Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Лекция №12 Тақырыбы: Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі



жүктеу 0,83 Mb.
бет4/5
Дата14.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#20193
1   2   3   4   5

Лекция №12

Тақырыбы: Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі

Мақсаты: Адаптациялардың туындауы, эволюциялық теория мен адаптациялардың зерттемелері туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Адаптациялардың туындауы- сұрыпталу әрекетінің нәтижесі. Адаптациялардың молекулалық, клеткалқ, организмдік және басқа деңгейлердегі мысалдары. Экожүелердегі коадаптациялардың мысалдары. Адаптациялардың жүйелері., олардың туындауылардың тетіктері. Адаптациялардың салыстырымды сипаты.

  2. Эволюциялық теориямен адаптациялардың туындауының зерттелімді мәселелерін шешудің методологиялық маңызы. Органикалық мақсаттылықтың зерттелімді мәселелері төңірегіндегі идеологиялық талас-тартыс.

Адаптация деп ағзалардың ( популяция мен түрдің) нақтылы орта жағдайларында тіршілік етіп ұрпақ қалдыруын қамтамассыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуын айтады. Адаптация организмдердің өмірсүргіштігімен, бәсекелестігімен, фертильнистігімен сипатталады.

Өмірсүргіштік . Мысалы:бұл организмнің өзіне қолайсыз ортада да жаксы көбейе алуы.

Бәсекелестік-организмдердің әртүрлі ортада өзінің тіршілігін сақтап қалу қабілеті.

Фертильность-особтардың көбейе алуы және түрлердің сақталу қабілеті.Осы үш компанет те адаптацияның тарихи реакциялық нормасының,яғни эволюцияның нәтижесі болып табылады. Сонымен кез-келген адаптация-ол эволюция нәтижесі болып табылады.



Адаптацияның қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергіштік пен сұрыптауға тікелей байланысты.Өйткені,тұқым қуалайтын өзгергіштік адаптацияға элементарлық эволюциялық материал болса,сұрыпталу -эволюциялық жағдай болып табылады.

Кез келген популяциядағы немесе биогеценоздағы қандай да бір жағымды фенотиптік өзгерісті адаптация деп қарауға болмайды. Популяция дараларында сол ортаға сәйкес арнайы белгі қалыптасқанда ғана адаптация жөнінде айтуға болады. Құстардың ұшуға ,балықтардың жүзуге ыңғайлы келуі,ал топырақ астында тіршілік ететін жануарлардың сезім мүшелерінің нашар жетілуі,күрек тістерінің және алдыңғы аяқтарының қуатты болуы-адаптациның мысалдары.

Өсімдіктердің қуаңшылыққа немесе ылғалы мол жерлерге бейімделуі , сол сияқты айқас тозаңданатын өсімдіктердің жел немесе бунақденелер арқылы тозаңдануға бейімделуі.Ағзалардың көбею қарқындылығының түрліше болуы сол түрдің немесе популяцияның өзін-өзі сақтап қалуға бейімділігі деп түсіну қажет.Оны мына мысалдан байқаймыз.Көбейіп ,даму барысында ұрпақтарының қырылып қалу мүмкіндігі жоғары даралар уылдырығы мен жұмыртқаларын,тұқымдарға көп салады.Адам ішегінде паразиттік тіршілік ететін цепендердің жетілген әр бөлігінде 175 мың жұмыртқа болса,ал аскариданың аналығы үшкірқұрт тәулігіне 240 мың жұмыртқа салады,ал треска балығы 4 млн-ға жуық уылдырық шашып,бір көкнәр өсімдігін 32мыңдай тұқым түзіледі.Керісінше,ұрпағына қамқорлық жасайтын түйсікті сезімі бар омыртқалы жануарларда тұқым саны айтарлықтай аз болады.Кейбір құстар аз жұмыртқа салып,оны аталығы мен аналығы кезек-кезек басып шығарады.Сүтқоректілердің барлығы баласына қамқорлық жасайды.

Адаптация түрлері.



Морфологиялық адаптация. Көпшілік бұл адаптация

түрлері,организмнің үстіңгі бетінде жатады.Соның әсерінен организмдердегі адаптацияны зерттеу басталды.



Бүркеніш рең. Адаптацияның бұл түрі ашық жерлерде тіршілік ететін ағзалардың жауынан қорғану белгісі.Көптеген көбелектер мен басқа да бунақденелердің қанаттарының,денесінің түрлі-түсті болуына сәйкес өсімдіктер арасынан ажырату қиын.Кейбір қоңыздар,шегіртке және жұлдызқұрттар жасыл ренді болады.Ұясын ашық жерлерге салатын құр,шіл сияқты құстардың ұясында отырған аналығын бірден аңғару мүмкін емес. Орманды, далалы жерлерде тіршілік ететін жануарлар әртүрлі жолақта ,теңбілді белгілерімен ерекшеленеді.Мысалы, зебр, жираф, жолбарыс ,жыланның түстері мекне ортасындағы жарық пен көлеңке дақтарының тез алмасып отыруына сәйкес келеді. Мұндай бүркеніш реңнің қалыптасуы-эволюциялық элементарлық жағдайлар әрекетінің нәтижесі деп қарау керек.

Жасырушы рең - жануарлардың дене пішіні мен реңі тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуі. Мысалы, тропиктік орманда тіршілік ететін жыландрды ондағы лианалардан ажырату мүмкін емес.Судағы қалың балдырлар арасынан теңіз атбасы мен инебалықты ажырату да оңайға соқпайды. Ағаш діңінде кездесетін қоңыздар , өрмекшілер, көбелектер қыналырға өте ұқсас болғандықтан байқалмайды.

Мүр көбелегінің жұлдызқұртты бұтаққа ұқсайды.Бразилияда тіршілік ететін жапырақ-балық-өлі жапыраққа ұқсас ,тек айырмасы ол реңін өзгерте алады. Каллима туысына жататын көбелектің қанаттарының пішіні мен жүйкеленуі жапыраққа өте ұқсас болады.



Сақтандырушы рең-көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі.Улы жылан,сона мен аралар әр түрлі жолақта ашық реңіне байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі.Бұлардың қанында улы немесе жағымсыз иісті зат болғандықтан ,жаулары жемейді. Мысалы, бұзаубастың үстіңгі қанаты жасырушы реңді ,астыңғы қанаттары сақтандырушы реңді болады.Қауіп төнген кезде алдыңғы қанаттарын көтеріп жіберіп, оның астындағы ашық түсті сақтандырушы реңі бар қанаттарын жайып ,жауын үркітіп жібереді.

Морфологиялық адаптацияның ең маңызды типі ол қорғаныш рең (мимикария)-қауіпсіз ,жәндіктердің пішіні,реңі ,мінез-қылығы тұрғысынан улы,шағатын қауіпті жіндіктерге ұқсастығы. Мысалы,улы жыландарға ұқсауы. Бейімділітің бұл түрі қорғана алмайтын ір түрге жататын дараларда біркелкі мутациялар олардың тірі қалуына мүмкіндік беретін белгі деп түсіндіріледі.Өсімдіктердің де дәл осындай алуан түрлі бейімдеушілік белгілерін атауға болады.



Физиологиялық адаптация. Бұл адаптация екі топқа бөлінеді:Статистикалық және Динамикалық .

Статистикалық адаптацияға физиологиялық белгілер жатады.Мысалы: дене температурасының тұрақты сақталуы ,қандағы тұздың ,қанттың концетрациясы, т.б.

Динамикалық адаптация-ол организм өміріндегі тұздардың, температураның тұрақталуы.

Статистикалық адаптацияның қызметі -физиологиялық константың сақталуы,ал Динамикалық адаптацияның қызметі заттардың өзгеру процессі,яғни зиянды факторлердің әсерін азайту болып табылады.Мысалы : организмдегі тұздар концентрациясының артуы-клеткадағы және тканьдердегі процестерді нашарлатады.



Биохимиялық адаптация. Ол көп түрлі. Барлық биохимиялық процестерді қамтиды. Бұған клеткадағы белоктардың синтезделуі,тағамдағы ферменттердің әсерінен белоктардың ыдырауы,тыныс алу мен фотосинтез процесі кезіндегі глюкозаның синтезделуі т.б жатады.

Биохимиялық адаптация көбінесе ішкі факторларға байланысты.Мысалы: көптеген топырақтағы омыртқазыздардың,рептилиалардың және сүтқоректілерде аммиак организмнен несеп қышқылы түрінде шығарылады.

Бейімдеушіліктің салыстырмалы сипаты.

Табиғатта тіршілік жағдайларына абсолютті бейімделген формалар жоқ.Ағзаның тірі қалуына кез келген бейімделу тек арнайы орта жағдайларына ғана жәрдемдесе алады. Бірақ соның өзінде де ол салыстырмалы сипатта болады.

Егер тіршілік жағдайлары өзгерсе,бейімділік белгілері пайдасыз болып қалады. Мысалы: Тасбақаның сауыты оны жауларынан жақсы қорғай алады.Бірақ жыртқыш құстар тасбақаны өте биікке көтеріп, жерге тастап жібереді де, быт-шыт болып сынған сауыт ішінен босаған денені алып жейді.

Ақ құр қыстың ашық күндері қар бетіне түскен өз көлеңкесімен көрініп қалады. Жыртқыш балықтардың қашып ,су бетіне шоршып шыққан ұшқыш балықты ауада альбатрос қағып алып жеп қояды.

Кірпінің инелері оны жауларынан жақсы қорғағанымен,үкі кірпі денесін бірнешеге бөліп,әр бөлікті инесімен қоса жеп қояды.

Бейімділіктің салыстырмалы сипатта болуына,жануарлардағы көптеген рудименттер мен атавизм белгілері дәлел бола алады. Мысалы: кейбір құстардың қанаты рудимент түрінде сақталып,ұшу қызметін атқармайды, жылқының қоламса сүйегінің болуы, құрлыққа бейімделген тау қазының саусақтарының арасында жарғақтың болуы, маймылдар мен адамда үшінші қабақтың сақталуы, т.б. Адаптацияның салыстырмалы сипатын, органикалық дүниенің жойылып біткен формалары да айқын дәлелдейді.



Этологиялық адаптация.

Этология түсінігі әртүрлі мінез-құлық жиынтықтан тұрады.Көбінесе тіршілігін сақтап қалу ірекетіне бағытталған.Адаптациялық мінез-құлығы онтогенезде байқалады.Мысалы: қоректі жинау,табиғаттың қолайсыз жағдайларынан қорғаныста болу,жыртқыштардан қашу,өзіне жұп табу ,ұрпағына қамқорлық және т.б.



Түрлік адаптация.

Адаптацияға конгруэнция,мутация,полиморфизм сияқты түрлері жатады.

Конгруэнция-бұл морфо-физиканың үлкен тобы.Особтардың қызметін көбеюін ,тіршілігін жалпы сипаттайды.Конгруэнцияның басым көпшілігі көбеюмен байланысты.Мысалы:аналық пен аталықтың бір-біріне сәйкес келуі,яғни бір-біріне белгі жіберуі.Олар белгілер бірнеше түрде болады.Мысалы:сезгіштік,дыбыстық,бақылағыштық.

Бақылығыштық тітіркенгіштігі құстарда,өрмекшілерде байқалады.Олар денелерінің түсіне қарп өздерінің жұптарын,мінез-құлығын ,қозғалысын,бір-бірін табу үшін бір-бірін ажырату үшін өте қажет.Көбінесе шағылысу кезінде.Мысалы:тюленнің аталығында шағылысар алдында мұрнының үстінде мөшек тәрізді қап пайда болады.Ол оның шағылысуға дайын екндігін білдіретін белгі.

Дыбыстық тітіркендіргіш жануарларда өте маңызды орын алады.Мысалы:өарапайым сверчоктың аналығы өзінің аталығына жақындау үшін дыбыс шығарады.

Сезгіштік тітіркендіргіші көбінесе иіс шығару арқылы болады.Мысалы:қарапайым көбелекті алсақ ,көбелектің аналығы арнайы иіс шығарып,өзіне аталық түрлердің көңілін аудартады.Сондықтан ол өте маңызды.

Репродуктивті кооперация.

Репродуктивті кооперация организмнің сәтті ,нәтижелі дамып көбеюіне ықпал ететін тип болып табылады.Көбінесе особтардың жұпталып,жиналып өздеріне жұп табуы.Топтасып жүріп оларға ұрпақтарын сақтаудың ең тиімді жолы болып табылады.

Трофикалық кооперация-бұл организмдердің топтасып жүріп өзінің қорегін табу жолының тиімділігін көрсетеді.Бұл тип жоғары сатыдағы жануарларда жақсы дамыған.Мысалы:жыртқыштардың бірігіп тамақ табуы.

Конституциялық кооперация-организмдердің қолайсыз климаттық жағдайларындада өмір сүре алуы.Мысалы:пингвиндардың ең суық кездерде топтасып жүруі.

Түрішілік полиморфизм -өздерінің қоршаған ортасына қолайлы жағдай жпсай отырып өмір сүруі.Полиморфизм құрамы генетикалық ерекшелік,модификациялық өзгергіштік ерекшеліктері болуы мүмкін.Бірақ екеуінің де нәтижесінде сұрыпталып жақсысы түрлі ортаға бейәмделген түрлері қалады.Түрішілік полиморфизм морфологиялық,физиологиялық,биохимиялық болып бөлінеді.

Морфологиялық полиморфизм айқын көрінеді.Мысалы:көптеген балықтардың қарапайым аталықтарының арасында ергежейлі атлықтардың кездесуі.

Физикалық полиморфизм-морфологиялықпен тығыз байланысты.Мысалы :Европада кездесетін ұлудың бақалшығында полиморфизм көрінеді.Ол жауларынан қорғану қызметін атқарады.

Биохимиялық полиморфизм көбінесе өсімдіктерде байқалады.Мысалы кукуруз,бидай,т.б.Ал адамда белоктардың полиморфизмі инфекциялық аурулардан қорғаудың басты қоры болып есептеледі.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986



Лекция №13

Тақырыбы: Түр және түртүзіліс.

Мақсаты: Түр, түр критерийлары, түр түзіліс туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

1. Түр туралы ой жүйелерінің дамуы

2. Түр түзілісі – микроэволюцияның нәтижесі

3. Қазіргі кездегі түр критерийлері

Түр туралы ой жүйелерінің дамуы

Популяцияда жүретін микроэволюциялық процестердің нәтижесінде жаңа түрлер пайда болуы мүмкін. Жаңа түрлердің пайда болуы жер бетіндегі тірі ағзалар зволюциясының маңызды сатыларының бірі болып табылады.

Түрді басында популяция мен оның ішіндегі топтардың күрделі жүйесі деп түсінеді. Түр ішіндегі әр түрлі популяцияларда генетикалық ақпараттардың алмасуы жүреді. Осыған байланысты түр дегеніміз – бір – бірімен еркін шағылысып, артынан ұрпақ қалдыра алатын, морфологиялық және анатомиялық белгілері ұқсас дарақтар тобы.

Органикалық табиғат түрлер деп аталатын өзінің әр алуан құлпырған формаларымен біздің көз алдымызда жайдары көрініс беріп тұрады. Осы көп түрлілік жайында мынадай кейбір цифрлар түсінік береді. Палеонтологтардың есебінше жойылып кеткен өсімдіктердің түрлері 250 мыңға, ал жануарлардың түрі 7 миллионға жетеді. Осы фактының өзі – ақ тірі формалардың алуан түрлілігі ұзаққа созылған тарихи даму процесінің нәтижесі деген пікір туғызады.

Ғылыми әдебиетте 250 жылдан бері органикалық формаларға түр деген термин қолданылып келеді. XVII және XVIII ғасырлардың аралығында бұл терминді Джон Рей (1686 – 1704) өзінің «Historia plantarum» атты негізгі еңбегінде қолданды. К. Линней есімімен байланысты бинарлы номенклатура қалыптасуымен бұл термин түпкілікті бекіді; онда Линней түрлерді құдай жаратқан деген ұғымда болады. Линнейше, бұл формалар өсіп – өну заңы бойынша, әрқашан өзі тәріздес ұрпақ беріп көбейіп отырады. Демек, түрлердің табиғаты өзгерген жоқ және өзгермей келеді. Сөйтіп, Линней және одан кейінгі басқа креационистер түрлерді реалды тіршілік етуші тұрақты формалар деп таныды.

Ж. Б. Ламарк та өзінің ғылыми қызметінің бастапқы кезеңдерінде осыған жуық көзқараста болды. Ол, 1786 жылғы француздың методикалық энциклопидиясындағы «Түр» деген арнаулы мақаласында жануарлардың да, өсімдіктердің де түрі өз ара ұқсас особьтардың жиындығынан тұрады, бұлар өсіп – өнгенде де сондай болып қалып отырады деп жазды. Бірақ одан былай эволюциялық идеяны қалыптастыру арқылы Ламарк түр реалды емес деген қорытындыға келді. Ол «Зоология философиясында» түрдің реалдылығы жайындағы көзқарасты сынайды. Оның жаңа көзқарасы түр деген ұғымның өзінде өзгермейтін деген құпия ұғым жатыр деп қарайды. Жануарлар мен өсімдіктерді классификациялауымыз әрқашан жасанды бейнеде, оны адам табиғатқа енгізіп отыр. Шындығында, табиғат өзінің туындыларында тұрақты кластарды да, тұқымдастарды да, туыстарды да, түрлерді де жасаған емес. Табиғат тек особьтарды ғана жаратты, бұлар өзі шыққан особьтармен біршама ұқсас болып келеді. Мұндағы Ламарктың негізгі қатесі, ол түрлер тұрақты емес деп танумен қатар, тарихи даму процесінің белгілі бір кезеңінде түрлердің шын мәнінде болатынын да мойындамайды, бұл екеуін бір мағынада деп санайды.

Дарвиннің «Түрлер тегі» деген еңбегінде түр туралы берген ұғымында жоғарыдағы аталған концепцияға формальды ұқсастық бар. «Түр деген бір – біріне ұқсастығы мол особьтар тобын белгілеуге қолайлы болғандықтан әшейін ойдан алына салған атау деп санаймын, ал мұнда өзінің белгілері едәуір толқымалы және айырмашылығы ондай көп емес формаларды белгілейтін түрше деген терминнен елеулі айырма жоқ. Түрше деген терминде жай жеке айырмашылықтары салыстыруда қолайлы болғандықтан қолданылады».

Дарвин ілімінің осы жағын одан былай К. А. Тимирязов «Биологиядағы тарихи әдіс» атты еңбегінде дамытты. Ондағы Тимирязовтің негізгі пікірі мынадай. Біз органикалық дүниені белгілі қашықтықтан қарасақ, ол бізге органикалық формалардың тізбегі бейнесінде көрінеді. Ал, біз жақындап келіп қарасақ, бұл тұтас тізбек емес екендігін, тек тізбек бейнелес орналасып жатқанын, бір – бірімен жіктесіп бекімеген буындардан тұрғанын көреміз. Органикалық тізбектің осы бөлек – бөлек буындары дегеніміз түрлер. Түрлер - бір - біріне тікелей жанаспайтын формалар, ал бұл классификация құруда біздің сүйенетін фактымыз.

Түрлер тарихи даму процесінде пайда болып отыратын, тірі материяның реалды өмір сүруші формалары деген осы көзқарасты қазіргі кезде көпшілік қабылдап отыр. Түр тірі табиғаттың организмнен жоғары өмір сүру формасы. Түрлер сыртқы белгілерімен ішкі құрылысы өздерінің тіршілік ету бағыты жөнінен, демек, ортамен зат алмасу сипаты жөнінен түрлердің бір – бірінен елеулі айырмашылықтары бар. Әр түрдің өзіне тән ареалы болады, онда ол өзінің экологиялық ерекшеліктеріне лайықты орындарды иемденеді. Түр тірі материяның дамуындағы белгілі бір буыны (кезең), ол табиғи сұрыптау процесінде иеленген оқшаулайтын механизмдері болуының нәтижесінде басқа түрлерден едәуір бөлек оқшау тұрады. Табиғаттағы түр ортақ негізден тараған ұрпақтардың жиындығы. Түр ішіндегі особьтардың араларындағы қарым – қатынас күрделі сипатта, әрбір түрге тән оның өзінше ерекшеліктері бар.

Түр түзілісі – микроэволюцияның нәтижесі.

Түр ішіндегі барлық популяцилар құрамы бойынша гетерогенді, бір – бірінен құрамында әр түрлі генотиптердің болуына байланысты және концентрациясы бойынша ажыратылады. Кез келген популюция барлық элементарлық эволюциялық факторлардың қысымына ұшырайды. Әртүрлі элементарлы эволюциялық факторлардың популяцияға әсер етуі нәтижесінде элементарлы эволюциялық құбылыстар пайда болуы мүмкін, яғни популяцияда генотиптердің тұрақты құрамының өзгеруі. Кейбір пайда болған элементарлық эволюциялық құбылыстар кейіннен тереңдеп дамуы мүмкін. Оқшалану қатты байқалатын аймақтарда популяцияда мұндай элементарлық эволюциялық құбылыстар көп шоғырлануы және де туындайтын ерекшеліктердің саны артады. Популяцияда мұндай ерекшеліктердің туындауы соңында түр ішіндегі форма – түр астының түзілуіне себеп болады.



Түр асты – бұл белгілі бір түрдің популяциясының тобы, ол түр ішіндегі басқа популяция топтарынан айқын ажыратылады.

Үлкен шағалалардың түр асты тізбегіндегі түр түзіліс. Балтық теңізінің жағалауы мен теңізде бір – бірімен еркін шағыспайтын ірі шағалалардың екі түрі кездеседі – серебристая чайка және клуша. Бұл екі түр бір бірімен бір жағынан Солтүстік Еуразия, екінші жағыннан Гренландия мен Солтүстік Американы алып жатқан тұтас тізбек арқылы қосылады. Аталған екі түрдің пайда болу тарихына келетін болсақ, бірнеше жылдар бұрын Беринг бұғазының аймақтарында осы шағалалардың ата – тектік формалары мекендеген. Келесі жүз жылдықтарда бұл шағалалар, не теңіз жағалауымен, не ірі ішкі континенталдық су қоймаларымен биологиялық байланыста болғандықтан үздіксіз тізбек түзе отырып, Батыс және Шығыс аймақтарға тарала бастаған. Көршілес түр астылардың барлық особьтары табиғатта бір – бірімен еркін шағылысып ұрпақ береді. Солтүстік және Балтық теңіздер аймақтарында батыс және шығыс түр асты тізбектерінің кездесуі жүзеге асты. Жеке түр асты ерекшеліктерінің микроэволюция процестерінің нәтижесінде шоғырлануы биологияда жаңа екі түрдің пайда болуына себеп болды



Түрдің қазіргі кездегі критерийлері.

Түр систематикадағы негізгі таксономиялық бірлік (единица) болып саналады. Осыған байланысты жануарлар мен өсімдіктердің кез келген топтарын классификациялауда биологтардың қолданатын түр критерийлерін дәлдеу қажет болады. Түрдің критерийлері жайындағы мәселе жаңа мәселе емес. Әйгілі систематик – энтомолог А. П. Семенов – Тянь – Шаньскийдің 1910жылы жариаланған «Түрдің таксономиялық бірліктерді дәл категориялау тәжірибесі» атты еңбегінде бұл жөнінде толық талқыланған. Кейінірек академик В. Л. Комаров өзінің «Өсімдіктердің түрі жайындағы ілім» атты еңбегінде бұл жөнінде толық талдау береді. Соңғы кезде түрге тән ерекшеліктерді анықтау үшін бұлар экологияның цитологияның және биохимияның мәліметтерін пайдалана басталады. Осыдан түрдің негізгі төрт критерийлерін атауымызға болады:

1) морфологиялық;

2) физиологиялық – биохимиялық;

3) генетикалық;

4) экологиялық – географиялық.



Морфологиялық критерий. Бұл критерий Дж. Рей мен К. Линнейден бастап барлық буындардағы систематиктер пайдаланып келді. Мұнда біз сыртқы құрылысының және реңінің айырмашылықтарын пайдаланып жақын түрлерді ажыратудың өте қарапайым морфологиялық талдау әдісі. Морфологиялық критерийдің шектеулі егіз – түрлер немесе биологиялық түрлер. Егіз – түрлер дегеніміз мекені бір органикалық формалар; бұлардың морфологиясы өте ұқсас немесе тіпті бір – бірінен ажыратуға келмейді, бірақ олардың өзіндік физиологиялық ерекшеліктері болады.

Физиологиялық – биохимиялық критерий зертелетін органикалық форманың өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау үшін, оған жан – жақты талдау жүргізуді керек етеді. Демек, бұл критерий түрдің физиологиялық – биохимиялық оқшаулығына дәлел. Бұл критерий түрдің биохимиялық процестері және физиологиялық қасиеттері жете зерттелгенде ғана толық қолданыла алатындағы өзінен-өзі түсінікті болса керек.

Түрдің физиологиялық – биохимиялық негіздегі гипотезаның өзін алғанда өте қарапайым және түсінікті. Түрлердің алуан түрлі болуы олардың химиялық құрылымдарының әр түрлі болуынан. Түр ерекшеліктері ұрпақтан – ұрпаққа көшіп отырады, оның себебі гаметаларда белгілі, өзіндік ерекше белоктардың синтезделу процестері қолданылып қойылған.

Өсімдіктердің түрлерінің және жеке таксономиялық топтарының өзіндік биохимиялық ерекшеліктерін С. Л. Иванов, А. В. Благовещенский т. б бірсыпыра ғалымдар зерттеді.

С. Л. Ивановтың жұмыстары өсімдік майларын зерттеумен байланысты. Осы жұмыстарының нәтижесінде автор, өсімдіктердің әрбір түрінде, белгілі бір сыртқы жағдайда тұрақты құрамды май жасау қабілет бар, бұл сол түрдің физиологиялық – химиялық белгісі деген қорытындыға келді.

А. В. Благовещенский биосинтездің нақтылы өнімдері өсімдік дүниесінде белгілі жүйелі түрде болатындығын дәлелдеді.

Генетикалық критерий негізінен екі жағдайға сүйенеді. Біріншіден, түрлердің кариотиптерінде айқын айырмашылықтар бар, яғни хромосом жиындығы жөнінен айырмасы бар. Екіншіден, әдетте әр түрге жататын особьтар табиғи жағдайда шағылыспайды. Әдетте хромосом жиындығы митоздың метафаза сатысында көрініс береді. Кариотип жөніндегі ұғым хромосом сандарын, олардың үлкен – кішілігін және пішінін анықтау негізінде қалыптасты.

Экологиялық – географиялық критерий зерттеудегі биологиялық форманың географиялық таралуының заңдылықтарын және оның сыртқы орта факторлармен қарым – қатынасын анықтау мақсатымен экологиялық – географиялық талдау қажет етеді. Сөйтіп, бұл критерий түрдің экологиялық – географиялық оқшаулығына дәлел болады. Әрбір түр белгілі бір аймақты, яғни ареалды иемденеді. Түр осы аймақ көлеміндегі биотоптардың белгілі бір түрінде мекендейді. Мұнда түр тірі және өлі табиғаттың нақтылы факторларымен тығыз байланысты. Осындай тәжірибелік гипотеза түрді дұрыс түсіну үшін көп нәрсе береді, себебі бұл түрдің қалыптасқан және мекендейтін жағдайларының сырын ашады.

Бір туысқа қарасты түрлердің ареалдары мүлдем оқшау болуы да, немесе олар бір – біріне жанасып, іргелес жатуы да, тіпті тұтас та болуы мүмкін. Оқшау ареалдары бар түрлер аллопатрикалық түрлер делінеді. Іргелес немесе тұстас ареалдағы түрлер симпатрикалық түрлер делінеді. Симпатрикалық түрлермен істес болған жағдайда, бұлардың түрлік ерекшелігі экологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде анықталады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986



Лекция №14

Тақырыбы: Макроэволюция және оның заңдылықтары

Мақсаты: Макроэволюция оның бағыттары туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Макроэволюцияныњ зерттелімді мәселелері, макро- және микроэволюцияны арақатынасы. Микроэволюциялық деңгейде элементерлы (қарапайым негіздің бастамды) факторлардың жасайтын әрекетімен макроэволюциялық мәнді құбылыстарды түсіндірудің ережелік мүмкіндігі.

Онтогенездің эволюциясы жєне филогенетикалық топтардың – арагенездің, алогенездің эволюциясы. Аллогенездің формалары: телогенез, гипергенез, гипогенез, катогенез. Филогенездің негізгі формалары: филетикалық эволюция, дивергенция, параллелизм, ковергенция. Филогенетикалық топтар эволюциясының ережелері: ілгерлей өрлеп мамандалу, биологиялық жүйелердің бірігуінің жетіле түсуі жєне эволюцияның қайтымсыздығы.

Макроэволюция ـ түрден жоғары деңгейде (туыс тұқымдас, отряд, класс, т.б.) қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер макроэволюция терминінің тұңғыш рет ғылымға, орыс ғалымы Ю.А.Филипченко енгізген (1927 ж.). Қазіргі кездегі зерттеулерде макроэволюцияның механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырымдар жасалды. Микроээволюция деңгейінде көрінбейтін эволюцияның жалпы заңдылықтары мен бағыттарын макроэволюцияда байқауға болады. Микроэволюциядағы процестер жинақтала келіп, макроэволюциялық құбылыстардан сырттай көрініс табады. Макроэволюция деңгейінде микроэволюция кезінде байқалмайтын органикалық дүние эволюциясының бағыттары мен заңдылықтары белгілі болады. Кейбір биологـғалымдар (Р.Вальтерек, Р.Гольдшмидт) жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында макроэволюция терминінде өзгергіштіктің екі түрі: түраралық өзгергіштік (Мендель заңына бағынатын), ерекше өзгергіштікке (Мендель заңына бағынбайтын) де қолданылады. Эволюцияның дамуыды зерттеуші көптеген ғалым ـ биологтар туыс, тұқымдас, отряд, класс, т.б. микроэволюция негізінде дамитынын айтады.

Қазіргі кездегі зерттеулер макроэволюцияның арнайы механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырым жасады. Микроэволюциялық деңгейде көрінбейтін эволюцияның жалпы заңдылықтары мен бағыттарын макроэволюцияда байқауға болады. Микроэволюциялық процестер жинақтала келіп, макроэволюциялық құбылыстардан сырттай көрініс табады. жалпы бағыттары мен заңдылықтары белгілі болады. Кейбір биолог-ғалымдар (Р.Вольтерек Макроэволюция деңгейінде, микроэволюция кезінде байқалмайтын органикалық дүние эволюциясының, Р.Гольдшмидт) 20 ғасырдың 1-жартысында макроэволюция терминін өзгергіштіктің екі түрі: түраралық өзгергіштік (Мендель заңына бағынатын) пен ерекше өзгергіштікке (Мендель заңына бағынбайтын) де қолданады. Эволюциялық дамуды зерттеуші көптеген биологтар түр, туыс, тұқымдас, т.б. микроэволюция негізінде дамитынын айтады. [1]







Макроэволюция, оның бағыттары - Биологиялық эволюция үдерісінің өзі - ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи мерзімде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық бағыттар анықталып, сипатталды. Биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі бағыт бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация (ортаға бейімделгіштік) және жалпы дегенерация.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986

Лекция №15

Тақырыбы: Биосфера эволюциясы. Ноосфера

Мақсаты: биосфера эволюциясы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

Эволюцияда жєне биосфераның дамуында антропогендік факторлардың ролін айқындау үшін эволюциялық ілімнің методологиялық және практикалық маңызы (қоршаған ортаның өзгеруі, жаңа түрлерді жерсіндіру, қолдан жасалған биогеоценоздар). Гендік инженерияның жєне биотехнологияның эволюциялық салдары. Биологияның барлық бөлімдеріне эволюциялық ілімнің кіруі. Эволюция дамудың диалектикалық процесі екендігі.

Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді:

- эволюция басталатын

- эволюцияның механизмі, яғни популяцияның элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция;генотипінің тұрақты өзгерісі - мутагенезді;

- факторларды – олар негізгі және қосымша болып бөлінетін эволюцияның қозғаушы күштерін;

- триггерлерді - қозғаушы күштердің іске қосу механизмдерін, яғни осы қозғаушы күштерді қозғалысқа келтіретін себептерді.

Мутациялар – эволюцияның материалдық қайнар көздері. Келесі ұрпақтарда тұқым қуалайтын өзгерістер туғызатын мутациялар организмдердің қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін не реакция нормаларын анықтайды. Көбеюдің әдеттегі қалыпты үрдісінде мутациялар аяқ асты пайда болады. Ұрпақ сандарындағы мутациялар саны тұрақты болады. Кездейсоқ пайда болған өзгерістер организм үшін пайдалы болса, тіршілік үшін күресте организмнің тіршілігін сақтап қалуына себін тигізеді. Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында түбегейлі өзгерістер туғызып, нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады.

Табиғи және жасанды сұрыптаудан басқа тұқым қуалаушылық өзгергіштікті реттейтін ешқандай фактор жоқ. Тек қоршаған ортаның белгілі жағдайларындағы өзгерістер пайдалы болғанда, табиғи ортада сұрыпталады, немесе эволюция барысында олардың саналы түрде жасанды сұрыптауы арқылы іске асады. Эволюция және түрдің пайда болуы популяциялардың немесе кіші бір ғана қолайлы емес екені анықталған. Үлкен популяцияда тұқым қуалаушылық өзгерістердің пайда болуы зиян, ал кіші популяциядағы кездейсоқ әсерлердің ықпал етуі жиі кездеседі. Сондықтан особьтардың сандық құрамын тұрақты түрде өзгертіп отыратын орта мөлшердегі популяциялардың эволюцияға шын жаңа түрлер пайда болуына қалайды.

Жаңа түр пайда болуы үшін бұрынғы организмдердің белгілі бір тобы ерекшеленуі қажет. Организмдердің белгілі бір тобының ерекшеленуі мен изоляциясы арқылы, олардың басқа түрлермен шағылыспа, яғни генетикалық информацияларымен алмаспауы үшін қажет екені дәлелденген.

Табиғатта әртүрлі организмдер тобының изоляциясы, сол сияқты оның селекция практикасында қолданылуы да әртүрлі жолмен жүзеге асырылады, олардың мақсаты біреу ғана –түрлердің генетикалық информациялармен алмаспауын қадағалау. Бұл үшін географиялық шекара (организмдер өте алмайтын сулы орта мұхит не теңіздер, батпақтар не биік таулар, т.с.с.), экологиялық жағдайлар, көбею үрдісіндегі физиологиялық сәйкесссіздік (жұптасудың әрбір түрге тән кезеңдері), организмдердің әртүрлі топтары мен түрлерінің мінез-құлық ерекшеліктері, т.б.

Эволюцияның осы негізгі факторларына тағы популяциядағы ұрпақтар алмасу жиіліктері, мутациялық процестердің сипаты мен қарқынын, т.б қосуға болады. Айта кететін бір жай, жоғарыда аталған барлық негізгі және қосымша факторлар жеке дара емес, бір- бірімен өзара тығыз байланыста әсер етеді.
Катастрофизмнің қалыптасуы

Алғаш рет катастрофалық құбылыстарға француз ғалымы, палеонтология мен салыстырмалы анатомияның негізін салушы Ж. Кювье (1769-1832) назар аударды.Ол Жер бисферасы даму барысында бірнеше орасан зор катастрофаларды басынан өткізді, бұл катастрофалар планетада тіршілік еткен бірнеше организмдер түрлерінің жойылып кетуіне себеп болды деп көрсетті.

Кювьенің катастрофизм туралы ілімі биостратиграфияның - Жер тарихындағы органикалық дүниенің бір түрлерінің екінші бір түрлермен қоршаған орта дамуымен тікелей байланыста заңды түрде алмасып отыратыны туралы ғылымның қалыптасуына үлкен әсер етті. М.Рауп пен Дж Сепкоски (1982) түрлердің жаппай жойылып кетуі туралы қолда бар мәліметтерді статистикалық өңдеуден өткізді. Осы мәліметтер бойынша фанерозой кезеңінде (570 млн жыл) біздің планетамызда бұндай оқиғалар бірнеше рет қайталанып, Жердің дамуының 600 млн дай жыл барысында әр 30±4 млн жыл сайын дүркін-дүркін байқалып отырғанын көрсетті. Бұл аралықта осындай критикалық 20 кезең болғанын анықтады. Көптеген ғалымдар түрлердің жаппай жойылып кетуінің себептері төмендегідей деп көрсетеді:

а) Жерге өте үлкен аспан денелерінің құлауы (кратер түзілуінен), нәтижесінде климат пен экологиялық жағдайлардың кенеттен күрт өзгеруі;

б) атмосфераға вулкандық шаңның түсуі (вулканогенез);

в) гидросфераға уран және де басқа химиялық радиоактивті элементтердің түсуі (рифтогенез);

г) Жердің магнит өрісінің қорғаныш қасиеттерінің әлсіреуі (геомагниттік өрістің инверсиясы);

д) жаңа жұлдыздардың жарқылдары;

е) Күн системасының компоненттеріне Немезиданың немесе Күн системасының 10-шы планетасының әсері, т.б.;

ж) Бүкіл әлемдік мұхит деңгейінің өзгеруі.

Бұнымен қатар, соңғы кезде осы жоғарыда аталған құбылыстардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста екендігі туралы көптеген мәліметтер жинақталуда. Мысалы, астероидтар Жер бетіне құлағанда атмосфераға шаң көтеріліп қана қоймай, бұнымен бірге Жердің тектогенезі, яғни рифтогенез, вулкандар атқылау, жер сілкіну, геомагниттік өрістің инверсиясы, т.б. құбылыстар байқалады.

Күн системасы 9 планетадан, шамамен 2,8 астрономиялық бірлікте орналасқан ішкі астероидты белдіктен және 2 сыртқы белдіктен (Оорттың ішкі бұлты = 10 мың Күн массасы, Оорт бұлтының массасы Күн массасынан 100 есе үлкен). Оорт бұлтының бұл көрсетілген заты ондағы комета ядролары мен астероидтарға байланысты.

Кризистік кезеңдерде осы бұлттардан комета ядролары мен астероидтар бөлініп шығып, олардың кейбіреулері Жерге немесе басқа планеталарға құлап түскен. Соңғы 600 млн жылда Жерге 1500 дей астероидтар құлаған. Сондықтан Жердің үлкен аспан денелерімен соқтығуы миллион жылда 3 рет қана кездесуі мүмкін. Дегенмен, статистиктердің болжамдары бойынша, Жерге астероидтың соғылуын кез келген уақытта күтуге болады екен.

Мысалы, 1936 жылы Жердің дәл қасынан “Адонис“, 1937 жылы -“Гермес“, 1989 жылы 22 мартта N астероиды, 1989 жылы “Таутатис“, 1992 жылы - “Апокалипсис шыңы“ астероидтары соқтықпай өтіп кетті. Атақты Аризон кратері салмағы 100 мың тонналық қана - ғарыштық өлшем бойынша “кішкентай“ қауырсындай астероидтың құлауынан пайда болған. Кратердің жалпы диаметрі 1200 метр. Ал астероид құлаған кездегі соғылу толқыны мың хиросималық бомбаны жарған кезде ғана пайда болатындай алпауыт күш кратердің жан – жағын теп тегіс жасаған.

Жерде кратерлер түзілу процесі белгілі бір кезеңдерде байқалады, әсіресе бұл жағдай фанерозой кезеңіне тән. Бірақ кезеңмен бөліну соңғы 250 млн жыл үшін ғана анықталған. Кратер түзу үрідсі 245, 217, 193, 176, 144, 91, 65, 38 және 11 млн жылды құрайтын кезеңдерде жүріп отырған. Дәл осы кезеңдерде биосфераның эволюциясында шешуші оқиғалар болды.

Көптеген астрономдар бұндай периодтылықты Күннің гипотезалық серігі – массасы Күн массасының 0,08 ден 0,3 дей болатын, қатты созылған эллипс тәрізді орбитамен айналатын – Немезиданың болуымен байланыстырады. Ғалымдардың пікірлерінше Немезида құралы комета мен астероидтардың ядролары толған Оорт бұлттарына әсер етіп, оларды орбиталарынан ығыстырады, нәтижесінде, олардың Жерге құлауына тікелей себепкер болады. Немезиданың Күнге жақындауы 15 миллион жылдан кейін болады деп күтілуде.

Америкалық астрофизиктер Д. Уитмаир мен Дж Матистің пікірінше, катастрофаның себебі, гипотетикалық Немезида емес. Басты себебі ретінде олар Күннен 50-100 астрономиялық бірлік қашықтықта орналасқан 10-шы планетаны көрсетеді. Бұл планета эллипс бойымен айналады, айналып шығу кезеңі 1000 жыл. Ол Оорт бұлтының денелеріне әсер етіп, кейбір кометалар мен астероидтарды орбиталарынан шығарып жібереді де, олар жерге құлап түседі. 10 шы планетаның бар екендігін дәлелдейтін көптеген фактілер бар. Бұл туралы Дж Андерсон бастаған америкалық ғалымдар планетааралық станциялардан келіп жеткен сигналдарды қабылдап алу арқылы бақылау жүргізу нәтижесінде көп мәліметтер алды. Дегенмен, 10-шы планетаның дәл орнын анықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.

Кейбір астрофизиктер астероидтар мен кометалық белдіктердің өзгерісін Күн жүйесінің Галактика ядросын айнала периодты қозғалуымен байланыстырады. Бұл кезде Күн жүйесінің шамамен әрбір 30 млн жылда газ, шаң, астероид, кометаларға толы галактика жазықтығын кесіп өтеді. Осы кезде бұл денелер өз траекторияларынан ауытқып, Жерге құлап түседі.


Рифтогенез, радиоактивтілік және тіршілік

Жер физикасына белгілі болғандай, планета қойнауының радиоактивтілігі уақыт өткен сайын азаяды да, ал тіршіліктің ертедегі түрлеріне олар кезіндегідей әсер етеді. Жердің даму тарихының ертедегі кезеңдерінде пайда болған қарапайым структуралы балдырлар Жердің даму тарихының соңғы кезеңдерінде пайда болған жоғары сатыдағы тіршілік иелеріне қарағанда радиация әсеріне анағұрлым төзімді.

Адам организміне әсер ететін радиоактивті элементтердің әсерін сипаттау үшін доза мөлшері D және дозаның қуаты Р=D/t қолданылады. Дозалар рентген, грей және джоульдің кг-дағы биологиялық эквиваленттерімен өлшенеді. Бұл өлшемдердің бір-біріне қатынасы : 1 грей = 1 джоуль/кг = 100 рентгеннің биологиялық эквиваленті. Дозалардың қуаты 1 сағаттағы рентген мөлшерімен өлшенеді (миллирентген/сағат, микрорентген/сағат). Адам ағзасына әсер ететін дозалардың жалпы қуаты 1,5-4,0 милдигрей/ жыл (0,017-0,044 миллирентген/ сағат). Біздің ағзамызға мұндай қуатты дозаларға бейімделгендіктен, олардың ешқандай зияны жоқ.

Қазіргі кезде кейбір мамандық салаларында ядролық сәуле шығарумен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Олар үшін жылына 50 миллигрей қауіпсіз деп саналады. Бұл табиғи фоннан 12-35 есе көп. Биофизиктердің пікірінше, жылына 50 миллигрейден бірнеше есе көп доза адам организміне ұзақ уақыт (10 мың жылдай) әсер еткен жағдайда Homo sapіens түрі өзгеріп кетуі мүмкін.

Уран тірі организм бойына түскенде алдымен улы, кейіннен радиациялық әсер етеді. Тірі организмдерге уранмен бірге түскен басқа элементтер де зиянды әсер етеді. Мысалы, В.В.Ковальский: топырақта төмендегі көрсетілген элементтердің жоғарғы концентрациясы : Co – 3·10-3; Cu – 6·10-3; Zn –7·10-4; B –3·10-3; Sr –6·10-2 және Se –1·10-4 – тірі организмдерге зиянды әсер ететінін дәлелдеген. Олардың артық мөлшері де жеткіліксіздігі сияқты организмдерде морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық өзгерістер туғызып, оларда эндемикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Осы элементтердің, әсіресе, U, B, Cu, т.б. жоғары концентрациялары бар ортада тіршілік ететін микроорганизмдерде мутагенез жүріп, пайда болған мутанттар осындай орталарда жылдам дами бастаған. Мысалы, Ыстықкөлдегі уранның концентрациясы Әлемдік мұхиттағы уранның концентрациясынан біршама жоғары. Оңдағы хар балдырларының құрамындағы уранның мөлшері көлдегі сулардан 3 есе артық . Сонда осы балдырлар мутациясына байланысты олардың көптүрлілігі өте жоғары. Ленинградтық геолог профессор С.Г.Неручев рифтогенез кезінде жер қойнауынан уран, V, Mo, Cu, Nі, Ag және де басқа элементтерге бай магмалық ащы сулар таралатынын көрсетеді. Мұхиттарда судың төменнен жоғарыға қарай көтерілуі жиі (апвелинг) болып тұрады.

Апвелинг кезінде фосфаттардың гидросфераның жоғары қабаттарына өтуі мұхиттар мен теңіздерде тіршілік ететін организмдердің қоректік тізбектерінің бастамасы болып табылатын фитопланктонның қарқынды дамуына себеп болады. Гидробиологтардың көрсетулері бойынша, апвелинг нәтижесінде жағалық акваториялардың биоөнімділігі 50 мың есе ұлғаяды екен.

Рифтогенез кезінде фосфаттар мен түрлі химиялық элементтердің гидросфераға түсуі күрт артады. Бұл теңіз өсімдіктерінің, балықтар мен басқа да жануарлардың көбеюіне себеп болады. Қорекпен бірге балықтар мен басқа жануарлардың организміне радиоактивті заттар да жинақталады, олардың әсерінен организмдер құрылымында мутация жүріп, кейбір түрлер жаппай қырылып қалса, екіншілерінде жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болып, олар ары қарай түр ретінде дами береді.

Рифтогенез кезінде мутагенез қарқынды жүріп, тіршіліктің жаңа формалары пайда болады. Жаңадан пайда болған түрлер біздің планетамызда тұрақталмай тез жойылып кетті дегенмен ұзақ уақытқа сақталып қалғандары да болды. С.Г.Неручев, 538 млн жыл бұрын уранның гидросфераға түсуі нәтижесінде трилобиттердің дене сегменттері әлдеқайда азайып, ал кейбіреулерінде екеу ғана – бас, құйрық сегменттері қалған деп көрсетеді. 500 млн жыл бұрынғы рифтогенез фазасында алғашқы омыртқалылар, панцирлі балықтар пайда болды. 320 млн жыл бұрынғы кезеңде алғашқы төртаяқтылар –ихтоостегидтер пайда болды, 290 млн жыл бұрынғы кезеңде алғашқы кесірткелер, 167 млн жыл бұрынғы кезеңде жануарларда ұшу аппараты пайда болды. Түрлердің кейбіреуінде алдыңғы аяқтарының саусақтары ұзарып, араларында жарғышақтар пайда болды. Осылайша ұшқыш кесірткелер – птерозаврлар, археоптерикстер пайда болды.

Әрине, биосфера эвоюциясының барысына рифтогенез ғана емес, басқа да факторлар – геомагниттік өрістің инверсиясы, климаттық өзгерістер,т.б. әсер етті.

Жердің магнитосферасы және оның биосфера дамуындағы ролі

Біздің планетамыздың магниттік қасиеті бар. Егер Жердің магниттік сферасы болмаса, Күн мен жұлдыз желдерінің ағыны еш кедергісіз Жердің бетіне жетіп,ондағы барлық тірі организмдерге зиянын тигізген болар еді. Магнитосфера бұған кедергі жасап, сол арқылы биосфераны зарядталған бөлшектерден қорғап тұратын бронды қалқан рөлін атқарады.

Магнитологтардың пікірінше, геомагниттік өрісті бақылау үшін Жердің орталығына аса ірі, диаметрі 200 км, ұзындығы 4000 км магнит цилиндрді орналастыру қажет.

Жердің магниттік осі Жердің айналу осін 11,5 градус бұрышпен орналасқан, сондықтан магниттік полюстер географиялық полюстермен сәйкес келмейді, уақыт өткен сайын магниттік полюстер өздерінің орнын өзгертеді. Мысалы, солтүстік магниттік полюс бір тәулікте жердің бетінде 20,5 метрге (7,5 км/жыл) ал оңтүстік полюс –30 метрге (11 км/жыл) ығысады.

Қазіргі кезде солтүстік полюс Канаданың солтүстігінде орналасқан, ал 2185 жылға қарай ол солтүстік географиялық полюспен алмасады. 2400 жылы ол Таймырда орналасады. Оңтүстік полюс қазір Антарктида жағалауларында, Австралияға қарай жылжып келе жатыр.

Кез келген магниттегдей, Жердің магнит күштері бір полюстен Жердің әлем кеңістігі арқылы өтіп, екінші полюспен байланысады. Осының нәтижесінде Жердің айналасында магнитосфера түзіледі.

Магнитосфера Күннің плазма деп аталатын зарядталған бөлшектер ағынын ұстап қалады да оларды планетаның бетіне жеткізбейді. Бірақ дүниеде барлығы да уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Зерттеушілер, қазіргі кезде Жердің магнит өрісі 100 жылда 2,5 %-ке азайып отырғанын және бұл үрдіс ары қарай жүре беретін болса, шамамен 4000 жылда 0-ге жетеді деп есептеп шығарды (қазір экваторда оның шамасы 0,35 эрстед).

Ғалымдар бұндай құбылыс өткен кезеңдерде де болған деп жорамалдайды. Оның үстіне, осындай кезеңдерден соң магнит өрісінің заряды қарама-қарсы елгіге өзеретіні дәлелденді. Басқаша айтқанда, өріс инверсияланады – магниттік полюстердің орны алмасады. Жердің тарихында геомагниттік өрістің инверсияларының бірнеш рет кайталанғаны палеомагнитологтар анықтап отыр.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986

Тарау 3. Зертханалық сабақтарды жүргізуге

арналған әдістемелік нұсқаулар
Зертханалық жұмыс № 1.

Тақырыбы: Эволюциялық теорияның жарыққа шығуы және дамуы. Көне дүниеде органикалық әлемнің шығу тегі туралы ұғымдары.

Мақсаты: органикалық әлемнің шығу тегі туралы ұғымдармен танысу.

Тапсырмалар:



Гераклит, Эмпедокл, Демокрит және Лукрецийдің болжамдары

  • Аристотельдің биологиялық мұрасы

  • Аристотельдің теологиялық ой жүйесі

ХҮІІ ғ екінші жартысында және ХІХ ғ бастапқы кезінде креоцинизммен - трансформизмнің талас тартысы

  • К. Линнейдің биологиялық жүйесі және ғалымның өзгермейтіндігі туралы ұғымы. Ш. Бонне бойынша тіршілік иелерінің даму сатылары

  • Ж. Л. Бюффон және Ч. Дарвиннің жұмыстарындағы трансформизмнің бастамасы

  • Ж. Ж. Кювьенің ғылыми пікірі. Ғалымның апат ілімі. Ж. Кювьемен Сент-илердің айтысы.

Сұрақтар:

  1. Аристотелдің биологиялық мұрасы неде?

  2. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы ертедегі философтардың қандай пікірде болды?

  3. Эволюциялық даму жөнінде К. Линнейдің көзқарасы мен еңбектерінің маңызы неде?

  4. Ж. Кювьемен Сент-илердің айтысының мәні неде?

Қолданылатын әдебиеттер:

Қолданылған әдебиеттер:



  • Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  • Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  • Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  • Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  • Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  • История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  • Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  • Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986

Зертханалық жұмыс № 2.

Тақырыбы: Эволюциялық идеялардың қалыптасуы

Ж. Б. Ламарктің алғашқы эволюция ілімі

Мақсаты: Ч. Дарвин. ілімінің ғылыми алғы шарттары туралы танысу .

Тапсырмалар:

Ж. Б. Ламарктің методологиясы және филолсофиясы

1. Градацияның ой жүйесі. Градацияның даму тәуелділігі жүйесімен арақатынасы. Градацияның себептері.

Ж. Б. Ламарктің заңдары.

Сұрақтар:


  1. Ж.Б.Ламарктің эволюциялық теориясының мәні?

  2. 19 ғасырдың екінші жартысында жаратылыс ғылымдарының дамуы немесе дарвин ілімінің ғылыми алғы шарттары қандай?

    1. Систематика ғылымының жетістіктері?

    2. Салыстырмалы анатомия ғылымының жетістіктері?

    3. Эмбрология ғылымының жетістіктері?

    4. Клетка теориясының қалыптасуы ?

    5. Геология палеонтология ғылымдарының жетістіктері?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986

Зертханалық жұмыс № 3.

Тақырыбы: Ч. Дарвинің эволюциялқ ілімдері

Мақсаты: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі туралы танысу .

Тапсырмалар:

Ч. Дарвин тұқымқуалағыштің формалары, заңдалақтары және себептері туралы


  1. Қолға үйретілген және жабайы формалардың айқын және айқын емес өзгергіштігі

  1. Особьтан түрге дейін өзгешеліктің біртіндеп жинақталуы

  2. Арақатынастары өзгергіштік

  3. Тұқымқуалайтын өзгергіштің көрініс беру заңдалақтары.

  4. Тұқымқуалайтын өзгерістің көрініс беру үшін мөлшердің жаттығуның және жаттықпауйының рөлі туралы Ч. Дарвинің ұғымдары

Сұрақтар:

1. Ч. Дарвиннің ғылыми еңбектері қандай?

2. Ч. Дарвин ілімінің негізгі қағидалары қандай?

3. Монофилетикалық эволюция теориясының мәні?

5. Ч. Дарвин ілімінің бағалануы қандай?

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986


Зертханалық жұмыс № 4.

Тақырыбы: Тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын өзгергіштік

Мақсаты: Өзгергіштіктің түрлерімен танысу .

Тапсырмалар:

Мутациялық өзгергіштік эволюция үшін материал екендігі


  1. Мутациялық ДНК құрылысының бұзылуы екендігі

  2. Жаңа белгілердің ұрпаққа берідуі үшін генеративтік мутациялардың маңызы

  3. Мутациялық өзгерістердің кездейсоқтығы және бақытсықздығы

  4. Мутациялардың жиілігі. Мутациялық процестің ерекшеліктері

  5. Мутациялардың фенотиптік көрініс беруі және оның ортаның әсеріне тәуелділігі. Доминанттылық (үстемділік, басымдылық) гендік орта туралы түсінік.

Сұрақтар:

1. Өзгергіштік деген не?

2. Өзгергіштіктің формаларын ата?

3. Өзгергіштіктің эволюциялық мәні неде?

4. Мутация түрлерін қалай түсіндіруге болады?

5. Мутация жиілігі дегеніміз не?

6. Мутациялардың фенотиптік өзгеріс беруі дегеніміз не?

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  1. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  2. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  3. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  4. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  5. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  6. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  7. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986


Зертханалық жұмыс № 5

Тақырыбы: Генотиптің реакция мөлшері

Мақсаты: Генотиптің реакция мөлшері туралы түсінік .

Тапсырмалар:

Генотиптің реакция мөлшері шегіндегі адаптивтік өзгерістер (адаптивтік модификациялр)

Генотиптің реакция мөлшері шегіндегі адаптивтік емес экзогенді өзгерістер (морфоздар)

Генотиптің реакция мөлшері шегіндегі адаптивтік емес эндогенді өзгерістер (мутациялар)

Созалақты модификациялар

Қазіргі кездегі тұқымқуалайтын өзгергіштік туралы ұғым. Ч. Дарвиннің пікірімен салыстыра талқылау
Сұрақтар:

1. Генотиптің реакция мөлшері?

2. Экзогенді өзгерістер дегеніміз не?

3. Қандай эндогенді өзгерістерді білесін?

4. Модификация дегеніміз не?

5. Қазіргі кездегі тұқымқуалайтын өзгергіштіктер?

Қолданылған әдебиеттер:

1. Меттлер Л., Грег Т. Генетика популяций и эволюция. М: Мир, 1972, гл 3,4



  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Четвериков С. С О некоторых моментах эволюционного поцесса с точки зрения современной генетики «классика современной генетики». – М: Наука, 1968

  3. Эрлих П., Холм Р Процесс эволюция. М. : Мир, 1966.- с.101-112

Зертханалық жұмыс № 6

Тақырыбы: Популяция- эволюцияның элементарлы құрылымы

Мақсаты: Популяция туралы түсінік .

Тапсырмалар:



Популяцияның генофондысы табиғи сұрапталудың материалы екендігі –Харди-Вайнбергтің заңы және оның салдары

  1. Популяциялардағы генетикалық әралуандылығы: мутациялардың қысымы, гендердің орнын ауыстыруы (гендер ағынының үстенелуі және кемуі)

  2. Генетикалық өздігінен әрекетті процестер (гендердің немесе аллельдердің жиілігінің өзгеруі, формалары: бағытталған – турақты дрейф, бағытталмаған - кездейсоқ дрейф).

Сұрақтар:

1. Эволюциялық теоряны генетикамен байланыстыруда С. С Четвериковтың еңбегі?

2. Харди-Вайнберг заңдылықтарының мәні неде?

3. Популяциядағы өзгергіштік және организмдердің санының өзгеруі дегенімі не?

4. Миграция дегеніміз не? Гендердің ағымы және интрорегрессиясы?



  1. Изоляция дегеніміз не? географиялық және биологиялық . биологиялық оқшауланудың түрлері: экологиялық, морфофункционалды, этологиялық және генетикалық.


Негізгі әдебиет:

  1. Меттлер Л., Грегг Т. Генетика популяций и эволюция. - М.: Мир, 1972, гл. 3,4

Қосымша әдебиет:

  1. Четвериков С.С. О некоторых моментах эволюционного процесса с точки зрения современной генетики /в сб. “Классики современной генетики”. - М.: Наука, 1968.

  2. Эрлих П., Холм Р. Процесс эволюции. - М.: Мир, 1966. - с. 101-112



Зертханалық жұмыс № 7

Тақырыбы: Эволюцияның элементарлы факторлары

Мақсаты: Эволюцияның элементарлы факторлары тураты түсінік

Тапсырмалар:



Тіршілік үшін күрестің дарвиндік ой жүйесі

  1. Тіршілік үшін күрестің дарвиндік түсінігінің тереңдігі және метафизикалығы.

  2. Бұл құбылыстың ортақтығы жєне табиғаттығы организмдердің арақатынастарының күрделігі.

  3. Ч.Дарвин бойынша тіршілік үшін күрестің себептері және Дарвиннің мальтузияншылдағы Энгельстің сынауы.

  4. Тіршілік үшін күрес жағдайындағы ой жүйесінің маңызы және оның табиғи сұрапталуымен арақатысы.

  5. Тіршілік үшін күрестің формалары және олардың эволюциядағы маңызы, Дарвин бойынша.

Сұрақтар:




  1. Тіршілік үшін күрес . жалпы сипаттамасы қандай?

  2. Тіршілік үшін күрестің түрлері және классификациясы?

  3. Ч.Дарвининің классификациясы?

  4. И . И.Шмальгаузен классификациясы?

  5. Георгиевский бойынша тіршілік үшін күрестің классификатциясы.

  6. Конкуренция және тікелей күрес .Конкуренцияның түрлері қандай?

  7. Тікелей күрестің формалары: биотикалық факторлармен

қарым - қатынас.
Негізгі әдебиет:

  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл 3

И.И. Шмальгаузен. Проблемы дарвинизма. - М.: Наука, 1969. - Гл. 2, с. 206-221

  1. Одум Е. Экология. - М.: ПРос. 1968.- гл. 3

Қосымша әдебиет:

Энгельс Ф. Диалектика природы.


Зертханалық жұмыс № 8

Тақырыбы: Тіршілік үшін күрес биогеоценоздағы өзара әрекеттесу процесі екендігі

Мақсаты: Тіршілік үшін күрес тураты түсінік

Тапсырмалар:

Биогеоценоздағы заттардың және энергиялардың ағыны. Биогеоценоздың құрылымы. Қоректену тізбегі. Экологиялық пирамида сандары.


  1. Биогеоценоздағы арақатынастардың өзгешелігі. Тікелей қақтығысу және бәсекелік

  2. Әрекетті және солғын жарыс туралы түсінік

  3. Әрекетті жарыс. Азық, қосақ үшін бәсекелестік және тікелей бәсекелестіктің басқа жағдайлары.

  4. Солғын жарыс. Биотикалық жєне абиотикалық факторларға қатысты бәсекелік.

  5. Жекелік, топтық, түраралық бәсекелік. Эволюцияда тіршілік үшін күрестің осы формаларының ролі.

  6. Кездейсоқ және кездейсоқ емес элиминация, олардыњ эволюциядағы маңызы

Сұрақтар:



  1. Бәсекелестіктің түрлері?

  2. Элиминация дегеніміз не?

  3. Биогеоценоздағы энергия мен заттардың ағыны?

  4. Эклогиялық пирамида дегеніміз не?

  5. Биотикалық абиотикалық фаторлар?


Негізгі әдебиет:

  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл 3

И.И. Шмальгаузен. Проблемы дарвинизма. - М.: Наука, 1969. - Гл. 2, с. 206-221

  1. Одум Е. Экология. - М.: ПРос. 1968.- гл. 3

Қосымша әдебиет:

Энгельс Ф. Диалектика природы.


Зертханалық жұмыс № 9

Тақырыбы: Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары


Мақсаты: Табиғи сұрыптау, қолдан сұрыптау туралы түсінік

Тапсырмалар:



Ч. Дарвиннің қолдан сұрыпталу туралы ілім


  1. Ч.Дарвиннің сұрыпталу теориясын мазмұндау қисындылығы.

  2. Қолдан сұрыпталудың формалары.

  3. Қолдан сұрыпталудың нәтижелері.

  4. Қолдан сұрыпталудың жинақтағыштық және жасампаздық ролі (сапалы, мол өнімді өсімдік сорттарын, жануар тұқымдарын өндіріске енгізу).

Сұрақтар:

  1. Табиғи сұрыптаудың ерекшеліктері қандай?

  2. Қолдан сұрыптаудың жүзеге асу жолдары қандай?

  3. Қолдан сұрыптаудың нәтижесі?

  4. Қолдан сұрыптаудың рөлі қандай?


Негізгі әдебиет:

  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл 3

И.И. Шмальгаузен. Проблемы дарвинизма. - М.: Наука, 1969. - Гл. 2, с. 206-221

  1. Одум Е. Экология. - М.: ПРос. 1968.- гл. 3

Қосымша әдебиет:

Энгельс Ф. Диалектика природы.


Зертханалық жұмыс № 10

Тақырыбы: Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі

Мақсаты: Табиғи сұрыптау туралы түсінік

Тапсырмалар:



  1. Табиғи сұрыпталу және оның эволюцияның басқа факторларымен арақатысы.

  2. Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы дәлелдері.

  3. Жынысты сұрыпталу табиғи сұрыпталудың ерекше формасы екендігі

  4. Табиғи сұрыпталудың негізгі нәтижелері (салдары): бейімделгіштік, түртүзілісі, дивергенция (белгілердің, қасиеттердің тектік түрден алшақтауы).

  5. Дивергенцияның дарвиндік нұсқасын жєне дивергенцияны туындататын себептерді талдау.

Сұрақтар:



  1. Табиғи сұрыптаудың ерекшеліктері қандай?

  2. Табиғи сұрыптаудың жүзеге асу жолдары қандай?

  3. Табиғи сұрыпталудың сандық сипаттамасы қандай?

  4. Табиғи сұрыптаудың түрлері?

Қозғаушы сұрыптаудың түрлері?

Табиғи сұрыптаудың нәтижелері?

Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы дәлелдемелері қандай?

Негізгі әдебиет:


  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл.: 1,3,4,15.

  2. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма. - М., 1969. - с. 227-262

Қосымша әдебиет:

Дарвин Ч. Изменение животных и растений в одомашненном состоянии


Зертханалық жұмыс № 11

Тақырыбы: Қозғалтқыш сұрыпталудың теориясы және ажыратушы сұрыпталу

Мақсаты: Сұрыптау түрлері туралы түсінік

Тапсырмалар:

Сұрыпталу ықшамды процесс екендігі.


  1. Сұрыпталудың артықшылығы. Қозғалтқыш сұрыпталу туралы түсінік.

  2. Особьтар саны әралуан популяцияларда сұрыпталудың нәтижелілігі.

  3. Табиғи сұрыпталудың нәтижелілігіне тіршілік толқынының (особьтар санының, гендер жиілігінің ырғақтығы), қоныс ауысуының, панмикцияның шектелуінің әсер етуі.

  4. Ажыратушы (дизруптивті) сұрыпталу, оның маңызы.

Тұрақтандыратын сұрыпталу теориясы

  1. Тұрақтандыратын сұрыпталу теориясы туралы түсінік.

  2. Теңестіретін сұрыпталу.

  3. Салыстырымды тұрақты ортада популяцияның генотипті құрамына әсер ететін факторлар. Генотиптік әралуандылық адаптация екендігі.

  4. Популяцияның генетикалық гомеостазы.

Сұрақтар:



  1. Қозғалтқыш сұрыпталу дегеніміз не?

  2. Сұрыптаудың нәтижелігі дегеніміз не?

  3. Ажыратушы сұрыптау дегеніміз не?

  4. Тұрақтандыратын сұрыптау?

  5. Теңестіретін сұрыптау?

  6. Популяцияның генетикалық гомеостазы дегеніміз не?

Негізгі әдебиет:

  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл.: 1,3,4,15.

  2. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма. - М., 1969. - с. 227-262

Қосымша әдебиет:

Дарвин Ч. Изменение животных и растений в одомашненном состоянии



Зертханалық жұмыс № 12

Тақырыбы: Табиғи сұрыпталудың жасампаздық ролі (жаңа адаптациялардың туындауы және сұрыпталудың әрекетінен организм құрылымының қайтатүзілуі

Мақсаты: Табиғи сұрыптаудың рөлі туралы түсінік

Тапсырмалар:



  1. Табиғи сұрыпталудың әрекетінен біріккен мутациялар. Доминанттылықтың эволюциясы.

  2. Жаңа белгілердің туындауы сұрыпталудың нәтижесі екендігі.

Сұрақтар:



        1. Доминанттылық эволюциясы дегеніміз не?

        2. Табиғи сұрыптаудың формалары?

        3. Табиғи сұрыптаудың эволюциядағы маңызы неде?


Негізгі әдебиет:

  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл.: 1,3,4,15.

  2. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма. - М., 1969. - с. 227-262

Қосымша әдебиет:

Дарвин Ч. Изменение животных и растений в одомашненном состоянии



Зертханалық жұмыс № 13

Тақырыбы: Түр және түртүзілісі

Мақсаты: түр және түртүзіліс туралы түсінік

Тапсырмалар:



Түрдің дарвиндік ой-жүйесі


  1. Түртүзілісінің біртінділік процесі.

  2. Түр организмдердің бірлестігі екендігі. Түрдің құрылымы.

  3. Дарвин бойынша түртүзілісі процесінде оқшауланудың ролі.


Түрдің шынайылығы және оны ажырататын белгілер

  1. Түрдің бөлікті құрамдылығы эволюцияның нәтижесі екендігі.

  2. Түрді ажырататын белгілер: морфологиялық, экологиялық, географиялық, физиологиялық, биохимиялық, генетикалық.

  3. Түрдің туыстығы. Түрлік адаптациялар. Түрдің шынайылығы. Түр эволюцияның баспалдағы екендігі.

Сұрақтар:



              1. Түр түзілудің жолдары мен әдістері қандай?

              2. Аллопатриялық және симпатриялық түр түзілу деген не?

              3. Дивергенттік түр түзілу дегендіміз не?

              4. Эволюция нәтижелері қандай?

              5. Түрлердің крийтерилары ата?



Негізгі әдебиет:

  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл.: 1,3,4,15.

  2. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма. - М., 1969. - с. 227-262

Қосымша әдебиет:

Дарвин Ч. Изменение животных и растений в одомашненном состоянии



Зертханалық жұмыс № 14

Тақырыбы: Түрішілік жіктелу

Мақсаты: түрішілік жіктелу туралы түсінік

Тапсырмалар:



  1. Табиғаттағы популяция туралы түсінік.

  2. Популяцияаралық өзгешеліктердің себептері. Популяциялардың өзгешеліктерінің қалыптасуында генетикалық өздігінен әрекетті процестердің, сұрыпталудың, оқшауланудың ролі.

  3. Популяция эволюцияның элементарлы бірлігі екендігі.

  4. Эволюциялық өзгергіштік.

  5. Географиялық өзгергіштік.

  6. Түрішілік өзгергіштіктің бөлікті құрамдылығы және өздіксіздігі

Сұрақтар:



    1. Популяция деген не?

    2. Популция құрылымы қандай?

    3. Популяцияны неліктен эволюцияның қарапайым өлшем бірлігі деп білеміз?

    4. Эволюциялық өзгергіштік?

    5. Географиялық өзгергіштік?



Негізгі әдебиет:

  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл.: 1,3,4,15.

  2. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма. - М., 1969. - с. 227-262

Қосымша әдебиет:

Дарвин Ч. Изменение животных и растений в одомашненном состоянии



Зертханалық жұмыс № 15

Тақырыбы: Түртүзілісі

Мақсаты: Түтізіліс туралы түсінік

Тапсырмалар:



  1. Тез және біртіндеген түртүзілісі.

  2. Популяциялар арасындағы өзгешеліктер және олардың түртүзілуіндегі ролі.

  3. Филетикалық және дивергенттік эволюция.

  4. Оқшауланудың алғашқы тетіктері (кеңістік жєне хронологиялық).

  5. Аллопатрикалыќ түртүзілісі.

Табиғи сұрыпталудың әрекетінен оқшауландыратын тетіктердің қалыптасуы


  1. Оқшауландыратын сұрыпталу.

  2. Оқшауланудың екінші реттік тетіктері (әдеттілік, механикалық, физиологиялық).

  3. Симпатикалық түртүзілісі.

Сұрақтар:



    1. Түртізілістің әдістері қадай?

    2. Түртізілудегі популяциялардың рөлі қандай?

    3. Оқшаулану дегеніміз не?

    4. Аллопариялық түртүзіліс дегеніміз не?

    5. Симпатриялық түртізіліс?

    6. Оқшауландыратын сұрыптау дегеніміз не?



Негізгі әдебиет:

  1. Дарвин Ч. Происхождение видов. Гл.: 1,3,4,15.

  2. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма. - М., 1969. - с. 227-262

Қосымша әдебиет:

Дарвин Ч. Изменение животных и растений в одомашненном состоянии



Тарау 4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ тапсырмалары.
СОӨЖ 1.

жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау