Пәнбағдарламасының Нысан (Syllabus) титулдық пму ұс н 18. 4/19



жүктеу 352,38 Kb.
бет2/2
Дата27.12.2017
өлшемі352,38 Kb.
#6152
түріБағдарламасы
1   2


БЕКІТЕМІН


ММжК факультетінің

деканы______Т.Т. Тоқтағанов

«___»_____________20__ ж.

Құрастырушы: ________ аға оқытушы, магистр, Балтабекова А. Н.



Пәннің бағдарламасы (Syllabus)
OTT 3209 – Көлік саласында еңбек қорғау

5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған


Бағдарлама 20__ ж. «___» _____ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған.
20__ ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ. Қ. Абишев «___»______ 20__ ж.

Факультеттің Оқу әдістемелік кеңесінде құпталған «___»______20__ ж.

№___ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Н. С. Сембаев «___»______20__ ж.


1.Пәннің оқу құжаты
Пәннің атауы «Көлік саласында еңбек қорғау»
Таңдау бойынша компонент пәні
Кредиттер саны және оқытылу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Барлығы аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СӨЖМ – 45 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы – 135 сағат
Бақылау нысаны

Қорытынды бақылау нысаны Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

«Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері».
Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

«Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері», «Өндіріс технологиясы мен көлік техникасын жөндеу негіздері».
2. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат

Аты-жөні – Балтабекова Алмагуль Нурлыбековна

Ғылыми дәрежесі, лауазымы, мамандығы - магистр, аға оқытушы

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы, Б-220,

телефон: 67-36-23 (1216)

E-mail: almagul_bn@mail.ru


3. Нысандары, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің нысаны

Өндіріс жағдайларында еңбек қорғауды басқарудың теориялық және тәжірибелік негіздері, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларынан жұмысшыларды қорғау және алдын-алу әдістерін оқу


Пәнді беру мақсаты

Қоршаған ортаға және адамға жағымсыз әсерлерді болдырмайтын, өндірісті ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді өткізу, жаңа техника мен технологияларды жобалау және пайдалану кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен байланысты сұрақтарды шешу үшін қажет теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны болашақ мамандарға беру


Пәннің оқу міндеттері

Білім алушыларды теориялық біліммен және тәжірибелік дағдымен

қамтамасыз ету. Олар не үшін қажет:


  • өндірістегі жұмысқа ере жүретін қауіпті және зиянды өндірістік

факторларды анықтау үшін;

  • өндірістегі еңбек қорғау сұрақтарын шешуді ұйымдастыру үшін;

  • өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және

нормативті құжаттарды қолдану үшін.

4. Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді оқу нәтижесінде студент төмендегілерді

білуі керек:



  • заңды және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді;

  • мемлекетте және өндірісте еңбек қорғауды ұйымдастыру концепциясын;

  • жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша кәсіпорын басшыларының міндеттері мен жауапкершілігін;

  • еңбек қорғау бойынша негізгі халықаралыө құжаттарды;

  • қауіпті және зиянды факторлардың нормативті параметрлерін қамтамасыз ету әдістері мен құралдарын.

істей білуі керек:

  • өндірістегі жұмысқа ере жүретін қауіпті және зиянды өндірістік

факторларды анықтауды;

  • өндірістегі еңбек қорғау сұрақтарын шешуді ұйымдастыруды;

  • өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және

нормативті құжаттарды қолдануды;

дағдылануы қажет:



  • – өндірістегі авариялардың, оқыс жағдайлардың, кәсіби аурулардың

тергеуін жүргізуге.;

компетентті болу керек:



  • өндірістік қызметкерлер мен тұрғындарды мүмкін авариялар мен апаттардан қорғаудың негізгі әдістерін білуде;

  • технологиялық үрдістер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды анықтауда.


5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрі бойынша академиялық сағаттардың бөлінуі



Тақырыптар атауы

Сабақтар түрі бойынша аудиторлық сағаттар саны

ОӨЗ

дәріс-тер

тәжірибе-лік

Барлы-ғы

Оның ішінде ООӨЖ




1 бөлім. Еңбек қорғауға жұмысшылардың құқығын қамтамасыз ету













1

Еңбек қорғау мен жағдайларды құқықтық реттеу

2

-

8

4

2

Еңбек қорғау саласындағы жұмыс беруші мен жұмысшылардың міндеттері

2

-

8

4

3

Көлік саласындағы жұмысшылардың еңбегін реттеу ерекшеліктері

2

-

8

4

4

Еңбек қорғау туралы заңды бұзу үшін жауапкершілік

2

-

8

4




2 бөлім. Автомобиль және темір жол көлігіндегі еңбек қорғау













5

Автомобиль және темір жол көлігі жұмысшыларының еңбегін реттейтін нормативті актілер

3

-

8

4

6

Автомобиль және темір жол көлігі жұмысшыларының жұмыс уақыты және демалысы

3

-

8

4

7

Медициналық тексерулер

3

-

8

4

8

Автомобиль және темір жол көлігіндегі қауіпсіздік техникасы

3

10

8

4

9

Автомобиль және темір жол көлігіндегі еңбек жағдайларына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар

4

5

9

5

10

Автомобиль және темір жол жұмысшыларының еңбегін қорғау бойынша нұсқаулық

3

-

9

4

11

Еңбек тәртібі

3

-

8

4

Барлығы: 135 сағат (3 кредит)

30

15

90

45



  1. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Еңбек қорғауды құқықтық реттеу

Жоспар

1 Еңбек қорғау бойынша білім беру тәртібі.

2 Еңбек қорғау талаптарын білу деңгейін тексеру.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1. Еңбек қорғау бойынша білім беру тәртібі мен еңбек қорғау талаптарын білу деңгейін

тексеру өндірісте жарақат алуды және кәсіби ауруларды қысқарту бойынша алдын-алу шараларын қамтамасыз ету үшін жасалған. Еңбек қорғау бойынша білімді Тәртіпке сәйкес ұйымның барлық жұмысшылары алу керек.

2. Проверку теоретических знаний требований охраны труда и практических навыков безопасной работы работников рабочих профессий проводят непосредственные руководители работ в объеме знаний требований правил и инструкций по охране труда, а при необходимости – в объеме знаний дополнительных специальных требований безопасности и охраны труда.

Руководители и специалисты организаций проходят очередную проверку знаний требований охраны труда не реже одного раза в три года.

Әдебиет: [1].

Тема 2. Еңбек қорғау саласындағы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің міндеттері

План

1 еңбек қорғау мен қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушінің міндеттері

2 Еңбек қорғау саласындағы жұмысшылардың міндеттері.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1.Жұмыс беруші міндетті:

1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;

2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге;

3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізуге;

4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;

5) білімін тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;

6) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;

7) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салу бойынша өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жағдайларының, қауiпсiздiгiнің және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты беруге;
8) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға.

2. Қызметкер міндетті:

- өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;

- міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге; - жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;

- медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті..



Әдебиет: [1].

Тема 3. Көлік саласындағы жұмысшылардың еңбегін реттеу ерекшеліктері

Жоспар

1 Көлік саласында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері

2 Көлік саласындағы жұмысшылардың еңбек тәртібі.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1. Көлік құралдарының қозғалысымен байланысты жұмысқа қабылданатын қызметкерлер кәсіби іріктеу мен кәсіби даярлықтан өту керек.

Кәсіби іріктеу нәтижесінде қабылданатын қызметкердің білімі, алған дағдысы, іскерлігі тексеріледі. Іріктеу квалификациялық емтиханды өткізу арқылы тексеріледі. Ал кәсіби даярлық құжатпен куәлендірілу керек. Осындау құжат болып диплом немесе куәлік табылады

2. Көлік құралдарының қозғалысымен байланысты жұмыс істейтін қызметкерлер еңбегі тіртібін реттеу мақсатымен әртүрлі уставтар қабылданады. Сонымен қатар қызметкерлердің еңбек тәртібі ҚР Еңбек кодексімен реттеледі.



Әдебиет: [1].

Тема 4. Еңбек қорғау туралы заңды бұзу үшін жауапкершілік.

Жоспар

1 Еңбек қорғау бойынша заңды бұзу үшін болатын тәртіптік ізденістер тізімі .



Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1. Еңбек заңнамасын сақтау, соның ішінде еңбек қорғау талаптарын сақтау жұиым берушінің же және қызметкердің де міндеті болып табылады. Бұл талаптарды сақтамаған үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік, кейбір жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкін.



Әдебиет: [1]

Тема 5. Автомобиль және темір жол көлігі жұмысшыларының еңбегін реттейтін нормативті актілер

Жоспар

1 Автомобиль және темір жол көлігі жұмысшыларының еңбегін қорғауды нормативтік реттеу.

2 Автомобиль және темір жол көлігі жұмысшыларының еңбегін пайдалану ерекшеліктері.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1. Автоомбиль және теміржол көлігі қызметкерлерінің еңбегі нормативтік құжаттармен регламенттеледі. Көлік жоғары қауіп көзі болып табылады. Сондықтан оны жүргізетін адамға үлкен физикалық және психикалық жүктеме түседі. Жүргузушінің және басқа да көлік саласындағы қызметкерлердің еңбек ету және демалу режимін дұрыс ұйымдастырмау нәтижесінде ауыр жағдайлар туындауы мүмкін. Сондықтан көлікті пайдаланатын қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру нормативті-құқықтық актілер талаптарына негізделу керек.

2. Кез келген ұйым жетекшісінің маңызды функциясы болып қызметкерлер іріктеуін дұрыс жүргізу, олармен еңбек қарым-қатынасын дұрыс және толық құжаттау табылады. Көлік қауіп көзі болып табылатындықтан қызметкерлер алдымен кәсіби іріктеуден міндетті түрде өту керек.

Әдебиет: [3,4, 5]

Тема 6. Автомобиль және темір жол көлігі жұмысшыларының жұмыс уақыты және демалысы

Жоспар

1 Жұмыс уақытының ұзақтығы. Жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктері

2 Демалыс уақыты.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болып жүргізушінің денсаулығы табылады. Жоғары қарқынды жол қозғалысы жүргізушіге денсаулығы тұрғысынан жоғары талаптар қояды. Жүргізушінің еңбек және демалыс режимін қатаң түрде сақтау керек.

2. Жүргізушінің еңбек және демалыс режимін сақтамаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу мүмкін.

Локомотив және кондуктор бригадалары қызметкерлеріне демалыс күндері бір айы ішінде біркелкі аптаның әртүрлі күндері беріледі. Тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін қызметкерлерге апта бойы үздіксіз демалыс күндері ауысым кемтесінде көрсетіледі.



Әдебиет: [2, 4, 5]

Тема 7. Медициналық тексерулер

Жоспар

1 Міндетті медициналық тексерулер



Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Көлік құраладары жүргізушілеріне міндетті түрде медициналық куәлендіру

жүргізу мақсаты атқаратын қызметіне медициналық қарсы көрсетілімдерді анықтау. Міндетті медициналық тексеруден өтпеген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.

Сонымен қатар көлік қозғалысымен байланысты жұмыс атқаратын қызметкерлер алдын-ала, кезеңдік, рейс алдындағы медициналық тексерулерден өту керек.



Әдебиет: [2, 3, 5]

Тема 8. Автомобиль және темір жол көлігіндегі қауіпсіздік техникасы

Жоспар

1 Еңбектің қауіпсіз жағдайлары

2 Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1. Қауіпсіз еңбек жағдайлары, автомобиль және теміржол көлігі қызметкерлерінің еңбегін қорғау, еңбек заңнамасын және басқа да нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтау Қазақстан Республикасының заңымен іске асырылады.

2. Көлік құраладрына техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде келесі өндірістік үрдістер қарастырылған: жуу, слесарлық және пісіру жұмыстары, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру, бояу және тот басуға қарсы жұмыстар және т.б. Осы жұмыстарды орындау кезінде арнайы нұсқауларды ұстану керек.

Әдебиет: [2, 3]

Тема 9. Автомобиль және темір жол көлігіндегі еңбек жағдайларына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар

Жоспар

1 Көлік құраладрына қойылатын талаптар

2 Электр қауіпсізідгі талаптары

3 Бөлмелердің санитарлық жағдайы.



Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1. Көлік құралы Жол қозғалысы ережелерінің және көлік құраладрын пайдалануға жіберу бойынша Негізгі жағдайлар талаптарына сәйкес келу керек.

2. Сала аралық ережелердің «Электр қауіпсіздігі талаптары» деген арнайы бөлімі бар. Электр қондырғыларға қызмет көрсететін тұлғалардың кәсібіне сәйкес қойылатын талаптарды білуін тексеру керек.

3. Сала аралық ережелер құрамына көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді іске асыратын бөлмелерге қойылатын талаптар кіреді. Ең алдымен олар санитарлы-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық технологиялық операциялардың қауіпсіз және рационалды іске асуын қамтамасыз ету керек.



Әдебиет: [3, 5]

Тема 10. Автомобиль және темір жол жұмысшыларының еңбегін қорғау бойынша нұсқаулық

Жоспар

1 Жұмысшылардың еңбегіне әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

2 Көлік саласындағы нұсқаулық түрлері.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

1. Автомобиль және теміржол көлігі қызметкерлерінің еңбегін қорғау бойынша нұсқауларды жасаған кезде олардың еңбегіне әсер ететін қауіпті және зиянды факторларды ескеру керек. Қауіпті және зиянды факторларды төртке бөлуге болады: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

2. Еңбек қорғау бойынша кіріспе нұсқаулық ұйымның қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілері негізінде жасалңан бағдарлама бойынша жүргізіледі. Кіріспе нұсқаулықтан басқа жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаулық, жоспардан тыс және мақсатты нұсқаулық жүргізіледі.

Әдебиет: [2, 4, 5]

Тема 11. Еңбек тәртібі

Жоспар

1 Көлік саласындағы еңбектің құқықтық тәртібі.



Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Теміржол көлігінде теміржол көлігі қызметкерлерінің тәртібі туралы жағдай бар.

  2. Бұл құжатт теміржол көлігі қызметкерлерінің тәртіпті сақтаудың ерекше шарттарын анықтайды. Себебі тәртіпті бұзу адамдардың өмірі мен денсайлығына, тасымалданатын жүктің сақталуына, қауіпсіз қозғалысқа қауіп тудырады.

Әдебиет: [3, 4,5]
7. Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны

Тема 8. Автомобиль және темір жол көлігіндегі қауіпсіздік техникасы

1. Кәсіпорындағы кәсіби ауруларды және жарақат алуды талдау әдістері

Жоспар

1. Өндірісте жарақат алу себептерін талдау



2. Әр түрлі белгілер бойынша оқыс жағдайлардың таратылуын анықтау

3. Нақты өндірістік жарақат себебін талдау әдісі



Тапсырмалар:

1. Нақты бір ұйымда өндірістік жарақаттың көрсеткіштерін анықтаңдар.

2. Нақты бір ұйымда ауруға шалдығу көрсеткіштерін анықтаңдар.

3. Екі ұйымды өндірістік жарақат алу деңгейі бойынша салыстырыңдар.



4. Жұмыс түрлері бойынша жарақат алудың меншікті көрсеткіштерін анықтаңдар.

Әдебиет: [4,5]

2. Оқыс жағдайларды тергеу және Н-1 актін ресімдеу

Жоспар

1. Зақым алу сипаты бойынша өндірістік жарақаттарды топтастырып жіктеу

2. Оқыс жағдайларды топтастырып жіктеу

3. Оқыс жағдайларды тергеу тәртібі



Тапсырмалар:

1. Тергеуді өткізу және Н-1 нысаны бойынша оқыс жағдай туралы акт ресімдеу.



Әдебиет: [4,5]

Тема 9. Автомобиль және темір жол көлігіндегі еңбек жағдайларына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар

3. Өрт сөндіргіштердің құрылысын оқып білу

Жоспар

1. Өрт сөндіргіштер түрлері

2. Өрт сөндіргіштердің түрлерімен жұмыс істеу ережелері

Тапсырмалар:

1. Түрлі өрт сөндіргіштердің құрылысын, жұмыс істеу принципі мен ережелерін, сынау әдістерін оқып білу.

2. Өлшеу арқылы бірнеше өрт сөндіргіштердің толық екенін тексеру және олардың жарамдылығы туралы қорытынды жасау.

Әдебиет: [4,5]
8.Өздік жұмыс тапсырмалары

1 тақырып. Еңбек қорғау мен жағдайларды құқықтық реттеу

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:


  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Еңбек қорғау ережелерін сақтау үшін жауап беретін қызметкерлердің қыөметтік нұсқаулықтары

  1. Реферат жазу.

2 тақырып. Еңбек қорғау саласындағы жұмыс беруші мен жұмысшылардың міндеттері

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:

1) Еңбек қорғау қызметі.

2. Реферат жазу.



3 тақырып. Көлік саласындағы жұмысшылардың еңбегін реттеу ерекшеліктері

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. Көлік саласындағы жұмысшылардың кәсіби іріктеуден өткізу және даярлау

2. Реферат жазу.

4 тақырып. Еңбек қорғау туралы заңды бұзу үшін жауапкершілік

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. Тәртіптік бұзақылық және жаза беру.

2. Реферат жазу.

5 тақырып. Автомобиль және темір жол көлігі жұмысшыларының еңбегін реттейтін нормативті актілер

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етудің негізгі принциптері .

2. Реферат жазу.

6 тақырып. Автомобиль және темір жол көлігі жұмысшыларының жұмыс уақыты және демалысы

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. Мерзімінен тыс жұмыс.

2. Реферат жазу.

7 тақырып. Медициналық тексерулер

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. Рейске жүру алдында медициналық тексеруден өтуді ұйымдастыру.

2. Реферат жазу.

8 тақырып. Автомобиль және темір жол көлігіндегі қауіпсіздік техникасы

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. ЖКА зардап шеккендерге медициналық жәрдемге дейін көмек көрсетуге жүргізушілерді үйрету бойынша шаралар

2. Реферат жазу.

9 тақырып. Автомобиль және темір жол көлігіндегі еңбек жағдайларына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. Жеке қорғаныс құралдарынмен қамтамасыз ету.

2. Реферат жазу.

10 тақырып. Автомобиль және темір жол жұмысшыларының еңбегін қорғау бойынша нұсқаулық

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. Жауапты қызметкерлер.

2. Реферат жазу.

11 тақырып. Еңбек тәртібі

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтар дайындау:



  1. Жүргізушілердің ішімпаздығы.

2. Реферат жазу.


  1. СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)

Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семертрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады.


  1. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Дайындаумерзімі

Бақылау түрі

Тапсырууақыты

1

Реферат

Еңбек қорғау ережелерін сақтау үшін жауап беретін қызметкерлердің қыөметтік нұсқаулықтары

[1, 2, 3]

2 апта




4-апта

2

Реферат

Еңбек қорғау қызметі

[1, 2, 3]

2 апта




6- апта

3

Реферат

Көлік саласындағы жұмысшылардың кәсіби іріктеуден өткізу және даярлау

[1, 2, 3]

2 апта




8- апта

4

Межелік бақылау

1-5 тақырыптар







тестілеу

8- апта

5

Реферат

Жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етудің негізгі принциптері 

[1, 2, 3]

2 апта




6- апта

6

Реферат

Рейске жүру алдында медициналық тексеруден өтуді ұйымдастыру

[1, 2, 3]

2 апта




9- апта

7

Реферат

ЖКА зардап шеккендерге медициналық жәрдемге дейін көмек көрсетуге жүргізушілерді үйрету бойынша шаралар

[1, 2, 3]

2 апта




11- апта

8

Межелік бақылау

6-11 тақырыптар







тестілеу

15- апта



  1. Студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Пәнді оқу барлық өткен материалды қамтитын аралас (тестілеу+жазбаша) формада өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әртапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибе тапсырмалары және межелік бақылау.) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалығымен есептеледі.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру) және жіберу рейтингін жинаған (50 баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі қорытынды бағамен (Қ) анықталады, ол жіберу рейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынан және барлық салмақтық үлестерді (СҮ) есепке алып анықтайды:


Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылым кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 артық емесжәне ҚБ 0,3 кем емес болуы қажет.

Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезле ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себеппен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.

Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында босла келесі күні жеткізіледі.

Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің бідім бағасын 0-100 дейнгі % саналады.



Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады:
Р1(2)=АҮ(2)*0,7+МБ1(2)*0,3
«Көлік саласында еңбек қорғау» студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп баллды әріптік жүйе бойынша анықталады:


Әріптік жүйесі бойынша баға

Балдың цифрлық баламасы

Пайыздық эквивалент

Дәстүрлі жүйемен баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз




  1. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер

Дәрістік сабақта оқытушы студентке сұрақ қойып, 50-100 балл қояды.Оқытушымен көрсетілген мерзімде студенттер әрбір тәжірибелік сабақтан кейін есеп, және де төрттен кем емес реферат тапсыруы міндетті.

Жұмыстарды көрсетілген мерзімде тапсыру керек. Тапсырманың ақырғы тапсыру мерзімі – келесі сабақ немесе СӨЖМ сабағы.

Барлық тапсырмаларды орындамаған және тапсырмаған студенттер емтиханға.

Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестілермен, сұрақ қою әдісімен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Барлық тексеру әдістері ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының, тәртіпті сақтамаған студентті адиториядан шығаруға құқығы бар.

Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.

Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.

Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу..

13. Әдебиет тізімі
Негізгі әдебиет

1 «Қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы» ҚР заңы. Баспа: Жеті жарғы, 2006. – 25 с.

2 Қазақстан Республикасындағы автомобиль көлігіндегі еңбек қорғау және қауіпсіздік. Баспа: LEM (Лем), 2011. – 312 с.

3  Еңбек қорғау және өндірістік қауіпісіздік : оқулық. – М. : Проспект, 2007. – 421 с.


Қосымша әдебиет

4 Кузнецов, Ю. М. Автокөлік кәсіпорындарындағы еңбек қорғау : [техникумдарға арналған оқулық]. – Транспорт, 1990. – 288 с.



5 Машина жасаудағы еңбек қорғау : Нормативті-техникалық құжаттар жинағы. – М. : Машиностроение, 1990. – 383 с.
жүктеу 352,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау