Пәнінің ОҚыту-әдістемелік кешен



жүктеу 2,43 Mb.
бет3/9
Дата18.12.2017
өлшемі2,43 Mb.
#4916
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бекіту сұрақтары

  1. Дербес компьютердің аппараттық конфигурациясы дегеніміз не?

  2. Компьютер жадының қандай түрлерін білесіздер?

  3. Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңыздар?

  4. Жадтың сыртқы тасушыларын сипаттаңыздар.



Дәріс 5

Алгоритмдеу және программалау. ДЭЕМ есеп шығару кезеңдері. Алгоритм түсінігі. Алгоритм қасиеттері және оларды сипаттау тәсілдері. Алгоритмнің базалық құрылымы (сызықты, тармақталған, циклдік). Программалау. Алгоритмдік тілдері. тілдерді оқыту. Программалау тілдерінің жалпы міндеттері
Мақсаты: Алгоритм және оның түрлері, алгоритмдерді ұсыну әдістері, алгоритмдік құрылым ұғымдарын енгізу. Алгоритмнің сызықты, тармақталған, циклдік алгоритм түрлері туралы білімдерін толықтыру, тереңдету.
«Алгоритм» сөзі ортағасырлық шығыс ғалымы Абдулжафар Ибн Муса Әл-Хорезми атымен байланысты. Европалық ғалымдардың көп орынды сандарға ондық арифметикалық амалдарды алғаш қолданған ғалымның атына байланысты «алгорифм» және «алгоритм» сөздерін термин ретінде енгізген.

Алгоритм дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын қарапайым амалдардың санаулы жиыны. Ең алғаш алгоритм ұғымы Эвклид алгоритміне қатысты айтылған. Алгоритм қасиеттері:

  1. Дискреттілік – процесс белгілі бір қарапайым қадамдардың тізбегінен тұруы тиіс.

  2. Анықтылық (детерминированность) – алгоритмнің әр командасы нақты және біржақты болуы тиіс. Кез-келген уақытта, кім орындаса да бірдей нәтиже көрсетуі тиіс.

  3. Нәтижелілігі – алгоритм санаулы қадамдардан кейін шешімге әкелуі тиіс.

  4. Жалпылығы - алгоритм тек бір есеп үшін емес, сол типтес есептердің барлығын шығаруы тиіс.


Есепті компьютерде шығару қадамдары:

  1. Мақсатты айқындау;

  2. Есептің математикалық қойылымын (моделін) жаза білу керек;

  3. Берілгендерді анықтау;

  4. Есепті шешу тәсілін таңдау;

  5. Тәсілдік алгоритм құру;

  6. Алгоритмді таңдап алған программалау тіліне аудару;

  7. Программаны компиляциялау;

  8. Программаны орындау;

  9. Программаны тестілеу (әртүрлі мәндер үшін нәтижесін Бекіту);

  10. Нәтижені талдау;


Алгоритм жазылу тәсіліне қарай 3 түрге бөлінеді;

  1. Сөздік алгоритм немесе жаратылыс тілінде жазылған алгоритм;

  2. Графиктік алгоритм немесе блок-схема;

  3. Программалау тілінде жазылған программа;


Алгоритмнің құрылымдық түрлері:

  1. Сызықтық алгоритм – қарапайым амалдардың жазылу реті мен орындалу реті тізбектелген алгоритм.

  2. Тармақталған алгоритм – есептеу барысында қай амалдар тізбегінің орындалатыны шартқа байланысты алгоритм.

  3. Циклдық алгоритм – берілгендердің әртүрлі мәндері үшін белгілі амалдары қайталанып орындалатын алгоритм.

  4. Көмекші алгоритм – алгоритм орындалу барысында алгоритм ішінде пайдаланылатын алдын-ала құрылған дайын алгоритм.

Сөздік алгоритм:



Эвклид алгоритмі

  1. n және m сандары берілген;

  2. k =mod m;

  3. k≠0? Онда

  4. n:= m және m:= k 1-ге көшеміз;

  5. k=0, тоқтаймыз.

Графиктік алгоритмнің шартты белгілері:

Сызықтық құрылым:





Циклдық құрылымның 3 түрін қарастыруға болады:




    1. Шарт алдынан берілген цикл.





    1. Шарт соңынан берілген цикл




    1. Қайталау саны белгілі цикл (параметрлі цикл):




Бекіту сұрақтары:

  1. Алгоритм деген не?

  2. Алгоритм термині қайдан шыққан?

  3. Алгоритмнің қасиеттерін ата?

  4. Компьютерде есеп шығару қадамдарын көрсет?

  5. Сөздік алгоритмге мысал келтір.

  6. Графиктік алгоритм деген не? Мысал келтір.

  7. Графиктік алгоритмнің шарт белгілерін көрсет.

  8. Алгоритмнің құрылымына қарай нешеге бөлінеді? Атап бер.

  9. Сызықтық алгоритм деген не?

  10. Тармақтық алгоритм деген не?

  11. Циклдық алгоритм деген не?

  12. Циклдық құрылым неше түрге бөлінеді?

  13. Шарт алдынан берілген алгоритмге мысал келтір.

  14. Шарт соңынан берілген алгоритмге мысал келтір.

  15. Параметрлі циклге мысал келтір.



Дәріс 6

Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдай. Программалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері. Программалық жабдықтаудың топтамасы. Жүйелік программалық жабдықтаудың программалау технологиясы инструментарийінің және қолданбалы программа пакетінің сипаттамалық ерекшеліктері
Мақсаты: Программалау тілі және оны топтастыру, программалау тәсілдері, құрылымдық программалау, модульдік программалау ұғымдарын енгізу.

Программалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері, программалық жабдықтаудың топтамасымен таныстыру.
Программаны машиналық код түрінде жазу. Компьютердің негізгі орындаушысы – процессор. Ол оперативті жадымен бірге жұмыс істейді: оперативті жадыдан командалар мен берілгендерді алып, командаларға сәйкес берілгендерді өңдеп, оларды жадыға сақтауға немесе басқа құрылғыларға: видеокартаға, дыбыстық картаға, принтерге, модемге және т.б. жібереді.

Pentium типті процессорлардың орындайтын қарапайым әрекеттерінің саны мыңнан асады. Процессордың әрбір әрекеті үшін арнайы команда бар, олар 0-ден 255-ке дейінгі сандармен немесе сандар тобымен жазылады.



Процессордың командалар жүйесі. Егер процессордың барлық командалары мен әр команда үшін сандық кодтар жазылған таблицаны көз алдымызға елестетсек, мұндай таблица процессордың командалар жүйесі деп аталады. Әртүрлі процессорлардың командалар жүйесі әртүрлі. Сондықтан әртүрлі компьютерлік жүйелерде жазылған программалар бір-бірінде орындалмайды, оны команда жүйесі бойынша программалық сәйкестенбеу деп атайды.

Pentium модельді процессорлардың әртүрлі буындарға жататын процессорлардың команда жүйесі бойынша сәйкестенбеуінен пайдаланушыларға қолайсыздық тумауы үшін «жоғарыдан төменге» сәйкестену принципі енгізілген. Мысалы, қазіргі заманғы Pentium ІІІ процессорлы компьютерлерде Pentium І процессорлы компьютерлерде жасалған программалар орындалуы керек. Ал керісінше ертеректегі буын компьютерлерінде қазіргі компьютерлерде жасалған программа әрдайым орындала бермейді.



Компьютерлік программа. Компьютерлік программа – ол орындалатын инструкциялардың реттелген тізбегі.

Программаны машиналық кодта жазу. Процессордың барлық командалары 0-ден 255-ке дейінгі мәні бар сандармен немесе осындай сандар тобымен (байттармен) көрсетіледі. Тура осы сияқты оперативті жадыдағы сандық берілгендер мен ұяшық адрестері көрсетіледі. Егер біз процессордың программамен жұмыс істеуіне қарайтын болсақ, онда тек сандардың ұзын қатарын ғана көреміз. Олардың кейбірі - командалар, кейбірі - жады ұяшығының адресі, кейбірі – берілгендер: сандар, әріптер, дыбыстар, бейне т.с.с. Мысалы:

33, 0, 1, 34, 210, 15, 238 ...

Программаны жазудың мұндай формасы машиналық код деп аталады. Бұл жалғыз ғана процессорға түсінікті программаның жазылу түрі. Өкінішке орай ол адамдардың көпшілігіне түсініксіз.



Программалау тілдері. Қазір программаны машиналық код түрінде жазу қабылданбаған. Себебі, ол өте қолайсыз. Оның орнына программалау тілдері қолданылады. Программалау тілін оқу үшін оның командалары мен қолданылу ережелерін меңгеру керек. Программалау тілдерінің командалары – операторлары деп аталады.

Программаның бастапқы коды. Программаны программалау тілінде жазуды бастапқы код немесе программа мәтіні деп атайды.



Транслятор – программа. Программа мәтіні – ол жұмыс істеу мүмкіншілігі бар программа емес, тек қана текст. Оны оқуға болады, бірақ компьютерде орындауға болмайды. Процессор тек қана машиналық кодты түсінеді, сондықтан адам жазған программа мәтінін машиналық кодқа аудару керек. Осы жұмысты арнайы транслятор-программалар орындайды. Транслятор – программаларды компьютерге орнатып алу қажет.

Трансляторлардың түрлері. Трансляторлар – аудармашы бағдарламалар. Олар аударманы әртүрлі тәсілмен орындайды, сондықтан олар әртүрлі болады. Трансляторлардың негізгі екі түрі: компиляторлар және интерпретаторлар.

Компилятор-программалар. Олар программист жасаған бағдарлама мәтінін толығымен қарап шығады. Синтаксикалық қателерді тексеріп, белгілі бір мазмұнды анализ жасағаннан кейін барып, машиналық кодқа автоматты түрде аударады (трансляциялайды). Нәтижесінде программа жинақы әрі тез жұмыс істейтін болады. Компилятор программалардың негізгі кемшілігі – берілгендердің күрделі құрылымын өңдеуге бағытталған жұмысының көптігі.

Интерпретатор-бағдарламалар. Интерпретатор программа мәтінінен кезектегі операторды алып, оның құрылымын талдап, сонан кейін бірден орындайды (трансляциялайды). Ағымдағы оператор толық орындалып болған соң ғана келесі операторға көшеді. Егер программада бір оператор бірнеше рет кездесетін болса, оны бірінші рет кездескендей орындайды. Осы қайталанатын есептеулерді қайта-қайта орындау керектігінің салдарынан программа баяу жұмыс істейді.

Программалау тілдерінің деңгейлері. Процессордың әртүрлі типтерінің командалар жиынтығы әртүрлі. Егер программалау тілі нақты бір процессордың типіне бағытталған болса, онда ол төменгі деңгейдегі программалау тілі деп аталады. Бұл программалау тілі машиналық кодқа өте жақын және процессордың нақты командасына бағытталған. Ең төменгі деңгейдегі программалау тіліне ассемблер тілі жатады. Ассемблер тілі процессордың машиналық кодының әрбір командасын мнемоника деп аталатын арнайы шартты белгілермен көрсетеді. Бір машиналық инструкцияны бір ассемблер командасына бірмәнді аудару транслитерация деп аталады. Әр модельді процессорлардың инструкциялар жиынтықтарының айырмашылықтары болған соң нақты бір компьютерлік архитектураның өзіне ассемблер тілі сәйкес келеді және онда жазылған программа осы ортада ғана қолданылады. Программа жасаушының процессордың барлық мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы болғандықтан төменгі деңгейдегі программалау тілінде жасалған программа өте тиімді және шағын болады. Екінші жағынан компьютер құрылғыларын жақсы білу қажет болады, үлкен қосымшалар жасау қиындық тудырады және ол тілде жазылған программа осы ортада ғана қолданылады. Мұндай тілдер кішігірім жүйелік қосымша жасауда, құрылғылар драйверлерін жасауда, яғни негізгі қажеттілік программаның шағын болуы, әрекет тездігі және аппараттық ресурстарға тікелей қатынас болған жағдайларда қолданылады.

Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері компьютерден қарағанда адамға жақын әрі түсінікті. Нақты бір компьютерлік архитектураның ерекшеліктері ескерілмейді, сондықтан мұндай программалар осы тілдің трансляторлары құрылған басқа платформаларға оңай ауыстырылады. Түсінікті әрі күшті командалардың көмегімен жоғарғы деңгейдегі тілде программалар жасау оңай және программа жасау барысында қателер аз жіберіледі.

Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріне: Fortran, Cobol, Algol, Pascal, Basic, C(Си), C++, Java тілдері жатады.



Алгоритмдік (модульдік) программалау. Алгоритм – есепті уақыт бойынша шектеулі қарапайым әрекеттер тізбегіне бөлу тәсілімен шешуді формалды жазу. Алгоритмдік программалаудың негізгі идеясы – программаны әрбіреуі бір немесе бірнеше әрекет орындайтын модульдердің тізбегіне бөлу болып табылады. Модульге негізгі талап – оның орындалуы әрқашан бірінші командадан басталып, соңғы командадан аяқталуы керек. Таңдалынып алынған программалау тілінде алгоритм берілгендерді көрсету, мәндерді есептеу, программаның орындалу тізбегін басқару командаларының көмегімен жазылады.

Құрылымдық программалау. Модульдік программалауда программа мәтіні меншіктеу операторларының сызықтық тізбегі, циклі, шартты операторлар екені белгілі. Мұндай тәсілмен бірнеше жүз код жолдарынан тұратын өте күрделі емес программаларды жазуға болады. Одан әрі программа мәтінінің түсініктілігі төмендейді, себебі көптеген бірінің ішіне бірі салынған шартты операторлар, циклдер пайда болады да, программа логикасы шатасады. Сондықтан операторлардың ұзақ сызықтық тізбегін теру және тексеру мүмкін емес. Мөлшері бойынша орташа қосымшаларды жасау үшін құрылымдық программалау қолданылады. Құрылымдық программалаудың негізі идеясы - программа құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсетіп отыруы керек. Осы мақсатта ішкі программа ұғымы енгізілген. Ішкі программалар – программа мәтінінің басқа бөліктеріне тәуелсіз, қажетті әрекетті орындайтын операторлар жиынтығы. Программа әрбіреуі программаның бір әрекетін орындайтын бірнеше ұсақ ішкі программаларға бөлінеді. Осы ішкі программаларды біріктіре отырып, соңғы алгоритмді қарапайым операторлардан емес, белгілі мағынасы бар, аяқталған код жиынтықтарынан тұратын қорытынды алгоритм құрылады. Ішкі программалардың жеке атаулары болады. Ішкі программаларды қолдану мүмкіндігі программалау тілін процедуралы тілдер класына жатқызады.

Программалық қамсыздану дегеніміз – компьютерде сақтаулы программалар жиынтығы. Дербес компьютердің программалық конфигурациясы көпдеңгейлі. Себебі құрылғылармен жұмыс істеуге арналған программалардың адамдармен жұмыс істеуге арналған программалардан айырмашылығы бар.

Компьютерлік жүйенің программалық конфигурациясы:



Енгізу-шығаруды базалық жүйесі.

Ең төменгі деңгейде енгізу-шығарудың базалық программасы орналасқан (BIOS). Бұл программаның коды компьютердің микросхемасының біреуіне қатаң жазылған. Бұл программамен адамның қарым-қатынасы өте аз. Қосқан мезетте бұл программалар компьютер құрылғыларын тексереді және қарапайым пернетақта мен монитордың өзара қарым-қатынасын реттейді.



Жүйелік программалар – компьютердің барлық құрылғыларымен жұмыс істеуге арналған. Олар аралық деңгейге жатады. Төменнен жүйелік программалар құрылғылардың жұмысын басқарады және төменгі деңгейдің программаларын пайдаланады, ал жоғарыдан жоғары деңгейдегі программалардың сұранысына жауап береді. Құрылғыларды тікелей басқаратын программаларды құрылғы драйверлері деп атайды. Оларды адамдар құрылғыларды баптау кезінде пайдаланады.

Қызметтік программалар – бұл программалар компьютерге қызмет көрсетуге арналған программалар. Олар құрылғыларды тексереді, сол сияқты құрылғылар мен программаларды баптауға арналған. Әдетте пайдаланушылар бұл программаларды салыстырмалы түрде сирек қолданады.

Қолданбалы программалар – ең жоғарғы деңгейдегі программалар. Бұл адамдарға қызмет көрсетіп, олардың қажеттерін қанағаттандыратын программалар. Мысалы, текстік редакторлар, графиктік редакторлар, ойындар, т.б. Олар жоғарғы жағынан адамдармен ал төменгі жағынан төменгі деңгейдегі программалармен қарым-қатынас жасайды. Ал құрылғыларға тікелей қатынастары жоқ.



Операциялық жүйе

Қазіргі компьютерлерде қолданбалы программаларды бірден орнатпайды, себебі әрбір пайдаланушы өзіне қажет қолданбалы программаларды өзі орнатады.

Ең төменгі деңгейдегі программаны орнатудың қажеті жоқ – олар компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысына (ПЗУ) бірден жазылып, компьютермен бірге келеді. Олар жүйелік және қызметтік программаларды орнату үшін жеткілікті. Ал жүйелік және қызметтік программалар көп болғандықтан оларды бір пакетке жинап, операциялық жүйе деп атаған. Сонымен, операциялық жүйе – жүйелік және қызметтік құралдар комплексі. Операциялық жүйе бір жағынан BIOS жүйесіне енетін компьютердің базалық қамсыздануына сүйенеді, екінші жағынан өзінен жоғары деңгейдегі қолданбалы программаларға тірек болады. Операциялық жүйе қосымшалары осы жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге арналған программалар. ОЖ-нің негізгі функциялары:


  1. Пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдарының арасында интерфейс орнату;

  2. Аппараттық қамсыздандыру мен программалық қамсыздандыру арасындағы интерфейс орнату;

  3. Программалық қамсыздандырудың әр түрінің арасында интерфейс орнату.


Пайдаланушы интерфейсі

Барлық операциялық жүйелер пайдаланушылармен жұмыс істеудің пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандырады.

Пакеттік режимде – операциялық жүйенің берілген командалар тізбегін автоматты түрде орындайды.

Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын күтеді де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да, келесі команданы күтеді. Операциялық жүйе процессор үзілісі мен BIOS үзілісіне негізделген. ОЖ-нің жұмысты үзіп, әрекеттерге жауап бере алуын диалогтық режим деп атайды.

Пайдаланушы интерфейсі 2 түрге бөлінеді: графикалық және графикалық емес ОЖ.

Графикалық емес ОЖ-де командалық жол интерфейсі қолданылады. Мұнда негізгі басқару құрылғысы – пернетақта. Басқару командалары командалық жолдарға енгізіледі, мұнда командаларды редакторлеуге де болады. Команданың орындалуы Enter пернесін басқаннан кейін жүзеге асады. IBM PC компьютерінің командалық жол интерфейсін MS-DOS операциялық жүйесі атқарады.

Графикалық ОЖ-де интерфейстің күрделірек түрі жұмыс істейді. Мұнда басқару органы ретінде пернетақтадан басқа – тышқан манипуляторы бар. Графикалық ОЖ-нің жұмысы экранның басқару элементтерінің активті және пассивті түрлерінің өзара әрекеттесуіне негізделген.

Активті басқару элементі ретінде тышқанның меңзері болады.

Пассивті басқару элементі ретінде – қосымшаларды басқару элементтері (батырмалар, шарт белгілер, ауыстырғыштар, жалаушалар, ашылатын тізімдер, меню жолдары және т.б.) болады.

Барлық операциялық жүйелер автоматты түрде жүктеледі.



Файл түсінігі

Дискіге жазылған мәліметтермен жұмыс істеуге қолайлы болу үшін оларды файлдарға орналастырады. Файл – дискіде ат қойылып, берілгендер сақталған облыс. Әдетте бір файлда бір типке жататын мәліметтер сақталады. Берілгендер типі – файл типін анықтайды. Файлдың толық аты – файл аты мен кеңейтілуінен тұрады. Аты мен кеңейтілуінің арасына нүкте қойылады. Файл атының кеңейтілуі оның қандай типке жататынын білдіреді. MS-DOS операциялық жүйесінде файл атына 8 символ, ал кеңейтілуіне 3 символ беріледі:символдар / \ : * « < > -нан басқа/, сандар және латын әріптері бола алады. Ал WINDOWS операциялық жүйесінде файл аты 256 символдан тұра алады. Файлмен барлық жүйеде жұмыс істей алу үшін қысқа атты пайдаланған дұрыс.

Файлды сипаттайтын параметрлер:


  • Файлдың толық аты;

  • Файлдың көлемі (байтпен);

  • Жасалу күні;

  • Жасалу уақыты;

  • Файлға қатынастың дәрежесін анықтайтын файл атрибуттар: R(Read only) – только для чтения, H(Hidden) – скрытый, S(System) – системный, A(Archive) – архивированный;

Операциялық жүйенің файлдық құрылымы

Файлдық жүйе – ОЖ берілгендерді дискіге сақтап, оларға қатынасты қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – таблицалық. Диск беті өлшемдері беттің, цилиндрдің, сектордың нөмірлері болатын үшөлшемдік матрица сияқты пайдаланылады. Берілгендердің дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет дисктің жүйелік облысында, арнайы файлдар сақталатын таблицаларда (FAT-таблицалар) орналасады. Файлдық жүйе файлдар құрылымын ұйымдастырып, оларға қызмет етеді. Яғни FAT-таблицаларды иерархиялық құрылымға айналдырып, пайдаланушыға қолдануға, файлдарға қатынас жасауға қолайлы мүмкіндік туғызады. ОЖ-дің файлдар құрылымына қызмет етуге орындайтын операциялары:



  • Каталог жасап, ат қою;

  • Файлдар жасап, ат қою;

  • Каталог пен файл аттарын өзгерту;

  • Каталогтарды көшіру, орын ауыстыру;

  • Каталог пен файлдарды өшіру;

  • Файл атрибуттарын басқару;

Файлдарға тез қатынас жасау үшін файлдық жүйе оларды каталогтарға біріктіреді. Каталог аттары файл аттарымен бірдей, тек қана кеңейтілуі болмайды. Каталогтар бірінің ішіне бірі салынады. Ең жоғары деңгейдегі каталог түпкі каталог болып есептелінеді.


Бекіту сұрақтары:

  1. Программаны машиналық код түрінде жазуды қалай түсінесің және ол қандай негізгі құрылғымен байланысты?

  2. Процессордың командалар жүйесі деген не?

  3. Pentium модельді процессорлардың командалар жүйесінің сәйкестенуі деген не?

  4. «Жоғарыдан төменге» сәйкестену принципі туралы айтып бер.

  5. Компьютерлік программа деген не?

  6. Транслятор – программа деген не?

  7. Трансляторлардың түрлері туралы айтып бер.

  8. Компилятор-программалар деген не?

  9. Интерпретатор-бағдарламалар деген не?

  10. Программалау тілдерінің деңгейлері ұғымын түсіндіріп бер.

  11. Төменгі деңгейдегі программалау тіліне қандай тіл жатады?

  12. Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріне қандай тілдер жатады?

  13. Алгоритмдік (модульдік) программалау ұғымын түсіндіріп бер.

  14. Құрылымдық программалау ұғымын түсіндіріп бер.

  15. Ішкі программа деген не?

  16. Программалық қамсыздандыру деген не?

  17. Дербес компьютердің программалық конфигурациясына қандай программалар кіреді, олардың деңгейлерін атап бер.

  18. Енгізу-шығаруды базалық жүйесі туралы айтып бер.

  19. Жүйелік программалар туралы айтып бер.

  20. Қызметтік программалар туралы айтып бер.

  21. Қолданбалы программалар туралы айтып бер.

  22. Операциялық жүйе деген не?

  23. Операциялық жүйенің негізгі функцияларын айтып бер.

  24. Пайдаланушы интерфейсінің пакеттік және диалогтық режимдері туралы айтып бер.

  25. Графикалық және графикалық емес ОЖ туралы не білесің? Мысалдар келтір.

  26. Графикалық интерфейстегі активті және пассивті басқару элементтері туралы айып бер.

  27. Файл деген не?

  28. Файлды сипаттайтын негізгі параметрлер туралы айтып бер.

  29. Операциялық жүйенің файлдық құрылымы

  30. FAT - таблицалар туралы айтып бер.


Дәріс 7

Операциялық жүйелер. ОЖ ұғымы. ОЖ қызметі. ОЖ-нің топтамасы. Бір мәнді және көп мәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыға арналған ОЖ
Мақсаты: Операциялық жүйелер, операциялық жүйе ұғымы, қызметі, топтамасы. Windows операциялық жүйесі, концепциясы, объектілері, қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Операциялық жүйе - компьютер мен адам арасындағы байланысты жүзеге асыратын басты программа аталады. Операциялық жүйе төмендегідей бөліктерден тұрады:

  • Енгізу-шығарудың негізгі жүйесі (BIOS) - компьютердің тұрақты жадында (тұрақты есте сақтау құрылғысы ПЗУ) орналасады. Оның міндеті - еңгізу-шығаруды қамтамасыз етумен байланысты ОЖ-нің неғұрлым қарапайым, әрі әмбебап қызметтерін орындауда. Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі құрамында сондай-ақ компьютерді электр желісіне қосқанда оның құрылғыларының және жадтың жұмысын тексеретін тест бар. Сонымен қоса, еңгізу-шығарудың негізгі жүйесіне операциялық жүйені жүктейтін программа енген.

  • Операциялық жүйені жүктеуші - DOS операциялық жүйесі бар әрбір дискетаның бірінші секторында орналасатын өте қысқа программа. DOS жүктемесін аяқтайтын операциялық жүйенің тағы екі модульды жадыға енгізу - осы программаның міндеті болып табылады.

  • IO.SYS және MSDOS.SYS дискілік файлдар - жүйелік дискінің түбірлі (корневой католог) каталогында орналасқан екі жасырын файл. Олар файлдық жүйенің, түрлі аппараттық құрылғылардың: пернетақтаның, жинақтауыштардың және т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.

  • COMMAND.COM командалық процессор- қолданушы еңгізген командаларды өңдейді.

  • DOS-тың сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде ОЖ-мен бірге жеткізілетін программалар. Бұл программалар қызмет көрсету мазмұнды жұмыстарды орындайды. Мысалы, дисктерді форматтау, дискті тексеру және т.б.

  • Құрылғылар драйверлері - бұл DOS-ты еңгізу-шығару жүйесін толықтыратын және жаңа құралдарға қызмет көрсетуді немесе бар құралдарды қалыпты емес қолдануды қамтамасыз ететін арнайы программалар.


Операциялық жүйе басқа программалар жіберетін команда - сигналдарды өзіне қабылдап, оларды машинаға түсінікті тілге аударады. ОЖ компьютерге қосылған барлық құралдарды басқарып, оларға және басқа программаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ОЖ-нің үшінші міндеті - қолданушы адамның компьютермен жұмысын жеңілдету.

Осылайша, ОЖ-нің әрқайсысы кем дегенде үш міндетті бөлімнен тұруы қажет.



Біріншісі - ядро, командалық интерпритатор, программалық тілден машиналық кодтар тіліне «аударушы».

Екіншісі - компьютер құрамына енетін түрлі құрылғыларды басқаруға негізделген программалар. Мұндай программалар драйверлер деп аталады, яғни «жүргізушілер», бағыттаушылар.

Үшіншісі - интерфейс-қолданушы тұтынатын ыңғайлы қабықша. Бұл қолданушыға қызықты емес ядро оралған әдемі қабықша тәріздес.

ОЖ-лер біресепті (однозадачные) және көп есепті (многозадачные) болып бөлінеді. Яғни бір есепті ОЖ-лер (DOS) бір уақытта тек бір есепті орындай алса, көп есепті ОЖ-лер (Windows) Александр Македонский сияқты компьютер қуатын үрдістер арасында бөліп, бір мезетте бірнеше үрдістерді басқара алады.

Тағы бір критерий - ОЖ-нің қолданушылар саны. ОЖ бір қолданушыға арналған және көп қолданушыға арналған болып бөлінеді.

IBM PC компьютерлері үшін 1981 жылдан бастап 1995 жылға дейін негізгі ОЖ ретінде MS-DOS жүйесі болды. Бұл жылдар аралығында осы ОЖ MS-DOS 1.0 версиясынан MS-DOS 6.22 версиясына дейін дамыды.

Бір кезде MS-DOS адам мен компьютер арасында байланысшы болып, дискілерді қолданудың қиын командаларын жеңіл және қарапайымдатты, бірақ уақыт өте келе, даму барысында бұл жүйенің өзі командаларға толы болып, компьютермен жұмыс істеуді тежеді. Осылайша қабықша - программалардың қажеттігі туды.

Қабақша - бұл ОЖ-нің басқаруымен жүктелетін және осы ОЖ-мен жұмыс істеуді жеңілдететін программа. Бүкіл әлемге танымал және кең тараған қабықша - программалардың бірі - Norton Commander. Оны ең әйгілі американ программисті Питер Нортон құрастырған.

Қабықша-программа компьютердің файлдық құрылымын: дискілерді, каталогтарды және файлдарды түгелдей экран бетінде көрнекі түрде көрсетеді. Тек бірен-саран пернелерді қолдана отырып файлдарды іздестіруге, көшіруге, тасымалдауға, жоюға, іріктеуге, өзгертуге (редакциялауға, түзетуге) және жүктеуге болады.


Бекіту сұрақтары

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйелердің қандай түрлерін білесіз?

  3. BIOS ұғымына анықтама беріңіз.

  4. Операциялық жүйені жүктеуші дегенді қалай түсінесіз?


Дәріс 8

MS DOS операциялық жүйесі. Оның сипаттамасы мен мүмкіндіктері. ОЖ MS‑DOS-пен жұмыстың негізгі принциптері. Ағымдағы диск және ағымдағы каталог. MS-DOS-тың негізгі командалары. Операциялық жүйемен диалог. Командаларды енгізу. Командаларды жіберу және орындау
Мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінің сипаттамасы мен мүмкіндіктері, негізгі принциптері. Norton Commander MS DOS–тың жұмыс істеу инструментариін таныстыру.
Операциялық жүйені жүктеуші - DOS операциялық жүйесі бар әрбір дискетаның бірінші секторында орналасатын өте қысқа программа. DOS жүктемесін аяқтайтын операциялық жүйенің тағы екі модульды жадыға енгізу - осы программаның міндеті болып табылады.
MS DOS мүмкіншіліктері:

  • MS-DOS ОЖ-сі компьютермен күнделікті жұмыс істеу үшін ыңғайсыздау, бірақ Windows 9х-тан айтарлықтай үлкен сенімділікпен ерекшеленеді.

  • MS-DOS ОЖ-де тек бір программамен жұмыс істеуге болады. Бұл компьютерге және қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуде мамандарға көмек көрсетеді.

  • MS-DOS ОЖ-сі компьютердің ресурстарын соншалықты талап етпейді (процессор өнімділігін, оперативті жады көлемін, т.б.) MS-DOS қосымшалары компьютердің ескірген модельдерінде де жақсы жұмыс істей береді.

  • Windows ОЖ-де жұмыс істемейтін компьютерде MS-DOS қосымшаларын жүктеудің екі тәсілі бар: MS-DOS сеансы және MS-DOS режимі.

  • Сеанс MS-DOS қосымшасымен жұмыс істеу Windows 95 ОЖ-нің қалыпты жұмысынан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мұнда Windows-тың барлық артықшылықтарын қолдануға болады. Бұл режимнің кемшілігі - MS-DOS-тың барлық қосымшалары Windows-та жұмыс істей алмайды.

  • Режим MS-DOS қосымшасындағы жұмыс Windows жағынан басқарусыз жүреді. Бұл режимде компьютерді жүктеу Windows ОЖ-не шығумен жүргізіледі.

  • MS-DOS сеансына немесе MS-DOS режиміне арналған программалардың қасиеттерін қалпына келтіру, сол программаның жарлығының қасиеттерін редакциялау жолымен жүзеге асырылады. Сондықтан MS-DOS программасын жүктеуді оларға арналған жарлықтарды жұмыс столында немесе белгілі бір бумада құрастырудан бастау керек.

  • MS-DOS қосымшалары Windows қосымшаларына қарағанда компьютерге оңай орнатылады. Олар жалпы ресурстарды қолданбайды, сондықтан оларды орнату мен жою қауіпсіз.


MS-DOS сеансында MS-DOS қосымшасын жүктеуді жүргізу :

Windows 9х ОЖ-де MS-DOS қосымшасын жүктеудің екі тәсілі бар: Сеанс MS-DOS және Режим MS-DOS. Бірінші жағдайда Windows программа мен аппаратура арасында байланысшы функциясын орындауға тырысса, екіншісінде Windows «кері қайтып», программа бұл жүйе жағынан реттеусіз жүктеледі.

MS-DOS сеансында MS-DOS программаларының көпшілігі Windows программалары сияқты терезеде жүктеле алады, осыған орай бірнеше қосымшалармен бір уақытта бірнеше рет жұмыс істеу мүмкіндігі сақталады.


  1. MS-DOS программалық файлы жарлық (ярлық) арқылы (егер ол бар болса) немесе, мысалға Сілтеушіден (Проводник) жүктеледі.

  2. Егер MS-DOS-тың бірнеше программаларын жүктеу керек болса немесе MS-DOS командаларымен жұмыс істеу қажеттілігі туса, онда Бас меню арқылы сеанс MS-DOS терезесін ашқан ыңғайлы: Пуск → Программы → Сеанс MS-DOS. Керек болған жағдайда осындай бірнеше терезелерді ашып, оларды тәуелсіз қолдануға болады.

  3. Сеанс MS-DOS терезесінде командалық жол (командная строка) бар. Бұл жол программаларды жүктеуде және MS-DOS командаларын орындауда қолданылады.

  4. MS-DOS-тың кейбір программалары тек толық экранды режимде ғана дұрыс істейді, ал кейбіреулері терезеде де орындала береді. Толық экранды режимнен терезелікке және кері ауысу үшін ALT-ENTER пернелерінің комбинациясы қолданылады.

  5. Терезелік режимнен толық экрандағы саймандар тақтасындағы Полноэкранный режим батырмасы көмегімен көшуге болады.

  6. MS-DOS программасының жұмысы аяқталысымен терезе автоматты түрде жабылуы немесе активті емес түрде қалуы мүмкін. Бұл программаның соңғы хабарламасын оқуға мүмкіндік береді. Мұндай терезені Windows жүйесінің қалыпты әдістерімен жабуға болады.

  7. Сеанс MS-DOS терезесін жабу үшін командалық жолға exit сөзін енгізуге болады.

MS-DOS сеансында файлдарды жою кезінде олар себетке түспей, дискіден бірден жойылады.


Қолданушы мен DOS арасындағы диалог командалар формасында жүзеге асады. Әр бір команда DOS белгілі бір әрекет орындауға тиіс екендігін білдіреді, мысалы, файлды басу, каталог атын беру және т.с.с. MS-DOS ОЖ-нің командалары екі түрлі типті болады:

  • Ішкі (COMMAND.COM командалық процессор - MS-DOS ОЖ-нің құрылымдық бөлімдерінің біріне құрылған)

  • Сыртқы (утилиттер)- орындалатын жеке файлдар түріне болады.

MS-DOS командаларын сипаттау үшін келесі формат қолданылады:

Команда аты параметрлері /кілттер

Параметрлер файлдар, каталогтар, логикалық дискілер аттары, сондай-ақ ЭЕМ құралдарының кейбіреулерінің логикалық атаулары.

Кілттер - команда жұмысының түрлі режимдерін белгілейді.

MS-DOS сұхбатқа дайын кезде ол экранға A> немесе C:\> шақыруын ұсынады, ол MS - DOS-тың командаларды қабылдауға дайын екендігін білдіреді.



MS-DOS-тың негізгі командалары

MS-DOS-тың айтарлықтай көп командалары бар, бірақ онымен жұмысты бастау үшін тек кейбіреулерін білу жеткілікті. Олар: dir, cd, copy, move, del және type. Әр бір команданы еңгізу Enter пернесін басумен аяқталады. MS-DOS командалары командалық жолға кез-келген әріптермен - үлкен немесе кіршілермен енгізіледі.



  • Әдетте MS-DOS ОЖ-нің мақсаты керекті программаны жүктеу болып табылады. Программаны жүктеу оның атқарушы файлдың атын командалық жолға енгізуден Enter пернесін басу арқылы жүзеге асырылады.

  • MS-DOS жүйесінде бумалар ролін каталогтар атқарады. Каталогтар ішінде файлдар және салынған каталогтар (вложенные каталоги) болуы мүмкін. Командалық жолға әрдайым былайша айтқанда MS-DOS шақыруы болады. Ол диск атауынан басталып, «>» белгісімен аяқталады. Шақыруда не жазылғанына қарап, әрдайым қай каталогта және қай дискіде қазір орналасатынымызды ұғуға болады.

  • Ағымдағы каталог мазмұнын қарау үшін DIR командасын қолданамыз.

C:\WINDOWS>dir

Командасы C:\WINDOWS каталогының мазмұнын экранға шығарады.



  • Егер каталог үлкен болса, онда оның мазмұны экранға сыймайды және оқуға мүмкін емес жылдамдықпен айналады. Бірақ каталог мазмұнын экранға бет-беттермен шығаруға болады. Ол үшін dir командасын /р параметрімен беру керек, мысалға былайша:

C:\WINDOWS>dir/р

Енді керекті программаның ішкі каталогты іздестіру де каталог мазмұнын бет-беттермен қарастыруға болады.



MS-DOS-тың навигация командалары

MS-DOS-тағы көпшілік командаларды параметрлермен беруге болады. Барлық параметрлерді есте сақтау мүмкін емес, бірақ MS-DOS-тың көптеген программалары / параметрін қабылдайды. Осындай параметрлі команданы алған жүйе экранға қолдануға болатын өзге параметрлер тізімін шығарады. Осылайша, мысалға, dir/w командасы каталог мазмұнын ыңғайлырақ формада шығаратынын білуге болады



  • Егер каталог мазмұнын қараудан керекті файл жоқ екендігі анықталса, онда келесі каталогқа көшу керек. Бұл үшін cd командасы қызмет атқарады.

  • Cd командасы ішкі каталогтардың ішіне енуіне мүмкіндік береді. Бұл команда сонымен бірге бір сатыға жоғары көтерілуге немесе бірден дискінің түбірлі (корневой) каталогына көшуге мүмкіндік береді.

Мысалы, cd.. командасы бір сатыға жоғары көтереді.

Берілетін команда: C:\WINDOWS\COMMAND>cd..

Нәтижесі: C:\WINDOWS>


  • «\» параметрі бар cd командасы дискінің түбірлік каталогына көтереді:

Берілетін команда: C:\WINDOWS\COMMAND>cd\;

Нәтижесі: C:\>



  • Басқа дискіге көшу сол дискіні белгілейтін әріпті және одан кейін қос нүктені енгізумен шектеледі:

Берілетін команда: C:\>d:

Нәтижесі: D:\>



MS-DOS-тың командалары

MS-DOS ОЖ-нің тағы мынандай командалары бар:



  • MD- каталогтарды құруға арналған команда. Бұл ішкі команда. Енді қолдану мысалдарын келтірейік:

MD C:\GAME (С дискісінде GAME каталогын құру)

MD WORK (ағымдағы дискіде ағымдағы каталогта WORK подкаталогын құру)



  • CD- ағымдағы каталогты өзгертуге арналған ішкі команда.

Мысалдар:

CD D:\PRIM (D дискісіндегі PRIM подкаталогын ағымдағы каталог етіп орнату)

CD C:\PUBLIC\STUDENT (C:\PUBLIC\STUDENT каталогын ағымдағы каталог етіп орнату)

Аналық каталогқа көшу үшін CD.. командасы қолданылады, ал түбірлік каталогқа өту –CD\



  • RD- бос каталогтарды жоюға арналған ішкі команда. Каталогты жоймас бұрын оны және оған бағыныңқы каталогтардың бәрін файлдардан тазарту керек.

Мысалы, RD\SYS (түбірлі каталогқа салынған SYS подкаталогын жою . Бұл каталог бос деп қарастырылады.) Бұл команда ағымдағы каталогты жоя алмайды. Мұндай әрекет кезінде экранға ескертпе хабарлама шығады.

  • TYPE- экранға текстік файлдың мазмұнын шығаруға арналған ішкі команда. Қолдану мысалдары:

TYPE C:\primer.txt (С: дискінің түбірлі каталогында орналасқан primer.txt файлын қарау)

TYPE exampl.txt (ағымдағы каталог exampl.txt файлын көру)



  • COPY- файлдарды көшіру және біріктіруге арналған ішкі команда. Сонымен қатар бұл команда қарапайым мәтіндік файлдарды құру үшін де қолданылады.

Файлдарды көшіру

COPY командасы арқылы жүзеге асады. Мұнда бар файлды өзге атпен көшіру немесе файлды есімін өзгертпей басқа каталогқа көшіру мүмкіндігі бар.

COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]

Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі көрсетілмесе, онда олардың орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен адрес қолданылады. Файлдың бастапқы адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.

Мысалдар:

COPY note.doc letter.doc (ағымдағы каталог ішінде note.doc бастапқы файлдың көшірмесі болып табылатын letter.doc жаңа файлы құрылады. Егер онда letter.doc деген файл бар болса, COPY командасы қолданушыдан ауыстыру операциясын өткізуге рұқсат сұрайды)

COPY note.doc D:\REPORT (note.doc файлы ағымдағы каталогтан D: дискінің REPORT подкаталогына көшіреді. Егер REPORT каталогы болмаса, онда note.doc файлы D: дискінің түдбірлі дискіне report атты файлға көшіріледі)

COPY note.doc D:\REPORT\letter.doc (D: дискінің REPORT подкаталогында note.doc бастапқы файлдың көшірмесі болып табылатын letter.doc атты жаңа файл құрылады. Мұнда note.doc файлы ағымдағы подкаталогта орналасқан деп қарастырылады)

COPY report.doc PRN (берілген команда report.doc файлын принтерде басып шығаруға мүмкіндік береді, яғни файл мазмұнын PRN- принтер логикалық атауы бар құрылымға көшіреді)

Файлдарды біріктіру

COPY командасы сондай-ақ бірнеше файлдарды бір файлға біріктіруге мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында «+» белгісі арқылы берілуі тиіс. Мысалы:

COPY kvartal1.doc+kvartal2.doc otchet.doc (бұл команданың орындалуы барысында ағымдағы каталог ішінде otchet.doc атты жаңа файл құрылып, оның ішіне kvartal1.doc және kvartal2.doc файлдарының мазмұны біріктіріледі)

Егер нәтижелі («қосынды») файлдың аты көрсетілмесе, онда атау ретінде COPY командасында берілген файлдардың алғашқысының аты беріледі. Мысалы:

COPY report+r1999.txt+r2000.txt (report атты бар файл r1999.txt және r2000.txt екі файлмен report атты жаңа файлға біріктіріледі)

Файлдарды біріктіру үшін сондай-ақ топталған операциялық шаблондарды да қолдану мүмкін. Мысалы:

COPY *.doc report.doc (ағымдағы каталогтың doc кеңейтілуі бар барлық файлдар ағымдағы диск каталогына орналастырылатын report.doc атты файлға біріктіріледі)

Мәтіндік файлдарды құрау

Мысалға, пернетақтадан мәтін теру арқылы notes.txt файлын құрау керек болсын делік. Ол үшін:



COPY CON notes.txt

Командасын енгізу керек. Бұдан кейін керекті мәтін теріледі. Мәтін терілген соң Ғ6 функционалдық батырмасын немесе Ctrl-Z комбинациясын тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу керек: 1file(s) copies. Құралған файл ағымдағы дискінің ағымдағы каталогында орналасады.



  • RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.

Мысалдар:

REN D:\TEST\test.doc rez.doc (D: дискісіндегі TEST подкаталогында орналасқан test.doc бастапқы файлын rez.doc файлына атын өзгерту. Нәтижесінде rez.doc алынған файлы сол дискінің сол подкаталогына орналастырылады)

REN *.doc *.txt (doc кеңейтілуі бар ағымдағы каталогтың сол аттары бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)


  • MOVE- файлдарды тасымалдау қызметін атқарады. Сондай-ақ бұл команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.


Бекіту сұрақтары

  1. MS-DOS ОЖ-нің қандай жасырын модульдерін білесіз?

  2. Олар не үшін керек?

  3. MS-DOS ОЖ-нің дамуы жайлы не айта аласыз?

  4. MS-DOS ОЖ-ін жүктеудің қандай түрлерін білесіз?

  5. Олар қалай жүзеге асады?

  6. MS-DOS ОЖ-сінің Windows ОЖ-нен қандай айырмашылығы бар?

  7. Артықшылықтары мен кемшіліктерін айтыңыз.


Дәріс 9

Windows операциялық жүйесі. Windows операциялық жүйесінің концепциясы. Файлдық құрылым объектілері. Объектілер қасиеттері. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру. Windows–тың программалық жабдықтары

Дәріс 10-11

Қолданбалы программалық өнімдер. ҚПӨ топтамасы. Компьютерлік графика.

Жалпыға қолданылатын программалық өнімдер. Арнайы қолданылатын қолданбалы программалық өнімдер
Мақсаты: Қолданбалы программалық өнімдер, оның топтамасы ұғымын қалыптастыру.
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтар - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтар әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды.

Әртүрлі информацияларды ендей алатын әмбебап программалық жабдықтар мынадай түрлерге жіктеледі:


  • текст редакторлары;

  • графиклық редакторлар;

  • электрондық кестелер (таблицалар);

  • оқыту және ойнау программалары;

  • информациялық жүйелер және т.б.

Текстік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар текст редакторлары деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адам есеп беру кезінде құжат дайындау, мақала жазу, бір нәрсеге сипаттамалар жазу сияқты текст дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.

Текст редакторлары текстерді экран көмегімен түзетуге, қателерін автоматты түрде табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, текстерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп, көбейте отырып, басып шығаруға мүмкіндік береді.

Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, олардың безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар.

Кең тараған текст редакторларына WordPerfect, Місrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады.



Графиктік редакторлар график түріндегі информацияны дайындау және өндеу үшін қодданылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте қолайлы. Оның үстіне графиктік редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерінде жасай алады.

Графиктік редакторлар мәліметтсрдің есептелу нетижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесінде алуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата осьтеріне сандар мен атауларды жазып қоюға да бола береді. Күрделі графиктік бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, РС Illustrator т.б. жатады.



Электрондык, кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелер арқылы енгізу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесінде толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлерінің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар — демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда оны мен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн.

Мультимедиалық программалар. «Медиа» - аударғанда «тасушы» (носитель), «хабарларшы» (вестник) дегенді білдіреді, қазіргі түсінік бойынша – ақпарат түрі, яғни «мультимедиа» - бұл барлық ақпарат түрлерінің біріккен түрі. Олар графика, дыбыс, видеопрограмма.

Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пендерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.

Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информацияларды дайындау, сақтау, және өндеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де - құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.

Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы (қоймасы), кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасынын ірге тасын қалайды.

Болашақта перспективасы бар информациялық жабдықтарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Солардың көмегімен кейбір мамандықтар салаларында эксперттер төртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар, әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүргізу жүзеге асып жатыр.

Әмбебап программалық жабдықтардың дамуының арқасында күрделі біріктірілген жүйелер (интегралданған) жасалып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып текст редакторын, электрондық кестелерді, графиктік редакторды, мәліметтер қоймасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына Framework, Symphony, Master және т.б. жатады.

Әмбебап профаммалық жабдықтар дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарын автоматтандыруды іске арырып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондық платалар жасауды дайындауды, экономикалық және бухғалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.

Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынғы "'қағаздағы" мәліметтерді қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, информацияны алуды, таратуды, пайдалануды ұйымдастыру істерін жаңа белеске көтереді. Мұның өзі қоғамымызды информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз.

Қолданбалы программалар ішіндегі ерекше бір топқа "қосымша" программалар жасау мүмкіндігін беретін программалаудың құралдық (инструменталдық) жабдықтары жатады.

Құралдық (инструменталдық) жабдықтар - басқа программалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшін қолданылатын программалар мен программалық кешендер.

Дербес компьютерде кең тараған құралдық жабдықтарға BASIC, PASCAL,C және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады, олар үшін соңғы кездерде әмбебап программалау жүйелері жасалған болатын. Бұл тілдердің әрқайсысы белгілі бір есептер тобын шығаруға өте қолайлы. Оның үстіне, әртүрлі ЭЕМ-дерде белгілі бір тілге ғана үстемдік беріледі.

Программалау жүйелері шыққанға дейін әр адам өзі қолданатын программа текстін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы текст редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы программа — компилятор (транслятор) көмегімен өз текстін машина тіліне аударатын. Ең соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын.

Бүгінгі күн талабына сәйкес келетін программалық жүйелерді пайдалансақ, мұндай күрделі жұмыстар атқарудың ешбір қажеті жоқ сияқты. Қазір біріктірілген бір-ақ программалық десте осы аталған операцияларды түгел қамтиды. Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату — өндірісті жүргізу зандылықтарымен бірдей денгейде болады деген сөз.

Бұл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын программалар бар. Программаларды сатып алу және тарату шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы не авторы қүрастырған қүжаттарда жазылады. Біреудің программасын пайдалану үшін осындай мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн.

Программалардың коммерциялық статусы


  1. Тегін программалық жабдықтар (freeware);

  2. Шартты- тегін программалық жабдықтар (shareware);

  3. Жарнамалы-төленетін программалар (adware);

  4. Коммерциялы программалық жабдықтар (commercialware);

  5. OEM –нұсқа.

  6. Шартты-төленетін программалық жабдықтар (donation ware); ( Изделие пожертвования);

  7. «Открытка» нұсқасы (cardware);


Компьютерлік графика негіздері. Ақпараттың көп бөлігін адамдар көру мүшелерімен қабылдайды. Сондықтанда графикалық ақпаратты өндеу (синтез, талдау және бейнелерді өндеу) ғылыми зерттеулердің, инженерлік және дизайнерлік шешімдердің, ақпараттық және программалық құралдардың — қарапайым редакторлардан күрделі программалық кешеңдерге дейін (мысалы, Corel Draw және Adobe Photoshop) — көлемді бөлігін құрайды.

Дегенмен, куатты графикалық өнімдердің кең функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылу осы жуйеге деген оп-оңай тәуелділікке және уақытты тиімсіз жұмсауға әкелуі мүмкін. Графикалық материалды пайдалану міндетін қойып, мысалы есеп беруде немесе тұсаукесер жүргізуде, белгілі және қарапайым тәсілмен оны шешудің қысқа жолдарын табу керек. Бұл ерекше маңызды, өйткені күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, бірегей иллюстрацияны дайындау процесі, аяғында, жалпы жұмыстың көп бөлігін бірақ алады.

Компьютерлерде пайдаланылатын барлық бейнелердің мол санын үш топқа бөлуге болады: 2B-графикасы (мұнда тегіс бейнелер жасалады), 3D-графикасы (үш өлшемді бейне) және анимациялық графика. Бейнелер көбінесе арнайы құралдарды — графикалық редакторларды пайдаланумен, графикалық пішімдердің файлдарында сақталады.

Графикалық файлдың сыртқы құрылғыда бейнелеу көрсетімі, яғни өлшемі, шешу қабілеттілігі, сығымдау дәрежесі, әдісі және т.б. болады, сонымен бірге әр графикалық редактор үшін ерекше ақпараты (мысалы, Corel Draw— қисық түзілімдер туралы, Photoshop - қабаттар, арналар және т.б. туралы ақпараттар) сақталады. Әр графикалық редактор тасуышқа жазғанда бұл ақпаратты белгілі жолмен кодтайды.

Графикалық файл пішімі деп бейнелеу туралы ақпараттың жиынтығы және оны файлға жазу әдісі түсініледі. Жалпы алғанда, барлық графикалық пішімдерді екі топқа бөлуге болады: жалпы міндетті пішімдер, онда тек бейненің өзі, сондай-ақ сақтауға, көшіруге немесе көруге арналған бейнелер (gif, tiff, jpeg және басқалар) болады, және бейнелерді редакциялаудың аралық нәтижелерін сақтауға арналған ерекше пішімдер.

Графикалық файлдар өлшемі үлкен болғандықтан, оларды әдетте сығымдайды (буады). Қазіргі кезде сығымдаудың екі әдісі: (сапаны жоғалтумен және сапаны жоғалтпай сығу). Сапаны жоғалтпай сығу алгоритмдері архиватор алгоритмдеріне (аrі, рkzір) ұқсас және gif және tiff пішімдерінде пайдаланылады. Сапаны жоғалтумен сығу алгоритмдері адам қабылдай алмайтын ақпаратты ысырып тастайды (jpeg, pcd), бірақ сығудың едәуір жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді.

Іскерлік саласында графикаға кажеттілігін негізгі үш бағытпен шектеуге болады. Олар: құжаттардағы графика (иллюстрациялар, диаграммалар, ұсынудың әсерлі түрі), мультимедиа-презентациялардағы графика (фон, қыстырма, динамикалық графикалық объектілер) және программалардағы графика (пиктограммалар, қыстырмалар және т.б.).

Осы міңдеттерді шешуге арналған көптеген графикалық объектілсрден бірнеше негізгі түрін бөліп алып, оларды дайындаудың кең тараған және күрделі емес құралдарын қарастырайық.

Практикалық мәселелердің көпшілігі үшін мамандандырылған программалар кешенін пайдалану тиімсіз, өйткені:


  • күрделі өнімдермен жұмыс істеу әдетте оларды игеру бойынша едәуір күш-жігер жұмсауды қажет етеді. Бұл өнімдердің тез дамуы және өзгеруі оның күрделі мүмкіндіктерін пайдалану тек оны тұрақты пайдаланатын маман тиімді пайдалана алады;

  • куатты дестелер (мысалы, Corel Draw) компьютер ресурстарының едәуір бөлігін пайдаланады. Оларды тек графикалық жұмыс станцияларында ғана тиімді пайдалануға болады;

  • әдетте мұндай дестелер көптеген қосымша программалармен қоршалған, олар өзінше «тұйықталған әлем» құрады, оған кез келген пайдаланушы қатынас құра алмайды;

• графикалық объектінің ерекше пішімін пайдалану оны тиісті программалық жабдықтама орнатылмаған басқа компьютерлерге ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, бір иллюстрацияны дайындау құрал-жабдығын дұрыс таңдамау нәтижесінде олар үшін жасалатын негізгі құжатқа немесе қосымшаға қарағанда әлде қайда көп ресурстарды (уақыт, еңбек, ЭВМ жады, ақша) жұмсайды. Сондықтан «өнімді», мысалы, құжатты графикалық безендіру үшін осы өнімді «өндіру» жүйесінің графикалық мүмкіндіктерімен (мысалы, Microsoft Word) шектелген дұрыс.

Графикалық элементтердің құжаттың, презентацияның (тұсаукесер) немесе программаның сапасын жақсартуға қабілетті «джентельмендік жиынтығы» көп емес. Олар мыналар:



  • иллюстрациялар;

  • графикалар мен диаграммалар;

  • сәндік жазулар;

  • безендіру элементтері (түрлі сызғыштар, геометриялық және стилизацияланған мүсіндер, т.б.).

Иллюстрациялар мен безендіру элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы — өлшемдері ғана. Оларды құру әдісі бойынша растрлық және векторлық деп екі топқа болуге болады.

Растрлық бейнелер

Растрлық бейнелер (немесе биттік карталар - Bіtmар) дегеніміз — түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі және шешу қабілетімен анықталады, ал файлдың өлшемі пайдаланылған палитраға (ақ-қара немесе 1-биттік, 256 түсті немесе 8-биттік, true color — түсті дәл беру — немесе 32 биттік) қосымша тәуелді болады. Растрлық деп сканердің көмегімен алынған, сондай-ақ, графикалық редакторлар жасаған (мысалы, Paint) бейнелер аталады. Графикалық файлдардың неғұрлым кең тараған пішімдері – bmp, dib, gif, jpeg, pcx, rle, tiff.

Растрлық бейнелердің айтарлықтай кемшілігі бар, ол шығару құрылғысының, мысалы, дисплейдің шешу қабілетін өзгерткенде бұрмалануы.

Растрлық қойылымдар бейнелеу кезінде (мысалы, пиктограммалар, программадағы түймелер және т.б.) өлшемі өзгермейтін шағын объектілер үшін ұсынылады. Бұл үшін қарапайым графикалық редакторды пайдалануға болады, ал ең тиімді жолы — программалау жүйесіне кірістірілген құралдарды қоддану. Мысалы, Borland С++ тілінде жұмыс жасайтын программистер бұл мақсатта Resource Workshop программасын пайдаланғанды дұрыс көреді.

Үлкен өлшемді растрлық бейнелер (фотосуреттер, т.б.) құжаттар мен презентацияларда фон ретінде, сонымен бірге иллюстрация түрінде пайдаланылады. Оларды дайындауда бастапқы материал ретінде сканерден алынған немесе компакт-дискідегі кітапханадан алынған бейнелер қызмет етеді. Бұл бейнелерді өзгертусіз пайдалануға болады, бірақ көп жағдайда олар біршама жаңартуды қажет етеді. Егер иллюст-рация мақсаттары үшін көптеген файлдарды күрделі құрастыру немесе экзотикалық әсерлер (мысалы, Adobe Photoshop жүйесінде жүзеге асырылған «сфера», «барабан», «спираль» типті бұрмаланулар) қажет емес, ал бейнелерді сапалы дайындау үшін күрделілігі орташа графикалық редакторды (U-Lead System фирмасының РhоtоРlus типті) пайдаланған дұрыс. Мұндай класты редакторлар маңызды және жиі қолданылатын қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді, атап айтқанда:


  • бейненің (RGB True Color - нүктесіне 24 биттік, 256 түсті, 16 түсті, сұр түстің градациясы, қара-ақ) пішімін (Convert) өзгерту;

  • фрагменттерді қиып алу (Сut, Сору) және кірістіру (Раste), бірнешс фрагменттерді құрастыруға жол ашады;

  • шешімді өзгерту (Resolution) және өлшемді өзгерту (Resample) бейненің өлшемін өзгерткен кездегі бұрмалауды барынша азайтады;

  • палитраны түзету (Tоne Abjustment) түс гаммасының өзгеруіне, бейненің талап етілген түріне (реңкіне) қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • айқындық пен қанықтылықты (Brighthess & Соntrast) өзгерту қажетті айқындығын, қанықтылығын, сонымен бірге бірнеше құрастырылған фрагменттердің үйлесім-
    ділігін алу үшін қодданылады. Әр түрлі сүзгілер (Average, Blur, Sharpen, Emphasize Edges, Mosaic, Emboss) бейненің түстік ерекшелігін өзгертіп, фон, заставка,
    иллюстрацияны кабылдаудың тиісті әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Векторлық бейнелер

Бейнелерді векторлық әдіспен құрағанда графикалық объектілер қарапайым элементтердің, яғни үзік сызықтардың, доғалардың, шеңберлер мен көп бұрыштардың жиынтығы түрінде көрінеді. Векгорлық графикада бейнені құрайтын қисық және түрлі түсті құйылмалардың математикалық жазбасы бар. Оның маңызды бір артықшылығы — бейнелердің масштабы өзгере алады. Суреттің өлшемі өзгертілгенде примитивтер теңгерулері қайта ееептеліп, сызықтарды құру сол теңгерулер бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде растрлық бейнелерге тән объектінің бұрмалануына жол берілмейді.

Құжаттарды немесе презентацияларды дайындау процесі кезінде синтезделетін иллюстрациялардың көбісін кең тараған пакеттердің аспаптарын пайдаланып, векторлық графиканың құралдары арқылы жүзеге асыру мүмкін (солай еткен онды).

Бұл орайда MS Word 2003-ке кірістірілген жаңа графикалық құралдар тартымды. Олар бұрынғы версияларға қарағанда едәуір жақсартылған, күрделі иллюстрацияларды тез жасауға мүмкіндік береді. Мұнда бейнелерді қосымша өңдеу (мысалы, бейнені бұру) қызметтері жұмыс істейді.

MS Word 2003-қа Бейнелерді бабына келтіру аспаптар панелі және Рамкалар қосылған, графикалық примитивтер жиыны кеңейтілген, бұрынғы версияларда оларды сызықтар мен доғалардан жасау көп уақытты талап етті (немесе мүлде мүмкін еместі).

MS Word 2003 құралдарымен көптеген түрлі түсті, геометриялық, мәтіндік және анимациялық әсерлі сәндік жазбалар жасауға болады.



Графикалар мен диаграммалар

Графикалар мен диаграммалар көптеген мәтіндерді (тәжірибе-сынақ нәтижелері, есеп көрсеткіштері, т.б.) көрнекі етіп көрсету үшін пайдаланылады. Harvard Graphics, Lotus, Microsoft Office сияқты өнімдерде графикалар мен диаграммалар түріндегі құралдардың мол жиынтығы бар. Солардың көмегімен екі, үш өлшемді диаграммалардың сызықты, бағаналы, шеңберлі, пирамидалы, т.б. түр-түрін жасауға болады. Асtіоn мультимедиа-презентациясының пакетінде диаграммаларды жасауға қажет бай аспаптар бар. Онда диаграммалар әр түрлі, қилы пішімді болып, оның әр элементі (бағана, сызық, сектор, т.б.), сонымен бірге диаграмманың өзі белгілі дыбыстық сүйемелдеумен жылжуы («өсіп», «жүзіп», т.б.) мүмкін. Microsoft Office - РоwerРоіnt пакетінде де диаграммалар мен графикаларды «жандандыру» құралдары болады.


Бекіту сұрақтары

  1. Қолданбалы программа дегеніміз не?

  2. Қолданбалы программалардың түрлерін атаңыз?

  3. Қолданбалы программар не үшін қолданылады?

  4. Сендер қандай графикалық редакторларды білесіндер?

  5. Corel Draw не үшін қолданылады?

  6. Photoshop-тың қызметі қандай?

  7. Графикалық файлдардыц қандай кеңейтiлулері бар?

  8. Растрлық графиканың векторлықтан айырмашылығы неде?

  9. Word 2003-те қандай векторлық примитивтер бар?

  10. Іскерлік графикасы үшін қандай дестелер пайдаланылады?


Дәріс 12. Офис пакеті
Мақсаты: Мәтіндік процессор, оның негізгі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерімен таныстыру. Word столының элементтері. Тексті теру, өңдеу, абзацтарды форматтау әдістерімен танысу. Кестелік процессор. Негізгі ұғымдар. Кестелік процессордың функционалдық мүмкіндіктері. Электрондық кестеде жұмыс істеу технологиясы. MS Excel. Жұмыс парақтары және жұмыс кітаптары. Ұяшықтар, мәліметтер, формулалар және сілтемелер. Ұяшықтар форматтары. МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері және жұмыс істеу негіздерімен танысу. MS Power Point негізгі түсініктері мен функционалды мүмкіндіктері, оның жұмыс істеу технологияс, терезе құрылымы, презентация жасау әдістерімен танысу.


  • Мәтіндік процессор. Негізгі мүмкіндіктері;

  • ТП MS Word-тың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері;

  • Кестелік процессор. Негізгі ұғымдар. Кестелік процессордың функционалдық мүмкіндіктері;

  • Электрондық кестеде жұмыс істеу технологиясы;

  • Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);

  • МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері;

  • МҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздері;

  • MS Power Point негізгі түсініктері;

  • Функционалды мүмкіндіктері. Жұмыс істеу технологиясы;

  • Терезе құрылымы, презентация жасау әдістері.

MS Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау. Word -пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталяциялық) дисктерден немесе компакт - дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:



  1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен.

  2. Программаларды Microsoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

  • Файл => Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  • Word негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (х) басу;

  • Тікелей Alt + Ғ4 пернелерін басу.


Электрондық кестесі экономикалық және математикалық күрледі есептеулерді, диаграммаларды және т.б. көптеген іс - әрекеттерді орындауға арналған. «Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

  5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

      Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.

      Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондык кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп көркемдеуге, әрі жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.



Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А -Z, содан соң АА - AZ, одан кейін ВА - BZ және т. с. с.

Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, ВЗ адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Ағымдағы ұяшық – курсор көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

      Блок (ұялар жиыны, аймағы) - тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы: B13:D19 блогы - бұл B13-D13, D13-D19, D19-B19, B19-B13 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А1:Н1, А1:А20, A12:D27 немесе D:F - D, Е, F бағаналарының барлық торлары, т.с.с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

      Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:


  • бағананы белгілеу - бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен тандап алып, оны бір рет шерту;

  • бірнеше бағананы ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;

  • жолды ерекшелеу - жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту;

  • бірнеше жолды ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды жоғары не төмен созу;

  • блокты ерекшелеу - тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басып, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу;

  • жұмыс парағын толық ерекшелеу - тышқан курсорын бағана аттары мен жол нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет шерту.

       Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе F8 пернесін басып, белгілеу режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.

      Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:



  • алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;

  • Ctrl пернесін басу және оны басулы күйінде ұстай тұру;

  • келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т.с.с.;

  • Ctrl пернесін қоя беру.

      Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.

Ұяшықтардағы мәліметтер

      Excel-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе "'" (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі, Егерде бірінші символ цифр немесе "=" белгісі болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

      Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.

Мәтін енгізу

      Мәтін - кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді "'" символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оңжақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады)

      Сандарды енгізу

      Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына # ### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).

      Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01E+08 болып жазылады, яғни ол 5,01 108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады (5 109). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.

Формулаларды енгізу

      Excel-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны =C1+F5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.



Блоктар. Абсалютті және қатысты сілтемелер

Блок (фрагмент, диапазон) деп кестенің кез келген тік төртбұрышты бөлігін айтады. 1 суретте 6 ұяшықтан тұратын блок боялған. Блок қос нүктемен бөлінген диогональдық қарама-қарсы ұяшық аттарымен белгіленеді, мысалы:E3:F5. Блок тек бірғана бағаннан (A1:A4), немесе Бірғана қатардан (C1:E1) немесе бірғана ұяшықтан (С3:С3) тұруы мүмкін.







A

B

C

D

E

F

1



















2



















3



















4



















5



















Сурет 1.
Қатысты сілтеме принципі мынаны көрсетеді: Формулаларда қолданылған ұяшықтар адресі формуланың орналасу орны бойынша абсолютті емес, қатысты түрде анықталған. Мысалы: 2 суреттегі кестеде С1 ұяшығындағы формула былай орындалады: формула жазылған ұяшықтан 2 ұяшық солға қарай тұрған санға бір ұяшық солға қарай тұрған санды қос. Бұл принцип бойынша, формуланы басқа орынға ауыстырғанда формуладағы ұяшық аттары өзгереді. Формуланы ауыстыру кесте фрагментерімен әртүрлі манипуляция (көшіру, орнына қою, өшіру, орнын ауыстыру) жасаған кезде болады.






A

B

C

1

5

3

А1+В1

Сурет 2.
3 мысал: 5 суреттегі кестеге мынадай өзгеріс енгізейік А1:С1 блокты А2:С2 блокқа көшірейік. Нәтижесі 3 суретте көрсетілген.





A

B

C

1

5

3

=А1+В1

2

5

3

=А2+В2

жүктеу 2,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау