35- сурет.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
StringGrid компонентінің ColCount және RowCount қасиетінің атқаратын қызметі қандай?
Кестенің қалыпты жағдайдағы өлшемі қандай?
StringGrid компонентінің FixedRows және FixedCol қасиетінің атқаратын қызметі қандай ?
Кестенің және бекітілген ұяшықтар фонының түсі қандай қасиет арқылы өзгертіледі ?
Кесте деректерін редакциялауды жүзеге асыру үшін қолданылатын қасиет?
Кестенің жеке ұяшығын көрсету қалай жүзеге асырылады?
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
10- апта
2 кредит сағат.
Тақырыбы: Delphi қосымшасында деректерді енгізу және нәтижені шығару функциялары
Дәріс мазмұны:
1. Деректерді енгізудің InputBox функциясы
2. Нәтижені шығару-ң MessageDlg функциясы
Деректерді енгізудің InputBox функциясы арқылы жеке терезеде енгізуге болады. Функцияның жалпы түрі:
aйнымалы:=InputBox(‘тақырып’,’түсініктеме’,’мән’) ;
Мәтіндік ақпаратты ShowMessage процедурасы арқылы экранға шығаруға болады. Функцияның жазылу форматы:
ShowMessage(const Msg:String);
Мысалы: ShowMessage(‘Орындаған 4204- топ студенті- Уразов Дархан ’);
Нәтижеде экранға OK батырмасы бар шағын хабарлама терезесі шығады.
Деректерді экранға шығарудың күрделі функциясы- MessageDlg() функциясы. Оның жалпы түрі:
Мән: =MessageDlg( хабарлама, тип, батырма түрі, анықтама контексі);
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
11- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Диаграмма сызу компоненттері
Дәріс мазмұны:
1. Индикаторды қолданудың ProgressBar компоненті
2. Диаграмма сызудың Gauge компоненті
Дельфиде индикатор шығарудың ProgressBar компоненті қолданылады.
Компоненттің негізгі қаситетері: Max, Min, Position, Step.
Қарапайым диаграмма сызудың Gauge компоненті. Диаграмма түрін анықтаудың Kind қасиеті. BorderStyle, ForeColor, BackColor, MinValue, MaxValue, Progress, ShowText қасиеттері.
Формада секторлық диаграмма сызу мысалы. Уақыт санаудың GetTickCount API- функциясы.
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
11- апта
2 кредит сағат.
Тақырыбы: Additional парағының диаграмма салудың Chart компоненті.
Дәріс мазмұны:
1. Сhart компонентінің қасиеттері мен әдістері.
Chart компоненті диаграммалар мен графиктер тұрғызуға арналған. Оның негізгі қасиеті болып – TcharSeriers типті бейнелеу стильдерін сипаттаушы Series қасиеті болып табылады.AllowPanning, AllowZoom, Title, Foot, Frame, Legend, SeriesList, View3d, т.с.с. қаиеттеріне шолу. Мысал ретінде оқушылардың реттік нөмері бойынша бағаларының графигін тұрғызу.
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
Delphi-де_мультимедиа_құралын_қолдану.__Дәріс_мазмұны'>12- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Delphi-де мультимедиа құралын қолдану.
Дәріс мазмұны:
1. Сигналды генерациялаудың Beep процедурасы
2. Бейнеклип орындатудың Animate компоненті
Windows ортасында жұмыс атқаратын қазіргі заманғы көпшілік программалар мультимедиалық болып саналады. Мұндай программалар бейнероликтерді, мультипликацияларды шығарады және әуен, сөзді, дыбыстық эффектілерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Мультимедиалық программалардың әдеттегі мысалдары- ойындар мен оқыту программалары. Delphi –де қолданушының мультимедиалық программаларды өңдеуіне мүмкіндік беретін 2 компонент бар:
Animate – қарапайым анимацияны шығаруға мүмкіндік береді.
MediaPlayer – мультимедиалық ойнатқыш. Ол неғұрлым күрделілеу есептерді шешуге, мысалы, анимацияны дыбыспен қамтамасыз ететін бейнероликтерді, дыбыстық файлдарды жүргізуге мүмкіндік береді. (MediaPlayer компоненті келесі тарауда қарастырылады.)
Animate компоненті кадрлары AVI файлында (AVI - Audio Video Interleave, “дыбыс пен бейненің кезекпен ауысуы”) орналасқан қарапайым анимацияны жүргізуге мүмкіндік береді.
41- сурет. Animate компонентінің белгішесі.
Animate компоненті формаға қарапайым жолмен қосылады. Компонентті формаға қойғаннан кейін оның қасиеттерінің мәндерін орнату керек.
Бұл компоненттің қасиеттері :
Name – компонент аты.
FileName – компонент көмегімен бейнелейтін анимация орналасқан
AVI файлдың аты.
StartFrame – анимацияның бейнеленуі басталатын кадр нөмірі.
StopFrame – анимацияның бейнеленуі аяқталатын кадр нөмірі.
Activate – анимация кадрының бейнелену процесінің белсенді ету белгісі.
Color – анимация жүргізілетін компонент түсінің фоны.
Transparent –анимация белгіленген кезде түссіздіктің қолдану режимі.
Repetitions – анимация бейнелеуінің қайталануларының саны.
Animate компоненті тек қана анимациядан тұратын AVI файлды жүргізуге мүмкіндік береді.
Мысал: Төмендегі қосымшада Animate компонентінде бейнеленген .avi типті анимациялық файл фрагменті және оны орындату және тоқтату коды көрсетілген.
42- сурет.
procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);
begin
animate1.FileName:='c:\777.avi';
animate1.Active:=true
end;
procedure TForm1.BitBtn2Click(Sender: TObject);
begin
animate1.Stop
end;
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
12- апта
2 кредит сағат.
Тақырыбы: Delphi-де қосымшаға бейне және дыбыстық файл қою компоненттері.
Дәріс мазмұны:
Қосымшаға бейне және дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті, оның қасиеттері.
System парағында Windows үшін стандартты DDE (Dinamic Data Exchange)және OLE (Object Linking and Embedding) мәліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін компоненттер, таймер т.б. жүйелі сервистік элементтерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын компоненттер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |