1.Жалпы ережелер
1.1 Пәндік-циклдік комиссия (ПЦК) колледж құрылымындағы басты ұйымдастырушы және
шығармашылық бөлімше болып табылады. Пәндік-циклдік комиссия колледж мамандықтарының
оқу жоспары құрылымы ескеріле отырып, күндізгі және сырттай бөлімде, соның ішінде қосымша
жұмыс жасайтын туыс пәндер оқытушыларынан құралады.
1.2. Пәндік-циклдік комиссия оқу пәндерін әдістемелік қамту, орта кәсіптік білім мамандықтары
бойынша түлектерді дайындау мазмұны мен деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптардың
орындадуын қамтамасыз ету, мамандарды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған жаңа
педагогикалық технологияларды енгізу, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етуде оқытушыларға көмек көрсету мақсатында құрылады.
2.Ұйымдастыру мәселелері
2.1. Комиссияның сандық құрамы әдістемелік мақсатта және жалақы қорымен анықталады.
Комиссия тізімі және олардың жеке құрамы 1 ғана оқу жылына директордың бұйрығымен
бекітіледі.
2.2. Комиссия төрағалары комиссия мүшелерінің таңдауы негізінде колледж директорының
бұйрығымен 3 жылға тағайындалады. Директор колледж Жарғысы негізінде комиссия төрағасын
атқарып отырған қызметінен мерзімінен бұрын босатуға құқылы. ПЦК төрағасы міндетін
орындау жұмысы бекітілген тәртіпте қосымша төленеді.
2.3. Пәндік – циклдік комиссия құрылымы, отырыстарының өту мерзімі, циклдік комиссия
төрағасының
өкілеттілігі
осы
ережемен
анықталады.
2.4. Пәндік – циклдік комиссия жұмысына жалпы жетекшілікті бөлім меңгерушісі жүзеге
асырады. Пәндік – циклдік комиссия төрағасы оқу қызметіне байланысты оқу жұмысы жөніндегі
директордың орынбасарына, оқу контингентіне байланысты тәрбие жұмысы жөніндегі
директордың орынбасарына, өндірістік тәжірибе бойынша оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі
директордың орынбасарына және әдістемелік жұмыстарға қатысты оқу-әдісмелік жұмыс
жөніндегі директордың орынбасарына бағынады. Комиссия мүшелігіндегі оқытушылар тікелей
комиссия төрағасына бағынады.
3.1. Пәндік – циклдік комиссия өзінің жұмысын ғылымилық, жариялық үрдістерінде
педагогикалық және оқушылық ұжымның қызығушылығын есепке ала отырып құрады. Ол өз
қызметінің басты бағыттары бойынша іс-шараларды әзірлеп, өткізуге құқылы.
3.2. Пәндік – циклдік комиссия құрамына кіретін әрбір оқытушы педагогикалық бастамамен
шығуға, оқу сабақтарын өткізудің педагогикалық нысандарын, оқушыларды оқыту және
тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін өздігінен анықтауға, оқытудың тәжірибелік әдістерін
пайдалануға, өзінің пәндік – циклдік комиссия мүшелерінің педагогикалық жүктемесін бөлуде
ұсыныстар енгізуге құқылы. Пәндік – циклдік комиссия мүшелігіндегі оқытушылар пәндік –
циклдік комиссия отырысына, оның жұмысына белсене қатысуға, педагогикалық бастамамен
шығуға, білім беру үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге, төрағаның
қабылдаған шешімдері мен тапсырмаларын орындауға міндетті.
3.3.
Пәндік
–
циклдік
комиссия
төрағасының
құқықтары
мен
міндеттері.
Құқықтары:
- пәндік – циклдік комиссия мүшелерін қолдау немесе жазалау бойынша әкімшілік алдында
ұсыныстар енгізеді;
- емтихан билеттерін, тапсырмаларды, бақылау жұмыстарының нұсқаларын бекітеді;
- ПЦК мүшелері мен педагогикалық ұжымның басқа да мүшелерінің сабақтарына қатысып,
талдайды.
Міндеттері:
- мамандарды дайындау мен олардың бітіруіне жауап береді;
-
ПЦК
жұмысын
жоспарлайды,
ұйымдастырады
және
тікелей
жауап
береді;
- оқу үрдісінің басты көрсеткіштерінің жағдайын бақылап, ПЦК пәндері бойынша жағымды
динамиканы қамтамасыз етеді;
- өткізілетін сабақтардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
- тарификацияны жоспарлап, оқу жылы барысында оның жүзеге асырылуын бақылайды;
- топ жетекшілері арқылы контингенттің сақталуын қамтамасыз етеді;
- оқытушылардың оқу құжаттарын жүргізуін үнемі бақылайды;
- ПЦК мен педагогикалық кеңестің бұрын қабылданған шешімдерінің орындалуын жүйелі түрде
тексеруді ұйымдастырады;
- ПЦК мүшелерінің жұмыс тәжірибесін талдап қорытып, таратады.
3.5. Әрбір ПЦК колледждің істер номенклатурасына сәйкес, ағымдағы оқу жылына келесі
құжаттарды жүргізеді:
- жұмыс жоспары;
-
ПЦК қызметіне кіретін барлық оқу-әдістемелік құжаттардың бақылау данасы;
- отырыс хаттамалары, шешімдер, есептер және пәндік – циклдік комиссия қызметін көрсететін
басқа да құжаттар.
4. Пәндік – циклдік комиссия қызметінің басты бағыттары
4.1. Колледжде жүзеге асырылатын мемлекеттік білім беру стандарттарының оқу пәндерін оқу-
әдістемелік қамту, оқу пәндері бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, соның
ішінде жеке, өндірістік (кәсіби) тәжірибе бағдарламаларын, курстық жобалар мен практикалық
жұмыстардың тақырыптары мен мазмұнын, оқушылардың өзіндік жұмыстарына оқу
материалдарының мазмұнын, әдістемелік құралдар, пәннің жеке тақырыптары мен бөлімдерін оқу
бойынша ұсынымдар әзірлеу, практикалық жұмыстар, курстық жобалар орындау, оқушылардың
өзіндік жұмысын ұймдастыру және т.б.
4.2. Оқыту технологияларымен қамтамасыз ету, оқыту құралдары мен әдістерін, инновациялық
педагогикалық технологияларды таңдау, семестр бойынша оқу жоспарымен пәндерге бөлінген
сағат көлеміне қатысты оқу үрдісінің жоспарларына түзетулер енгізу,
4.3. Оқушылардың аралық аттестаттауын өткізуді қамтамасыз ету (аттестаттау нысандары мен
талаптарын анықтау, жеке пәндер бойынша оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалауға
біртұтас талаптарды дайындау, емтихан билеттері, бақылау және сынақ жұмыстары, тестілер мен
басқа
да
материалдардың
мазмұнын
әзірлеу).
4.4. Колледж түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттауын өткізуді қамтамасыз ету:
аттестаттау нысандары мен талаптарын анықтау, жеке пәндер бойынша қорытынды
емтихандардың бағдарламаларын, мамандықтар бойынша қорытынды пәнаралық емтихандарды,
бітіруші топтардың біліктілік жұмыстарына талаптарды, аттестаттау сынақтарында түлектердің
білімін бағалау критерийлерін әзірлеу.
4.5.Оқытушылардың әдістемелік және кәсіби шеберлігін жетілдіру, олардың кәсіби білімін
толтыру, жас оқытушыларға көмек көрсету, ПЦК құрамына кіретін оқытушыларды аттестаттау
ұсыныстар енгізу, олардың педагогикалық жүктемелерін бөлу.
4.6. Жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту және тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін
оқу, талдап қорыту және білім беру үрдісіне енгізу, ашық сабақтарды дайындау, өткізу және
талқылау.
4.7. Оқытушылар мен оқушылардың тәжірибелік – шығармашылық жұмыстарына жетекшілік ету.
4.8. Оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу және әдістемелік құралдарды, плакаттарды, кино
мен диафильмдерді, оқытудың басқа да құралдарын қарау және рецензиялау.
4.9. Оқу пәндері кабинеттері жұмыстарының мазмұнына біртұтас талаптарды әзірлеу,
оқытушылардың жұмыс жоспарларын, сабақ өткізу жоспарларын, пәндік – циклдік комиссия
құзыреттілігіне жататын басқа да материалдарды қарау және талқылау.
4.10. Жаңа қабылдауға дайындық жұмыстары, оқушылық контингентті қылаптастыру және оның
сақталуын қамтамасыз ету, оқушыларды марапаттауға және тәртіптік жазаға ұсыну.
Пәндік – циклдік комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңын, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің, БҚО білім басқармасының
нормативті- құқықтық құжаттарын, орта кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге
асыратын білім беру ұйымы қызметінің Типтік ережелерін, колледж Жарғысын, колледжде
оқытылатын мамандықтар бойынша түлектерді дайындау мазмұны мен деңгейіне қойылатын
мемлекеттік талаптарға қатысты Мемлекеттік білім беру стандартын және осы Ережені
басшылыққа алады.