Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі. Әрбір пән мұғалімі бағдарламаны басшылыққа ала отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауы қажет. Ол үшін, жыл бойына бөлінген жалпы сағатты тоқсандарға бөлеміз. I тоқсан: 1 қыркүйек – 4 қараша (9 апта); II тоқсан: 10 қараша – 28 желтоқсан (7апта); III тоқсан: 11 қаңтар -23 наурыз (10 апта); IV тоқсан: 1 сәуір- 25 мамыр (8 апта). Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады. 6-дәрісте 7-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бір бөлігі көрсетілген. Сол мысалды басшылыққа алып 7-11 сыныптарға күнтізбелік жоспар жасаңдар.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар р№ | Өтілетін тақырыптар | Сағат саны | Мерзімі | Көрсетілетін демонстрация-лық тәжірибелер | Үйге тапсырма | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | І-тараудың атауы (тарауға бөлінген сағат саны) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күнтізбелік жоспар жасалғаннан соң өздеріңе бөлінген тақырып бойынша сабақ жоспарын жазыңдар. Сабақ жоспарын жазудың мысалы 6-дәрісте көрсетілген.
Сабақ жоспары келесі элементтерден тұруы керек:
сабақтың тақырыбы мен міндеттері;
әрқайсысының уақыты көрсетілген сабақ кезеңдері;
білімді тексерудің әдістері мен мазмұны;
жаңа материалды оқытудың жүйелілігі мен әдістері;
қажетті мәліметтері бар көрсетілім тізбесі.
Бақылау сұрақтары:
Мұғалім қандай жоспарларды құрады? Оларды сипаттаңыз.
Күнтізбелік жоспар қалай жасалады?
Күнтізбелік жоспар жасау не үшін қажет?
Сабақ жоспары қалай жазылады?
Сабақ жоспарын жазу не үшін қажет?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Сабақтың соңында студенттер жаңа оқу материалын меңгертуге арналған сабақтың жоспарын жазу үшін тақырыптар алады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2-3
ТАҚЫРЫБЫ: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.)
Мақсаты: Физикалық эксперименттерді демонстрациялауда компьютерлік технологияның алатын орын көрсету.
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолданудың жолдары қандай?
Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолдануда мұғалім қандай мәселелерді білуі керек?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген тақырыптар бойынша компьютерлік техниканы қолданудың жолдары көрсетілген сабақтың жоспарын жасап көрсетеді.
Бүгінгі сабақта өздерің дайындап келген тест тапсырмалары бойынша компьютерлік тест жасаймыз. Қазіргі уақытта компьютерлік тестілеу кеңінен қолданылады. Бұл әдістің маңызы, біріншіден, уақытты үнемдейді, екіншіден, тест сұрақтары кез-келген тақырыпты қамтиды. Тестік қабықша – тестер үшін контейнер функциясын атқаратын арнайы дайын программа. Тест тапсырмаларын құрудың бірінші қадамдық жұмысы: Экзаменатор деп аталатын тест қабықшасын қарастырайық.
Ол үшін берілген бағдарламаны енгізу үшін Пуск – Программы – Экзаменатор – Quest Editor командаларын орындаңыз. Сонда сұрақтар файлын құру үшін бағдарлама терезесі ашылады (11-сурет).
11-сурет. Сұрақтарды редактирлеу бағдарламасының терезесі.
Достарыңызбен бөлісу: |