Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «ТАҒамдық шикізаттарды өндеудің роботталған кешендері»


-дәріс. Даналық бұйымдары бар машиналардың автоматты қоректендіргіштер



жүктеу 2,09 Mb.
бет7/13
Дата16.01.2020
өлшемі2,09 Mb.
#26913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

4-дәріс. Даналық бұйымдары бар машиналардың автоматты қоректендіргіштер
Қоректенгіштердің құрылымы, жіктелуі және негізгі типтері
Негізгі технологиялық операциялар адамның қатысуынсыз іске асырылады. Бірақ қосалқы операциялары (өңделетін объектіні, яғни шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын бұйымдарды тиеу, түсіру, бекіту және машина ішінде тасымалдау) бар автоматтандырылған машина ғана толық автомат болып есептеледі.

Қоректенгіштер деп өңделетін объектіні машинаға беруге арналған құрылғыларды айтады.

Негізінен қоректенгіштер өңделетін объектіні кеңістікте және уақытта бағдарлау мүмкіншілігіне ие болады. Бұл жағдайда олар бағдарлаушы-қоректендіргішті құрылғылар (БҚҚ ) деп аталады :

Бағдарлаушы-қоректендіргішті құрылғылар:

а) автоматты және жартылай автоматты;

б) даналық және топтық қоректендіргішке арналған;

в) бір ағынды және көп ағынды;

г) белсенді мәжбүрлік және әрекетсіздік бағдарлау.


Әрекет етуі бойынша қоректенгіштер:

а) гравитациялық;

б) ортадан тепкіш;

в) тербелмелі;

г) аралас.
Конструкциясы бойынша қоректендіргіштер:

а) бункерлі; б ) шахталы; ) дискілі; г ) науа тәріздідес және т.б.


Қоректендіргіштер келесі функционалды құрылғылардан тұрады:

1) тиеу құрылғылары;

2) жинақтау құрылғылары (аралық сыйымдылықтар);

3) бөлуші құрылғылар;

4) бағдарлаушы құрылғылар;

5) беруші құрылғылар;

6) үйлестіруші, бақылаушы және қосалқы құрылғылар.
Көптеген қоректендіргіш типтерінде жеке элементтер болмайды, немесе олар бірлескен болады.

Мысалы, қоректендіргіштерде жинақтау құрылғылары болмауы мүмкін. Бөлу және бағдарлау функциясын бір жұмысшы орган атқаруы мүмкін. Олардың конструктивті атқаруылуы әртүрлі болады. Мысалы, сыйымдылықтар келесі түрде бола алады:

- бункерлі, воронкалы, магазинды, транспортерлі және т.б.

Тамақ өндірісінде жартылай автоматты қоректендіргіштер магазинді және автоматты бункерлі тиейтін құрылғылармен жабдықталған машиналар кеңінен қолданылады.

Жартылай автоматтық магазиндік қоректендіргіш келесі түрге ие

- өңделетін объекті магазинге даналап немесе порциялап қолмен жиналады,

- ал арнайы бергіштер оларды машинаға кезекпен береді.
Магазиндер келесі түрде жасалады:

а) шахта; б ) тартпа; в) транспортерлі; г) ұялары бар дискілі және т.б.


Бергіштер өңделетін объектіні алу және даналап беру функцияларын орындайды.

1сурет- а) магазинді қоректендіргіш; б) бункерлі қоректендіргіш


1а суретте магазинді қоректендіргіш схемасы берілген, ол цилиндрлік формадағы бұйымдар белгілі бір ретте салынатын магазинен 1, науалар түріндегі аралық транспортерден 2 және бергіштен 3 тұрады.
Бункерлі қоректендіргішдің артықшылығы мынада:

- Өңделетін объектілер бункерге толтыра тиеледі. Олар жиі орналасады. Бұйымдар қажетті қалыпта даналанып беріледі.

1б суретте бункерлі қоректендіргіш схемасын көрсетілген. Бұйымдар толтыра тиеледі. Кеңістікте бұйымды бағдарлайтын және бөлетін қармауыш орган 3 арқылы көтеріліп, жеке дайындамаларды тартып алады.

Егер көтерілген дайындама дұрыс жағдайда болмаса, ол жұлдызша 1 арқылы кері лақтырылады. Науа жинақтағыш-транспортер 5 қызметін атқарады. Бергіш 4 дайындамаларды даналап жұмысшы позицияларға береді.

Мұндай қоректенгіштер бункерлі бағдарлайтын құрылғы немесе бункерлі бағдарлау- қоректенуші құрылғы деп аталады.

Бункерлердің сыйымдылықтары магазин сыйымдылығынан көбірек бола алады. Сондықтан тиеуді жиі орындамай-ақ қоюға кейде болады. Бункерлі қоректендіргіш магазинге қарағанда кеңінен қолданылады. Бірақта бункерлі қоректендіргіш өңделетін объектілерді бағдарлау бойынша қосымша операциясыны орындағандықтан күрделі болып келеді.

Магазиндік қоректендіргіш орау автоматтарынды қолданылады. Олар екі типті магазиндерден тұрады:

- біріншісі , орайтын бұйымдарын (кәмпиттер) беруге арналған;

- екіншісі, буып-түйетін материалдар (этикеткалар) бланкілерін беруге арналған.

Кәмпиттерді беру магазині:

- айналатын әткеншек түрінде жасалған үстел. Кәмпиттерге лайықты әткеншек сыртында тесік қалталар орналасқан.

Әткеншек астында қозғалмайтын диск орнатылған. Дискте әткеншек тесіктеріне ұқсас бір ғана тесік болады.

Жоғарғы айналған әткеншек кәмпитінің кезекті тесігі төменгі диск тесігімен сәйкес келсе ғана кәмпит бергішке беріледі.

Бергіш оны орамаға нақты бір жағдайда береді. Этикеткаларға арналған магазин төрт бұрыштық тіреуіштан тұрады. Одан әрі вакуумды сорғыш оларды төмен жағынан даналап таңдап, орау позицияларына жібереді.


жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау