Дәріс 10. Кептіру.
Дәріс жоспары.
1. Кептірудің кинетика және динамика негіздері. Кептірудің қисық сызығы және кептіру жылдамдығының қисық сызығы. Теориялық кептіру процесі. Кептіру процесін і–d диаграммасында көрінісі.
2. Кептіргіш қондырғылардың материалдық және жылу балансы. Кептіргіш агенттін меншікті мөлшері. Кептіру процесінің варианттары.
3. Кептіргіштердің жіктелуі. Кептіргіштердің конструкциялары.
Кептіргіштерді есептегенде кептіру жылдамдығын анықтау керек. Материал бетінің бірлігінене буланған ылғал мөлшері кептірудің жылдамдығы деп аталады, яғни
(8.5)
Кептіру жылдамдығы масса алмасу процесінің жылдамдығы сияқты масса өтудің негізгі теңдеуінен анықталады:
(8.6)
Кептіру процесін жылу процесі деп қарастырып, қозғаушы күшті ауаның температурасы мен ылғал термометр температурасы арасындағы айырманы өрнектеуге болады:
- шаманы кептірудің потенциалы деп атайды. Орташа қозғаушы күшті былай анықтауға болады:
(8.7)
Кептіру процесін масса алмасу процесі деп қарастырып қозғаушы күшті ауаның қаныққан ылғал мөлшері және оның ылғал мөлшері арасындағы айырмамен: - (кептіргішке кірердегі) және - (кептіргіштен шыққандағы) өрнектеуге болады.
Онда орташа қозғаушы күш:
(8.8)
Кептірілетін материалдардың қасиеттеріне және оларды кептіру шарттарын сәйкес өндірісте кептіргіштердің көптеген түрлері кездеседі.
Жұмыс істеу принциптеріне байланысты кептіргіштер:
мерзімді
үздіксіз әрекетті болады;
Жылу тасымалдағыш немесе кептіргіш агентке байланысты:
Кептіргіштегі қысым шамасына байланысты:
Кептіргіш агент және материал ағындарының өзара байланысына байланысты:
бір бағытты ағынды;
қарама-қарсы ағынды;
айқасқан ағынды;
Материалдық күйіне байланысты:
қозғалмайтын;
қозғалатын;
жалған сұйылу қабаты.
Жылу беру тәсілдері бойынша кептіргіштер үш түрге бөлінеді:
контактілі;
конвективті;
ауалы және газды;
арнаулы кептіргіштер.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Кептіру процесінің қозғаушы күш болып не табылады? 2. Кептіру жылдамдығы дегеніміз не және ол нені сипаттайды? 3. Кептіру процесінде материалдық баланс қалай құрылады және шыққан судың мөлшері қалай анықталады? 4. Кептіру процесінің I-d диаграммасын қалай тұрғызады және I-d диаграммасы бойынша ауа мен жылудың есебін қалай анықтайды? 5. Аналитикалық жолмен кептіру процесін қалай жүргізуге болады? 6. Кептіру қондырғысының ПӘК қалай анықталады? 7. Кептіргіштердің жіктелуі қалай жүреді?
Ұсынылатың әдебиет: 4.1.2. 127-165 бет
Достарыңызбен бөлісу: |