Толқынды елеуіш қалқа
Клапанды қалқалар. Клапанды қалқаларлың негізгі элементтері – қалқалардағы саңылауларды жабатын домалақ және тіктөртбрұш формалы көтерілетін клапандар (суретті қараңыз).
Конструктвті клапанда көтерілу белгілі шамаға ғана болуы мүмкін
Клапандарды қалыңдығы 2 ÷ 3 мм болатын металл бетінен штамповкамен жасайды. Дискті клапандардың диаметрі 50 ÷ 100 мм, толық көтерілу биіктігі 8 ÷ 15 мм. Шеткі төменгі күйде клапан мен қалқаның жалпақтығы арасында 1 ÷ 1,5 мм саңылау бар
Бағытталған-ағынды қалқалар. Диаметрі 1000 … 3600 мм болатын бағандық аппараттар үшін қолданады. Штампталған секцияларда 30 немесе 40° бұрыш жасап жартылай дөңгелекті “тілшелер” бүгілген. Көрші тілшелер қатары арасындағы арақашықтығы 50 мм.
Қалқа S-тәрізді элементтермен ( суретті қараңыз). Олардың негізгі артықшылығы конструкцияның қарапайымдылығы.
S- тәріздес элементтер будың біржақты шығатын қалпақшалары.
Олардан бу қалқадағы сұйықтық бағытымен бағыттас болады.
Ректификациялық бағандардың қалқалары
Барботажды бағанның ректификациялық процесі сатылы болып келеді.
Ректификациялық бағандарда қалпақшалы қалқаларардан басқа торлы, елеуіш, клапандық және ағынды, S- тәріздес элементтермен және басқалар қолданылады. Қалқаның түрін таңдағанда ол көптеген факторға тәуелді болады, оларға біріншіден компоненттерді бөлу тиімділігі, процесстің үнемділігі, эксплуатация ұзақтығы, өнімдердің жылдам эвакуацияның мүмкіндігі және басқа жатады.
Айдау мен ректификация процесстеріндегі мұнай өңдеу, мұнай химиялық, химиялық, азық-түлік пен басқа салаларда қолданылатын қондырғылардың ерекшеліктері мен кейбір қалақалардың жұмыс типін қарастырайық.
Қалқалы елеуіш қалқаларда қалқаның жоғарғы жағына түскен сұйықтық бумен байланысып ауыстырып құю қондырқысы арқылы төменгі қалқаға түседі.
Кезектесіп орналасқан қалқаланың әрбір саңылыуының өткен бу бағанның төменгі жағынан сұйықтыққа қарай қозғалады.
Қалыпты жұмыс кезінде сұйықтық қалқадағы саңылаумен ақпайды, яғни будың төменгі қысыммен жәрдемдеседі.
Бу сұйықтықпен өткенде қалқада көпіршік түзеді.
Бағандардың осы процестегі кемшіліктері: тік қалқаларды қатаң талап етеді, ал қалқаның саңылаулары қалдықтармен бітелуі мүмкін.
Торлы қалқалардың елеуіш қалқалардан қарағанда переливті патрубоктары болмайды, сондықтан бу мен сұйықтық бір саңылаулардан өте береді. Торлы қалқаларда елеуіш қалқаларда болатын артықшылықтар мен кемшіліктер бірдей болады.
Клапандық қалқалар бумен кең диапазонды жүктемеде тұрақты жұмыспен сипатталады. Сұйықтық қалқадан қалқаға переливті патрубоктар арқылы бір біріне түседі, ал бу саңылауларда орналасқан клапандар арқылы өтеді. Будың жүктемесін төмендеткенде кейбір клапандар саңылауларды жауып түседі, сондықтан барботадық режимді қамтамасыз етеді.
Буд саңылау арқылы өткенде клапандар дірілдеп қозғалады, нәтижесінде кокс қалдығынын, термополимерлерден, қақ пен басқа заттардан тазару жүреді.
Ағынды қалқалар еңкейтілген параллельді күрекшелер тәріздес түрде жасалады, олардың арасымен бу өткенде оның бағыты сұйықтыққа қарай бағытталады. Бұл сұйықтық жылдамдығының кинетикалық энергиясы көбейтіп, гидравликалық кедергіні азайтады. Бұл қалқалардағы рұқсат етілетін бу жылдамдығы қалрақшыларға қарағанда 2 еседей көп болады.
***********************
Ректификация мұнай өндеудің негізгі әдісі болып табылады. Ол мұнайды фракцияларға бөлу, өндірілетін өнімдердің стабилизациясы, кейбір жеке көмірсутектерді алу үшін және басқа да қолданылады.
Ректификация процеіне екі негізгі параметр әсер етеді. Олар температура және қысым. Жұмыс қысымға байланысты үш түрлі ректификациялық бағандар ажыратылады : вакуум астында жұмыс істейтін. Жоғарғы қысымда және атмосфералық қыымда жұмыс істейтін.
Мұнайды біріншілік өңдеу ректификациялық бағанының технологиялық режимі өндірілетін мұнай типіне байланысты. АВТ – 6 атмосфералық-вакуумдық қондырғы бағанында технологиялық режим бойынша мына нормалар қолданылады:
Бағандар
|
Температура,
°С
|
Қысым,
кПа
|
Бензинденген К-1
|
жоғары 100-140
төмен 220-240
|
400-450
|
Негізгі атмосфералық К-2
|
Жоғары 120-150
Төмен 330-350
|
120-150
|
Вакуумдық К-10
|
Жоғары 90-110
Төмен 350-380
|
5-8
|
|
|
|
Ректификациялық бағандарға берілетін шикізаттын температурасын анықтау, сонымен қатар дайын өнімді шығару күрделі тапсыма болып есептеледі. Осы температураларды анықтайтын аналитикалық және графикалық әдістері болады. Графикалық әдіс қайнау және булану температураларының шынайы қисық сызықтарына негізделген. Кейіннен осы қисықтар арқылы ректификациялық бағандардан шығатын ағындардың температураларын анықтайды: сұйықтықтарды –нольдікпен, ал буларды 100%-тік шығарумен.
Материалдық баланс. Ректификациялық бағанның материалдық балансы ежүктелетін шикізат пен шығарылатын өнімдердің арасындағы тепе-теңдігіне негізделіп құрылады. Әдетте масса және көлем жұмсалу. 2.1 суретте бағандағы масса ағынының схемасы берілген, GO, GD және GW әріптерімен шикізат, дистиллят және қалдықтың мөлшері көрсетілген. Бұл жағдайда бағанның материалдық балансы былай жазылады
GO=GD + GW. (2.1)
2.1 сурет. Ректификациялық бағанда материалды және жылуалмасу схемасы
Кез келген i-компонент үшін
(2.2)
Мұндағы –шикізаттағы, дистиллят пен қалдықтағы i компонентінің массалық үлесі
(3.7) мен (3.8) теңдеулері бірігіп (2.3) теңдеуін береді.
Шикізаттың құрамы мөлшері, яғни GO шамасы әдетте белгілі
Достарыңызбен бөлісу: |