Палитралар—спецификалық қызмет атқаруды басқару элементі топтастырылған кішігірім терезе. Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 21. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады. Кез келген палитраны Окно менюіне бару арқылы ашуға болады. Аталған палитра өз тобындағы қалған палитралардың бетіне шығады. Негізгі, көп қолданылатын палитраларға мыналар жатады:
Түс. Түс палитрасы түстерді араластыру мен таңдау үшін қажет. Алдыңғы және артқы пландардың түстері (негізгі және фондық) таңдалады. Палитраның сол жақ бөлігінде түс тандауға арналған 2 тіктөртбұрыш берілген. Үстінгісі бояу түсімен боялған, ал төменгі фон түсімен боялады.
Үлгілер. Үлгілер палитрасы — дайын түстерді қолдану қажеттігі туғанда пайдаланылады. Мұнда қажетті түсті палитрадан тандауға немесе жаңа түс шығаруға болады, ол үшін бірнеше түстің қосындысы керек.
Қабат. Қабат палитрасы қабаттарды қосу, жою, көрсету, жасыру, көшіру, біріктіру, байланыстыру және қабаттардың орналасу ретін ауыстыруға болады. Әр қабаттың өзінің түс араластыру режимі және мөлдірлік деңгейі бар, әр қабатты басқаларын өзгертпей өңдеуге болады. Құрылатын құжат бірінші фон қабатын қабылдайды. Ол ақ, мөлдір, немесе басқа түсті болуы мүмкін қабаттарды құруға, жоюға, біріктіруге, орындардын ауыстыруға болады. Әдетте жаңа бейне құрған кезде оның фоны мөлдір болмайды.
Тарих. Тарих палитрасы көмегімен бейнені өңдеу барысында орындалған бір немесе бірнеше операцияны қайтарып алуға болады. Қылқаламның әрбір жағылуы бөлек операциялар түрінде көрсетіледі. Егер алдыңғы операцияның үстінен шертсек, сол операция орындалғанға дейінгі күйге қайтып келеді. Ағымдағы күйде соңғы орындалған операциялар сақталып отырады. Бірақ операциялар санын арттыруға да болады.
CorelDRAW бағдарламасының интерфейсі қолданушыға жақсы таныс Microsoft Office бағдарламасының негізіндегі стандартты компоненттер негізінде құрылған. Бағдарламаны іске қосқаннан кейін экранның бетіне төмендегі сруте шығады. Ол 2 суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |