4
|
+
|
-
|
+
|
Реакция
жүрмейді
|
N2 + 2O2→ 2NO2 - Q
|
Химиялық реакцияның жылдамдығы көлем өзгермеген жағдайда ракцияға қатысатын не одан шыққан өнімнің бірінің концентрациясының белгілі бір уақыт бірлігінде өзгеруімен өлшенеді. Реакциялар гомогенді және гетерогенді болуы мүмкін.
Егер реакция біртекті фазада жүрсе, оларды гомогенді, ал әр түрлі ортада жүрсе гетерогенді реакциялар деп атайды. Олардың реакция жылдамдығы келесі формулалармен анықталады.
Химиялық реакцияның жылдамдығы деп уақыт бірлігінде жүйедегі зат концентрациясының өзгерісін айтады.
Реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар.
1.Концентрацияның әсері.
Химиялық реакция тездеу үшін, әрекеттесуші заттардың молекулалары жиі кездесіп, түйісуі керек. Ол үшін әрекеттесуші молекулалар санын немесе концентрацияларын көбейту қажет. Норвегия ғалымдары Гульдберг және Вааге химиялық реакциялардың жылдамдығына заттар концентрацияларының әсерін зерттей отырып, әрекеттесуші массалар заңын ашты: «Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал».
2.Температураның әсері.
Атом – молекулалық ілім тұрғысынан температура артқан сайын молекулардың қозғалыс жылдамдығы артып, олардың бір-бірімен соқтығысу дәрежесі артады, соның нәтижесінде заттардың жылдамдығы артады. Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері Вант-Гофф ережесімен анықталады.
3.Катализатордың әсері.
Катализтор деп реакция нәтижесінде жұмсалмайтын, бірақ реакция жылдамдығына әсер ететін затты айтады.
Катализаторға төмендегі қасиеттер тән:
Реакцияға түсетін заттардың көп мөлшерлерін реакциядан түзілетін заттарға айналдыру үшін, катализатордың азғантай мөлшері керек.
Катализаторлар белгілі бір реакцияның немесе белгілі бір реакция топтарының ғана жылдамдықтарын өзгерте алады.
Катализаторлар жаңа реакция тудыра алмайды. Олар катализаторлардың қатынасынсыз, өз бетімен жүре алатын реакциялырдаң жылдамдығын ғана өзгертеді.
Қайтымды реакцияларды катализатор тура және кері жүретін реакциялардың жылдамдықтарын бірдей өзгертіп, тепе-теңдік жағдайға жетуге көмектеседі .
туралы жалпы мағлұмат берілгеннен кейін келесі кесте бойынша оқушыларды білімдерін бір жүйеге келтіру көзделді.
Кесте 6 - Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |