|
Өтініш берушінің (Заемшыластың (-тардың)), Кепілгердің, Кепілзат берушінің және жылжымайтын мүліктің ортақ иелерінің жеке басын куәландыратын ЖСН-ы бар құжатының түпнұсқасы және көшірмесі;
|
|
Мекенжай анықтамасы, заемшы кредиттік өтінім берген сәтте оның алынғанына 3 айдан аспауы тиіс;
|
|
Өтініш берушінің (Заемшыластың (-тардың)), Кепілгердің), Кепілзат берушінің неке қию (бұзу) туралы куәлігінің, жұбайының қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
|
|
Өтініш берушінің (Заемшылас(-тар), Кепілгер) жұмыс орнынан ұйымның лауазымды тұлғасының қолы жеке мөрмен куәландырылған, ҚР заңнамасымен көзделген барлық шегерулері көрсетілген оның 6 ретті айдан кем емес кезеңдегі жалақысы туралы анықтама.
Өтініш берушіге (Заемшылас(-тар), Кепілгер) салық жеңілдіктері таратылған жағдайда, жалақы туралы анықтамада Қазақстан Республикасының тиісті заңнама актісіне сілтеме көрсетілуі қажет.
|
|
Кепілзаттық қамтамасыз ету ретінде берілетін жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші және басқа құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі;
|
|
Зейнеткер үшін – зейнеткер куәлігінің көшірмесі
|
|
Жылжымайтын мүлікті бағалағаны үшін бағалаушыға ақы төленгенін растайтын құжатпен заем алуға өтініш берілген күннен 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық емес бұрынғы күндегі жағдай бойынша уәкілетті органның және тәуелсіз бағалау компаниясының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп;
Жылжымайтын мүлікті клиент таңдаған бағалаушылар палаталарының бірінің мүшесі болып табылатын бағалау компаниялары бағалайды. Банк ұсынатын тәуелсіз бағалау компанияларының атауы мен деректемелері Банктің www.hcsbk.kz веб-сайтының «Банк серіктестері» бөлімінде орналастырылған.
|
|
Заем алуға өтініш берілген күннен 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық емес бұрынғы күндегі жағдай бойынша жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары (шектеулері) мен техникалық сипаттамасы туралы анықтама.
|
ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР:
|
Басқа банктен/қаржы ұйымынан алған заем бойынша берешекті сол кепілзатты қоя отырып қайта қаржыландыру кезінде:
|
|
Кепілзат кепілде тұрған басқа банктің/қаржы ұйымының (бұдан әрі – Кепілзат ұстаушы) жылжымайтын мүлікті қайта кепілге қоюға (қайтадан кепілге беруге) және Банк пен Өтініш беруші арасында жасалған жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартын жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге хат-келісімі және жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі уәкілетті органға тиісті хат-келісім беру туралы міндеттемесі;
Кепілзат ұстаушының көрсетілген хат-келісімі филиалдың Кредит комитеті тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларына байланысты туындаған міндеттемелерді өтеуге заем беру туралы оң шешім шығарған соң беріледі.
|
|
Негізгі қарыз сомасы, заем сыйақысы, мерзімі өткен берешектің болмауы көрсетілген басқа екінші деңгейлі банктердегі/басқа қаржы ұйымдарындағы заемдары бойынша Өтініш берушінің міндеттемелері жөніндегі анықтама;
|
|
Өтініш беруші мен Кепілзат ұстаушы арасында жасалған өтем кестесімен банктік заем шартының және шектеулі жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының көшірмесі.
|
Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкердің төлем қабілетін растау кезінде:
|
|
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
немесе
Жеке кәсіпкер ретінде қызметтерді жүзеге асыруды бастағаны туралы ескертуі;
|
|
Соңғы 6 айдағы декларацияланған табыс көрсетілген кәсіпкерлік қызмет патенті;
|
|
Салық органының белгісі бар декларация (911.00 нысан);
|
|
Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есебін бергені туралы хабарлама (растама)
|
|
Салық органынан берешектің жоқтығы туралы анықтама.
|
Жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің төлем қабілетін растау кезінде:
|
|
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
немесе
Жеке кәсіпкер ретінде қызметтерді жүзеге асыруды бастағаны туралы ескертуі;
|
|
Соңғы есептік жылдың соңғы 12 айындағы шағын бизнес субъектілеріне арналған жеңілдетілген декларация (910.00 нысан);
|
|
Салық органынан берешектің жоқтығы туралы анықтама.
|
Жалпы белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, адвокаттардың төлем қабілетін растау кезінде:
|
|
Соңғы есептік жылдың соңғы 12 айындағы салық есебі (200 нысан, 220 немесе 240 нысан);
|
|
Салық органынан берешектің жоқтығы туралы анықтама.
|
Тұрғын үй құрылысына заем рәсімдеу кезінде:
|
|
Жер теліміне құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі;
|
|
Құрылыс жұмыстарын жүргізуге шығыстар сметасы (Банк талап еткен нысанда)
|
Кредит комитетінің оң шешімінен соң
|
|
Кепілзат берушінің жұбайының жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға және соттан тыс/сот арқылы іске асыруға (ТҚЖ кепілге қоюға және оларды акцептісіз түрде алуға) нотариатты куәландырылған өтініші (келісімі) немесе Кепілзат берушінің, сондай-ақ ТҚЖ-сы кепілзат есебінде берілген тұлғаның кепілге берілетін жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтіне (шот ашу және ТҚЖ жинақтау сәтіне) ешкіммен некеде тұрмағандығын немесе жұбайының/зайыбының (бұрынғы жұбайының/зайыбының) неліктен кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікке (ТҚЖ-ға) құқығы жоқ екендігінің түсіндірмесімен нотариатты куәландырылған өтініші (растаушы құжаттарды қоса тіге отырып, мысалы, қайтыс болғаны туралы куәлік, сот шешімі және т.б.) (Банк талап еткен нысанда);
|
|
Заемшы Банк алдындағы міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және соттан тыс/сот арқылы іске асыруға барлық ортақ меншік иелерінің нотариатты куәландырылған өтініші (келісімі) (Банк талап еткен нысанда).
|
|
Кепілге берілетін жылжымайтын мүліктің меншік иелері (ортақ меншік иелері) кәмелетке толмаған тұлғалар болған жағдайда, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға қамқоршы және жанашыр органдардың келісімі.
|
|
Егер заем бойынша кепілге сатып алынатын жылжымайтын мүлік берілсе, онда ол жылжымайтын мүлікке меншік құқығын Өтініш берушінің (Өтініш берушінің жұбайының) атына тіркеу керек және кепілзат мәніне құқық белгілеуші құжаттардың барлығын беру қажет;
|
|
Міндетті сақтандыру шарттарын (полистерін) беру.
Сақтандыру клиенттің таңдаған сақтандыру ұйымдарында Банктің сақтандыру үшін белгіленген талаптарына сай жүзеге асырылады.
|
Кредиттік өтінім беру кезінде Банкке берілетін құжаттар
|
|
Заем алуға өтініш
|
|
Банктік заем алуға сауалнама
|
|
Кредиттік тарих субъектісінің (өтініш берушінің, заемшыластың) өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісімі (Банкте заем алуға өтініш беру кезінде толтырылады);
Кредиттік тарих субъектісінің (өтініш берушінің, заемшыластың) кредиттік есеп алушыға кредиттік есепті беруге келісімі (Банкте заем алуға өтініш беру кезінде толтырылады);
|
|
Заемшының (заемшыластың, кепілгердің) МЗТО-дан зейнетақылық жинақ жағдайы туралы мәліметті алу құқығын Банкке беру туралы өтініші (Банкте заем алуға өтініш беру кезінде толтырылады).
|
Кепілге заңды тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлік берілген жағдайда
|
|
Қол қою үлгілері және мөр бедері (бар болса) бар нотариатты куәландырылған құжат – 2 дана;
|
|
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариатты куәландырылған көшірмесі (түпнұсқаға теңестірілетін, мемлекеттік тіркеуді растайтын электронды құжатты беруге рұқсат етіледі);
|
|
бизнес-сәйкестендіруші нөмірмен құжаттың көшірмесі;
|
|
Жарғының немесе үлгі жарғы негізінде клиент қызметінің дерегін растайтын құжаттың нотариатты куәландырылған көшірмесі;
|
|
жылжымайтын мүлікті кепілге берумен байланысты жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартына, кепіл шартына қол қоюға құқылы тұлғаның (лардың) өкілеттігін растайтын құжаттың (тардың) көшірмесі;
|
|
Ақшамен және (немесе) басқа мүліктермен операциялар жүргізуге заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға құқылы тұлғалардың өкілеттігін растайтын нотариатты куәландырылған құжаттар:
бірінші болып қол қою құқығы бар тұлғалар – тұлғаларды басшы етіп тағайындау туралы қатысушының (лардың) / акционерлердің шешімі; немесе, егер қол қою үлгісі бар құжатта басшы көрсетілмеген болса, - бірінші болып қол қою құқығы берілгендігі нақты көрсетілген,басшының не басқа уәкілетті тұлғалардың қолы қойылған сенімхат; немесе бірінші болып қол қою құқығын бере отырып, тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (клиентің мөрімен куәландырылған) (егер Клиенттің құрылтайшылық құжаттарында ондай тағайындау тәртібі және сенімхатсыз әрекет ету құқығы белгіленген болса);
б) екінші болып қол қою құқығы бар тұлғалар (егер ондай тұлғалар қол қою үлгісі және мөр бедері бар құжатта көрсетілген болса) - екінші болып қол қою құқығын бере отырып, тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
|
|
заңды тұлғаның тұрғылықты мекенжайын (нақты мекенжайын) куәландыратын құжат;
|
|
мемлекеттік лицензияның көшірмесі (клиенттің қызметі Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес лицензияланған болса);
|
|
Заемшы банктік заем шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, жылжымайтын мүлікті кепілге беру және кепілзаттық жылжымайтын мүлікті соттан тыс/сот арқылы іске асыру туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі;
|
Алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары 18 жасқа толған және кредит беру мерзімінің аяқталу сәтіне жасы 65-тен аспайтын тұлғаларға беріледі.
Заемшыларға/заемшыластарға/гаранттарға, сондай-ақ кепілзаттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды Банк менеджерлерінен нақтылап сұрап алу қажет..
АНЫҚТАМА!!!
Кредит комитетінің оң шешімі қолданылатын мерзім – 3 ай.