Поәдк №3 Базалық білім


– дәріс: АБАЙ – ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ



жүктеу 0,77 Mb.
бет4/46
Дата14.12.2022
өлшемі0,77 Mb.
#40624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
abaitanu keshen (1)

3 – дәріс: АБАЙ – ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
1. Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі
2. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі
3. Ақынның екі шығармасына «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» ерекше тоқталып мазмұнын ашу
Әдебиеттер:
1. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері: Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 448 б.
2. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. – Алматы: Арыс, 2001. – 134 б.
3. Абай. Өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1976. - 240 б.
4. Әуезов М. Уақыт және әдебиет / Құраст. Ы.Дүйсенбаев. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962. – 428 б.
5. Әуезова Л.М. М.О.Әуезов творчествосында Қазақстан тарихының проблемалары. – Алматы: Мектеп, 1977. - 272 б.
6. Әуезов М. Шығармалар. 12 томдық. – Алматы: Жазушы, 1969. – ХІІ т. - 536 б.
7. Мырзахметов М. Патшалық Россияның ұлт аймақтағы саясаты // Қазақ әдебиеті. - 1990. – №4. - Б.11.
8. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. – Алматы: Ғылым, 1988. - 368 б.
9. Әбетов Ғ. Абай шығармаларында би-болыс, ояз-бастықтардың сатиралық типтері / Абайдың өмірі мен творчествосы. Ред басқ. М.Ақынжанов, З.Ахметов. – Алматы: ҚазССР Ғылым акад., 1954. – 266 б.
10. Абай. Энциклопедия. Ред басқ. Р.Нұрғалиев. – Алматы: Атамұра, 1995. – 88-89 бб.

Ұлы ақын шығармаларында жүйелі түрде өзек болған ел басқару, билік жүргізу, сайлау, съезд, заң, қылмыс, жаза, әділеттілік, пәлеқорлық, парақорлық, арызқойшылық, тағы басқа хақындағы ой -пікірлер шоғыры оның өзіндік құқықтық - саяси көзқарасын, дүниетанымын көкжиегін танытатын күрделі категориялар. Осы категориялар мән мағынасын жете ұғынып, сыр сипатын терең түсіне білгендіктен де оның творчествасында сол заманда ғұмыр кешкен қазақ қауымының тұтас картинасы жасалып, түрлі ел - билеуші топтар мен қоғам мүшелері өкілдерінің қайталанбас бірегей образдары сөзбен суреттеліп, туған әдебиетімізді ой пікір тереңдігі мен көркемдік жағынан жаңа сапалық биікке көтерілді.


Бас билігі түгелдей патша өкіметінің тізгінінде болған қазақ халқының сол кездегі ел басқару жүйесіне наразылық білдірген ақын көзқарасы мына сөзінен айқын байқалады. «... Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» - деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды? Осы қазақ халқының осындай бұзықшылдыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келеді: халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын. Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник пенен военный губернатордың назначениесімен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді».
Ел билеушілерін тағайындау жолымен белгілеуді ұсына отырып, оның сол кезде қолданылып отырған сайлаудан артықшылықтарын нақтылапкөрсетіп береді. Басқару жүйесіне берік орныққан сайлау институтының қазақ қоғамын аздырып, тоздырып отырған басты кесел екенін ақынға тән сезімталдықпен түсінген Абай бұл жүйені өзгертуді армандайды. Бірақ үлкен жүректі парасат иесінің бұл ізгі арманы патша әкімшілігі тарапынан ешқашан қолдау таппасы белгілі жайт еді. Өйткені, патша өкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсатының өзі қазақ халқының елдігін сақтап, ел басқару жүйесін түзеу емес, керісінше, елдікті жойып, жаңа ереже заңдар негізінде патшалық ел басқару жүйесіне сіңістіріп, жоғалтуды көздеген ді. Сондықтан Абайдың ел басқару жүйесі хақында айтылған бағалы ой пікірлерді өз шығармаларында бой көрсеткенімен, іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін емес еді. Мұны терең сезінген ақын жиырма екінші қарасөзінде: «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пенен билік жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ», деп қазақ даласында патша өкіметі қолданып отырған ел басқарудың сатылы сайлау жүйесін ашына сынға алып, құйтырқы саясаттың ішкі мәнін ашып береді.
Осындай арам пиғылды саясаттың құрбаны болып, болыстық, билік лауазымдарда «ойыншық» қызмет атқарған қазақ ел билеушілерінің аянышты халі, күлкілі кейпі Абай шығармаларында аяусыз, өткір сынға алынып, аса шеберлікпен көркем бейнеленді. Атақты «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» сияқты өлеңдерінде осы мерездің күллі табиғаты ашылса, ал қырық бірінші қарасөзінде сол кемшіліктерді түзетудің өзіндік жолын ұсынғандай болады. Өзі армандаған зор өкімет, есепсіз байлықтың қазақ елінде жоқтығына қынжылады.
Ұлы ақынның үстінен жазылған үлкенді - кішілі арыздар кезінде оны талай әуреге салып, жүйкесін жұқартты және белгілі дәрежеде оның творчествосында өзіндік із қалдырды. Әсіресе 1886 – 1899 жылдарда жазған өлеңдері мен қара сөздерінде отаршыл патша өкіметінің ел басқару жүйесі арқылы қазақ халқына дерт болып жабысқан өтірік арыз жазу, жалған донос түсіру сияқты кеселді қылықтар қатты сынға алынған. Осы кеселді қылықтардың туған халқының күнделікті машықты жұмысына айналып, ой санасын жаулап, мінезіне құлқына берік орнығып, шаруасын тоздырып, кісілігін аздырып, береке бірлігін кетіріп, елдігіне мөлшерсіз зиян, зор нұқсан келтіріп отырғаныдығы ақынды қатты мазалады:
«Қазақтың қайсысының бар санасы,
Қылт етерде дап дайын бір жаласы.
Пысықтықтың белгісі арыз беру
Жоқ тұрса бес бересі алты аласы ,- деп арызқойшылық кеселіне күйінеді.
Домалақ арызды белгілі дәрежеде кәсіпке айналдырған сұмпайы жандардың сиықсыз кескін- келбетін, жұтаң ой- сана болмысын:
«Барып келсе Ертістің суын тартып,
Беріп келсе бір арыз бұтып шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп кеуіп қабарып келе жатып», - деп тап басып, шынайы суреттеп береді.
Абай шығармаларында арызқой – пысықтар мен жемтіктес, алаштың қасіретінен өздеріне бақыт іздестірген, «Жабайыны жабайының қолымен жою» қағидасын ұстанған, қазақтарды бірін біріне айдап салып, күнкөріс нәпақа табудың көзіне айналдырған орыс ұлықтары мен делдал болып арызды жазып беруші ұсақ чиновниктердің жұғымсыз іс - әрекеті де жеріне жеткізе сынға алынады:
«Құтырды көпті қойып азғанасы,
Арызшы орыс олардың олжаласы,
Бірде оны жарылқап, бірде мұны
Қуды ұнатты ау Семейдің бұл қаласы» - деп істің түп негізі қайда жатқандығын қандастарының қаперіне салып, бір мезет ескертіп те қояды.
Ұлы ақынның ішкі жан дүниесіне айтарлықтай әсер еткен оқиғалар оның творчествосында да белгілі дәрежеде көрініс тапқанын байқаймыз. Көзі қарақты зерттеушілер, мәселен, Абай биографтарының бірі Ә. Жиреншин Әрхам естеліктеріне сүйене отырып, ақынның «Келдік талай жерге енді» деген өлеңін оған қол жұмасалған 1898 жылғы Мұқыр болыстық сайлауынан кейін жазылған ретінде баяндап түсіндіреді. Бірақ неге екені белгісіз ғалым Абай шығармаларының 1961 жылы өзі құрастырған бір томдық толық жинағында оны ақынның жылғы өлеңдері қатарына қосқан. Реті келіп тұрғанда айту керек, бұл өлең сөз жоқ, не сол қорлық көрген 1898 жылы, не одан кейінгі жылдардың бірінде жазылғандығы ешқандай талас тудырмайды. Өйткені өлеңнен ақын бастан өткерген осы зұлымдық оқиғасының көркем ойдағы шынайы суретін көргендей боламыз. Туған ағасы Тәңірбердінің Оразбаймен ауыз жаласқан екі жүзділігіне күйінген ақын: «Менің жауым бауырымда отыр ғой, бүйткен елде қайтып тұрам, кетем» деп басқа елге кетуге бекінген. Ұлы ақынды бұл бетінен туған туыстары мен елдің өзі сыйлайтын беделді адамдары қайтарған. Сондықтан ұлы ақын:
«... Туған жерді қия алмай,
Тентектікті жеңіп тыя алмай,
Әлі отырмыз ұялмай,
Таба алмадың өңге елді.
Барма топқа шақырмай,
Жат үйінде шатылмай,
Шыдармын ба, япырмай,
Жатуға шықпай үйде енді?» - деп күйініш, ренішін ақылға жеңгізіп, өмір шындығын көркем оймен поэзияға айналдырады.
Ақынның басынан өткерген осы сойқанды оқиғадан кейін жазылған өлеңдерде, әсіресе «Болды да партия», «Сұм сыз болмай ма?», «Ауру жүрек ақырын соғады жай» сияқты өлеңдерінде оның әсер табы анық байқалады, Абай өзі кешкен өмірімен іштей есептесіп, келер ұрпаққа қалдырар өсиетін, жүрегінің арманы мен үмітін мезгегендей күй танытады.



жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау