Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»



жүктеу 2,91 Mb.
бет8/34
Дата23.11.2018
өлшемі2,91 Mb.
#24354
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

3. Сабақтарды жіктеу

Сабақты жіктеудің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеу (Огородников И.Т., Казанцев И.Н.), сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай (Иванов С.В.), дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты.

     Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.

И.Н.Казанцев бойынша:



  • Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.

  • Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.

  • Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.

  • Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.

  • Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.

  • Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.

  • Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.

  • Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын   қорыту сабақтары.

С. В. Иванов бойынша:

  • Кіріспе сабақтар.

  • Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.

  • Жаңа білімді меңгеру сабағы.

  • Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.

  • Дағдылану сабағы.

  • Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.

  • Бақылау сабағы.

Б. П. Есипов бойынша:

  • Аралас сабақтар.

  • Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.

  • Пысықтау сабағы.

  • Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.

  • Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.

  • Білім сынау сабағы.

Шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз.

  • Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.

  • Жаттығу сабағы.

  • Қорыту сабағы.

  • Қайталау, білім сынау сабағы.

  • Аралас сабақ.

М.И.Махмутов сабақты мақсатына қарай, детерменді жалпы-дидактикалық мақсатына қатысты, меңгеруге тиісті материал мазмұныңа байланысты және оқушының қабылдауына орай жіктейді. Ол сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталады:

1) Жаңа оқу материалын өту сабағы;

2) Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы;

3) Жинақтау және жүйелеу сабағы;

4) Аралас сабақ;

5) Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы (9-сурет).




жүктеу 2,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау