ММжК факультетінің
деканы______Т.Т. Тоқтағанов
«___»_____________20__ ж.
Құрастырушы: ________ аға оқытушы, магистр, Имангазинова Д. Б.
Пәннің бағдарламасы (Syllabus)
Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру ОРР 3301
5В090100 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған
Бағдарлама 20__ ж. «___» _____ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған.
20__ ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ. Қ. Абишев «___»______ 20__ ж.
Факультеттің Оқу әдістемелік кеңесінде құпталған «___»______20__ ж.
№___ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Сембаев Н. С. «___»______20__ ж.
Пәннің оқу құжаты
Пәннің атауы «Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру»
Таңдау бойынша компонент пәні
Кредиттер саны және оқытылу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Барлығы аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік – 15 сағат
СӨЖ – 90 сағат
Соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат
Жалпы еңбексыйымдылығы – 135 сағат
Бақылау нысаны
Қорытынды бақылау нысаны Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:
«Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «Жүк және коммерциялық жұмыстарының негіздері».
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:
«Автоматтандырылған жүйелерді басқару», «Көлік логистикасы», «Халықаралық тасымалдау».
2. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
Аты-жөні - Имангазинова Динара Балғабековна
Ғылыми дәрежесі, лауазымы, мамандығы - магистр, аға оқытушы
«Көліктіа техника және логистика» кафедрасы, Б-220,
телефон: 67-36-23 (1216)
E-mail: imangazinovad@mail.ru.
3.Нысандары, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің нысаны «Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру» жолаушыларға қызмет көрсетуде тасымалдау үрдісінің басқару мәселесімен терең танысу.
Пәнді беру мақсаты
Студенттерді, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастырудың жетілдіру саласында техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық шараларға экономикалық бағасын дұрыс беруді үйрету.
Пәннің оқу міндеттері
– жолаушыларды тасымалдаудың туындауын зерттеу тәсілдері және қалыптасудың сипаттамалары, заңдылықтары туралы; жолаушылар көлігінде тарифтер мен басқару жүйелерінің қалыптасуы туралы студенттердің білім алуы.
4. Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:
түсініктер болуы қажет:
- жолаушыларды тасымалдау технологиясы туралы;
- жолаушыларды тасымалдаудың басқару құрылымы туралы;
білуі:
- алыс, жергілікті және қала шетіндегі хабардағы жолаушыларды тасымалдаудың техникалық қамтамасыздандыруының сипаттамасын;
- жолаушылар тасымалдаудың негізгі техникалық, технологиялық, экономикалық көрсеткіштерін;
- алыс, жергілікті және қала шетіндегі поездар қозғалысын ұйымдастырудың негізгі сұрақтарын;
- жолаушы, жолаушы техникалық станциялардың және теміржол вокзалдарының жұмыс технологиясын;
- алыс, жергілікті және қала шетіндегі хабардар үшін билетті-кассалы операцияларды ұйымдастыруды;
- жылдамдатылған жолаушылар қозғалысын ұйымдастыру жүйесін;
икемді болу:
- жолаушылар ағындарын болжамдау және талдау есептерін орындауда;
- алыс, жергілікті және қала шетіндегі хабардардағы жолаушылар ағындарының диаграммаларын құрастыруда;
- поездардың қозғалыс графиктерін, жолаушы, жолаушы техникалық станциялардың және вокзалдардың жұмыс графиктерін дамытуда;
- жолаушылар поездарының қалыптасу жоспарын есептеуде;
- жолаушы, жолаушы техникалық станциялардың және вокзалдардың негізгі құрылғыларының қуатын анықтау есебін орындауда;
- жолаушыларды тасымалдаудағы негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін есептеуде;
дағдылануы қажет:
- жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі негізгі тасымалдау құжаттарының мазмұны;
- жолдық құжаттарын сату және билеттік касса жұмыстарын ұйымдастырудың негізі;
- вокзалдағы анықтамалық-ақпараттық жұмыстарын ұйымдастыру;
біліктілік деңгейі:
- тасымалдау үрдісін ұйымдастырудың құқықтық, нормативті-техникалық және ұйымдастырушылық және әр түрлі шаралардағы көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізін қолдану;
- көліктік құралдар қосзғалысын басқаруда жаңаша технологиялар қолдану.
5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу
№
п/п
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
дәріс
|
Тәж. жұмыс
|
Барл.
|
СӨЖО
|
|
1 Тақырып. Жолаушыларды тасымалдау негіздері
|
3
|
-
|
10
|
-
|
|
2 Тақырып. Жолаушыларды тасымалдауда қажетсіну
|
1
|
5
|
10
|
2
|
|
Тақырып. Жылжымалы құрам қозғалысын ұйымдастыру
|
3
|
3
|
7
|
2,5
|
|
4 Тақырып. Жолаушы автомобиль кәсіпорындарын ұйымдастыру және басқару
|
2
|
2 +5
|
7
|
2
|
|
5 Тақырып. Қалалық хабардағы жолаушыларды тасымалдау маршруттарын ұйымдастыру және технологиясы
|
5
|
-
|
7
|
2
|
|
6 Тақырып. Қалааралық және халықаралық хабардағы жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы
|
3
|
-
|
7
|
2
|
|
7 Тақырып. Жеңіл автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы
|
2
|
-
|
7
|
2
|
|
8 Тақырып. Жолаушылар тасымалдаудың диспетчерлік басқарылуы
|
3
|
-
|
7
|
2
|
|
9Тақырып. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы
|
1
|
-
|
7
|
2
|
|
10 Тақырып. Тарифтер. Жолаушыларды тасымалдау бақылауын ұйымдастыру
|
2
|
-
|
7
|
2
|
|
11 Тақырып. Автомобильдің және жолаушылардың басқа көлік түрлерінің жұмыстарын координациялау
|
0,5
|
-
|
7
|
2
|
|
12 Тақырып. Теміржолмен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
|
4,5
|
-
|
7
|
2
|
Барлығы: 135 сағат (3 кредит)
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып. Жолаушыларды тасымалдау негіздері
Жоспар:
Жолаушыларды тасымалдауды басқару. [2, бет 40-73]
Жолаушы автомобиль көлігінің дамуы. [1, бет 5-19]
Жолаушыларды автомобильді тасымалдау. [1, бет 5-14]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Жолаушылар көлігі – біртұтас көліктік жүйенің бөлігі. Осы көліктік қатынастардың негізгі субъектілері – жолаушылар – орын ауыстыру маөсатымен көлік құралдарын пайдаланатын, бірақ берілген көлік құралдарымен басқару бойынша функцияларын іске асыра алмайтын физикалық тұлғалар.
Ежелде жолаушы хабардардың алғашқы құралдары ретінде құлдар таситын зембілер болған. Жолаушылар хабардарының келесі кезеңі маршруттық принциптердің таратылуымен және қозғалыс кестесін қолданумен байланысты.электртехникасының дамуы 19 ғ-ң соңында қалалық көлікте электртартқышты пайдалануға рұқсат берді.
Автомобиль көлігінде жолаушы автомобильдері бар (автобустар, автомобиль-такси, жеңіл автомобиль) және қалалық, қала шетіндегі, қалааралық және халықаралық жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады.
2 Тақырып. Жолаушыларды тасымалдауда қажетсіну
Жоспар:
Автобусты тасымалдау түрлері және олардың сипаттамалары. [1, бет 45-54]
Жолаушы ағындары және оларды оқу әдістері. [1, бет 14-22]
Автомобильдерді пайдалану көрсеткіштері. [1, бет 43-53]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Автобусты көлік массалы қоғамдық жолаушы көлігінің бір түрі қалалық, қала маңындағы, ауылдық, қалааралық және халықаралық хабардардағы шартында тұрақты, үздіксіз және қауіпсіз жолаушылар тасымалдауын қамтамасыз етеді.
Жолаушылар көлік құралдарының қозғалысын оперативті ұйымдастыруда мәселені дұрыс шешу үшін және жолаушылар тасымалдауының даму беталысын анықтау үшін жолаушылар ағындарының құрылу заңдылығын білу қажет және оларды нақты шартта жүйелі түрде оқу.
Автомобиль құрылысының жетілдіруінің жан-жақты бағасы оның пайдаланушылық сапасының сандық мәндерін анықтаудың теориялық және эксперименталды нәтижесінде орындалуы мүмкін.
3 Тақырып. Жылжымалы құрам қозғалысын ұйымдастыру
Жоспар:
ЖҚ және линиялық құрылыстар. [2, бет 106-145]
Жолаушы автомобиль көлігінің ЖҚ. [2, бет 24-43]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы – жалпы пайдаланудағы жолдық желіде пайдалануға қазіргі заңдылыққа сай жіберілетін және жолаушыларды, олардың қол жүгін және багаждарын тасымалдауға арналған өздігінен жүретін және тіркемелі техникалық құралдар.
Жолаушы автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы пайдалану шарттарына сай болуы керек. Пайдалану шарттары жолаушыларды сапалы қызмет көрсету талаптарымен, көліктік, жолдық және климаттық факторлармен анықталады.
4 Тақырып. Жолаушы автомобиль кәсіпорындарын ұйымдастыру және басқару
Жоспар:
Маршруттық жүйені ұйымдастыру. [2, бет 153-176]
Таксомоторлы тасымалдауды ұйымдастыру. [1, бет 219-245]
Автомобиль паркінің өнімділігі. [1, бет 54-71]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Жолаушыларды тасымалдаудың маршруттық технологиясының мәні тасымалдайтын қайталанатын циклдардың реттер түрінде өзгермейтін жолмен жүретін - сапарларың қозғалысты ұйымдастыруда құрылады.
Таксомоторлы көлік жолаушыларға керекті уақытта, қаланың кез келген орнында және қажетті санда тасымалдауға сұраныстар тарататын шарттарға және мінездеге сай келетін сыйымдылығы әр түрлі автомобиль-таксилер береді.
Автобус өнімділігі тасымалданған жолаушылар санымен және линиядағы 1 сағат ішінде жолаушыларкилометрімен орындалған санымен анықталады. Автомобиль-такси үшін өнімділік 1 сағат ішінде орындалған төленген километрлер және бос тұрған төленген уақыт санымен анықталады.
5 Тақырып. Қалалық хабардағы жолаушыларды тасымалдау маршруттарын ұйымдастыру және технологиясы
Жоспар:
Қаладағы автобустар қозғалысын ұйымдастыру. [1, бет 54-139]
Қалалық және ауылдық жердегі халықтың орын ауыстыруын қалыптастыру. [1, бет 82-96]
Қаладағы автобустық тасымалдауды ұйымдастыру. [1, бет 125-149]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Автобусты көліктік желі онымен барлық созылып жатқан қалалық автобусты маршруттарымен маршруттық жүйені көрсетеді. Автобусты маршруттың ашылуына оның бар автобусты маршруттарымен және басқа көлік түрлерінің маршруттарымен сай болатын трасса-жоспарын және жол, учаске профилін дәл үйренуі керек.
Адамдардың орын ауыстыруы көптеген факторлардың әсер етуі барысында қалыптасатын күрделі әлеуметтік құбылыс болып келеді. Алдымен орын ауыстыру қарқындылығы бағаланады. Көлік жылжымалылығын үйрену үшін жол жүру мақсатын, олардың жүзеге асыру мүмкіндігін, ол үшін уақыт пен ақша құралдарының бар болуын сипаттайтын факторлар классификациясы пайдаланылады.
Қалалық жолаушылар тасымалдауларында қоғамдық көлік түрімен жолаушыларды тасымалдау көбірек болуы керек, оларда үлкен өткізу қабілеттілігі, төмен өзіндік құны және жолаушының жол ақысы бар.
6 Тақырып. Қалааралық және халықаралық хабардағы жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы
Жоспар:
Қала шетіндегі хабарда автобус қозғалысын ұйымдастыру. [1, бет 141-151]
Қалааралық хабарда автобус қозғалысын ұйымдастыру. [1, бет 152-168]
Қала сыртындағы маршруттарда автобусты тасымалдауды ұйымдастыру. [1, бет 152-160]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Қала маңындағы автобусты маршруттар қаланың шегінде басталады және қала шегінен тысқары өтеді, аудандық орталығында, демалыс зонасында, теміржол сьтанциясының маңында, қала түрдес ауылында аяқталады, қала маңындағы маршруттарда жолаушыларға қызмет көрсету және жол ақысының төлемдерін жинау кондуктормен жүзеге асырылады.
Негізгі халықаралық автобустар хабардарының тағайындалуы областың климаттық және жолдық шарттарынан тәуелді жыл мезгілдері бойынша тасымалдаудың бірқалыпты еместігін анықтайды. Жеке республикаларда, областарда және өлкелерде қалааралық автобусты хабардар дамуы жолдық желінің тығыздығынан және оның абаттығынан, және де теміржол, су және әуе хабардарының даму дәрежесінен тәуелді.
Аялдамалар арасындағы аз қашықтықтарынан тәуелді қала маңындағы тасымалдауларды ұйымдастырады. Қалааралық тасымалдаулар көпсағатты және де жолаушыға арналған жол жүру үшін нақты ыңғайлы шарттарды құруға талап етеді.
7 Тақырып. Жеңіл автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы
Жоспар:
Жеңіл автомобильмен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру. [1, бет 163-186]
Жеңіл автомобиль көлігімен тасымалдаудың классификациясы. [1, бет 214-218]
Жалға алу шартында жеңіл автомобильмен халыққа қызмет көрсету. [1, бет 266-270]
Идаралық қызмет көрсетудің жеңіл автомобильдерін пайдалану. [1, бет 270-273]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Автомобиль- таксилер маршрутталған қала көлігін ауыстырмайды, олар толықтырады, өйткені олар жедел жол жүруде, «есіктен есікке» тасымалдауды талап ету кезінде; багажы бар жолаушылар жол жүргенде; маршрутты қалалық тасымалдаулар жоқ аудандарға тасымалдаған кезде, немесе тасымалдау болмайтын уақытта пайдаланылады.
Жалпы, ведомствалық және жекеше пайдаланудағы жеңіл автомобильді көлік кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар жұмыскерлерінің іскерлік жол жүруін, халықтың еңбектік және мәдени-тұрмыстық жол жүруін, және де қалалық және ауылдың адамдарының демалысы мен туризмге байланысты әр түрлі жол жүруін қамтамасыздандырады.
Жалға беру шартында автомобильдерге беру тарифтері жеңіл автомобиль-такси пайдаланудың тарифтерінен анағұрлым төмен, себебі жүргізушілерге еңбек ақысымен байланысты шығындар жоқ.
Жалпы пайдаланудағы автомобиль көлігінің жүйесінде министрлікке, ведомстваларға және жеңіл автомобильді әр түрлі ұйымдарға орталық кызмет көрсету бойынша кәсіпорындар құрылған. Министрлік және ведомстволық жұмыскерлер үшін қызметтік сапарға кезекші жеңіл автомобильдер беріледі.
8 Тақырып. Жолаушылар тасымалдаудың диспетчерлік басқарылуы
Жоспар:
Диспетчерлік байланыстың техникалық құралдары. [1, бет 200-204]
Автомобиль-такси қозғалысының диспетчерлік басшылығы. [1, бет 247-264]
Автобустар мен жеңіл автомобильдер қозғалысының диспетчерлік басшылығы. [1, бет 188-197]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Байланыстың техникалық құралдары қала территориясында және қаладан тыс хабардарда автобус қозғалыстарын бақылаудың және басқарудың, орталық ақпараттарын жүзеге асыруға мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Байланыстың техникалық құралдар жүйесі стационарлық және жылжымалы объектілермен ұйымдастырылады.
Барлық қалалар үшін диспетчерлік басшылық жүйесі біртұтас және таксомотролы тасымалдаулар көлеміне тәуелді емес. Әр түрлі қалаларда бір немесе бірнеше таксомоторлы паркттің болуынан, қала территориясының өлшемі мен жоспарлануынан тәуелді тек қана диспетчерлік қызметтік ұйымдастырушылық құрылымы өзгереді.
Диспетчерлік басқарудың біртұтас органы барлық кешенді бақылау және байланыс техникалық құралдарын линиядағы құрылыстарды, жобалауға, құруға және пайдалануға мүмкіндік береді, бұл көлікке салынған капиталды қысқартады.
9 Тақырып. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы
Жоспар:
Халыққа көліктік-экспедициялық қызмет көрсету. [1, бет 281-284]
Автобуспен жолаушыларды тасымалдау сапасын бақсару. [1, бет 98-102]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Халыққа көрсетілетін көліктік қызметтер келесі бағыттарда іске асады: әр түрлі көлік түрлерімен жолаушыларға қызмет көрсету; халықтың экскурсиялық, туристтік және массалы мәдени-тұрмыстық жол жүруді ұйымдастыру.
Жолаушыларды тасымалдау сапасының негізгі көрсеткіштері бұл – автобус толуының көрсеткіштерін сипаттайтын жол жүру шаралары; жылжымалы құрамның қозғалыс тұрақтылығы; орын ауыстыруға жолаушылар жұмсаған уақыт; қозғалыс қауіпсіздігі.
10 Тақырып. Тарифтер. Жолаушыларды тасымалдау бақылауын ұйымдастыру
Жоспар:
Жолдық және багаж өткізу төлемі. [2, бет 353-372]
Автобус көлігіндегі тарифтер және билеттік жүйе. [1, бет 206-210]
Жолаушы автомобиль көлігінде бақылау ұйымдастыру. [1, бет 285-288]
Жолаушыларды тасымалдау есебі және бақылауы. [2, бет 379-389]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Жол жүру төлем ақысының және багаж өткізу жүйесі тасымалдау мен жол ақысын алу тәсілдерінің келісім шарттын спецификалық нысан қосындысын көрсетеді және де келесідей сипатталады: жол жүру құжаттарымен, табыс жинау ұйымымен жолаушылардан жол ақысын алу әдістерімен, жол ақысын төлеу мен багаж өткізудің толық бақылауымен, билетті қайтару ұйымымен.
Тариф деңгейі автобус көлігін қолдану саласына, жылжымалы құрамды пайдалану дәрежесіне, автобуспен тасымалдау көлеміне және жолаушылар жол жүру арақашықтығына ықпалын тігізеді.
Жалға алу шартымен берілетін автобуспен, автомобиль-таксимен және жеңіл автомобильмен жолаушыларды тасымалдаудан келетін табыстарды толық қамтамасыздандыру жолаушы автомобиль көлігінің барлық жұмыскерлердің маңызды міндеттерінің бірі болып келеді.
Есептеу мақсаты бұл бір нәрсенің бар болуын және санын есептеп анықтау болып табылады. Жолаушы көлігінің негізгі өндірістік есептеуі көрсетілген қызметтің көлемі мен сапасын, орындалған көлік жұмысын, сонымен бірге техника-пайдаланушылық көрсеткіштерге жетуін, алынған экономикалық нәтижелерін анықтаудан тұрады.
11 Тақырып. Автомобильдің және жолаушылардың басқа көлік түрлерінің жұмыстарын координациялау
Жоспар:
Жалпы пайдаланудағы жолаушы көлік қозғалысын координациялау. [1, бет 275-280]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Жолаушылар көлігінің барлық түрлер жұмысының координациясы жолаушыларға жоғары мәдени қызмет көрсету және көлікті тиімді пайдалану кезінде тасымалдауда тұрғындардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған
12 Тақырып. Теміржолмен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
Жоспар:
Жолаушы поездарын сапарға дайындау. [3, бет 56-70]
Тарифтер, төлемдер мен жинақтар. Билетті-кассалы операциялар. [3, бет 198-219, 151-171]
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:
Жолаушы құрамдарын саппарға дайындаудың технологиялық үрдісі құрамдау және айналым пункттарында поездардың қозғалыс қауіпсіздігін, жолаушылар жол жүру үшін қажетті комфортты шаралар құру кезінде олардың график бойынша өтуін қамтамасыз ететін вагондардың ағымды жөндеуін, байқауын, ұйымдастыруды алдын-алады.
Жолаушылар тарифтеріне жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау төлемі, жол жүру құжаттары толтырылатын әр түрлі қызметтер көрсету жинақтары кіреді. Барлық вокзалдарда билеттік кассалар жолаушыларға әр түрлі категориялы поездарда және әр түрлі типті вагондарда керекті маршрут бойынша жол жүруді тез және сапалы түрде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Тәжірибелік сабақтар мазмұны, олардың сағаттық көлемі
1 тақырып. Жолаушыларды тасымалдауға арналған маршруттық көліктік құралдардың қажетті санын анықтау, 2 сағат
Қала үшін қажет жолаушыларды тасымалдауға арналған жер үстімен жүретін көліктің жылжымалы құрам бірліктер саны халықтың көліктік жылжымалылықтан алынып анықталады. Жолаушылардың орын ауыстыруын оқу кезінде – халықтың көліктік жылжымалылық есептеу – жылына бір тұрғынға келетін, жалпылай жолаушы қалалық көліктердің барлық түрлерінде орын ауыстырған жолаушылар саны көрсеткішін пайдаланады.
Жоспар:
Маршруттардың технико-пайдалану көрсеткіштері. [2, бет 158-166]
ХКҚ көрсеткішінің мәні. [3, бет 22-27]
Тапсырма:
Берілген халық саны және территорияның селитебті ауданы бар қала үшін есептік көліктік жылжымалылықтың мөлшерін есептеу.
Қалаға қажет жолаушылар көлігінің жылжымалы құрамдар бірліктер санын анықтау.
Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.
2 тақырып. Автобустық маршруттарда жолаушы ағындарын зерттеу және тасымалдаудың бірқалыпты еместігін анықтау, 5 сағат
Тасымалдау көлемі – нақты уақыт периоды ішінде жеке маршруттар бойынша автобустармен тасымалданатын жолаушылар саны. Жолаушылар айналымы – маршрут бойынша орындалған көліктік жұмысты көрсетеді және тура және қайта бағыттағы қозғалыстағы маршруттың перегонның сәйкес ұзындығын әрбір перегонында тасымалданған жолаушылар саны - қосындылар сомасы ретінде анықталады.
Жоспар:
Халықтың көліктік қозғалысы және тасымалдау көлемін анықтау. [1, бет 14-22]
Автобустың көліктік желісі және маршруттық жүйесі. [1, бет 54-57]
Тапсырма:
Әрбір учаске арқылы өткен жолаушылардың санын анықтау.
Маршрут учаскесі және аялдама пункттары бойынша жолаушы ағындарының эпюрасын құрастыру.
Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.
3 тақырып. Жылжымалы құрам жұмысының технико-пайдаланушылық және нәтижелілік көрсеткіштерінің есебі, 8 сағат
Технико-пайдалану көрсеткіштері бұл, жылжымалы құрамның мүмкін және фактілі жұмысын сипаттайтын өзарабайланысты және есептеу көрсеткіштерінің жүйесі. Сапардық тасымалдау көлемі бір сапар кезінде маршруттағы тасымалданған жолаушылар санымен анықталады.
Жоспар:
Пайдалану шарттары. [1, бет 39-43]
Жолаушылар жылжымалы құрамының пайдалану талаптары. [1, бет 43-45]
Тапсырма:
Жолаушылардың жол жүру алыстығын анықтау
Маршруттағы жолаушылардың ауысымдық коэффициентін анықтау
Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.
8.Өздігінен жұмыс тапсырмалары
1 тақырып. Автовокзалдар және автостанциялар.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
Сұрақтар дайындау:
Автовокзалдардың және автостанциялардың классификациясы, олардың орналасуы.
Автовокзалдар және автостанциялар жұмыстарының технологиялық үрдісі.
Реферат жазу.
2 тақырып. Әуе көлігінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
Сұрақтар дайындау:
Балаларды тасымалдау.
Броньдау бойынша ақпарат.
Реферат жазу.
3 тақырып. Су көлігінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
Сұрақтар дайындау:
Су көлігімен жолаушыларды тасымалдаудың ережелері.
Жолаушыларды тасымалдауға арналған су көлігінің түрлері.
Реферат жазу.
4 тақырып. Жолаушы шаруашылығындағы еңбек қорғау.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
Сұрақтар дайындау:
Вокзалдағы еңбек қорғау бойынша шаралар.
Жеке қауіпсіздік ережелері.
Реферат жазу.
5 тақырып. Багажды бөлім жұмысының технологиясы.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
Сұрақтар дайындау:
Багажды кассир міндеттері.
Транзиттік багажды беру.
Реферат жазу.
6 тақырып. Вокзал жұмысын ұйымдастыру.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
Сұрақтар дайындау:
Вокзалды кешеннің құрылымы.
Вокзалда жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған шаралар қамтамасыз ету.
Реферат жазу.
7 тақырып. Жолаушыларды тасымалдауға арналған нормативті құжаттар
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
Сұрақтар дайындау:
Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетудің өкіметтік ережелері.
Фирмалық поездарда жолаушыларға қызмет көрсету бойынша сала стандарты.
Реферат жазу.
СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семертрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады
Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Дайындаумерзімі
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру уақыты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Автовокзалдар және автостанциялар
|
[1, 2, 3]
|
2 апта
|
|
4-апта
|
2
|
Реферат
|
Әуе көлігінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
|
[1, 2, 3]
|
2 апта
|
|
6- апта
|
3
|
Реферат
|
Су көлігінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
|
[1, 2, 3]
|
2 апта
|
|
8- апта
|
4
|
Межелік бақылау
|
1-6 тақырыптар
|
|
|
тестілеу
|
8- апта
|
5
|
Реферат
|
Багажды бөлім жұмысының технологиясы
|
[1, 2, 3]
|
2 апта
|
|
6- апта
|
6
|
Реферат
|
Вокзал жұмысын ұйымдастыру
|
[1, 2, 3]
|
2 апта
|
|
9- апта
|
7
|
Реферат
|
Жолаушыларды тасымалдауға арналған нормативті құжаттар
|
[1, 2, 3]
|
2 апта
|
|
11- апта
|
8
|
Межелік бақылау
|
7-12 тақырыптар
|
|
|
тестілеу
|
15- апта
|
Пәнді оқу барлық өткен материалды қамтитын аралас (тестілеу+жазбаша) формада өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау болып табылады.
Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибе тапсырмалары және межелік бақылау.) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалығымен есептеледі.
Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру) және жіберу рейтингін жинаған (50 баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.
Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі қорытынды бағамен (Қ) анықталады, ол жіберу рейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынан және барлық салмақтық үлестерді (СҮ) есепке алып анықтайды:
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылым кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 артық емес және ҚБ 0,3 кем емесболуықажет.
Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезле ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себеппен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.
Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында босла келесі күні жеткізіледі.
Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің бідім бағасын 0-100 дейнгі % саналады.
Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады:
Р1(2)=АҮ(2)*0,7+МБ1(2)*0,3
Студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп баллды әріптік жүйе бойынша анықталады:
Әріптікжүйесібойыншабаға
|
Балдыңцифрлықбаламасы
|
Пайыздық эквивалент
|
Дәстүрлі жүйемен баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағат
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер
Дәрістік сабақта оқытушы студентке сұрақ қойып, 50-100 балл қояды.Оқытушымен көрсетілген мерзімде студенттер әрбір тәжірибелік сабақтан кейін есеп, және де төрттен кем емес реферат тапсыруы міндетті.
Жұмыстарды көрсетілген мерзімде тапсыру керек. Тапсырманың ақырғы тапсыру мерзімі – келесі сабақ немесе СӨЖМ сабағы.
Барлық тапсырмаларды орындамаған және тапсырмаған студенттер емтиханға.
Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестілермен, сұрақ қою әдісімен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Барлық тексеру әдістері ескертусіз өткізілуі мүмкін.
Оқытушының, тәртіпті сақтамаған студентті адиториядан шығаруға құқығы бар.
Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:
Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.
Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.
Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.
Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу.
Әдебиеттер тізімі
Кобдикова Ш.М. Жол қозғалысын ұйымдастыру. Оқу құралы. Эверо 2011 ж. – 140 бет
Кобдиков М.А. Тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару. Оқулық. Эверо 2011 ж. – 448 бет
Достарыңызбен бөлісу: |