Пәннің силлабусы Mzhmn 1219 «Маркетинг және менеджмент негіздері»



жүктеу 123,62 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.02.2018
өлшемі123,62 Kb.
#10533


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ 

Жылу энергетика факультеті 

«Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасы 

 

 

 



                                                         БЕКІТЕМІН 

 

ЖЭФ деканы____________М.У. Зияханов 



«____»_______________2016г.  

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Пәннің силлабусы 



  MzhMN 1219 - «Маркетинг және менеджмент негіздері» 

5В073100-ТӘҚ және ҚОҚ мамандығы  



 

 

Курс                                                                             1 



 

  Семестр                                                                       2 

 

  Барлық кредиттер                                                      2  



 

  Студенттердің оқу жұмыстарын  

  есепке  алатын еуропалық жүйе  

  бойынша барлық кредиттер                                      3 

  Жалпы сағат саны                                                      90  

Дәрістер                                                                      15  

Практикалық  сабақтар                                             15  

Студенттердің өзіндік жұмысы                                60  

Соның ішінде cтуденттердің  

оқытушымен өзіндік жұмысы                                  15  

Есептік сызба жұмысы                                              2 

Бақылау түрі: емтихан                                                 

 

 

 



 

Алматы, 2016ж. 

 



Курс бағдарламасы (Syllabus) пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасаған 

аға  оқытушы  Тулегенова С.К 

Оқу  бағдарлама  «Экономика,  өндірісті  ұйымдастыру  және  басқару» 

кафедрасының жиналысында қарастырылған және мақұлданған. 

 Хаттама №10, 20.06.2016ж. 

 

ЭЖҰжБ кафедрасының меңгерушісі                           А. Жакупов 



 

Курс  бағдарламасы  (Syllabus)  Жылу  энергетикасы  факультетінің  оқу-

әдістемелік  комиссиясының  жиналысында  (отырысында)  қарастырылған  және 

бекітілген. 

Хаттама №4, 22.06.2016 жыл. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


1. Оқытушы: 

Тулегенова  Сауле  Куанышевна  –  ЭӨҰжБ  кафедрасының  аға  оқытушысы 

А416-шы кабинет. Тел: 8(727)2253841

 

 



2  Аудиториялық  сабақтарды  жүргізудің  уақыты  мен  орны  оқу 

сабақтарының  кестесінде  көрсетілген,  СОӨЖ  ақыл-кеңес  беру  графигі 

факультетет  деканатының  (В  209)  немесе  ЭӨҰжБ  кафедрасының  (А416) 

хабарландыру тақталарында ілінеді.  

 

3 Оқу пәнінің сипаттамасы  

3.1  Курстың  мақсаты  –теориялық-эдістемелік  түрғысынан,  басқару 

теориясы  мен  тәжірибесінің  қолданылуы  мен  дамуын  нарықтық  қатынастар 

жағдайларыңда  игеру  болып  табылады.  Сонымен  бірге  маркетингтік  элементтер 

және ұстамдарды қолдану бойынша тәжірибелік бейімділікке ие болу. 



 

3.2 Курстың  міндеті - тесттерді, тренингтерді, жаттығуларды, практикалық 

тапсырмаларды,  іскерлік  ойындарды  және  т.б.  орындау  арқылы  студенттердің 

кәсіби білімдерін жетілдіру;  

- маркетинг әдістерін үйрету; 

           - басшының тәжірибелік жұмыс дағдыларын игеру; 

           - шығармашылық белсенділіктерді арттыру; 

           - іскерлік қасиеттерді дамыту. 

 

3.3 Курстың сипаттамасы   

Заманауи    маман,  кез-келген  денгейдегі  басшы,  өндіріс  технологиясын 

игеріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  нақты  экономикалық  жағдайды  дұрыс 

бағалап, тиімді шешім қабылдау үшін белгілі бір деңгейдегі экономикалық білімі 

болуы тиіс. 

Нарықтық  экономикада  барлық  экономикалық  мамандықтарға  осы  пәндi 

зерттеудi қажеттiлiгi ескертетiн менеджменттiң рөлi жоғарылайды. 



 

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің: 

-    маркетингтің теориялық негіздері;  

-  маркетинг элементтері мен принциптері; 

-  басқару еңбегінің мәні; 

-  басқарудың әдістері, қағидалары, қызметтері,  

-  басқару стильдері және кәсіпорын қызметінің жеке сфераларындағы 

басқару ерекшеліктері жөнінде түсініктері болуы; 

 

Пәнін оқу нәтижесінде студент  білуі керек: 

- тауардың бәсекелестігін анықтау белгілерін; 

- баға қоюдың мақсаты мен баға қою сатыларын; 

басқарушылық  процестердің,  негізгі  ұйымдық  құрылымдардың, 



менеджердің атқаратын міндеттері мен жұмыс стилінің табиғатын; 

-  менеджердің  жауапкершілігі  туралы,  басқару  деңгейлері  бойынша 




жауапкершіліктердің бөліну; 

- ұйым ресурстарын тиімді басқара; 

-  ұйым  қызметін  жоспарлау  және  болжау  әдістері  мен  нысандарын  білуі; 

 

Пәнін оқу нәтижесінде студент келесілерді қолдана алу керек: 

-  ұйым  ресурстарын,  яғни  еңбек,  қаражат,  материалдық  және  т.б.  тиімді 

басқару үшін олардың ұйым балансында қанша көлемде бар екендігін және оларға 

деген қажеттіліктің қанша екендігін бағалап, оны талдауға; 

-  ұйым  қызметіне  қойылған  талаптарға  және  болашақта  мүмкін  болатын 

өзгерістерге сүйене отырып дұрыс қорытынды жасап, бірнеше баламалар ішінен 

тиімді шешім қабылдауға; 

-  ұйымда  қарастырылатын  жобаларды  және  оларды  қаржыландырудағы 

инвестиция  көздерін  таңдауды  экономикалық  тұрғыдан  қарастыруға  икемді 

болуы; 


- басқару шешімдерін әзірлеу, талдау және шешу бойынша; 

-  персоналды  және  толығымен  ұйымды  тиімді  басқару  бойынша 

практикалық 

машықтарды 

иемденуі 

қажет. 


 

3.4  Пән  пререквизиттері:  Пәнді  оқу  кезінде  «Экономикалық  теория 

негіздері»  және басқа базалық, профилдік пәндерді білу қажет.   



3.5  Пән  прореквизиттері:  Табиғатты  пайдалану  экономикасы  және 

дипломның жұмысынын экономикалық бөлімі. 

 

4 Пәннің құрылымы және мазмұны 

4.1 Теориялық дайындық  (15 сағат) 

Тақы- 


рып № 

Тақырыбы (модульдер, бөлімдер) 

Пайдаланған 

әдебиет нөмірі 

Маркетинг нарықты басқару жүйесі ретінде. 



Нарықты зерттеу-2 сағат 

Конспект, 

 Ә. 3, 6, 7,10 

Маркетингтің стратегиясы, жоспарлау және 



бақылау-2 сағат 

Конспект, Ә.3, 6,  

7,10 



Кәсіпорынның тауарлық және баға саясаты-2 



сағат 

Конспект, Ә.3, 6,  7, 

10 



Маркетингтік коммуникация-2 сағат 



Конспект, Ә.3, 6, 7, 

10 


Менеджменттің әдістері.  Басқару функциялары-

1 сағат 

Конспект, Ә.1, 2, 4, 

11 



Басқаруды ұйымдастыру-2 сағат 



Конспект,  Ә.1,  2,  8, 

11 


Менеджменттегі шоғырландыру процестері-2 

сағат 

Конспект, Ә.1, 2, 8, 



11 

Билік және серіктестік-2 сағат 



Конспект, Ә. 5, 9, 10 

 

 

 




4.2 

Тәжірибелік дайындық 

4.2.1 Тәжірибелік  сабақтардың тақырыптары (15 сағат) 

 

Тақырып 


                                      Тақырыбы 

Пайдаланған 

әдебиет 


нөмірі 

және бөлімі 

Маркетингтің  және  менеджменттің  мәні  мен 



қағидалары-2 сағат 

Конспект, Ә.3, 6,  

7,10 



Маркетингтік 



зерттеулер: 

қажеттіліктерді 

зерттеу, тауарларды зерттеу, нарықты  зерттеу-2 

сағат 

Конспект, Ә.3, 6,  

7,10 


Тұтыну    нарығы  және  тұтынушылардың  мінез- 

құлқы -2 сағат 

Конспект, Ә.3, 6,  

7, 10 



Маркетингтегі баға саясаты-2 сағат 



Конспект, Ә.3, 6, 

7, 10 


Фирманың  ұйымдастырушылық    құрылымы. 

Ұйымдастырушылық  құрылымдарының  құрылу 

принциптері -1 сағат 

Конспект, Ә.1, 2, 

4, 11 


Менеджменттегі      коммуникациялардың  ролі 

және 

мағынасы. 



Менеджмент 

басқару 


шешімдері-2 сағат 

Конспект,  Ә.1,  2, 

8, 11 



Менеджменттегі мотивация-2 сағат 



Конспект, Ә. 5, 9, 

10 


Даулар.  

Даулы жағдайларды басқару- 2 сағат 

Конспект, Ә. 5, 9, 

10 

 

 

4.3 



Есептік  графикалық  жұмыстар 

 

Оқу  жоспарына  сәйкес  БВ073100-  мамандығының  бакалаврлары  екі 

бөлімнен тұратын бір семестрлік жұмысты орындау керек.  

ЕГЖ – ді орындау үшін әдістемелік нұсқау А 418 компьютерлік сыныбында 

электрондық  түрінде  тік  папкасында  «Әдістемелік  нұсқау»-  «Бакалавиарат»  - 

«Экономика  және  менеджмент»    -  «Маркетинг  және  менеджмент  негіздері»    – 

«ЕГЖ». 

Семестрдін  2  –  ші  аптасынаң  студент  тапсырмаларды  орындауға  кіріседі. 



Оғу кестесі бойынша студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы  консультация 

жүргізіледі. Мұғаліммен бекітілген оқу кестесінде 13 және 14 апталарда  есептеу 

графикалық жұмыстың қорғауы жүгізіледі.   

Есептік сызба жұмысы  екі бөлімнен тұрады. 

Бірінші  бөлімде  бакалаврлар  таңдалып  алынған  өнім  немесе  қызыметтінің 

маркетингі  зерттеуін  жасайды.  Нарық  жағдайында  өнімді  немесе  қызыметті 

нарыққа  шығару құралдары мен әдістерін жасау қажет.  

Екінші  бөлімінде  менеджмент  бойынша  теориялық  тақырыптар  берілген. 




Студент журналдағы реттік нөміріне сәйкес тақырыпты таңдап, орындау керек.  

 

4.4 СӨЖ тақырыптары (60 сағат) 

 

4.4.1  Рынокты  сегменттеу:  түсінігі,  ерекшеліктері.  Әлемдік  ауқымда 



рынокты сегменттеу ерекшеліктері. 

4.4.2  Рынокты  сегменттеудің  негізгі  белгілері:  әлеуметтік-экономикалық, 

мәдени, географиялық, мінез-құлықтық. 

4.4.3  Тауар  белгісі.  Тауар    белгісін  құқықтық  қорғау.  Тауар  белгілерін 

халықаралық  қорғау.  Жалған  өнім  жасаушыларға  қарсы  тұрудың  негізгі 

стратегиялары. 

4.4.4  Шетел  рыногындағы  фирманың  және  оның  өнімнің  бәсекеге 

қабілеттігі. Бәсекеге қабілеттілік критерилер: құрылымдық және функционалдық. 

4.4.5  Сыртқы  рыноктағы  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігі,  оның  ролі  және 

мәні. Тауардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау. 

4.4.6  Әлемдік  баға.  Әлемдік  бағалардың  ерекшеліктері.  Сыртқы  саудалық 

операцияларда 

қолданылатын 

бағалар 


түрлері. 

Демпингтік 

бағалар. 

Антидемпингтік  заңдар.  Трансферттік  бағалар.  Мемлекеттік  реттеудегі  баға 

арналары. 

4.4.7  Халықаралық  жарнама.  Халықаралық  маркетингте  жарнамалық 

саясатқа  әсер  етуші  факторлар:  фирманың  жалпы  мақсаттары,  кәсіпорын  мен 

оның  өнімінің  сипаты,  фирманың  ұйымдастырушылық  құрылымы,  бұқаралық 

ақпарат құралдарына қолжетімділік. 

4.4.8  Қаржы менеджментінің негіздері. 

4.4.9    Ұйымды басқару жүйесінің құрылымы мен мазмұны. 

4.4.10  Жаңа өнімді енгізуді ұйымдастыру, жоспарлау мен басқару, өндіріске 

енгізу. 

4.4.11  Өндірісті дайындаудың автоматтық жобалау жүйесі. 

4.4.12  Тактикалық маркетинг негіздері. 

4.4.13  Ұйымның тауарлары мен қызметтерін тұтынушылар сервисі. 

 

5   Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары 

1.  Тиімді сегментеу шарттары: қолжетерлік, пайдалық және т.б. 

2.  Мақсатты  рынокты  таңдау.  Дифференциалды,  дифференциалданбаған, 

шоғырланған маркетинг стратегиялары  

3.  Тауар саясатын өңдеу: фирма мақсаты, рыноктар және олардың талаптары, 

фирма  ресурстары,  тауар  сипаты.  Тауар  –  мемлекет  кестесі  бойынша 

маркетингтік профильді талдау. 

4.  Халықаралық  маркетингтегі  тауар  өмір  циклі.  Тауар  өмір  циклінің  негізі 

сатылары,  олардың  сипаттамалары  және  халықаралық  маркетингтегі 

ерекшеліктері. Тізбекті, синхронды, авангардты өмір цикл. 

5.  Тауарды  жайғастыру.  Стандартизация  және  бейімделу  саясаты.  Мәжбүрлі 

және  қажетті  бейімделу.  Халықаралық  рыноктарға  арналған  тауар 

стратегиялары. 

6.  Брендинг  және  халықаралық  маркетинг  стратегиясын  жүзеге  асырудағы 




оның ролі. 

7.  Орау  және  таңбалау.  Халықаралық  маркетингте  орау  мен  таңбалауға 

қойылатын талаптар. 

8.  Халықаралық маркетингте тауар штрих кодын қолдану. 

9.  Фирманың 

шетел 


рыногындағы 

бәсекеге 

қабілеттілігі. 

Бәсекеге 

қабілеттіліктің көп бұрыштылығы. Фирманың бәсекеге қабілеттілік радары  

10. 


Халықаралық  маркетингтігі  бәсекелестік  күрес  стратегиялары: 

патиентті,  коммутантті,  эксплерентті,  виолентті.  Бәсекелестік  күрестегі 

стратегиялар түрлері бойынша фирмаларды топтастыру. 

11. Бағалауларға  әсер  ететін  фактолар  мен  түсінік.  Әлемдік  нарықтарда 

бағалардың  көптілігі.  Әлемдік  нарықтағы  бағалардың  деңгей.  Бағалаудың 

стратегиясы.  Халықаралық  бағалау  ауқымындағы  шешім  қабылдауға  әсер 

ететін факторлар 

12. Сыртқы  саудалық  бағаны  есептеу.  Сыртқы  саудалық  бағаларды  есептеудің 

негізгі  кезеңдері.  Сыртқы  саудалық  бағаны  есептеуде  қолданылатын 

түзетулер  түрлері.  «Инкотермс»  жеткізудің  базистік  шарттары  (Е,F,С,D 

топтары) 

13. Өткізу  саясатының  мәні,  мақсаттары.  Тауар  және  қызметтің  халықаралық 

рыногындағы өтімді ынталандыру. 

14. Халықаралық тарату жүйесінің құрылымы.  

15. Негізгі  делдалдардың  түрлері  мен  сипаттамасы.  Тауарларды  делдалдар 

арқылы өткізу: өткізу агенттері, консигнаторлар, дистрибьюторлар. 

16. Делдалдардың  өткізу  рыногында  жұмыс  істеу  шарттары:  сатудың  ерекше 

емес  құқығы,  сатудың  монопольді  құқығы,  сатудың  артықшылықтық 

құқығы. 

17. Делдалдардың  марапаттау  тәсілдері:  жеткізу  және  өткізу  кезендегі  бағалар 

айырмасы  арқылы  марапаттау,  экспортты  бағалардың  пайыздары  түрінде, 

аралас марапаттау. 

18. Фирманың 

халықаралық  коммуникациялық  саясатының  болуының 

артықшылықтары мен мазмұны. Халықаралық маркетингтік коммуникация.  

19. Халықаралық 

жарнамалық  қызметтегі  шектеуліктер:  заңдық  және 

салықтық,  тілдік,  мәдени.  Жарнаманы  стандарттау.  Халықаралық 

жарнаманың бейімделуі. 

20. Халықаралық  коммуникация  саясатындағы  паблик  рилейшнз  (қоғаммен 

байланыс): ерекшеліктері, әдістері  

21. Жеке  сату.  Жеке  сату  түрлері:  творчестволық  сату,  миссионерлік  сату, 

техникалық сату, түпкі тұтынушыға сату 

22. Халықаралық  маркетинг  өтімді  ынталандыру  әдістері.  Сұранысты  құру 

шаралары  мен  негізгі  мақсаттары.  Өтімді  ынталандыру  шаралары.  Өтімді 

ынталандырудың негізі мақсаттары. 

23. Халықаралық жәрмеңкелерді, салондар мен көрмелерді ұйымдамтыру. 

24. Халықаралық маркетинг коммуникациялық саясат стратегиялары. 

25. Басқарудың ғылыми қағидалары. Басқару ғылым және өнер ретінде. 

26. Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы. 

27. Басқарудың мәні мен қағидаларына неғізгі теориялық көзқарастар. 



Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешіліктері. 

28. Тарихи алғышарттар мен менеджмент эволюциясының дамуы. 

 ¥йымдағы басқару процесі. Басқарудың негізгі деңгейлері.  

29. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік. Кәсіпкерлер басқарушы ретінде.  

30. Жетістікке бағытгалған басқару.  

31. Қазіргі заманғы менеджер моделі. 

32. Ішкі айнымалылар: мақсат, құрылым, міндет, технология және адамдар. 

Сыртқы орта туралы түсінік.  

33. Тура әсер ету ортасы: жабдықтаушылар, материалдар, капитал, еңбек 

ресурстары, тұтынушылар, бәсекелестер. 

34. Жанама әсер ету ортасы: экономика жағдайы, элеуметтік-мәдени факторлар, 

саяси факторлар, жергілікті түрғындармен қарым-қатынас. «Технология» 

факторының сыртқы аспектілері. 

35. Кері байланыс. Жеке түлға аралық кедергілер. ¥йымдық кедергілер. 

36. Қүжат айналымын жобалау. 

37.  Коммуникациялық кедергілер мен оларды өту әдістері. 

38.  Белгісіздік жағдайындағы шешім үғымы.  

39.  Шешім салдары: бағалау мен болжау. Баламаларды талдаудың негізгі 

әдістері. 

40.  Күрделілік дәрежесі әртүрлі проблемаларды шешудегі басқару шешімдері. 

Бағдарламалы-мақсаттық және проблемалы-бағытталған басқару. 

41.  Елдің элеуметтік-экономикалық дамуын тездету үшін халық 

шаруашылығының барлық деңгейлеріндегі басқарудың экономикалық 

әдістеріне көшудің маңызы.  

42.  Басқарудың экономикалық әдістерінің жіктемесі.  

43.  Нарықтық қарым-қатынастардың қалышасуы кезеңіндегі басқарудың 

эртүрлі деңгейлеріндегі экономикалық эдістерді қолдану ерекшеліктері. 

44.  Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы элеуметтік факторлар 

ролін арттыру. Қайта құру түжырымдамасындағы адам факторы.  

45.  Шаруашылық қызметтің әлеуметтік бағытын күшейту.  

46.  Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету басқарудың 

шаруашылық механизмінің тиімділігінің жоғаргы критерийі ретінде. 

47.  Үйымдастырушылық-өкімдік әдістердің мәні және олардың сипаттамасы. 

48.  Оперативті басқаруда пайдаланылатын үйымдастырушылық әдістер. 

49.  Өкімшілік ықпал ету, оның басқару жүйесінің әртүрлі деңгейіндегі 

мақсаттары мен жүзеге асыру нысандары.  

50.  Экономиканы басқарудағы құқықтық әдістердің рөлі. Өндірісті 

басқарудағы құқықтық реттеу механизмі. 

51. Функциялардың макродеңгейдегі, микродеңгейдегі (кәсіпорын 

функциялары) жіктелуі, қазіргі кезеқдегі нарықтық функциялар.  

52.  Басқару объектісі мен субъектісінің функциялары. 

53. Тактикалық жоспарлау. Тактикалық жоспарды жасау процедурасы мен 

сипаттамасы.  

54. Бизнес-жоспардың міндеттері мен белімдері. Қызметті тандау, бәсекелестік 

артықшылықтарының түрлері. Өткізу нарығын бағалау.  



55. Нарықты зерттеу процесінің кезеңдері. Маркетинг, өндіріс, қаржы 

жоспарының негізгі элементтері.  

56. Өкілеттілікті бөліп беруді тиімді үйымдастыру. Өкілеттілікті тиімді 

делегирлеуге кедергілер. 

57.  Басқарудың үйымдастырушылық қүрылымының түрлері: сызықтық, 

функциональдық, сызықтық-функциональдық(штабтык), матрицалық, 

жобалық. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. 

58.  Үйымдастырушылық қүрылымға қойылатын негізгі талаптар.  

59. Мотивацияның мазмүндылық теориялары: А. Маслоу бойынша 

қажеттіліктер иерархиясы; Ф.Герцберттің қос факторлы теориясы; Мак 

Клелландтың қажеттіліктер теориясы.  

60.  Мотивацияның процессуалдық теориялары: күту теориясы, әділеттілік 

теориясы.  

61. Стиль, қанағаттанушылық және өнімділік.  

62. Тиімді басшылыққа деген жағдайлық тәсіл.  

63. Фидлердің жағдайлық басшылық моделі. 

 

6  Студенттің жетістіктерін бағалау жайында мәліметтер 

6.1  Бағалау жүйесі 

Сіздің  білім  деңгейіңіз  оқудың  кредиттік  технологиясында  қабылданған   

курс бағдарламасы бойынша қорытынды бағалар шкаласына сәйкес бағаланады (1 

– кесте). 

   

  1 – кесте 



Баға 

Балдың сандық 

эквиваленті 

Пайыздық 

мазмұны 

Бағаның бұрынғы түрі 

А 

4,0 


95-100 

Үздік 


А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

В 

3,0 



80-84 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағат 


С 

2,0 


65-69 

С- 


1,67 

60-64 


 

 

D+ 



1,33 

55-59 


1,0 


50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсызсыз 

 

Рұқсат  рейтингісінің  бағасы  семестр  бойына  жинақталады.  Жұмыстардың 



әр  түрі  100  баллдық  шкаламен  бағаланады  және  2  –  кестеге  сәйкес 

коэфиициенттік  деңгей  рұқсаты  ағымдағы  бақылаудың  орташа  бағасына 

қосылады. 

2 – кесте. Әр жұмыс түрінің маңыздылығы. 




Параметрлер 

Коэффициент салмағы 

Практикалық жұмыстардың 

орындалуы 

0,4 

Есептік  графикалық  жұмыстар 



0,5 

Дәріс сабақтарына қатысуы 

0,1 

Ағымдағы бақылаудың орташа 



бағасы (Ор) 

1,0 


 

Аралық  бақылау  (БР)    семестрде  екі  рет  өткізіледі  (Б1  және  Б2)  және  әр 

қайсысы  оқытушымен  100-баллдық  шкаласымен  бағаланады,  ақпараттық 

жүйемен БР бағасының орташа мәні есептеледі 

Б

ор

=(Б



1

2



)/2 

және 0,2 салмақ коэффициентпен қабылдау бақылауына қосылады: 

БР = 0,2Бор+0,8Ор. 

Пән бойынша қорытынды баға шығарылады 

Қ=0,6БР+0,4Е, 

Е – емтихандық бағасының сандық баламасы. 

 

6.2 Бағалау саясаты 

 

Жоғары  бағалау  балы    жұмысты  сапалы,  біркелкі  орындағанда  қойылады. 

Тест  және  лекцияға  қатынасу,  дұрыс  жауап  беруге  және    дәріске  келмеген 

жағдайларды ескеріліп, бағалау балдары қойылады. 



 

           6.3  Университет    оқушыларының  академиялық    икемділігін 

ұйымдастыру кезіндегі бағаны аудару 

ECTS (Студенттердің оқу жұмыстарын есепке алатын еуропалық жүйе) бойынша, 

ҚР  оқитындардың  оқу  жетістіктерін  балды-рейтингті    әріпті    жүйеге  бағалауға  

аудару және 3 және 4-ші  кестелер бойынша керісінше жасалынады. 

 

Кесте  3  –  ҚР  оқитындардың  оқу  жетістіктерін  балды  –  рейтингті    әріпті  жүйе 



бағалауға аудару тәртібі 

ECTS 

бағалау 

Әріп 

жүйесімен 

бағалау 

Санды 

эквивалент 

балы 

%-дық 

мағынасы 

Дәстүрлі 

баға 

А 

А 

4,0 



100 

Өте жақсы 



В 

В+ 


3,33 

85 


Жақсы 

С 

В 

3,0 



80 

С 

2,0 



65 

Қанағат 


Е 

Д 

1,0 



50 

FX, F 



Қанағатсыз 

 

Кесте 4- балды рейтигті әріп жүйесін бағалауды ECTS-ке бағалауға аудару тәртібі 



Әріп 

Санды 

%-тті 

Дәстүрлі 

ECTS 


жүйесімен 

бағалау 

эквивалент 

балы 

мағынасы 

баға 

бағалау 

А 

4,0 



95-100 

өте жақсы 



А 

А- 


3,67 

90-94 


В+ 

3,33 


85-89 

жақсы 


В 

В 

3,0 



80-84 

С 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

қанағат 


 

С 

2,0 



65-69 

 

қанағат 



 

С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 

қанағат 


Е 



0-49 

қанағатсыз 



FX, F 

         7.  Курс саясаты: 

 



сабаққа  кешікпеу, сабақты жібермеу; 

 



оқытушы жүргізген сабақты ұқыпты тыңдап, белсене қатынасу; 

 



(бір  себептермен)  жіберіп  алған  зертханалық  жұмыстарын  (деканаттың 

рұқсатымен) қайтадан жасау;   

 

курс жұмыстарын, семестр алдындағы аптада ерте қорғауға тапсыру; 



 

ЕСЖ-1 қорғау 8-ші аптада, ал ЕСЖ-2 14-ші аптада өткізіледі. 



 

кітапхана мен үйде сабаққа өз бетінше дайындалу. 



 

          8.  Академиялық этика нормасы: 

 



тәртіптілік; 

 



тәрбиелік; 

 



адалдық; 

 



ақниеттілік; 

 



жауапкершілік; 

 



аудиторияда ұялы телефонды сөндіріп отыру; 

 



Шиеленіскен    жағдайларда  оқу  топтарында    оқытушының,  эдвайзердің 

қатынасуымен  ашық  түрде  талқылау,  егер  мәселе  шешілмесе  деканат 

қызметкерлеріне жеткізу керек. 

 

        9. Ұсынылатын әдебиеттер  тізімі 

 

         Негізгі әдебиеттер: 

 

1.  Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері.-А.,2001 

2.  Балашов А.П. Основы менеджмента.-М.: «Вузовский учебник»,2011 

3.  Котлер Ф. Маркетинг негіздері.-А.,2000 

4.  Валиева Г.Б. Менеджмент в энергетике.-А.,2006 

5.  Жакенова Б.К. Менеджмент негіздері.-Астана,2007 

6.  Есімжанова С.Р. Маркетинг.-А.,2005 

7.  Основы маркетинга/под ред.С.Р.Есимжанова.-А.,1997 




8.  Бельгибаев А.К. Менеджмент.-А.,2005 

9.  Бердалиев К. Менеджмент.-А.,2005 

10. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент.-СПб.,2003,2007 

11. Экономика  и  управление  в  энергетике.  Учебное  пособие.  Под  ред. 

Кожевникова, М., 2003 

          

Қосымша әдебиеттер: 

 

12. Маркетинг/под ред. Н.Д.Эриашвили.-М.,2000,2003 

13. Маркетинг/под ред. Э.А.Уткин.-М.,1998 

14. Маркетинг/под ред.Р.Б.Ноздрева и др.-М.,2004 

15. Маркетинг: общий курс/под ред.И.Я.Калюжнова.-М.,2007 

16. Маркетинг: практикум по маркетингу,учебно-методический комплекс по 

маркетингу-под ред.Р.Б.Ноздрева.-М.,2003 

17. Маркова В.Д. Стратегический менеджмент. Курс лекций.-М.,1999,2001 

18. Маркова В.Д. Стратегический менеджмент.-М.,2006 

19. Медынский В.Г. Инновационный менеджмент.-М.,2005 

20. Балдин К.В. Управленческие решения: теория и технология принятия.-

М.,2004 


21. Белинский В.И. Экономика и деньги в руках менеджера.-А.,2002 

22. Бланк И.А. Основы финансового менеджмента Т.2.-Киев,2000 

23. Боумэн К. Основы стратегического менеджмента.-М.,1997 

24. Брэддик У. Менеджмент в организации.-М.,1997 

25. Біралиева Н.Б. Ақпараттық менеджмент негіздері.-А.,2000 

26. Вачугов Д.Д. Практикум по менеджменту: деловые игры.-М.,1998,2001 

27. Веснин В.Р. Основы менеджмента.-М.,1997,1999 

28. Жұмамбаев С.К. Өндірістік менеджмент.-А.: «Дәуір» ,2011 

29. Окороков  В.  Р.  и  др.  Основы  управления  энергетическим  производством. 

М., Высшая школа, 1987 



         

  Кафедра материалдары: 

 

30. Жакупов  А.А.,  Бертисбаев  Н.Б.,  Доронин  А.В.  Исследование  рынка 

электроэнергетики Казахстана. Алматы, 2005  

31. Дукенбаев  К.,  Нурекен  Е.  Энергетика  Казахстана.  Технический  аспект. 

Алматы, 2001 

32. Дукенбаев  К.  Энергетика  Казахстана  и  пути  ее  интеграции  в  мировую 

экономику. Алматы, 1996 

 

 



жүктеу 123,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау