасыз ету.

  10. Мектептің мақсаттық бағыттарын өзгерту.

  11. Әрбір оқушының даму деңгейін негіздеу.

  12. Мұғаліммен рухани кездесу жоқ сырттай оқуды жою.

  13. Мұғалімнің ішкі тұлғалық ұстанымдарын өзгерту.

  14. Гуманитарлық білім беруді күшейту.

Инновациялық оқу мекемелері

Қазіргі уақытта оқыту инновациялылығы идеясын үздіксіз жүзеге асырып отыру міндеттерін қамтамасыз ететін жаңа типті оқу мекемелері көптеп пайда болуда. Оларды дәстүрлі мекемелерден айыра білу де маңызды іс болып табылады.



Оқу мекемелерінің инновациялылығын көрсететін белгілі өлшемдер:

  1. оқу-тәрбие үдерісі табиғи үйлесімділік принципі мен классикалық педагогика принциптеріне негізделеді;

  2. педагогикалық жүйе гуманистік бағытта эволюциялық түрде дамиды;

  3. оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда оқушылар мен мұғалімдердің жүктемесі шамадан тыс артпайды;

  4. оқу-тәрбие үдерісінің жоғары нәтижесі оқушылар мен мұғалімдерді селекциялау емес, жүйенің ашылмаған және толық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі;

  5. оқу-тәрбие үдерісі өнімділігі қымбат құралдар мен медиажүйе арқылы жүзеге асыру ғана емес, оқу мекемелеріне жаңалық ендіру, емкіні жаңарту, педагогикалық жүйені жетілдіру, оның мүмкіндіктерін тұлға мен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруына бағыттау болып табылады.

Инновациялық типтегі жаңа оқу мекемелері ретінде гимназия мен лицейді атауға болады.

Гимназия- оқу мекемесінің бағытына байланысты білім беру мазмұнының көпнұсқалылығын қамтамасыз ететін, оқу пәндерін тереңдете оқытатын , білім беру пәндері мен ғылым негіздері курстарын бағыт(профиль) бойынша оқушылардың таңдап алуына мүмкіндігі бар жалпы білім беретін оқу мекемесі.

Лицей – белгілі бір бағыт бойынша пәндерді тереңдете оқыту жүзеге асырылатын жалпы білім беретін оқу мекемесі.

Гимназия мен лицейлердің басқа жалпы білім беру мекемелерінен айырмашылығы білім беру мазмұны тереңдетіліп қана емес, кеңейте өткізіледі, ал оқу курстары интегративті пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың жүйелі ойлауы мен дүниетанымын қалыптастыру жүзеге асырылады.


Тақарып-3. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті (3 -сағ)

Инновациялық білім беру жолдары.

Педагогтың инновациялык іс-әрекет белгілері.

Мұғалімінің инновацилық іс-әрекеттің негізгі міндеттері.

Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары конструктивтік ұйымдастрышылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.

Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттері.

Білім сферасына идеалогиялық әдістемелік, психология -педагогиялық және ақпараттық мағлұматтар жатады.

Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жүйесінің жасалуы.Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым- катынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау калыптасуда.

Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазіргі , бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуге шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.

Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психалогиялық мәселелерін аныктауда педагог пен оқушылардың арасындағы карым- қатынастарды ұйымдастыру мұғалімінің теориялык білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдарын іздестірілуде. .

Ғылыми-педагогикалык әдебиттерді зерттеу мұғалімнің инавациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелері бағыттылық зертетеулерде инавациялық іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын қарастырылады.

Соңғы он жылдықта «инновация» ұғымы кеңінен таралды. Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңартуының маңызды айғағына айналды. Инновациялар бірнеше проблемалар тоғысында пайда болады және ауытқымай, жаңа мәселерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі.

Педагогикалық инновация- тұтас білім беру жүйесінің оның жеке бөлімдерінің компаненттерінің сипаттамасын жақсартатын және жаңалықтардан тұратын, мақсатты өзгерістер. Бұл- жаңалықты меңгеру үрдісі.

Бүгінгі күндегі инновациялык білім беру-оку және әлеуметтік- тәрбиелік іс-әрекеттің үрдісі мен нәтижесі, ол жеке адамның және жалпы қоғамның іс-әрекетінің жаңа түрін жоспарлайды және ынталандырады.

«Инновация» термині латынның іппоуагіоп -инновацияларды енгізу дегеннен пайда болған.Инноватика философия, психологоия, әлеуметтану, басқару теориясы, экономика және мәдиниеттану пәндерінің тоғысуында жүргізілген зерттеулердің пәнаралық саласы ретінде қалыптасты. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да педагогикалық инноватиканың дамуы көпшіліктің қоғамдык-педагогикалық козғалыстарымен, мектептерді жылдам дамыту қажеттілікке байланысты қайшылықпен және мұғалімдердің оны іс-жүзіне асыра алмауымен байланысты. Жаңалықтарды қолдаушылардың жалпы сипаттары да өсе бастады. Осыған байланысты жаңа білімге деген, «инновация», «инновациялық үрдіс» деген жаңа ұғымдарды түсініп- білу қажеттілігі ұлғая түсті. «Жаңалықты еңгізу» (инновация) ұғымы жаңалық ретінде де, және осы жаналықты тәжірибеге енгізу үрдісі ретінде анықталады. Бүгінгі кезде инновациялық педагогикалық үрдістер білім берудің дамуын анықтайтын айғағы бола отырып, өзінің нақты теориялық базасы да бар.

Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын карастырған кезде, «инновация» және «педагогикалық іс-әрекет» деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды колдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин мен Л.С.Подымова) ой-пікіріне қосыламыз.Белгілі зерттеушілердің (А.А Бодалев, ф.Н. Гоноболин, В.А. Кан-Калик,С.В. Кондратьева,Н.В Кузин және т.б.) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, дидактикалық қасиеттері. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушылық, коммунативтік, педагогикалық елестету. Бұл ғылымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктеліп көрсетілген; операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі карым-қатнас құруға қажетті әлеуметтің жеке бас және операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі карым-катынас құруға кажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.

2.Инновациялық білім беру жолдары

Инновациалық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешуге дайын болу қасиетімен де тығыз байланысты.

Ал іс-әрекеттің «негізгі құрастырушысы» ретінде Б.Фломов мыналарды бөліп көрсетеді; мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматты, өндеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс- әректтерді, қортындыны тексеру және әрекеттерді түзету.

Біздің ойымызша жалпы іс- әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялык іс- әректінің диагностикасында ескерлетін бірнеше ережелер бар;

1. Өз қызметін және әріптестерінің қызметінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан- жақты бағалауға үйрету.

2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрерту маңызды.

3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және баскаға талап коя білуге үйрету.

4. Мұғалімдердің инновациялык қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық кызметті сараптау бағалауға тарту.

Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат емес, педагогикалық калыптасудың алғы шарттары мен шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгеретін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен кұру үрдісі.


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау