Глобус-Жердің үлгісі.
Адамдар ұзақ уақыт бойы Жердің тегіс, оның үстіне «аспан күнбезі төңкеріліп қойылған» деп келді. Бертін келе алыс сапарға барған жиһанкездер қанша жүрсе де, Жердің шетіне шыға алмайтындарын түсінген. Түрлі белгілерге қарап, «Жер шар тәрізді болуы керек» деген тұжырым жасады. Кейіннен адам ғарышқа барып келгеннен кейін Жердің шар тәрізді екеніне түпкілікті көздері жетіп, оның суреті түсіріліп алынды.
Жерөте үлкен. Оның пішінін көз алдымызға елестету үшін үлгісі жасалып, оны глобус деп атады. Глобус – Жердің ондаған миллион кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі. Латын тілінен аударғанда «глобус»-«шар» деген мағынны білдіреді. Глобусты ең алғаш жасаған 1942 жылы атақты неміс картографы Мартин Бехайм.
Глобуспен жұмыс.
Жер өз білігінен айналады, ал оның полюстері айналмай өз орындарында қалады. Жер шарында екі полюс бар: Оңтүстік және Солтүстік полюс. Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргііледі. «Экватор» - латын тілінен алғанда «теңейткіш» деген сөз. Оның ұзындығы 40 мың километрге жетеді.
Жер бетінде ешқандай нүктелер қойылмаған және сызықтар жүргізілмеген. Ал глобуста олар көрсетілген. Глобустан бағытты табу оңай болу үшін меридиан және параллель сзықтары жүргізілген. Латын тілінен аударғанда «меридиан»-«түскілікті», ал «параллель»-«қатар жүргізуші» деген мағына береді. Мередиан сызығы Солтүстік және Оңтүстік полюстердің арасын қосады. Экваторға параллель орналасқан сызықтар параллель деп аталады. Меридиан мен параллель сызықтар глобустың бетін торкөздерге бөледі. Олар елгілі бір градус сайын жүргізіліп, градус торын құрайды.
Глобуста Жер шарында құрлыққа қарағанда су көп жерді алып жатқаны бірден көзге түседі. Олар мұхиттар, теңіздер, және өзен-көлдер. Жер бетінде ірі төрт мұхит бар. Олар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхиты. Солтүстік мұзды мұхиты аумағы жағынан ең кіші мұхит. Тынық мұхиты көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкені. Глобуста су көгілдір, ал құрлық жасыл, сары және қоңыр түстермен белгіленген.
Жер бетінде 6 материк бар. Олар: Австралия, Антрактида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америка. Қазақстан Еуразия құрлығында, Орталық Азияда орналасқан.
Топтарға тапсырма:
І топ: Глобусқа Оңтүстік және Солтүстік полюсті көрсет. Экватор сызығын сыз және анықтама бер.
ІІ топ: Глобусқа Меридиан және параллель сызықтарын түсір. Градус торына анықтама бер.
ІІІ топ: 6 материкті орналастыр. Аттарын айтып, анықтама бер.
ІV топ: 4 мұхиттың қайда орналасқанын жазып анықтама бер.
(Смайлектер арқылы бағалау.)
|