Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



жүктеу 3,37 Mb.
бет3/10
Дата20.05.2018
өлшемі3,37 Mb.
#14621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәріс №3. Көшкіндер. Анықтамасы, жіктелуі, жағымсыз факторлары.

  1. Қеңістіктін таралуы. Күші, қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы.

  2. Болжам тиімділігі, алдын алу шаралары.


1 Көшкіндер. Анықтамасы, жіктелуі, жағымсыз факторлары. Қеңістіктін таралуы. Күші, қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы.

Қар көшкіні – бұл тау беткейінде жатқан қалын қардың тұрақтылығының бұзылуына байланысты қардың тез жылжуы.

Республика аумағында 800-ге жуық қар көшкінінің ошақтары бар, оның ішінде 369 ошақ 211-ден аса әртүрлі объектілерге, мемлекетаралық, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар 350 шақырым автомобиль жолдарына және 2 мыңға жуық тұрғындарға тікелей қауіп төндіреді.

Қазақстандық Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатау және Қаратау жоталары аса көшкінге белсенді болып табалады.

Осылайша, Алматы облысында, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде (Іле Алатау) қар көшкінінің 123 қалыптасу ошағы саналады. Шымбұлақ спорт кешенінің тау шаңғы күрежолы ауданында, сондай-ақ Медеу-Шымбұлақ жол учаскесінде көшкіндер жылжуы жиі болғандықтан, бұл объектіні қауіптілігі жоғары дәрежеге жатқызуға болады. Жағдайды ерте болжамдау мақсатында Медеу бөгетінің оң жағына қарай көшкін қауіптілігі үшін қашықтық мониторинг жүйесі енгізілді.

Жетісу Алатауда солтүстік және солтүстік-батыс жота беткейлерінде (Көксу, Текелі өзен бассейндерінде) жоғары қар көшкінің қаупіті 10 ошақ тіркелген 52 әртүрлі объектілерге және 146 тұрғындарға қауіп төндіруде. Алматы облысында 79объектіге және 225 тұрғындарға қауіпті барлығы 133 көшкін жиналуы анықталды,.

Шығыс Қазақстан облысында 230 көшкін жиналуы саналады 92 әртүрлі объектілерге 1060 аса тұрғындарға қауіп төндіруде. Автожол бойындағы көшкін ошақтары аса қауіпті болып табылады. 262 шақырым автожол қар көшкінінің астында қалуы мүмкін. Зубовск кенті, Огневка, Каменный карьер кенттері, Серебрянск қаласының маңы, Өскемен қаласы, Риддер қаласы, Алтынсай ауылы және т.б.жеті елді мекен қауіпті қар көшкін аймағында орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысындаҰғам, Қаратау және Талас жоталары көшкін қауіпті болып табылады, онда 6 көшкін қауіпті учаскелер  тіркелген.Олар 40 түрлі объектілерге және 360 тұрғындарға қауіп төндіреді.

Республиканың басқа өңірлерінде қар көшкіндері елден және коммуникациядан бірталай алыстау қашықтарда орналасқан шатқалдарда қалыптасады.



Көшкін қаупінің белгілері:қар қалыңдығы 20-30 см, қысқы қардың көп көлемде түсуі; қыс мезгілінде ұзақ уақыт күннің суықтығы немесе ауа-райының жылынуы; қар үстіне жауын-шашынның түсуі; қар қаңқасын жасаушы  қатты жел және тау беткейлеріне қарды үрлеп тастауы; тау беткейлеріндегі қар қалыңдығының биіктігі 30-60см мөлшерден артық болуы; қар жамылғысының ұйтқуы және жатуы, тау жоталарында жарықшақтың пайда болуы.

Жел көшкіннің қалыптасуы кезіндегі негізгі әрекет етуші күш болып табылады.


Көшкін қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары.

  • Көшкін апаттарының статистикасы адамдардың қаза болуын сипаттайтын барлық үйінділер тікелей адамдардың өздерінен болғандығын көрсетеді. Қар қалың түскен жоталарға шықпай, тек тапталған жолдармен ғана жүріңіз.

  • Таулы жерлердегі жағдайларды ұдайы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасынан тыңдаңыз.

  • 2-3 күн қатарынан қар жауғанда тауға шықпаңыз.

  • Ірі беткейлердің қиылысынан алыстап, аяқ астынан қардың шуы естілсе тез арада қозғалысты тоқтатыңыз.

  • Көктем мезгілінде, әсіресе күннің екінші жартысында қар еріп беткейлерден тез сырғыған кезде аса сақ болыңыз.

  • Көшкін қаупі бар учаскеден өткенде айқайлауға, шулауға болмайды.

  • Көшкін қаупі бар учаскеден өткенде жалғыз, рюкзакты бір жақ бауымен көтеріп, абайлап өтіңіз.

  • Қалың қар жамылған беткейлерге жақын демалуға және лагерлік шатыр қойып тоқталмаңыз.

  • Қар көшкіні түскен кезде оның жолынан кетіп, рельеф, жартас астына тығылыңыз.

  • Тауға ешқашан жалғыз бармаңыз! Топпен бір уақытта қатерде қалмауға жағдай жасаңыз!

Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары:

  • Көшкін қаупі бар беткейден өтуге тыйым салынады.

  • Күнмен шағылысқан беткейлердің етегінде, тар жолдарда тоқтауға болмайды.

  • Қатты дауыстап сөйлеуге, сондай-ақ беткейде тегіс немесе ұсақ қар түйіршіктерінен жинақталған жерлерге із қалдыруға болмайды.

  • Тас құлайтын науаларды, бос тұрақсыз үйінді, сырғыма жолдарды басуға болмайды.

  • Еш уақытта ауа-райының бұзылуы кезінде, тез арада жылынғанда, қысым түскенде, тұманда, қар түскен соң, бұрқасын мен қатты жел соққанда көшкін қауіпі бар жолға шығуға болмайды.

  • Нашар көрінетін кезде, беткейде қар қалыңдығы 30 см. және одан да жоғары болғанда, жауын-шашын жауғанда, қатты жел тұрғанда, бұрқасын соққанда, температура кенеттен төмендегенде көшкін қаупі бар аймақтан тез арада кету керек.

  • Көктемде шуақты күндерде көшкін қаупі бар аймаққа түскі сағат 12.00-ден кейін бармау керек.

Есте сақтаңыздар: Көшкін кезеңінің ұзақтығы тауларда қардың барына және жиналу кезеңіне сәйкес болады. Көшкіннің ең белсенді уақыты көктем мезгілі болып саналады, абай болыңыздар!
2 Болжам тиімділігі, алдын алу шаралары. Қар көшкіні - таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

Көшкін қаупі бар кезең - Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).

Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20 – 60 градуспен көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылынған кезде болады. Көшкін тауда жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз – сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкенжылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50 пайызыға жуығы жазыққа жетіп, халық пен шаруашылық нысандарына тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шарша метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі керек.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күгннің жылынуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша – сәуір, биік тауда қазан – мамыр.



Көшкіннің болу белгілері: Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу; Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы; Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы; Жер сілкінісі.

Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері:Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі; Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы; Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар; Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы; Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.

Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау: таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз; Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз; Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз; Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз; Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын; Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз: Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз; Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал; Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз; Теңіздің мұз жағында болу, қауіп төнген жағдайда дауыл тллқыны болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу; Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні үстімен жүрмеңіз.
.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Көшкіндер. Анықтамасы, жіктелуі

  2. Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары

  3. Көшкіннің болу белгілері

  4. Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шаралары


Дәріс №4. Сел. Туындау орындары, түрлері.
Жалпы сұрақтар

  1. Селдің түрлері және ұзақтығы. Селдерді болжау, алдын алу шаралары. Қазақстанның селдік қауіпті аудандар. Селдердің күші және қарқындылығы, жиілігі.


1 Селдің түрлері және узақтығы. Селдерді болжау, алдын алу шаралары. Сел сияқты төтенше жағдайдың көзі гидрологиялық құбылыспен тығыз байланысты болса да, соның өзінде де оларды толық негізбен Жердің бетін сыртқы өзгерістерге ұшырататын экзогенді геологиялық процесстерге жатқызуға болады. Бұл тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің геологиялық процесстері, әдеттегідейі сыртқы агенттер әсері -тау жыныстарының мүжілуі, желдің жұмысы, жер асты және жер үсті сулары, өзендер, мұздықтардың салдарынан болады.

Сел - тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай -ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің қарқынды тасқыны.

Сел (араб тілінен алғанда сайль - қарқынды тасқын) – төмен қарай үлкен жылдамдықпен жүріп өтетін және орасан зор қиратушы күшке ие лайтасты су тасқыны, Қазақстаннның оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймағындағы таулы аудандардағы жиі болатын құбылыс, республиканың жалпы ауданының 13% құрайды.

Сел қаупі бар аймақ – селдік процесстердің даму қарқындылығымен сипатталатын, адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға қауіп төндіретін аймақ.

Селге қарсы қорганыс – селдік процестердің пайда болуының алдын алу мен дамуына, сондай-ақ атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарын және халықты селдің туу қаупінен алдын-ала хабарландыруға бағытталған құтқару – шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы.

Сел- тау өзенінің арналарында 3-5 м/с жылдыамдықпен биіктігі 10-20 м дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен ұгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқаны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.

Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендерден бұзып шағуынан пайда болады.Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен жағаларын бүлдіреді.

Селдердің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД-да алғашқы орындарының бірін алады. Республикада 300 астам белсенді сел бассейндері бар. Онда, әртүрлі сипаттағы 600 астам сел белгілері тіркелген. Сел көбінесе қатты нөсерден пайда болады – 80% шамасы, мұздақтардың еруінен болған сел оқиғалары - 15 % жуық, қар тез еріген және жер сілкінісі кезінде сел сирек пайда болады.

Іле, Жоңғар,Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.

Жылдың жылы мерзімінде (мамыр-қыркүйек) Қазақстанның таулы аудандарында сел пайда болады.

Сел қаупінің белгілері:


  • сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;

  • биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;

  • өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгетін бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;

  • өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.


Сел тасқынның тікелей және жақын қаупінің белгілері:

  • морендік-мұздақ кешендегі судың толғандығын айғақтайтын сел қаупі бар арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсеңдеуі;

  • биіктегі сел қаупі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;

  • сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дірілдеуі;

  • сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы;

  • судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда болуы.


Сел қауіпі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіз шаралары:

  • Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.

  • Сел қауіпі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.

  • Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.

  • Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опырылма түсуі мүмкін.

  • Сел арналарымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болуға тиіс.

  • Сел қауіпі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.

  • Сел тасқынның белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.

  • Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеніз, өйткені ол қайталануы мүмкін.

  • Арнаға төмен түскен кезде жәнет онымен жүргенкезде әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.

  • Морендік-мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қауіпі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.

  • Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.

Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде аңықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.

Көп жағдайда 1-2 сағат бұрын естуі мүмкін. Осындай тасқынның жақындауын дөңгеленіп және бір-біріне соқтығысып үлкен жылдамдықпен келе жатқан гүрілден естуге болады.

Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

Халыққа сел тасқынның жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сондіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электроприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.

Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қаттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Сел қаупінің белгілері

  2. Сел қауіпі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіз шаралары:

  3. Халықтың сел тасқынның жақындауы туралы хабарлаған жағдайдағы іс әрекеттері


Дәріс №5. Қар көшкіні. Қар көшкінінің түрлері, туындау орындары, қар көшкінінің болу периодтары және жағымсыз факторлары.
Жалпы сұрақтар

  1. Қар көшкінінің болу уақытын анықтау әдістері, қар көшкінінің қорғану тәсілдері.

  2. Қауіпті құбылыстардың басқа түрлері: опырмалар, себілулер, беткейлік ағылу, жер бетінің отыруы және ойылымы, эрозия, шаңды дауылдар, т.б. Олардың ерекшеліктері, жағымсыз факторлары, қорғану құралдары, салдарды жою тәсілдері.


1 Қар көшкінінің болу уақытын анықтау әдістері, қар көшкінінің қорғану тәсілдері.

Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қар көшкіні қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.

Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады. Қар көшкінінің алуан түрлі қалыптасу жағдайының нәтижесінде олардың түрі мен көлемінің айтарлықтай айырмашылықтары бар. Қар көшкіні тау баурайындағы қардың салмағы оның беріктігінен асып кеткен кезде пайда болады. Қазақстаңдағы қар көшкіні қауіпі бар аймақ 95 мың км2 жуық аймақты алып жатыр, жоғарғы және орташа қар көшкіні қауіпі бар аймақ – 25 мың км2 жуық. Олар негізінен еліміздің таулы аймақтарының шығыс және оңтүстік – шығыс аймақтарында орналасқан. Республикада жаңа жауған қардан пайда болатын және қаркынды жылымық кезінде пайда болатын қар көшкіндері саны жағынан көптеп кездеседі.

Апаттық қар көшкіні құбылыстарының арасынан атап көрсетуге болатыны 1966 жылдың наурыз айындағы оқиғаны айтуға болады, 1ле Алатауының солтүстік баурайындағы көшкінді қардың жиынтық көлемі 110 млн. м3 құрады. Аса үлкен, 300 мың м3 болатын қар көшкіні Кіші Алматы өзенінің бассейінінде байқалды. 1951 жылғы кезеңнен Іле Алатауындағы қар көшкінінен 91 адам зардап шегіп, оның ішінде 56 адам қаза тапқан.

1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зубовский елді мекенінде қар көшкінінен бір мезгілде 30 адам қаза тапқан. Қазақстанда қар көшкінінен қорғау бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.



Қар көшкініне қарсы қорганыс қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы.

Қар көшкініне тап болған кездегі өзін – өзі құтқару әдістері:

  1. Көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз;

  2. Көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз;

  3. Шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда одан тұншығып қалмас үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен жабу керек;

  4. Қолдан келген барлық әдіспен аяқ қолды қозғалта отырып үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз

Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күшпен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз.

Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет:

  1. Көшкіннің қайталану қаупінің жоқтығына көз жеткізу. Бір адамды беткейдің үстіңгі бөлігін қарау үшін қалдыру, көшкіндегі жолдасының жоғалу нүктесін тез белгілеу.

  2. Зардап шегушіні табу немесе іздеу үшін бағдар беруі мүмкін қандайда бір затты табу ұмітімен осы нүктеден төмен көшкін конусын мұқият қарау. Көмілген адамның, әдетте, жоғалу нүктесі мен оның жарықтарының аса жеңіл заттары жатқан жердің арасында болатындығын есте ұстау керек.

  3. Көшкін бауын немесе сақтандыру арқанның тапқан кезде зардап шегушіні табу қиынға соқпайды. Ең бірінші кезекте қардан оның басын босатып, содан кейін ғана алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет.

  4. Егер зарлап шегушіні өз күштеріңізбен табу мүмкіндік болмаса, құтқару отрядын шақыру қажет. Оған қатысушылар күрделі ауа райы жағдайындағы ұзақ жұмысқа әрдайым болуға тиіс.

  5. Егер бақытсыздықтың тікелей куәгері жоқ болса, зардап шегушінің жатқан жерін тау бедерінің нысанына, көшкін түріне, оның сырғу бағытына қарай анықтайды.Тік құлама беткейде бірінші кезекте жайпақ учаскелерде көшкін жылдамдығы бояулайтындықтан қашатты тексереді және онда қар көп қалады. Егер көшкін жолында жекелеген ағаш, жартастың ұшы, жол кездессе, зардап шегушіге осы кедергілерге аялдауға болады.

  6. Қозғалыс жылдамдығы 160 км/с асатын құрғақ үлпілдек қар көшкініне тап болған адамды шетке лақтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда көшкін конусы алдындағы едәуір кеңістікті қарау қажет.

  7. Аймақты аңықтағаннан кейін бағдарлауға көшеді. Көшкін бұрғысы серпілмелі металл шеңберінен тұратын бірнеше бұралмалы секциядан тұрады.

  8. Құтқарушылар бір-бірі мен аралық сақтап беткейге қарсы тұрып, бұрғыны қарға 3 м тереңдікке еңгізеді. Содан соң беткейдің үстімен 10 см жоғары көтеріліп оны бағыт бойынша іздеуді қайта жалғастырады. Зардап шегушіні осындай әдіспен жылдам табу ықтималдығы-70%.

  9. Екі мәрте сәтсіз бағдарлаудан кетіп әрбір 25 см арқылы мұқият тексеруге кіріседі. Бұл кезде құтқарушылардың аралығы 30 см болуға тиіс. Егер бұрғы қардың қалындығынан топыраққа жетпесе, бойлама траншея қазу қажет(беткей бойынша төменнен жоғары).

  10. Іздеу жұмыстары зардап шегуші табылғанға дейін жүргізіледі. Жатқан жерін аңықтаған бойда қазу басталады. Әуелі жылдам қазуға болады, кейін күрекпен дене жарақаттамау үшін сақтық жасаған дұрыс.


2 Қауіпті құбылыстардың басқа түрлері: опырмалар, себілулер, беткейлік ағылу, жер бетінің отыруы және ойылымы, эрозия, шаңды дауылдар, т.б. Олардың ерекшеліктері, жағымсыз факторлары, қорғану құралдары, салдарды жою тәсілдері.

Опырылу (сусыма, тас құлау) – бұл ең алдымен тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы.

Сырғыма – тау баурайымен өз салмағының әсерінен және тау баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан тыс сулануынан болатын қосымша ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да процестердің нәтижесінде тау жынысы массасының жылжуы.

Сырғымаға қарсы қорғанысқа жататындар: қар көшкіні процесінің пайда болуы мен дамуын тоқтатуға, халық пен территорияны қорғауға, сондай -ақ, атқарушы билік пен жергілікті атқару органдарын сырғыманың қаупі туралы казіргі заманғы құралдардың көмегімен хабарландыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы.

Апаттық салдары бар сырғымалар Қазақстанның таулы аймақтарындағы жиі кездесетін құбылыс болып табылады. Соңғы мысал -2004 жылдың көктеміндегі Алматы облысы, Талғар ауданыңдағы 29 адамның өмірі мен көп пәтерлі тұрғын үйдің толық қирауына алып келген сырғымалар

Үгінділер – тау жыныстарының өз салмағының әсерімен сырғып қозғалуы. Олар әдетте өзен жағалауларымен жыраларда, жартастардың немесе беткейлердің бойында пайда болады, бұл негізінен су өтетін қыртыстағы суланған топырақтың салдарынан болады.

Іле Алатауының бөктерінде жартастар мен жасанды егітіктердің үгілуі жиі болады және айтарлықтай зауал келтіреді.

Үгінділердің пайда болу себептері мен шарттары әр түрлі – жартастың биіктігі, құламалығы және қалыбы, оның географиялық құрылымы, жоғары жағынан және топырақ астынан судың өту жағдайы, қосынды жыныстардың ерекшелігі, олардың құрылымы, физикалық–механикалық әсер үлкен ықпал етеді. Уақыт өте құрғау және булану, қату және еру, сондай-ақ топырақ суы деңгейінің жүйелі өзгеруі немесе су қомасын салуға байланысты олардың айтарлықтай көтерілуі, жартастың төменгі бөлігі өзен суынан, сел тасқындарынан шайылуы немесе жасанды ойықтармен кесілуі ( жол, траншея, қазандық) жартастардың тұрақтылығын бұзады және үгінділердің пайда болуына себеп болады. Жыныстарды құрылымен ерекшелігін өзгертетін себептер арасында негізгілері жыныстарды желдету және суландыру және еріту болып табылады. Беріктігі әлсіз жартастарға қосымша салмақ үгіндінің пайда болуына себеп болады. Бұл жасанды статистикалық немесе динамикалық салмақ, суды жартасқа қарай сүзгіден өткізу кезіндегі гидростатикалық немесе гидродинамикалық қысым болуы мүмкін. Жартастарды үйінділермен, ауыр ғимараттар құрылысымен жаншу да үгілуге алып келеді. Динамикалық және вибрациялық салмақтың әсерінен болатын үгінділер кенеттен және аса қауіпті болып келеді, олар жарылыс жұмыстары, бетон араластырғыштар, рельс көлігі және басқалар. Жер сілкінісі кезіндегі берік тұрған жартастардағы үгінділердің үлкен жиілігі ұлан ғайыр аймақты қамтиды. Верныйдағы 9 баллдық жер сілкінісінде (1887ж.) үгінділер қопарлыстар үлкен аумақты қамтыды. Жер сілкінісі кезіндегі үгінділермен қопарлыстар көлемділігімен және кенеттен пайда болуымен қауіпті. Сонымен қатар олар таулы жазықтықтарда үйінділерге айналып, қарқынды селдің пайда болуына алып келеді. Қарқынды сел жазықтықтың төменгі жағымен тау өзендеріне, әсірісе көгалды және құрылыс аймаққа үлкен зауал келтіруі мүмкін.

Үйінділер кейде сақтықсыз, ал басқа жағдайда жердің геологиялық жағдайын ескермей шаруашылық жүргізетін орындарда пайда болады. Мысалы:

- Егер әр түрлі ғимаратты салу кезінде топырақтың жоғарғы қабатының салмағы ұлғайса;

- Егер қазандық пен шұңқыр қазған кезде жартас үгілсе;

- Егер орман мен бұталар кесілсе;

- Егер су құбырымен канализация аққан су жер қыртысына ағатын болса;

- Егер жер асты су шығатын жер қоқыстанатын болса.

Үгінділерден қорғану көп ғасырлар бойында адамзаттың аса ірі проблеммалардың бірі болып қалуда. Үгінділерге қарсы шаралар өз сипаты бойынша екі топқа бөлінуі мүкін: әлсіз және қарқынды.

Бірінші топқа негізінен күзету, шектеу сипатындағы шаралар жатқызылуы тиіс, атап айтқанда:

- үгілетін жартастарды тесуге және оны әр түрлі шұңқырларды қазуға тиым салу;

- қауіпті жиек шегінде жартастарда, сондай-ақ оладың үстінде әр түрлі заттарды төгуге жол бермеу;

- жартастарда және көрсетілген жиектерде судың топыраққа ағуын мүлдем болдырмайтын тиісті шараларды орындаусыз суды көбірек тұтынатын объектілерді, тоғандарды, суаттарды, ғимараттарды салуға тиым салу;

- үгілетін учаскі төңірегінде жарылыстар мен тау жыныстарын жургізуге тиым салу;

- үгілетін учаскіге жапсырылыс аймақтарда темір жол поезінің қозғаласын қажет жағдайда шектеу;

- жер асты су өтетін аймақта су өткізбейтін жабылғыларды орнатуға тиым салу;

- ағаш бұтақ және шөп өсімдіктерін қорғау, бақыланбайтын жер учаскілерін суаруға , кейде оларды жыртуға тиым салу;

- канализациясыз су құбыры колонкасымен тұрақты су құбырын салуға тиым салу;

- үгілетін жартастарға нөсер, ағынды суларды ағызуға жол бермеу;

- үгілетін аумақты орманға айналдыру.

Екінші топқа: әр түрлі инженерлік ғимараттарды қамтитын үгіндіні болдырмау шаралары жатады: сатылау әдісі, тірекқондырғылар әдісі, тірек қабырғалар, контрабанкеттер, бағаналық қытырлар, тұтас бағаналы немесе жұқа қабырғалар.

Үгіндінің пайда болу белгілері мыналар:

- әуелде зорға байқалатын, біртіндеп кеңейетін және алдағы үгілу көлемін нобайлайтын доға тәріздес жарықшақтың болуы;

- атмосфералық қалдық есебінен ылғал сүйгіш өсімдік дақтарының пайда болуы;

- бұрын салынған ғимараттардың қалыпты жағдайының бұзылуы, олардың бүлінуі немесе жылжуы;

- биологиялық қыртыстар қалыбының бұзылуы;

- ағаштардың қисайған қылыш тәріздес діңгегі жартастың баяу үгінділік қозғалыста болғандығын байқатады.

Жартастағы жарықшақты байқаған кезде әрі қарай жүруді қажеті жоқ, өйткені сәл ғана діріл үгілуге алып келуі мүмкін.

Үгілу белгілері байқаласымен ең алдымен осы ауданның және соған жапсарлас елді–мекендердің халқына хабарлау қажет. Адамдар ненің болғанын, ен істеу керектігін білуге тиіс. Егер қажет болса, адамдарды көшіруді, хайуанаттар мен материалдық құндылықтарды әкетуді ұйымдастыру керек.

Қажет жағдайда құрама әзірлікке келтіріледі. Бірінші кезекте көмек іздеген және бұзылған ғимараттар мен үйінділерден табылған зардап шегушілерге көрсетіледі. Үгілу белгісі байқарған бойда–ақ үй–жайдан мүмкіндігінше жылдам шығып, қауіп туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз жерге кету керек.

Үй–жайдан шыққанда пешті өшіру, газ крандарын жабу, электр приборларын ажырату керек. Үгілу аяқ астынан пайда болғанда аса қауіпті. Бұл жағдайда ең бастысы–үрейге бой алдармау!



Опырылма – бұл жыныстардың үгілуіне алып келетін тік жартастардағы тау жыныстарының үлкен көлемде құлауы. Опырылмалардың биік, ірі жартастарға тән, олардың тұтастығы тектоникалық ұсақталудан немесе жер сілкінісі дүмпуінен бұзылады. Олар үлкен үйінділерлің пайда болуынан немесе ел–мекнедердің бұзылуына және ормандардың құлауына алып келеді, апатты су тасқынымен адамдардың өліміне себеп болады. Опырылмалар Тянь–Шань және Жоңғария сияқты жас және өзен жазықтарымен тарамдалған таулы алқапта үйреншікті құбылыс. Апатты салдарға алып келген ондаған алып қопармалар белгілі. Миллион және миллиард тонна көлеміндегі қопарылма материал (ұсақталған тау жыныстарының массасы өзен жазығын бүтіндей жабады. Үйіндіден жоғары ірі тау өзендері пайда болады. Тянь–Шаньдағы биік таудағы көптеген үлкен өзендер (Үлкен Алматы, Есік, Құлсай және басқалар) осылайша пайда болады.

Үгінділер мен қопарылмалар қауіпті болуымен қатар келесі процестердің дамуына нақты алғы шарттар жасайды. Үйінділердің бұзылуы ірі су тасқыны мен селге себеп болды. 1960 жылғы 7 шілдеде есік тоғаның Жарысай селі шайған кезде осындай жағдай болды.

Қопарылмалар тастың құлауы, тау жыныстарында аса қауіпті. Сондықтан да биік және тік жартастардын жанында уақытша болу аса сақтықты қажет етеді. Тік жартасты учаскілердің маңында палата лагерлерін орналастыруға жол бермеуге тиіс.

Қопарылмалар және тас құлаған кезде ең жақсысы тау жынысына қарай бағыттан айналып өтіп кеткен жөн. Егер кету мүмкін болмаса жартастың, ағаштың және т.б. түбінде жасырыну керек.

Тау қопарылмаларының салдарын жою кезінде жүргізілетін шаралар:


  1. Қауіпті аудандардан адамдар мен жануарларды көшіру;

  2. Зіл зала аудандарында кіре беріс автомобиль және теміржол жолдары мен колонналық жолдардың төсемдерін қалпына келтіру;

  3. Инженерлік құтқару жұмыстары, үйінділерде жартылай бұзылған ғимараттар мен суға батқан жерлерден зардап шекендерді қамтиды;

  4. Инженерлік–техника құралдардың көмегімен үйінді астында қалғандарды қазып алу;

  5. Зардап шеккендерге су, тамақ пен киім жеткізу;

  6. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарын, жұмыс әдісі мен қорғаныстық үгінді қондырғысын жедел орнатуды, инженерлік- техниканын көмегімен үйінделерді өтетін жолды жасау, коммуналдық энергетикалық желілерді, ішкі объектілік және өтетін жолдарды, көпірлер мен ғимараттарын жедел қалпына келтіру;

  7. Қалпына келтіруге болмайтын және төңіректегілер үшін қауіпті ғимараттар мен басқа қондырғыларды бұзу;

  8. Суды табу және тазалау;

  9. Ғимаратты одан әрі бұзылудан сақтау үшін ол үшін қауіпті қондырғыларды нығайту жолымен ғимарат пен тұрақжайды жедел қалпына келтіру бойынша жұмыстар;

  10. Жолды, жол ғимараттарын, су көздерін, ғимараттарды уақытша қалпына келтіруді, елді мекен тіршілігі мен кәсіпорындар жұмысын қалпына келтіру мақсатында уақытша тірек қабырғаларын, галерея үйінділерді орнату.

Тастың құлауы – бұл тауда кездесетін жиі де қауіпті апаттардың бірі, тастың құлауы әсіресе қар еріген уақытта аса қауіпті. Күн нұры жартас қыртысының жоғарғы бөлігін қыздырған бойда тастың құлауын күтуге болады, өйткені жарқышақта қатқан су ериді және жартастағы бос тасты ұстай алмайды. Құлаған тас жолдағыларды қағып, бүкіл масса жартасқа соғылып, төменге құлайды. Тастың құлауына ұзақ жаңбыр мен тауды желдету процесі себеп болады. Тау жыныстарын құрайтын бөлік шытынап, жекеленген жарқышақтарға бөлінеді. Үгіндісімен немесе қатты бүлінген жартаспен көтерілген адамдардың бейғам қозғалыстары да тастың құлауына себеп болады. Сондықтан аяқ тұрған тастың тұрақтылығын, беріктілігін мұқият тексеру қажет, өйткені ол төменде келе жатқан адамдарға құлауы мүмкін.

Ықтимал тас құлайтын жерлерді айналып өткен жөн. Егер ол мүмкін болмаса, негізгі қозғалыс ережелері мынандай: тік учаскелердегі бұзылған қыртыстар айналып өткен жөн. Жартасқа күн түскен жағдайда күн шағлысатын жерден кеткен жөн. Сол маңайдан өткенде кезекпен мүмкіндігінше жылдам сенімді тосқауылмен өткен жөн. Тас құлаған кезде жолдастарыңды айқайлап ескерт.

- Тас жоғарыдын құлағанда жартастың артына тасалану керек, ал егер мүмкін болмаса, оң–солыңды қозмағаның жөн.

- Тік бұзылған жартасты учаскілер жанында лагерь құруға немесе демалуға болмайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Қар көшкінінің болу уақытын анықтау әдістері, қар көшкінінің қорғану тәсілдері.

  2. Қауіпті құбылыстардың басқа түрлері: опырмалар, себілулер, беткейлік ағылу, жер бетінің отыруы және ойылымы, эрозия, шаңды дауылдар, т.б.

  3. Олардың ерекшеліктері, жағымсыз факторлары, қорғану құралдары, салдарды жою тәсілдері.


Дәріс №6. Гидросферада болатын стихиялық құбылыстар
Жалпы сұрақтар

  1. Ішкі суқоймаларда болатын гидрологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері: су тасқыны, су тасу, нөсерлік су тасу, желдік айдамалар, судың төмегі деңгейлері, сең буылуы және тоқтауы, жер асты сулар деңгейінің көтерілуі. Теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар: тайфундар, теңіз деңгейінің қатты толқулары ( 5 балл және одан да көп) немесе тербелісі, мұздық жамылғы және т.б.

  2. Анықтамасы және сипаты, күші және қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы, зақымдаушы факторлар

  3. Aлдын алу және гидросферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.



1 Ішкі суқоймаларда болатын гидрологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері: су тасқыны, су тасу, нөсерлік су тасу, желдік айдамалар, судың төмегі деңгейлері, сең буылуы және тоқтауы, жер асты сулар деңгейінің көтерілуі. Теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар: тайфундар, теңіз деңгейінің қатты толқулары ( 5 балл және одан да көп) немесе тербелісі, мұздық жамылғы және т.б.
Қауіпті гидрологиялық құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.

Су басу – құрғак жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын судың жоғарғы деңгейі.



Ескерту.Су басу су тасу немесе тасқын кезіңдегі су деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесіңде, сондай-ақ гидротехникалық құрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.

Су басулар адам өлімімен, тұрғын және кәсіпорын нысандарының қирауымен байланысты, мал басының өлім - жітімі мен дәнді дақылдардың құруымен, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерін тигізумен айтарлықтай шығынға ұшыратады. Соңғы 10 жылда әлемде су басудан 100 мыңға жуық адам қаза тауып, 1,5 млн. аса адам зардап шеккен, ал су басудан келген жалпы шығын 300 млрд. долларды құраған.

Қазақстанда апаттық құбылыстардың қатарында су басуларды да атап көрсетуге болады. Республикада белгілі бір жағдайларда су басулар болатын ұзындығы 50 км және одан да асатын 800-ге жуық өзен бар. Соңғы 10 жылдың ішіңде Қазақстанда әртүрлі генезисті 300-ден аса су басулар болды, 70%-ы көктемдегі су тасулармен байланысты су басулар болса, 20% -ы жауын – шашынның салдарынан болған және 10%-ы басқа да себептерге байланысты болған су басуларға тиесілі. Су басулар Республикада жыл сайын тіркеліп отырады, 1993 жылдың көктеміндегі болған су басу тектес апаттық су басулар өте сирек кездеседі, онда қар қорының шамадан тыс көп болуына байланысты, сондай-ақ қатты жауынның жаууы кенеттен күннің жылуымен сәйкес келіп, республиканың барлық жазық өзендерінде апаттық тасқындар қалыптасқан еді.

Айтарлықтай қауіпті Каспий теңізінің көп жылдық деңгейінің көтерілуі алып келетін, теңіздің солтүстік жағалауында жел толқытуынан пайда болған су басулар туғызады.

Су тасу – жыл сайын белгілі бір климаттық жағдайда мерзім сайын қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді су деңгейінің көтерілуімен сипатталатын және қардың еруімен немесе қар мен мұздықтың бірге еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.Су тасуларды көктемдік, көктем – жаздық, жаздық деп бөледі.

Тасқын – жылдың бір мезгілінде бірнеше peт қайталанатын, жиілігімен, әдетте, қысқа мерзімді су шығыны мен су деңгейлермен сипатталатын және жауын – шашыннан немесе жылымық кезіңдегі қардың еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.



Апаттық тасқын - қирау мен құрбандыққа алып келетін, көлемі жағынан көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын түсінігі, сондай — ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады.

Казақстанда 2003-2004 ж. апаттық салдары бар тасқындар тіркелген. Мысалы, Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің арнасына айтарлықтай мөлшердегі судың құйылуынан су басу аймағы 660м3 құрады, 360 – тан аса тұрғындық құрылыс су астында қалды, қауіпсіз аймаққа 2085 адам көшірілді.



Жинақталу - судың сығылысуын және осыған байланысты су деңгейінің көтерілуін туғызатын мұз көшу кезіндегі мұздықтардың өзен арнасына жиналуы.

Кептеме судың сығылысуын және осыған байланысты су деңгейінің көтерілуін туғызатын өзен арнасыңдағы майда мұздардың жиналып қалуы.

Цунами – су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс, алайда Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.

Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.

Қар көшкіні қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.

Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады. Қар көшкінінің алуан түрлі қалыптасу жағдайының нәтижесінде олардың түрі мен көлемінің айтарлықтай айырмашылықтары бар. Қар көшкіні тау баурайындағы қардың салмағы оның беріктігінен асып кеткен кезде пайда болады. Қазақстаңдағы қар көшкіні қауіпі бар аймақ 95 мың км2 жуық аймақты алып жатыр, жоғарғы және орташа қар көшкіні қауіпі бар аймақ – 25 мың км2 жуық. Олар негізінен еліміздің таулы аймақтарының шығыс және оңтүстік – шығыс аймақтарында орналасқан. Республикада жаңа жауған қардан пайда болатын және қаркынды жылымық кезінде пайда болатын қар көшкіндері саны жағынан көптеп кездеседі.

Апаттық қар көшкіні құбылыстарының арасынан атап көрсетуге болатыны 1966 жылдың наурыз айындағы оқиғаны айтуға болады, 1ле Алатауының солтүстік баурайындағы көшкінді қардың жиынтық көлемі 110 млн. м3 құрады. Аса үлкен, 300 мың м3 болатын қар көшкіні Кіші Алматы өзенінің бассейінінде байқалды. 1951 жылғы кезеңнен Іле Алатауындағы қар көшкінінен 91 адам зардап шегіп, оның ішінде 56 адам қаза тапқан.

1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зубовский елді мекенінде қар көшкінінен бір мезгілде 30 адам қаза тапқан. Қазақстанда қар көшкінінен қорғау бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.



Қар көшкініне қарсы қорганыс қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы.
2 Анықтамасы және сипаты, күші және қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы, зақымдаушы факторлар, алдын алу және гидросферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.

Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жергілікті жердің белгілі бір бөлігінің судың астында қалуы. Ол елді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім – жітіміне алып келуі мүмкін.

Мыналардың әсерінен су басуы болуы мүмкін:

жауын – шашынның қатты болуынан, қар мен мұздардың күрт еруінен, тасқын су мен сеңдердің кептелуінің салдарынан бөгеттің, тоғанның бұзылуынан, қатты желден, судағы жер сілкінісінен

Қазақстанда су басуды тудыру себептері бойынша оны үш топқа бөлуге болады.



  1. Метеорологиялық жағдайлардан туындаған судың басуы:

Су тасу – судың көктемгі қардың еруінен көтерілуі.

Мұндай су басу өзендегі су деңгейінің айтарлықтай өте ұзақ уақыт бойы көтерілуімен ерекшеленеді.судың тасуын болжауға болады, бұл қажетті шараларды пайдалануға және үлкен залалдан құтылуға мүмкіндік береді.



Тасқын - нөсердің немесе қыстағы жылымықтың салдырынан судың аз уақытта көтерілуі. Судың бауымен салыстырғанда тасқын ретсіз пайда болады.

Каспий суларындағы қума жел.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суы аса таяз. Ал үлкен аландағы Каспий жағалауы ойпатының теңізге қарай кішкентай бұрылысы бар. Осы себепті көктем мен күзде күшті желдер соғатын уақытта Ганюшкино поселкасынан бастап /Астрахань облысымен шекарада/ Маңғыстаудағы Бұзашы түбегіне дейінгі теңіз жағалауындағы көптеген елді мекендерді 50 км қашықтықтағы аумақты бойлай су басады, бұл жерде су деңгейі 1,5-2 метр дейін көтеріледі.

2 Арнадағы жағдайдан туындаған немесе күшейтілген су басу.



Мұздың кептелуінен – көктемгі уақытта өзендердегі сеңнін қозғалысынан туындайды. Кептелу құбылысы арнадығы су ағысын кристалдық мұздың тұрып қалуы салдарынан мұз тоғынының пайда болуынан туындайды. Бұл су деңгейінің кейде 2-3 және одан да жоғары күрт көтеруіне алып келеді. Кептелу әдетте бірнеше сағаттың бойында болады. Ал тәуліктен асатындары өте сирек кездеседі.

Мұз тосқауылдарынан - күз бен қыста өзен бетінде жүзіп жүрген мұздың, мұз қабыршағының арнаның аысында тығындалу нәтижесінде туындайды. Тосқауыл әдетте су деңгейін жайлау көтереді кептелуге қарағанда айтарлықтай тұрақты, кейде көптеген күн бойы сақталады және баяу бұзылады.

3 Мыналардан туындаған немесе күшейтілген антропогендік сипаттағы су басу:

- көпірлердің, гидротехникалық ғимараттардың тығынынан, өзен арналарындағы үйінділерден, арналардағы жасанды ғимараттардан

- жоғарыда орналасқан тоғандар немесе жағалау бөгеттерінің бұзылуынан.




Таралуы және қауіпті кезеңдер

Судың тасуынан болған, судың басуы іс жүзінде Қазақстаның барлық аймақтарындағы өзендерде кездесті. Осындай сипаттағы су басуының пайда болуы Оңтүстік Қазақстанның өзендерінде ақпан, март, Оңтүстік шығыс пен шығыста наурыз, шілде, еспубликалның жазықтағы өзендерінде наурыз, маусымда болады.

Қазақстан аумағындағы таза түріндеі жаңбыр суы негізінен төменгі және орташа таулы өзендерде, сайларда, Оңтүстік Шығыстың уақытша суағарларында көктемгі және жазғы кезеңдерінің аяғында, ал Ертіс аймағының өзендерінде жалпы күзгі кезеңдерде байқалады. Кейде олар жойқын күшті болып келеді. Жаңбыр суының жинақталуының маңызды ерекшелігі орташа таулы аймақтарда олардың белгілі бір жағдайда селге айналуы болып табылады.

Қазақстан аумағында қума желге байланысты апатты су басу Орал өзенінде және Каспий жағалауының бүкіл Солтүстік Шығысының бойында байқалады. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылығына үлкен залал келтірген соңғы жылдардағы судың басуы Каспий теңізі деңгейінің жаппай көтерілуінен күшейе түсуде.

Кептелуден және тосқауылдан туындаған талқандағыш күшке ие су басудың таралу аудандары Іле Алатауының, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстанның өзендері болып табылады. Олар мұз төсенішінің бұзылуы және пайда болуы кезеңінде көктем мен күзде байқалады.

Апатты су тасқыннан болған ықтимал залалды азайту жөніндегі шаралар

Су тасқынынан болатын ықтимал залалды азайту мақсатында апатты су тасқыны аймағын ескере отырып, өндірістік ғимараттарды нығайтуға, халықпен, шаруашылық кешен объектілерінде жұмыс істейтін қызметкерлерді өз уақытында хабарлауға, бағытталған шаралар жүргізіледі, олардың ішінде:



  • ықтимал апатты су тасқыны аймағында, елді мекендер мен шаруашылық кешен объекілерін орналастыруды шектеу;

  • гидродинамикалық авариялар кезінде ықтимал залалды төмендету жөніндегі шараларды ескер отырып, гидротехникалық ғимараттарды жасау жөніндегі жобалық және құрылыс жұмыстарын орындау.

  • Елді мекенер мен шаруашылық кешенді объектілерін елді мекендерді және жайылымдарды қорғай, гринаждық жүйені құру, жағалауды, суағарды бекіту, ұстау үшін бөгет орнату, жолды, көпірді, су келетін каналдар қондырғысын жөндеу, шұңқырларды жоюға арналған авариялық материалдарды жинақтау және бөгеттің, гидрооқшаулағыш қондырғысы мен ғимараттың биіктігін көтеру, аласа ағаштарды отырғызу жолымен қорғау.

  • Ықтимал су басу аймағында орналасқан халықты, шаруашылық кешенін, объектілерінің гидротораппен сенімді байланысын қамтамасыз ету, су басу қауіпі немесе басталғандығы туралы оларға өз уақытында хабарлау.

  • Гидротораптың /тоғанның/ астындағы су деңгейінің апатты көтерілуі туралы автматты дабылдау жүйесін құру, қала АҚ және ТЖ органдарының, елді – мекендер мен шарашылық кешені объектілерін, гидротораптық/тығынның / жойқындылықпен бұзылуы туралы хабарлау

  • Су басқан уақытта тұтынушыларды энергиямен қамсыздандыру және кезектеп ажырату жөніндегі схемаларды әзірлеу.

  • Гидроторап /тоған/ бұзылған кезде су көлігі тұрағының орнын дер кезінде таңдау және ұйымдастыру.

  • Су басу аймағында қалған халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, эпидемияға қарсы шараларды өткізуге дер кезіндегі әзірлік.

  • Апатты су тасқынының жағдайындағы іс-әрекетке халықты оқытуды ұйымдастыру




жүктеу 3,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау