Поәк -042-18-25 31/03-2014 №2 Басылым


Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру



жүктеу 1,08 Mb.
бет5/5
Дата14.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#12371
1   2   3   4   5

1.2.6 Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру

Мақсаты: адамдармен өзара қарым-қатынас барысында адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеті:

  • ізгілікті және адамгершілікке жат әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • өз іс- әрекетінің жеке басына және өзгелерге тигізер зиянын бағалау

  • қабілеттерін қалыптастыру;

  • адамгершілікті мінез-құлыққа сай тандау жасау қабілетгерін қалыптастыру;

  • адамгершілікті мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.

Жұмыстың түрі мен мазмұны:

"Жақсы деген немене, жаман деген немене?" рөлдік ойын.Ойын басталмастан бұрын оқушыларға адамгершіліктің басты зандары туралы білім беріледі. Окушыларға түрлі жағдаяттар жазылғантапсырмалар беріліп, оларды релдерге бөліп орындау тапсырылады, адамгершілік тәрбиесінің өлшемдерін негізге ала отырып, кейіпкерлер әрекетін талдау ұсынылады. Оқушылардың "жақсы" немесе "жаман" әрекеттерді айырып, оларды неліктен жақсы немесе жаман деп санайтындарын түсіндіру, мұндай әрекеттердің адам мен қоғамға тигізер нәтижесін бағалай білуі маңызды рөл атқаратыны түсіндіріледі;

"Мінез- құлық әліппесі" әдеп мәселесіне арналған сынып сағаты. Оқушылар іс-шара барысында қарым-қатынас мәдениетінің негізгі ережелерімен танысып, қоғамдық орындарда

15

өзін ұстау мәдениеті туралы түсінік алады;



"Адамга ар-ұят не үшін қажет?" пікірталас. Бұл шараны өткізу барысында мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға назар аударып, аталған мәселе бойынша тілек білдірушілердің барлығының ойларын ашық айтуына мүмкіндік беруі керек;

"Сыйқырлы сөз " рөлдік ойын. Оқушыларға "сиқырлы сөзді" қолданып және ол сөзді колданбай сөйлеген жағдаяттарды орындау ұсынылады. Көріністен кейін жағдаяттар арасындағы айырмашылыққа талдау жасалады;

"Үлкенге құрмет ", "Үлкендердің демапысын сыйлай біл" -әңгіме;

"Ақиқат пен жалғандық әрқилы нәрселер", "Батыр - шындық үшін батыл ", "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ ", "Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам ", "Ақиқат - әділеттің ақ жолы " ойлану сабақтары;

  • Достық, махаббат, шындық қуаныш туралы бейнематериалдарды көру және талдау;

  • "Бүгін бізде ертегілер қонақта" ойын-саяхат. Ертегілерден кейіпкерлердің адамгершілікті таңдауларын көрсететін сюжеттерін іріктеп алып оқушылар кейіпкердің таңдауларын түсіндіреді;

  • Балаларға арналған пьесаларға қойылымдар дайындау. Бұл шара оқушылардың түрлі өмірлік жағдайларды басынан өткізуіне, кейіпкерлердің рөлдік бейнесіне енуіне, адамгершілік мәселелерін түсінуіне, ізгілікті қарым-қатынас тәжірибесін кеңейтуіне көмектеседі;

  • Пайдалы істер күнделігі. Бұл құжатта айналасындағыларға және өзіне пайда келтіретін іс-әрекеттер тіркеледі. Мысалы, кішілерге қамқор болу, қарт адамдарға жәрдемдесу, мектепте пайдалы жұмыстар атқару, қасындағыларға құрметпен қарау, т.б.;"Қамқорлық" атты ұжымдық шығармашылық жұмыс.

1.2.7 Этномәдениетті қалыптастыру

Мақсаты: оқушылардың ана тілі мен мәдениетін меңгерумен қатар әлемдік мәдениет құндылықтарына бейімдеу.

Тәрбиелік міндеті:

  • этникалық өзіндік сана-сезім қалыптастыру;

  • өз халкының мәдени мұралары туралы білімдерін қалыптастыру;

  • этникалық және ұлттық мәдениетке деген тұлғаның қызығушылығын

  • дамыту;

  • этноәлеуметтік рөлін орындау қабілеттерін қалыптастыру;

  • өз халқының салт-дәстүрлерін сақтауға деген ұмтылыстарын қалыптастыру;

  • ана тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту;

  • өз халқының діни тағылымдары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • Қазақстанның этномәдени байлығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Жұмыстың түрі мен мазмұны:

"Бізде бүгін Алдар көсе қонақта" ауыз әдебиеті мерекесіне арналған көрініс. Оқушылар қойылым барысында әділдік пен жақсылық орнатуды тілейтін қазақтың халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысады. Оқушылар Алдар көсе бойында кездесетін "қулық" сияқты қасиеттердің неліктен оларға жағымсыз әсер етпеу себебін түсіндіруі қажет. Осылайша адам өз қабілетін зұлымдыққа қарсы күреске пайдалану біліктілігі, яғни оның өзі өмір сүріп жатқан қоғамға қызмет етуі туралы түсінігі қалыптастырылады;

"Тапқырлар айтысы " қазақ халық ертегілері бойынша ойын. Іс-шара барысында оқушылардың қазақтың ұлттық туындыларының ішінде кездесетін ерекше жанрдың бірі

16

айтыс туралы түсініктері қалыптасады.



Оқушылар нағыз ақын бойында кездесетін шешендік, ойлау қабілетінің ұшқырлығы, тапқырлық сияқты қасиеттермен танысады;

"Құстар айтысы немесе туған өлкеге деген сүйіспеншілік" -С.Жүнісовтың әңгімелері бойынша қойылым. Іс-шараның негізгі мақсаты - қазақ халқының негізгі қасиеттерін, құндылықтарын түсінуі;

"Халық даналықтары аукционы " – танымдық ойын. Оқушылар мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, нақыл сөздер арқылы білім жарыстырады;

  • этнокөрмелерге, колданбалы өнер мұражайларына бару;

  • ұлттық салт-дәстүрлерге арналған байқау бағдарламасы.

Бағдарламаға мына сайыстар кіреді: өз ата тегі мен ата-баба шежіресін құру; отбасының көнеден қалған заттар жинағынұсынуы; қолдан жасалған қолданбалы өнер туындыларының кермесі; "Ұлттық әшекейлер" байқауы; ұлттық ойындарға қатысу; өз халқының салт-дәстүрлері жайында хабарламаға дайындық, әдет-ғұрыптарға арналған қойылым; ұлттық тағамдар байқауы.

1.2.8 Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен шыдамдылығын қалыптастыру

Мақсаты: түрлі ұлт өкілдерімен мәдени байланыс орнату қабілеттерін, олардың ерекшеліктерін шыдамдылықпен қабылдауды қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеттері:

  • ізгіліктің бастамасы негізінде қарым-қатынас жасау қабілеттерін қалыптастыру;

  • біртұтас адамзат қоғамының мүшесі ретінде адамдардың теңдігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • түрлі үлт өкілдерімен қарым-қатынас орната білу тәжірибелерін қалыптастыру;

  • басқа адамдардың бостандығы мен құқығын құрметтеуге тәрбиелеу;

  • адамдарды сыйламау мен күш көрсетудің кез келген түріне қарсы тұру қабілеттерін қалыптастыру;

  • әлеуметтік шиеленіс пен дау кезінде тулғаның әлеуметтік-психологиялык қорғану тәсілдері туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру;

  • басқа адамдарға деген өз мінез-құлқы мен қарым-қатынасын бағалау қажеттілігі мен қабілетін қалыптастыру.

Жұмыстың түрі мен мазмұны:

  • нәсіліне карап адамның кұқығын шектеу мәселесіне арналған көркем әдебиеттерді оқу және оларды талдау;

"Байланыс ", "Қызылдар мен қаралар "рөлдік ойындар. Ойын барысында түсініктері, идеялары, ұстанған ұстанымдары әртүрлі командалардың өзара қарым-қатынас жасау тәжірибесіне сүйе отырып, басқа әлеуметтік, ұлттық, діни тағылым топ өкілдерімен араласып, қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

"Молекулалар" көңіл көтеру ойыны. Оқушыларға жүргізушінің тапсырмасы бойынша бірнеше адамнан тұратын бірлестік құру ұсынылады;

"Зардап шеккен кеме апаты " ойыны. Оқушылар ойын барысында ортақ мақсатқа жету үшін түрлі ұлттардың, мәдениет пен дәстүрлердің бірігіп біртұтас болу қажеттілігін түсінеді;

қайырымдылық акциялары;

"Қазақстан халықтарының бірлігі күніне " арналған "Достық гүлшоғы" фестивалі. Фестиваль барысында Қазақстанда түратын түрлі ұлт диаспорлары өз өнерлерін көрсетеді;
17

"Қазақстан халықтарының тілдер күніне" арналған концерт. Концерт бағдарламасында еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен өзара татулығын танытатындай
әртүрлі тілдерде өлеңдер оқылып, әндер шырқалуы керек;

әлеуметтік пікірлер мен шиеленістер жағдайында тұлғаны әлеуметтік-психологиялық жағынан қорғану тәсілдерін үйрену мақсатында тренингтер өткізу.


1.2.9 Танымдық қызығушылық пен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру

Мақсаты: ақпаратты, мэліметті сыни бағалау қабілеттілігімен білімге деген қарым-қатнастар құндылықтарын қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеттері:

  • білім алуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру;

  • адами мәдениетінің түрлі салаларына және оны терең

  • ұғынуға деген қызығушылығын қалыптастыру;

  • ақпараттар аркылы ой-өрісін кеңейту қабілеттерін қалыптастыру;

  • әр нәрсені білуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

  • алынған мәліметтерге талдау жасау қабілеттерін қалыптастыру;

  • пікірталас жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыстың түрі мен мазмұны:

"Біз енді балалар ғана емеспіз, біз оқушымыз!", "Әліппемен қоштасу" мерекелері. Мереке барысында окушылар өздерінің мектептегі алғашқы айларда алған білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын көрсетеді;



"Өлең - сөздің патшасы " - интелектуалъды ойын. Іс-шара оқушылардың білім қорлары белгілі бір дәрежеде жинақталғаннан кейін өткізіледі. Ойын барысында оқушылардың оқу бағдарламасы көлеміндегі өлеңдерді меңгеру дәрежелері сыналып, мәнерлеп оқу қабілеттері тексеріледі;танымдық ойындар: викториналар, "Ғажайыптар алаңы" ойыны, КВН. Оқушылар негізгі ғылым салалары бойынша меңгерген білімдері бойынша жарысып, біліктіліктері мен дағдыларын көрсетеді;

әдебиет сүйер қауым клубы.

1.2.10 Талғам мәдениетін қалыптастыру

Мақсаты: эстетикалык ұғыну мен күйзелісті, талғам құндылықтарды құруға бағытталған қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік міндетптері:

- әсемдік туралы ғылым - талғам жөнінде түсініктерін қалыптастыру;

- оқушыларға талғамды қабылдауға қабілеттендіру;

- талғам құндылықтарын меңгеруге деген ұмтылысы мен қабілеттерін

дамыту;


-талғамсыздық пен бейберекеттіктің баршасына жағымсыз көзқарасты

қалыптастыру;



  • талғам кұндылықтарын меңгеру дағдыларын дамыту.

Жұмыстың түрі мен мазмұны:

- тарихи-мәдени орындарға, мұражайларға, сурет галереяларына экскурсия жасау;

- жасөспірімдер театрының қойылымдарына қатысу;

"Бірнеше жылдан кейін..." - Түркістан каласымен, оның көрнекі орындарымен таныстыруға арналған ойын;

18
"Қазақстанның өнер шеберлері балаларға арнап" атты тақырыптық апталықтар;



  • кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары негізінде Қазақстан өнер

қайраткерлерінің қызметі туралы хабарлама дайындау.

  • бейнематериалдарды таңдау;

  • бейнематериалдарды көру, тарихи, өнер мұражайларына бару арқылы

қазақ халқының сәнді-қолданбалы өнерімен танысу;

- қазақ халқының музыкалық мәдениетімен танысу, музыкалық колледж окушылары, консерватория студенттерін тақырыптық кештер, мерекелер, концерттерге шақыру;

- қуыршақ театры, актерлік шеберлік, орындаушы музыканттар, жас суретшілер байқауы;

- оқушылардың шығармашылық шеберлігі мен балалар шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастыру.



1.2.11 Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Мақсаты: қоршаған ортадағы адамның орнын түсінуге негізделген табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынасын, табиғатты қорғауға деген ұмтылыстарын қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеттері:

- әлемнің біртұтастығы мен ондағы адамның орны туралы түсінігін, өзін табиғаттың бір бөлшегі деи тануы жайлы білімдерін қалыптастыру;

- табиғаттағы тіршілік иелеріне деген жанашырлық сезімдерін ояту;

-табиғатпен байланыс орната білу біліктіліктеріне негізделген экологиялық мәселелерге деген қызығушылықтарын ояту, табиғат туралы кітаптар оку, табиғаттың даму заңдылықтарын түсіне білуге үйрету;

- табиғат туралы көркем әдебиеттерді оқуға, табиғат заңдарын түсінуге деген қызығушылықтарын, қалыптастыру;

- табиғатты сақтау кажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

- жер бетінде табиғат пен адамды сақтауды камтамасыз ететін экологиялық мінез-құлықты қалыптастыру;

- экологиялық бақылау жүргізудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

- табиғатқа зиянын тигізетін адам әрекеттерін түсіне білуге көмектесу;

- тұлғаның табиғат тағдырына деген жеке жауапкершілігін тәрбиелеу.



Жұмыстың түрі мен мазмұны:

- өсімдіктану мен жануартану бақтарына экскурсия. Экскурсия Жер етіндегі өсімдіктер әлемімен, сирек кездесетін өсімдіктер түрімен танысу мақсатында өткізіледі;

- "Жасыл патруль" акциясы. Экологиялық отрядтар құру арқылы мектеп аймағындағы табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастыру: мектеп маңайына ағаштар мен гүлдердің көшеттерін отырғызу, айналаны тазалау, кезекшілік кестесін құру;

- "Жас натуралистер" байқауы. Оқушылардың жеке бақылауларына сүйене отырып, табиғатта болып жатқан өзгерістерді жазып отыру ұсынылады;

- тірі табиғат әлемі туралы хабарлама жасау. Хабарламаны тыңдап оны талдау үшін "Біз - Жер шарының балаларымыз" атты конференциясы өткізу;

"Табиғат кітабы" атты мәлімет жинау. Жиналған мәліметтер қорытындысы бойынша арнайы альбомдар жасалады. Альбомды оқушылардың өздері безендіреді;

- қазақ және орыс ақын, жазушыларының көркем шығармаларынан үзінділерді түсініктеме бере отырып оқу. М.Әуезовтың "Көксерек", М.Зверованың "Ақ марал", "Менің төрт аяқты достарым", Б.Щербакованың "Досыма бастар жол", М.Пришвинаның "Қуыршақ" т.б. сияқты оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға арналған, адамдар мен 19

табиғаттың байланысын түсінуге үлкен әсер ететін кітаптарды оқыту;

Қазақстанның Қызыл кітабына саяхат, бейнематериалдар көру;



  • "Табиғат білгірлері" байқауы. Байқау өткізілместен бұрын оқушыларға

жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы оқып, білу жөнінде тапсырма беріледі. Байқаудың көкейтестілігін мұғалім өзі таңдайды. Оқушылар байқау барысында көтерілген мәселе төңірегінде бір-біріне сұрақтар қойып, оларға жауап береді. Берілген сұрақтарға қай топ көп жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді;

"Жасай бер, Жер " суреттер байқауы. Байқау сыныптан тыс шаралардың қорытындысы бойынша және оқушылардың казіргі экологиялық мәселелерді түсіну дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі.

1.2.12 Салауатты өмір салты дағдыл арын қалыптастыру

Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау қажеттігі туралы түсініктерін калыптастыру.

Тәрбиелік міндеттері:

- жеке денсаулық жағдайы мен ерекшелігі туралы білімдерін қалыптастыру;

- денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы білімдерін қалыптастыру;

- денсаулықтың дене, психологиялық, әлеуметтік және рухани байлықтармен біртұтастығы және денсаулықты сақтау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру;

- жағымсыз әсерлерге карсы тұру қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

- күн тәртібін сақтау қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

- денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру;

- спортпен шұғылдануға деген ұмтылыстарын дамыту.



Жұмыстың түрі мен мазмұны:

"Көңілді старт", "Спорт- денсаулық тірегі"-әр сыныптың оқушылары өзара күш сынасу, ептілік, жылдамдықтары бойынша жарысады;

"Сенің күн тәртібің" әңгіме. Окушының жеке күн тәртібін орындауға өзін-өзі тәрбиелеуі. Күн тәртібінің адам денсаулығына пайдасы қандай, оны қалай құру керек, оның пайдасы туралы пікірлеседі;

"Өз ағзаңды шынықтыр" әңгіме. Денсаулықты шынықтыру түрлері, шынығу арқылы адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы тұру шыдамдылығын арттыруға әсері жайлы әңгімелесу;



"Нағыз батыр қандай болу керек?" сынып сағаты. Отан қорғайтын батырлар бойында қандай қасиеттер болуы керек, неліктен оларды дәріптейді, қазіргі уақытта қалай батыр болуға болады, ол үшін адамға қандай қасиеттер қажет екені туралы айтылады;

"Тазалық – денсаулық кепілі" сынып сағаты. Денсаулықты күту: шашты, денені күту, қол жуу, жуыну, киімге қойылатын талаптар, сырт және іш киімнің, аяқкиімнің гигиенасы, оларды күту;

Салауатты өмір салтын насихаттайтын фильмдер мен мақалаларды талдау;

- "Никотин және балалар", "Ішімдік ішу - у ішу", "Дәмді де пайдалы тағамдар" әңгіме;

- "Мен өсіп келемін" бақылау күнделігін толтыру;

- "Қауіпті аурулар" әңгіме;

- Жеке бас гигиенасының ережелері бойынша жаттығуларды білу.

Оқыту формасы дегеніміз – мұғалімнің әртүрлі жағдайда өткізілетін оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.

Экологияны ұйымдастыру формалары



Оқыту формалары

Өткізілетін орны

Дамытушылық

Сабақ

Кабинет

Ғылыми ұғымдарды, ойлау қабілетін, дүниетануды, еңбекке баулуды, этикалық, эстетикалық қарым – қатынастарды дамыту

Экскурсия


Ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат

Үй жұмыстары

Үйде

Сабақтан тыс жұмыстар


Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы

Сыныптан тыс жұмыстар

Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы

Қоғамдық жұмыстар



Экологияны оқыту формалары: сабақ, экскурсиялар (топсеруендер), үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар (жеке, топпен, көпшілік).

Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс жұмыстары міндетті түрде өткізілуі керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді.

Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:


  1. оқу материалын іріктеу;

  2. әдістерді таңдау;

  3. сабақ құрылымын анықтау;

  4. көрнекі құралдарды дайындау;

  5. жоспар немесе конспект жазу.

Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек және мектеп оқулығын сынмен ұғынуы керек.

Мұғалімнің міндеттері:

I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.

II міндеті – оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта қарау): негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.

Мұғалім осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.

Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді, бірақ білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.

Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.

Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады. Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып саналады.

Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.

Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:



  1. кіріспе

  2. тақырыптың мазмұнын ашатын

  3. қорытынды сабақтар.

Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші сабақта кіріспені өткізіп, ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.

Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.

Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.

Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да, өз күштерімен дайындай алады.

Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер, коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу – тәжірибе участогы болса, жыл сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий, таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б..

Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.

Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.
Экологияны оқытудың ұйымдастыру формалары.

Экологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.

Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.

Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 – 2 сағатқа көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және бағдарлама толық орындалу керек.

Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.

Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.

Экология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау, экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.
Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.

Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.

Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да, өз күштерімен дайындай алады.

Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер, коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу – тәжірибе участогы болса, жыл сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий, таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б..

Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.

Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.



  1. Қазіргі кездегі сабақ құрылымы. Сабақ жоспары. Оқушылардың танымдық қызметін белсенді ету. Проблемалық оқыту. Оқушылар білімін тексеру. Оқушылар жауаптарына қойылатын талаптар. Білімді тексеру әдістері (ауызекі, жазбаша, практикалық, графикалық). Тест алу оқушылар білімі мен біліктілігін бақылаудың тиімді бір тәсілі, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Тестік тапсырмалардың негізгі формалары.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың құрылымы,оның жоспары сабақтың мазмұны мен әдістерімен байланысты.Сабақтың жоспары оның мазмұнының құрылымын анық білдірі керек-негізгі бөлімдерді әдістерді,қажет құралдарды.Оқушыларға арналған сұрақтар құрастырылады,анықтама материал көрсетіледі.

Жаңа тақырыпты сабақтың басында түсіндіру оқушылармен жақсы қабылданады және шаршамай тұрғанда қызығушылықпен қабылданады. Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен салыстыра сұраған дұрыс.

Сабақтың құрылымында материалдың логикалы орналасуының маңызы зор.

1.Сабақтың индуктивті құрылуы нақты білім жинақтауға мүмкіндік береді.Сол білімге сүйеніп оқушылар қорытынды шығаруға үйренеді.

Сабақ дедуктивті құралғанда алдымен мұғалім заңдылықтын анықтамасын береді немесе жалпы пікірді хабарлайды, содан кейін растайтын деректерді қарастырады.

Дедукция



Овал 59

РБлок-схема: узел 65Блок-схема: узел 63астайтын деректер


Индукция мен дедукцияның синтезі



Блок-схема: узел 72
Бір реттегі және қарама-

Овал 79 Қарсы деректерді

салыстыру




Овал 81

Жаңа деректерді

түсіну үшін

Блок-схема: узел 87Блок-схема: узел 86

Блок-схема: узел 90

Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы дегеніміз оқу процесіне оқушылардың барлығын жұмылдыра білу болып табылады.

Оқу тәрбиелік мақсаты мен мазмұны барлық құрылым элементтерін жұмсауды талап ететін сабақтар


  1. Құрамалы сабақтар типіне жатады

Сабақтын бұл типінен басқа:

2.Жаңа оқу материалын хабарлау;

3.Бекіту және білімді пайдалана білу;

4.Пысықтап қорытындылау;

5.Экскурсия сабақтар

6.Лабораториялық сабақтар

7.Оқу-тәжірибе учаскесіндегі сабақтарда болады.

Жаңа оқу материалын хабарлау сабағы мектеп оқушыларының алғашқы меңгеруіне қажетті фактілермен, ұғымдармен, теориялық мәселелермен оқушыларды байытып отыратындығымен сипатталады.




Блок-схема: узел 93 Индукция

Овал 96

Деректер


Экология курсында көбінесе сабақтың индуктивті құрылымы қолданылады

Объекттердің бір бөлігі болған жағдайда сабақты дедуктивті құрауға болады.

Сабақта индуктивті және дедуктивті құрылымды біріктіруге де болады.

Мұғалім сабақ мазмұнында басты сұрақты анықтайды,содан кейін басты сұрақты логикалы байланысқан сұрақтарға бөлшектенеді, алдын ала қорытындыларды жобалайды.

Сабақ басында оқушылардың алдына мәселе қою оқушыларды қызықтырады.

Мәселе дегеніміз шешуді, анықтауды зерттеуді қажет ететін күрделі теориялық немесе тәжірибелік сұрақ.

Мәселе қойып құрастырылған сабақта алдымен қызметі қарастырылады,содан кейін түрі қарастырылады.

Сабақтың негізгі элементтері:

1.Ұйымдастыру бөлімі;

2.Мұғалімнің жаңа сабақ материалын баяндауы;

3.Оқушылардың жаңа білімді ойша қорытындылауы;

4.Оқушылардың жаңа білмді пайдалануы;

5.Оқушылардың жаңа білімді меңгеруін мұғалімнің тексеруі;

6.Үйге тапсырма беру;

Осы құрылым элементтерінің сабақтағы барлығының өзара әрекеттесуі түрліше болады.

Сабақтың құрылымының негізгі үш элементі кез келген сабақта қатаң сақталуы керек, бұлар – сабақ ұйымдастыру,сабақты қорыту және үйге тапсырма беру.

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып,оның тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады.Атап айтқанда:

-дарынды оқушыны дамытады,оқушылар шығармашылығын арттырады;

-оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп,білім сапасын көтереді;

-пәнге деген бейімділігі,қызығушылығы артады;

Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып,жан-жақты талдауға,өз ойын ашық айтуға,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты,білімді оқушылар тәрбиелеуге болады.Ол үшін мұғалім көп ізденіп,көп оқып,ізденіс үстінде болу керек.
Сынып жетекшісінің жұмысы:

Сынақтан өтуші жас маман жетекшісінің жұмысын атқаруға міндетті.

Бұл үшін сынақтан өтуші:


  • Сыныптың құрамын (құжаттарды,ата-аналар құрамын және т.б,)

және оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп,сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастырып,оны өз жетекшісіне ұсынады.

  • Сыныптың құрамын зерттеу негізінде мұғалімдер мен ата-аналардың тарапынан оқушыларға деген бірегей педагогикалық талапты қамтамасыз етеді.

  • Психологиялық және педагогикалық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып балалар ұжымын ұйымдастырады,оқушылардың шығармашылығын,белсенділігін,ынтымақтығын арттырады.

  • Топтардың жиналысына қатысып,сынып жиналыстарын өткізеді

  • Оқушылардың денсаулығын нығайтып және мәдени ой-өрісін кеңейту үшін(театрға,мұражайға,көрмелерге орманға серуендеуге т.б.)іс-шараларын ұйымдастырады.

  • Оқушылардың қоғамға пайдалы еңбегінің(оқушылардың өндірістік бригадалары қызметіне,студенттік құрылыс жұмыстарына қатысуын,аудандық,қалалық көлемдегі іс- шараларға)түрлі нысандарын ұйымдастырады.

  • Оқушылар арасында кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырып,өзі де тікелей қатысады.

  • Оқушылардың ата-аналармен жұмыс жасап олармен байланыста болады,ата аналар жиналысын өткізеді,ата-аналарға арнап педагогикалық тақырыптарда дәрістер оқиды.

6 Дәріс Болашақ педагог-экологты арнайы (ғылыми), психолого-педагогикалық дайындау

Педагогикалық процестің компоненттері және құрылымы
Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта -қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т.Лихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды иедагогикалық ироцестің бөліктеріне жатқызады.

М.А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.


Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықган педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзатгық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтаңда процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.
Педагогикалық процестің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процес бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.
Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындагы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықгалады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан
өсіп түсінуде (Р.Г. Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал – мақсат) ретінде қарастырады.
Алайда мақсат -идеал немесе іс – әрекеттің нәтижесінін өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат- міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
Егер идеал — мақсатқа жету ақыл — ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесін (біртүтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат — міндеттері әрине аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.
Кейбір мақсат-идеал мен мақсат – міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Тағыда, оны субъект – субъектілік қатынастар педагогикалық процестің екі жақтылы болғандықган оқушылармен бірге жасау керек.
Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері тандап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезендегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер байлығына айтылған оқуға (В.И. Ленин) бағытталуы керектігіне сеңдіреді. Маркарян Э.С. өте айқын түрде қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет) адамзат коллективтерінің ұйымшылдығына әкелетін адамдар әрекетін біріктіру мен ұйымдастыру үшін аса маңызы бар болатындығын дәлелдеді. Әрбір адам материалдық, рухани және әлеуметтік реттелуші немесе адамгершілік мәдениеттерді меңгеруі керек.
Әрбір көрсетілген қабаттар өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Материалдық ол мәдениет адамзат жасаған заттар жиынтығы материалдық құндылқтар (машиналар, саймандар, техника әртүрлі міндеттері бар объектілер). Бұл мәдениет қабатымен мұра болмайтын біліктер байланысты адамның бар материалдық құндылықтарды жаңа тәжірибеге енгізуге және жананы жасауға, мүмкіншілігіне себеп болады. Рухани мәдениетті, кейде оны интеллектуалды дейді, адамдардьщ айналада қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортада, ғылымда, өнерде белгіленеген белгілі бір қабылдау мен бейнелеп көрсету деңгейін айтады. Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың қоғамдық өмірлерін ұйымдастыру мен (экономикалық, құқықтық, саяси этикалық және т.б.) байланысты және ол әдетте мұра болмайтын жүріс- тұрыстарының әртүрлі формаларында материаланады. Мәдениеттің әрбір қабаты адамзат белгілі бір іс-әрекетте «орындаған».
Жалпы адамзат мәдениетінің әрбір қабатының ерекшелігі ең алдымен тұлғаның жан – жақты дамуы дәл адамзат мәдениетінің барлық байлығын меңгеруді талап етуін көрсетеді. Екіншіден мәдениет қабатының
әрбіреуі, адамды дайындаудың бір жолын көрсетеді. Үшіншіден әрбір мәдени мұраның мазмұнының ерекшеліктері, тұлғаның жан – жақты дамуы үшін қолдануға болатын, яғни индивидке мәдениет мазмұнын меңгеруге көмектесетін іс-әрекет түрлерін, кұралдарды анықтау қажеттігіне бағыттайды.
Тұлғаның қальштасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс – әрекетті айқындау (затсыздандыру). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс – әрекет тәсілдері арқылы жасалынғанын анықтайды. Ал индивидтің іс – әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру). Іс-әрекет педагогикалық міндеттері шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс – әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым – қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырьшған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс -әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондъгқтан педагогикалық ықпал ету кдлыптасу барысыңдағы тұлғаның ортамен ( тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық , рухани) алдын — ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Тұлға іс – әрекет барысында қалыптасады , іс – әрекет қандай болса тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс – әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс – әрекеттің езі барлық адамның саналы өмір кезендерінде маңызды.
Жоғары айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:
- қаңдайда болмасын біршама аяқталған салыстырмалы мектеп
жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген
педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.)
жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі
құралдарының қарым – қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б
объективтік алғы шарттарын көруге болады;
- кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану
мақсатымен міңдеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың
барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші,
негізгі, өзекті іс – әрекетті анықтауды талап етеді;
Бірақ мұғалім барлық оқушыларды іс-әрекеттерге қосудың барлық мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес сонымен бірге ол оқушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек. Демек, барлық бұрын педагогикалық ықпал ету құралдары туралы айтылғандар педагогикалық процестегі нақтылы жұмыстын формасы, оған қатысушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз болады. Бірақ қалай болса солай еркін, формалды немқұрайлы таңдау жайлы егер бұрынғы бөлшектермен байланысты болмаса (мақсат, міндеттер, мазмұны және іс -әрекеттер түрлері) әдетте айыпталмайды.
Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жқмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс, тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген, міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбегін затын»талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс -әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындауға кажет. Оқушылар үшін таным іс – әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады. Сондықтан, егер формада ( өзара әрекеті ұйымдастыруда) ынтымақтастыктын объективті алғы шарты ішінде болса, онда олар балалардың іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы белгілі бір жеке алынған әрбір оқушыға немесе топқа арналған мұғалім тарапынан немесе коллектив атынан берілген тапсырмаларды орындауда жүзеге асырылады. (Котов В.В., Лийметс Х.И., Дежникова Н.С., Первин И.Б., Хан Н.Н.)
Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығынын бар екендігінің көрсетеді, оны ескерілмейінше педагогикалық пропестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды нақтылы жағдайларды да анықгауды шамалайды. Педагогикалық процестін заңдылықтары қандайда болмасын мұғалімнің жұмысындағы ұқсас жағдайларда байқалатын себеп-салдар детерминдықпен, жалпылықпен сипатталады. Зандылықгар объективті осы процеске қатысушылардан—олардың ұнамды көңіл—күйінің тілектерінен тәуелсіз.
Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігі эмпирикалық жолмен басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері теориялық экспериментальдық жұмыстарды орындау барысыңда анықталды. Егер зандылықтардың мәні жеткілікті дәрежеде терең зерттелген болса онда ол үш себептен ұтымды болды. Анықгалған зандылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылым бөліктердің өзара әрекетін,өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте
түседі. Ең ақырында қандайда болмасын процестің зандылықтарын
тану оны басқару мен мұғалім іс -әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың 20 – шы жылдарында тәрбиенің зандылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Калашников А.Г., Трахтенберг О.В.) Біршама кейін педагогикалық процестің оқудан
тыс уақытындағы (Болдырев. Н.И., Щукина Г.И.; Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.) зандьшықтары зерттелді. XX ғасырдың
соңғы он жылдығыңда пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынбағанымен біртұтас педагогикалық процестін зандылықтарына шолу жасалған (И.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б. Т. Лихачев , В.А. Сластенин).
Педагогикалық процестің зандылықтары «ұстаздар — оқушылар» жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысы (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін заңдылықтар анықталады.
Сондықтанда педагогикалық процестін негізгі мынадай зандылықтары болады:
– оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік
экономикалық қажеттілігіне сай болады;
- педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын
көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары
арқылы талап етіледі;
- педагогикалық процесс екі жақгы процесс, ол ұстаздармен
оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен
байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс -әрекет;
- оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият
ойластырған және ұйымдастырылған іс – әрекетінің нәтижесі;
- педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырлуы
оқушылар коллективі, соньгмен катар жеке оқушьшардың жас
ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;
- педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі,
олардың бір – біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір — біріне
әсері бар;
- педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес ұзақ мерзімге
бағытталған;
- педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің
ортасы мен
өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды
тудырады,соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қальштасады.
Заңцылықгар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процессті негізгі жағдайда заңдар мен зандылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оку-тәрбие жұмысының сапасынан төмендеуіне әкеледі.
Барлық педагогикалық процестің зандары мен заңдылықтарын айқындалғандарын ескере отырып, баланың түлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақгьшы әлеуметтік — экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу кдбілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнін басшылыққа алуға тиісті принциптерінде тұжырымдарға мүмкін болды.
Принциптер мұғалімнің іс- әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
- педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық
бағыттылығы;
- іс – әрекеттің санамен мінез – құлық бірлігін қалыптастыруға
бағыттылығы;
- педагогикалық процестегі іс – әрекеттерді оқушылар тұлғасын
дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
- педагогикалық талап қоюшылықты окушының көзқарасын оны
адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым -қатынасын сыйлаумен
ұйымдастыру;
- оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты
(индивидуалдық) психологиялық физиологиялық жас ерекшелік
пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
- педагогакалық басшылықгы оқушылардың инциативасымен,
қайраткерлігімен ұластыру;
- оқушылардың іс- әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу;
- ұстаздардың, оқушьшар ұжымының және отбасыларының
оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
- әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуыңдағы жаңа құрылымды
үздіксіз бақылау.
Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері озара байланыста болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс- әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Суретте тілдің екі бағыты керсетілген. Сағат тілі бойынша оқушьшардьщ іс-әрекетінің үйымдастьфылуы керсетілген, керісінше бағытта педагогикалық процесте жанылысқан жерін тауып алу үшін қозғалыс.

          1. «Қала және жергілікті жер экологиясы» тарау бойынша өтетін сабақтың жоспары

2-кесте



Модуль құрылысы

Сабақ саны

Сабақ түрі мен мазмұны

Сағат саны

1

Кіріспе

1 – сабақ


Қазақстан қалаларының зиянды заттармен ластануы.

Тірек –сызба, нұсқа




1

2

2

Диалог сабақтар


2,3 – сабақ

«Тапқырлық ойыны»



Қалалардағы ірі өнеркәсіптер, зауыттар мен автокөліктердің көбеюі және адам организміне әсері.

2


4 – сабақ «Сиқырлы сандық»

Сұрақ жауап арқылы топпен жұмыс. Викториналық сұрақтар

1

5 – сабақ

«Мені түсін»





Қалалардағы жер-су көздерінің ластануы. Табиғатты аяла сөзжұмбақ арқылы оқушылардың білімін тексеру.


1

3

Қорытынды

6 –сабақ

Релелік сынақ



Оқушылардың білімін тексеріп, ой-өрісін арттыру.

2

Педагогикалық технологияның ерекшелігі, оның талабы осы мақсатқа жету, оқушының өзі іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып, жүзеге асыруды қарастырады. Оқушылардың оқудағы іс-әрекет арқылы, олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясын тарау бойынша көрсетуге болады (Блумның жүйесі бойынша №3 кесте).

«Қала және жергілікті жер экологиясы» тарауы бойынша оқушылардың алған экологиялық білім қорының жүйесі төмендегідей:

3-кесте



Білу

Осы тарауда қандай проблемалар келтірілген?

Түсіну

Қазақстан қалалардың зиянды заттармен ластануын қалай түсіндіруге болады?

Қолдану

Жергілікті жердің өзіне тән экологиялық проблемасы бар ма?

Талдау

Жер – су көздерінің ластану тобына, ластанудың негізгі себептеріне, негізгі ластану көздерін айқындау.

Жинақтау

«Тапқырлық» және «Сиқырлы сандық» ойын арқылы өз ойын жинақтау.

Бағалау

Қазақстанның дүние жүзілік түсті металдар өндірісіндегі үлесі.

1.Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылап, онда тек оқылатын мазмұнымен көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар оқушы мұғалімнен жұмыс істудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады;

2.Мұғалімнің оқушылармен қарым –қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым – қатынас процесі арқылы жүзеге асады;

3.Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бағалауға үйренеді.



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Негізгі әдебиет


1.1 Қуатбаев А.Т. Жалпы экология. Алматы. 2012ж.

1.2 Джусупова Д.Б. Экологиялық биотехнология. Алматы.2013ж.

1.3 Братков В.В., Геоэкология. Алматы. 2014ж.

1.4 Нұрғызарынов А., Экология және тұрақты даму. Астана. 2014

1.5 Жатканбаев Б. С. Экология негіздері. Алматы. 2010ж.

1.6 Бейсенова Ә. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы. 2004ж.

1.7 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы. Экономика. 2010ж

1.8 Аќбасова А.Ж. Саинова Г.Є. Экология. Алматы. 2003ж.

1.9 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оку –әдістемелік қүрал.

Алматы. Экономика. 2002 ж.

1.10 Жанадилов А.Ю., Мурзалимова А.К. «Экология» курсының авторлық бағдарламасы. Семей. 2013ж.

2 Қосымша әдебиеттер


2.1 В .И.Коробкин, Л.В.Передельский «Экология» Ростов-на Дону, 2001.

2.2 А.М. Никаноров, Т.А.Хоружая . «Экология» .М.,2000.

2.3 Т.К. Сағымбаев . Экология және экономика. Алматы. 2007

2.5 А.А. Горелов. Экология. М., 2000.

2.6 Глухов В.В., Лисочкина Т.В., Некрасова Т.П., Экономические основы

экологии Санкт-Петербург « Специальная литература» 2007.

2.7 Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. Москва. 2003.

2.8 Агроэкология/ Под ред. В.А. Черникова. – М.: Колос, 2000. – 536 с.



2.9 А.А. Горелов. Экология. М., 2000.





жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау