Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы


Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



жүктеу 0,87 Mb.
бет3/3
Дата27.11.2017
өлшемі0,87 Mb.
#2035
түріБағдарламасы
1   2   3

7. Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оның мемлекеттік реттеу.

Сабақтың мақсаты мен мазмұны: ҚР экономикасының даму бағыттарын анықтау және мемлекеттік реттеу құралдарын зерделеу.

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау, рефераттарды қорғау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары:

-Ұлттық экономика. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы. Салалар жіктелуі.

- Нарықтық қатынастар қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан

Республикасының мемлекеттік құрылымдық саясаты: ұзақ мерзімді басым бағыттары және іске асыру стратегиясы.

- Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өнеркәсіптің рөлі.

- Нарықтың мәні және негізгі категориялары. Нарық түрлері, олардың

ерекшеліктері және өзіне тән қасиеттері, оның элементтерінің бірлігі және қайықшылықтары. Нарықтар қүрылымы.

- Экономиканы әлеуметтік-экономикалық жаңарту жағдайында

мемлекеттің рөлі.

- Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері.

Әдебиеттер: [1-3, 4-8]
Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Сабақтың мақсаты мен мазмұны: кәсіпорынның басты тапсырмаларының анықтамасы шаруашылық субъектісінің өзіндік кәсіпорын туралы түсініктерін алу.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибелік сабақты мақсатты түрде есептер шығару мен тыңдау және берілген тақырыптар бойынша рефераттарды талқылау түрінде өткізу. Тақырыптар студенттердің оқытушымен бірге келісіліп таңдалады.

Рефераттарға ұсынылған тақырыптар:

- өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындарды қолдау және дамыту;

- банкроттың белгілері мен түсініктері;

- кәсіпорынның банкротын хабарлау процедурасы;

- банкрот пен дағдарыс кезіндегі кәсіпорынның реструктуризациясы мен басқарылуы;

- санация, кәсіпорынның жойылуы мен құрылуы;

- өнім мен тауардың экономикалық бәсекелестік мәні;

- бәсекелестіктің аса дамыған ерекшеліктері.

Әдебиеттер: [1-3, 4-8]

Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі


Сабақтың мақсаты мен мазмұны: Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар жэне көрсеткіштер жүйесін зерттеу. Өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштерін анықтау.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибе есептерді шығару

Берілген тапсырманы және тиісті тұжырым жасау қажет

Әдебиеттер: [4-8]
Тақырып 4. Кәсіпорынның негізгі капиталы

Сабақтың мақсаты – негізгі қорларды топтамалаудың, оларды қолданудың тиімділігін бағалаудың тәжірибелік дағдыларын үйрену. Негізгі қорлардың тозуын бағалау және амортизациялық салымдарды есептеу облысындағы дағдыларды алу.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибе есептерді шығару

Әдебиеттер: [4-8]
Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Сабақтың мақсаты мен мазмұны: ҚР өнеркәсібінің шикізат базасын және оның даму бағыттарын зерделеу.

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау, рефераттарды қорғау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары:

- Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің шикізат базасы және оның даму бағыттары.

- Отын-энергетикалық балансы.



Әдебиеттер: [1-3, 4-8]
Тақырып 6. Кәсіпорынның айналым капиталы

Сабақтың мақсаты – кәсіпорынның айналым қаражаттарының негізгі нормативтерін есептеу бойынша, және сонымен бірге кәсіпорынның негізгі материалдық ресурстарға деген қажеттіліктерін анықтау бойынша тәжірибелік дағдыларға үйрену.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибе есептерді шығару

Әдебиеттер: [4-8]
Тақырып 7. Еңбек ресурстары

Сабақтың мақсаты – кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік персоналды жоспарлау және оларға деген қажеттіліктерін анықтау бойынша тәжірибелік дағдыларды алу.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибе есептерді шығару

Әдебиеттер: [4-8]

Тақырып 8. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу

Сабақтың мақсаты – еңбек ақыны есептеу бойынша тәжірибелік дағдыларға үйрену.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибе есептерді шығару



Әдебиеттер: [4-8]
Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Сабақтың мақсаты – кәсіпорында инновациялық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру облысындағы білімдер мен дағдыларға үйрену.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибе есептерді шығару



Әдебиеттер: [4-8]

Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

Сабақтың мақсаты – кәсіпорынның өндірістік өздік құнын есептеу облысындағы тәжірибелік дағдыларға үйрену.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибе есептерді шығару



Әдебиеттер: [4-8]
Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Сабақтың мақсаты – студенттерде маркетингтік қызметтің негізі мен маңыздылығы туралы, оның эволюциясы, құрылу принципетрі мен өнеркәсіптік кәсіпорындар шегіндегі жүзеге асырылуы туралы және өндірістік үрдістер туралы, оның негізгі элементтері мен кәсіпорынның қызметінің негізгі экономикалық мақсаттарымен өзара байланысы туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау, рефераттарды қорғау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары:

- маркетингтік қызметінің қазіргі заманғы тенденциясы мен өзгеруі;

- маркетингтың түрлері мен жіктелімі;

- маркетингтік зерттеулер мен өндірістік бағдарламаның өзара байланысы;

- маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу жолдары;

- кәсіпорынның өндірістік үрдісінің мәні;

- кәсіпорынның өндірістік потенциалы және оның элементтері;

- өндірістін ұйымдастыру әдістері;

- кәсіпорын қызметінің өндірістік циклы және оны оптимизацияландыру жолдары.

Әдебиеттер: [1-3, 4-8]

Тақырып 12. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

Сабақтың мақсаты – баға ролін шығарудағы кәсіпорынның бәсекелестігін жоғарылатудағы ғылыми-техникалық прогестің ролін анықтау.

Сабақты өткізу әдістемесі: тәжірибелік сабақты есептер шешу түрінде өткізген дұрыс.



Әдебиеттер: [4-8]

Тақырып 13. Табыс және өндіріс рентабелділігі

Сабақтың мақсаты – өнеркәсіптік кәсіпорынның техникалық – экономикалық көрсеткіштерін анықтау.

Сабақты өткізу әдістемесі: тәжірибелік есептерді шешу.



Әдебиеттер: [4-8]


  1. Өзіндік жұмыстың тапсырмалары

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар монографияларды, оқулықтарды, ақпараттың басқа көздерін қарастыра отырып, төменде көрсетілген барлық сұрақтарды әзірлеуді және рефераттарды жазуды ескереді.


Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Нарықтың мәні. Нарық механизмі: мәні, құрамдық элементтері. Нарықтық инфрақұрылымының негізгі элементтері.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері: салықтар, бағалар, еңбек ақы, импортты және экспортты лицензиялау, кеден ережелері, қаржы және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат.
Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Банкрот түсінігі және белгілері.


Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар жэне көрсеткіштер жүйесі.


Тақырып 4. Кәсіпорынның негізгі капиталы

Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Ұдайы өндірістің нысандары және негізгі капиталды жетілдіру. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.


Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.


Тақырып 6. Кәсіпорынның айналым капиталы

Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері.

Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні.
Тақырып 7. Еңбек ресурстары

Енбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және енбек қауіпсіздігін қорғау.

Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.
Тақырып 8. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу

Еңбек мотивацияның формалары және мәні. Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары, еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және еңбек ақыны ұйымдастырудағы мәні.

Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі.
Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Стратегиясы, оның мақсаты, мазмұны және іскеру шаралары. Мемлекеттік даму институттар. Қазақстанның инвестициялық қоры. Қазақстанның Даму Банкісі. Инновациялық қор. Экспортты сақтандыру корпорациясы. Инвестициялық қорлар.

Инвестицияларды талдау бағыттары.
Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары.

Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі.


Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Маркетингтік тәсіл және стратегиялық жоспарлау. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу жолдары.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері.
Тақырып 12. Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары.

Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсудегі бағаның рөлі.


Тақырып 13. Табыс және өндіріс рентабелділігі

Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша салық салу табысты анықтау кезінде шегерулердің сипаттамасы.

Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде.



Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы

Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Заемды қаржыларды алу әдістері. Несиелер, оларды берудегі негізгі қағидалар.


10. СӨЖМ кеңесінің кестесі (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)
Ағымдағы семестрге барлық сұрақтар бойынша кеңес ОСӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
11. Білім алушының білімін тексеру кестесі
Дәрістерге қатысу мен практикалық сабақтар 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі




Виды работ

Тема, цель и содержание задания

Рекомендуемая литература

Продолжительность выполнения

Форма контроля

Срок сдачи

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Сущность и функции финансов




3 недели




4-ая неделя

2

Реферат

Финансовая политика и финансовый механизм




2 недели




6-ая неделя

3

Рубежный контроль

Модуль 1,2







коллоквиум

8-ая неделя

4

Реферат

Финансы хозяйствующих субъектов




2 недели




9-ая неделя

5

Реферат

Налоги и налоговая система




2 недели




11-ая неделя

6

Курсовая работа

Согласно утвержденной тематике




8 недель




14-ая неделя

7

Рубежный контроль

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ая неделя

12. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері

Пәнді меңгеру барлық өткен материалды қамтитын тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты болып бағдарламада барлық көрсетілген тапсырмадарды орындау табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда барлық орындалған тапсырмалардың (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, практика бойынша тапсырмалар және басқалары, межелік бақылау) орташа арифметикалық бағасымен есептелінеді.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және тапсыру) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғағаны үшін оң баға алған және жіберу рейтингін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс/ жоба) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮЖР және СҮҚБ).

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Үлес салмақтар жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 көп емес және ҚБ үшін 0,3 кем емес болуы керек.

КЖб/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақалауда (рейтингте) және қорытынды емтиханда білім алушының білімі пайыздарда 0-ден 100 % дейін бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.



Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімдері, икемділіктері, машықтары және құзыреттері көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:


Әріптік жүйедегі баға

Балдың сандық баламасы

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясат пен тәртіптер
Білім алушы барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуға міндетті. Сабаққа қатыспау жағдайлары деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі. Сабаққа кем дегенде екі рет қана қатыспауға рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет кешігу бір сабаққа қатыспаған деп есептелінеді. Сабаққа екі реттен көп қатыспаған жағдайда оқытушы бұдан әрі студентті мәселе әкімшілік шешілгенге дейін сабаққа кіргізбеуге құқығы бар. Дәрісте берілген курстың студенті болып табылмайтын бөтен адамдардың болуына тыйым салынады.

Жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басына дейін 3 күнге дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды қарау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестпен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының бақылауымен орындалатын студенттің өздік жұмысы (СӨЖМ) кезінде келесі төрт негізгі функциялар ескеріледі.

Бірінші – оқу пәні бойынша бекіту сабақтары кезінде алынған ақпаратты студенттермен белсенді қабылдауды жүзеге асыруды ұйғарады.

Екінші функция студенттер өз бетінше оқытушы ұсынымдары негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқиды, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды және т.б. ескереді. Берілген кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білу, өз қиыншылықтарын түсіну, өзін ұйымдастыру мен өзін ұстай білушілік талап етіледі.

Студенттердің үшінші функциясы қиындық туындататын жағдайларды талдау мен жүйелеуден, оқу материалдарын түсіну мен меңгеруде қиындықтар себептерін анықтаудан, басқа оқу әрекеттерін орындаудан тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушыға сұрақтар жүйесі түрінде (оларды реттейді, рәсімдейді) қояды, бұл сұрақтарға жауаптардың өз нұсқасын береді.

Студенттердің төртінші функциясы оқытушыға сәйкес түсіндірулер, кеңестер, көмектер үшін жолығудан тұрады.
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы:оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 367 б.

2 Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 791 б.

3 Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2009. – 464 б.


Қосымша

4 Андабаева Г.К. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2006 – 56 с.

5 Қағибат А.Қ. Кәсіпорын экономикасы: бақылау жұмысын орындауғы арналған әдістемелік нұсқау 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығыеың студ. арналған. - Павлодар: Кереку, 2009. – 14 б.

6 Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы: практикум. - Алматы: Экономика, 2006. – 106 б.

7 Мейірбеков А.К., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы.: Экономика, 2003 – 252 б.

8 Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. - Алматы: LEM, 2007. – 294 б.



9 Түсіпбеков Т., Теңізбаева Т. Кәсіпорын экономикасы (дидактикалық материалдар және көрнекті құралдар): оқу құралы [Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынады] - Астана: Фолиант, 2008. – 192 б. – (Кәсіптік білім)
жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау