С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
қорытынды мемлекеттік аттестация үшін
5В020400 - Мәдениеттану мамандығы бойынша
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
|
БЕКІТЕМІН
ОІ бойынша проректор
__________ Пфейфер Н.Э.
«___»_____________201_ж.
|
|
|
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
қорытынды мемлекеттік аттестация үшін
5В020400 - Мәдениеттану мамандығы бойынша
Әдістемелік 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1080 бұйрығына және МББ сәйкес жоғарғы (жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім беру ММБС көрсетілген құзіреттіліктердің негізінде және ҚР МЖМБС 5.03.016 - 2009 «Жоғарғы оқу орынындағы диплом жұмысының орындау ережесі (жоба). Негізгі ереже» әзірленген.
Құрастырушы: ___________ каф. меңг., ф.ғ.к., доцент Ахметова Г.Ғ.
Философия және мәдениеттану кафедрасы
Философия және мәдениеттану кафедрасының отырысында бекітілген, хаттама №__ «___»__________201_ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ Ахметова Г.Г. «____» ________201__ж
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған
« »_______ 20 ж. Хаттама № __
ОӘК төрайымы________________ Ш.Қ.Сулейменова 201__ж «____» ________ КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы _____________А.А. Ақышев 201__ж «____» ________
МАҚҰЛДАНҒАН
ТБ бастығы ______________ П.О. Быков «____» __________20__г.
ОӘБ бастығы ___________ Е.Н. Жұманкулова «____» ________201__ж
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
«_____»______________201_ж. Хаттама №____
1. Қорытынды мемлекеттік аттестациялау мен мемлекеттік емтихандарды өткізудің формалары, мақсаттары мен міндеттері
1.1 Мақсаттары мен міндеттері:
5В020400-Мәдениеттану мамандығының студенттері оқудың теоретикалық курсын тәмамдаған соң, «гуманитарлық білім бакалавры» академиялық дәрежесін және жоғары білім туралы дипломды алу үшін қорытынды аттестациядан өтуге міндетті.
Студенттердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы – ол нәтижесінде білім туралы құжат /диплом/ берілетін, жоғары кәсіби білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпы білім стандартын қалай меңгергендігін байқау үшін өткізілетін үрдіс.
1.2 Емтиханды өткізудің ұйымдастырылуы мен формалары:
Қорытынды мемлекеттік аттестация құрамына мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтихан және диплом жұмысын (жоба) жазу және қорғау кіреді.
Ме0млекеттік емтихан бағдарлама негізінде емтихан билеттері және тесттер құрастырылады.
Кафедра оқытушыларының кестеге мемлекеттік емтихандарға қайталама дәрістер өткізіліп, кеңестер беріледі.
2. Мемлекеттік аттестациялаудың өткізілуі және дайындықтың ұйымдастырылуы
2.1 Емтиханға жіберу тәртібі:
Студенттердің білімін бағалау мен бақылау, қорытынды мемлекеттік аттестациялауға өз мамандығы бойынша студенттер оқу бадарламасының барлық талаптарын орындаған және оқу кезеңінде кредиттердің керекті мөлшерін жинаған студенттер ғана жіберіледі.
2.2 Студент міндетті:
- мемлекеттік емтихандардың кеңестеріне және қайталама дәрістеріне қатысуға;
- мемлекеттік емтиханға және дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша мәселелерді талқылауда белсенділік танытуға;
- дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерін сапалы және уақтылы орындауға;
- белгіленген мерзімдерде ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында дипломдық жұмыстың орындалуы бойынша есеп беруге;
- бітіргелі отырған кафедраның меңгерушісімен бекітілген және ғылыми жетекшімен толтырылған, мерзімдерде ғылыми жетекшіге дипломдық жұмыста қарастырылатын бөлімдерді ұсынуға;
- ГОСО ҚР 5.03.016 – 2009 формасына сәйкес дипломдық жұмысты ресімдеуге. Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмыстарды орындау ережелері.
- дипломдық жұмысты алдын ала қорғаудан өтуге;
- қорғаудан 1 ай бұрынғы мерзімде дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын ұсынуға;
- қорғаудан 10 күн бұрын дипломдық жұмыстың мәтінін рецензент пен ғылыми жетекшіге пікір мен рецензия жазу үшін ұсынуға.
Дипломдық жұмысты рецензиялау рецензия бағытында жүзеге асырылады. Рецензенттер философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі жұмыс орнын және лауазымын көрсете отырып, ұсынған С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ректорының бұйрығымен жалпы тізімде бекітіледі. Рецензиялау сәйкес ғылыми ұйымның немесе білім ұйымының ғылым кандидаты немесе докторы атағы бар маманымен жүзеге асырылады. Рецензия кафедраға дипломдық жұмыс қорғалмай тұрып, 2-3 күн бұрын жеткізіледі.
Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты орындаған студентті және оның ғылыми жетекшісін қорғаудан бір күн бұрынғы мерзімде рецензиямен таныстыруы керек.
Бір рецензентке 5 дипломдық жұмыстан артық жүктелмейді.
2.3 Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының жұмыс кестесі:
Мемлекетік аттестациялық комиссия жыл сайын төраға мен комиссия мүшелері құрамында ұйымдастырылады және күнтізбелік жыл бойы жұмыс істейді. Бір мемлекеттік аттестациялық комиссияның мөлшерлік құрамы төрт адамнан кем болмауы тиіс.
Студенттердің мемлекеттік қорытынды аттестациясы С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің ректорымен бекітілген Мемлекетік аттестациялық комиссияның жұмыс кестесіне сай белгіленген мерзімдерде өткізіледі.
2.4 Мемлекеттік емтиханды өткізу тәртібі және дипломдық жұмысты қорғау:
Философия және мәдениеттану кафедрасының отырысында келесі нормативтер туралы шешім қабылданды: мемлекеттік емтихандағы тестілік тапсырмалардың мөлшері (әр нұсқада) – 30 тапсырма+2 сұрақ емтиханның ауызша бөлімінде. Бір тестілік тапсырманы орындауға берілетін уақыт – 1,5 минут. Ауызша тапсырманың жауабын дайындау уақыты 45 минут.
Мемлекеттік емтиханды тапсырумен дипломдық жұмысты қорғау МАК-ның ашық отырысында оның мүшелерінің жартысынан кем емес құрамы қатысуымен өткізіледі.
МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы тиіс.
Түлектік жұмысын қорғау үшін студент МАК мүшелерінің алдында 15 минуттан аспайтын баяндамамен шығады. Баяндама үшін студентке сөз берер алдында МАК төрағасы дипломдық жұмыстың тақырыбын, автордың тегін, аты-жөнін хабарлауы тиіс. Баяндамадан кейін студент МАК мүшелерінің арнайы бланкте толтырылған сұрақтарына жауап беруі керек. Сұрақтарға жауап беріліп болғаннан кейін МАК хатшысы ғылыми жетекшінің пікірін және түлектік жұмыстың рецензиясын жариялауы тиіс.
3. Мемлекеттік емтихандарды бағалау тәртібі мен түлектік жұмысты қорғау:
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау он бір баллдық межелік бойынша құрылған баллдық-рейтингілік әріптік жүйемен жүзеге асырылады.
Баға балл күйінде (Қ)
|
Әріптік жүедегі баға (Б)
|
Баллдардың сандық эквиваленті (Ц)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға (Т)
|
Емтихан,
диф. сынақ
|
сынақ
|
95 – 100
|
A
|
4
|
Үздік
|
Сынақтан өтті
|
90 – 94
|
A-
|
3,67
|
85 – 89
|
B+
|
3,33
|
Жақсы
|
80 – 84
|
B
|
3,0
|
75 – 79
|
B-
|
2,67
|
70 – 74
|
C+
|
2,33
|
Қанағаттанралық
|
65 – 69
|
C
|
2,0
|
60 – 64
|
C-
|
1,67
|
55 – 59
|
D+
|
1,33
|
50 – 54
|
D
|
1,0
|
0 – 49
|
F
|
0
|
Қанағат емес
|
Сынақтан өткен жоқ
|
Студенттердің бағалары туралы шешім қорытынды мемлекеттік аттестациясымен отырысқа қатысқан мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жабық отырысында ашық дауыс берумен қарапайым көпшілік дауысының басымдылығымен қабылданады. Отырысқа МАК-ның жартысынан кем емес мүшелері қатысуы керек. Дауыстардың тең бөлінуі жағдайында төраға дауысы шешуші болып табылады.
Дипломдық жұмысты қорғау бойынша баға ғылыми жетекшінің пікірі, рецензенттің бағасы және қорғаудың қорытындысы бойынша қойылады. Бұл кезде студенттің теоретикалық, ғылыми және тәжірибелік даярлығының деңгейі назарға алынады.
Қорытынды мемлекеттік аттестацияның әр формасы бойынша баллдық-рейтингілік әріптік жүйемен жеке баға қойылады.
Оқу жоспарына кіретін пәндердің 75 пайызынан кем емес емтихандар мен саралап жіктелген сынақтарды А, А- «үздік» деген бағаға, ал қалған пәндерді В-, В, В+ «жақсы» деген бағаға және мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмысты А, А- «үздік» деген бағаға қорғаған студентерге үздік диплом беріледі.
«Үздік» деген баға өз бетімен шығармашылық ойлаудың эелементтері болғанда, курс құрылымы мен баяндалатын тақырыпты білген кезде және материалды ой елегінен өткізіп, бағдарламалық материалды толығымен меңгеріп, негізгі әдебиеттерді дұрыс қолдана алғанда қойылады.
«Жақсы» деген баға өз бетінше ойлау қабілеті болғанда, материалдың құрылымы мен оны сауатты баяндай алған кезде, бағдарламалық материалды меңгеріп (жауаптардағы болмашы қателіктер кеткен кезде), негізгі әдебиеттерді пайдалана алғанда қойылады.
«Қанағаттанарлық» деген баға репродуктивті ойлау кезінде, курс құрылымын, курстың негізгі түсініктері мен логикасын, мәдениеттің заңдылықтарын нашар білгенде, баяндалатын сұрақтың мағынасын меңгергенде (оқиғалар мен фактілерді білмеу кезінде), негізгі әдебиетті нашар білгенде қойылады.
«Қанағатсыз» деген баға теоретикалық курсты дұрыс баяндай алмағанда, мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіре алмағанда, негізгі әдебиетпен аса таныс болмаған жағдайда қойылады.
Мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері тапсыру/қоғау күні МАК отырысының хаттамасын толтырылғаннан кейін жарияланады.
4. Қайталама аттестацияны өту тәртібі:
Оң баға (көтеру мақсатында) және қанағаттанарлық емес бағаны қайта тапсыру немесе дипломдық жұмысты қайта қорғауға жол берілмейді.
Дипломдық жұмысты қорғау қанағаттанарлық емес болғанда МАК студент сол тақырыпты үш жыл ішінде қайта толықтырып, қорғай ала ма, жоқ әлде бұл студент жаңа дипломдық жұмысты кафедра беретін жаңа тақырып бойынша қорғай ма сол жағын анықтайды.
5. Университтеті бітіргені туралы құжаттарды беру мен ресімдеу тәртібі:
Қорытынды мемлекеттік аттестацияны өткен студенттерге мәдениеттану бакалавры деген академиялық дәреже және білім туралы диплом беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |