«Бекітемін»
Педагогикалық институт директоры
__________
«__»__________ 2011 ж.
«Интернетте программалау»
пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен
«Информатика» мамандығы бойынша дайындау бағытының 3 курс студенттеріне арналған кредиттік оқыту технологиясы бойынша
2 кредит
-
Курс
|
3
|
Семестр
|
6
|
Дәріс
|
15 сағат
|
Зертханалық сабақтар
|
15 сағат
|
СОӨЖ
|
30 сағат
|
СӨЖ
|
30 сағат
|
Емтихан
|
6 - ші семестрде
|
Барлығы
|
90 сағат
|
Орал-2011 ж.
“ Интернетте программалау ” бойынша курстың бағдарламасы
2010-2011 оқу жылы 6 семестр 2 кредит
3-курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша “ Интернетте программалау ” пәнінен оқу-әдістемелік кешен “Информатика” мамандығына арналған ҚР МЖМБС негізінде құрастырылды.
Құрастырған: Имангалиев М.М. - оқытушы
Жалпы педагогика және информатика кафедрасының отырысында талқыланды.
“____” ________________2008 ж. № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ _______Жарылгапова Д.М.___________
(қолы) (аты-жөні)
Педагогикалық институттың оқу-әдістемелік кеңесі отырысында қарастырылды.
№ __ хаттама “___” _____________ 200__ ж.
Пединституттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы ________
(қолы) (аты-жөні)
Интернетте программалау
Акпараттық технологиялардың орны мен мәнін дұрыс түсіну өндірістік процесстерге ғана емес түбінде коғамның дамуына тұтастай әсер етеді. Бүгінгі таңда акпараттық технологияларсыз бірде бір конкуренцияға төзімді мекемені елестету мүмкін емес, басшылар өз ұйымының баскаруының айкын болуын қалайды. Аукымды желінің қызметі, өзіндік WEB-беттер, сапалы телефондык каналдар, барлық офистер мен бөлімшелердің бәрін қамтитын компьютерлік желінін инфраструктурасы - бұл казіргі заман ұйымдарының табысының құраушылары. Мұның бәрі ақпараттық технологияларды тиімді колдана алатын маман кадрлардың кажеттілігін анықтайды, сондықтан ақпараттануды үйретуге көп көңіл бөлу қажет.
Пәннің мақсаты мен міндеттері, онын оқу процесіндегі орны
Пәннің мақсаты - компьютерлік білім беру, программалаудың негізін оқыту, компьютерде желілік мазмұнды есептерді шешу мәселелерін зерттеу болып келеді.
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер міндетті:
есептеу машиналары, жүйелері және желілердің архитектурасын,
техникалык қүрамдастарын, программалық жабдықтауын білуі тиіс;
дербес компьютерде іске асыру үшін есептерді кұрылымдау, алгоритмдеу, программалау және есептерді дайындауы және казіргі заман программалау тілдерінде жүзеге асыруы тиіс.
қазіргі заман колданбалы программалық жабдықтауын қолдануы тиіс;
Пәнді окытудың міндеттері:
жана ақпараттык технологияларды өз бетімен меңгеру дағдысын үйрету.
Берілген пәнді окыту үшін кажет пәндер тізімі:
- Информатика
Программалау тілдері және трансляциялау әдістері
- Жүйелі және қолданбалы программалау
- Қолданбалы программалық жабдыктау.
ПӘН МАЗМҰНЫ
Акпараттық технологиялар казіргі кезеңде өте тез дамуда жаңалыктар әрбір жарты жылда болып жатыр. Ғылымның, техниканың байланыстың дамуы дербес компьютердің колданылуымен тікелей байланысты. Аппаратты жабдыктаудағы табыстар таң каларлықтай акпараттарды өңдеу жылдамдығы айтарлықтай өсті. Есептеу техникасының адамзат қызметінің барлык саласына кен еңгізілу процесі компьютеризация деп аталды. Бұл ұғымның ішінде қоғамның ДК-ді қолдануының өсуі ғана емес, қойылған есептің шешуіне жанаша қарап үйренуі тиіс қазіргі заман адамының мамандык (әлеуметтік) санасының жаңадан кұрылуы да жатады.
Әртүрлі маман иелерінін білімі мен дағдысына деген кажеттілік өзгерді, бірінші орынға нақты бір есепті өзін шешу ғана емес, ал ол жұмысты дербес компьютер немесе онымен басқарылатын автоматты жүктей алу жатады.
Келесі жүзжылдыктың басына таман техникалык дамыған елдерде ақпараттардың негізгі бөлігі электронды түрде сақталады.
Салыстырмалы түрде жаңа ерекшеліктер мен бағыттар ішінде объектілі - бағытталған тілдердін қолданылуы, визуалды программалау, қолданбаларды тез жасау, көп қолданушысы бар қолданбалар және т.б.
Оларды менгеру үшін теория жүзіндегі зертгеулермен қатар практикалык жұмыстардың дербес компьютерде шешілуі мен орындалуы қажет. Программалау саласындағы ақпараттану сабақтарында программалаудың барлык сатыларымен өтуді: есепті түсіну, алгоритмді қүру, компьютерде жүмыс істеу үшін программаларды жазу және дайындау, программаларды жүктеу, нәтижені санау және анализ жасау, сонымен қатар математика мен статистика есептерін шешу үшін графикалық, баспа жүйелерін және қолданбалы программаларды дағдылы қолдануды көздейді.
Әдебиеттер
Олифер В.Г., Олифер Н.А.Компьютерные сети, принципы, технологии , протоколы.Санкт-Петербург, Питер, 2001. 670с.
Ахметов К.С. Курс молодого бойца, М.: Компьютер Пресс, 1996.
Воробьев Е.М., Введение в систему «Математика», М.: Финансы и статистика, 1998
Информатика негіздері журналдары.
2. «Интернетте программалау»
КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
“Информатика”– 2 кредит
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
-
Курс
|
3
|
Семестр
Кредит саны
|
6
2
|
Дәріс
|
15 сағат
|
Зертханалық сабақтар
|
15 сағат
|
СОӨЖ
|
30 сағат
|
СӨЖ
|
30 сағат
|
Емтихан
|
6 - ші семестрде
|
Барлығы
|
90 сағат
|
2010- 2011 оқу жылының 1 семестрі _2_кредит
Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет:
Имангалиев М.М.– оқытушы, дәріс оқиды
Хабарласу үшін: к.8, ауд.315.
е-mail: mir_iman@mail.ru
Сафуллин Е.Н. – зертханалық сабақ жүргізетін оқытушылар, к.8, ауд.315
Пән туралы мәлімет:
Семестр 15 апта оқу үрдісі мен 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптаға 2 кредит сағаты жоспарланады, оның 1 сағаты дәріс, 1 зертханалық сабақ. Сонымен бірге 2 сағаттан СӨЖ, СОӨЖ жүргізіледі.
-
сабақ
|
ұзақтығы
|
сабақ
|
ұзақтығы
|
1 дәріс
|
50 мин.
|
СОӨЖ
|
50 мин.
|
1 зертханалық сабақ
|
100 мин.
|
СОӨЖ
|
50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: № 8(1) оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Зертхананлық сабақ
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
6
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
Кіріспе
Келесі жүзжылдыктың басына таман техникалык дамыған елдерде ақпараттардың негізгі бөлігі электронды түрде сақталып, таратылады. Ақпаратты желілік тасымалдау жұмысты шапшаңдатып, ақпараттандыру үрдісін жеделдетеді. Сондықтан Интернет сияқты ауқымды желіні пайдалану арқылы қажетті ақпаратты таратуға болады. Бұл арнайы программалау тілдері арқылы жүзеге асырылады.
Пән бойынша мағлұмат:
Пәнді оқытудың мақсаты –компьютерлік білім беру болашақ педагог мамандардың компьютерде желілік мазмұнды есептерді шешуін зерттей білуін және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері- жана ақпараттык технологияларды өз бетімен меңгеру дағдысын үйрету, желілік мәселелерді программалаудың негізін оқыту, оқу үрдісінде пайдаланылатын программалық қамтамасыз етуді пайдаланатын мамандарды дайындау.
Курстың мазмұны: WWW
HTML, XHTML, Java тілдері туралы түсінік
Тэгтер
Түрлі ақпараттарды программалау ережелері
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер міндетті:
есептеу машиналары, жүйелері және желілердің архитектурасын,
техникалык қүрамдастарын, программалық жабдықтауын білуі тиіс;
дербес компьютерде іске асыру үшін есептерді кұрылымдау, алгоритмдеу, программалау және есептерді дайындауы және казіргі заман программалау тілдерінде жүзеге асыруы тиіс.
қазіргі заман колданбалы программалық жабдықтауын қолдануы тиіс;
Сабақ мазмұны мен кестесі
Апта
|
Тақырып
|
Мазмұны
|
СОӨЖ мазмұны
|
СӨЖ мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет
|
1 апта
|
World Wide Web және HTML тіліне кіріспе
|
1 кредит сағаты
(дәріс)
|
Кеңейтілген бұкіләлемдік өрмек
|
URI деген не?
Фрагменттер идентификаторы
Салыстырмалы URI
|
Интернеттегі адрестерді салыстыру.
|
Жаңа терминдер мағынасын түсіну.
|
|
1 кредит сағаты
(зертханалық жұмыс)
|
Блокнотпен жұмыс.
|
Блокнотпен жұмыс.
|
Блокнотпен жұмыс.
|
Блокнотпен жұмыс.
|
|
2 апта
|
HTML құжатының құрылымы
|
1 кредит сағаты
(дәріс)
|
HTML құжатының құрылымы
|
HTML құжатын құру негіздері
Құжат құрылымы
|
Ережелер мен шарттар.
|
Құжаттың атау, дене бөліктерін жазу ережелері.
|
|
1 кредит сағаты
(зертханалық жұмыс)
|
Web-беттің алғашқы сұлбасы.
|
Мәтіннің түсі
|
Мәтіннің түсі
|
Мәтіннің түсі
|
|
3 апта
|
HTML тілінің базалық тэгтері
|
1 кредит сағаты
(дәріс)
| HTML тілінің базалық тэгтері |
…
Бұл мәтін экранға шығады
2- деңгейдегі ішкі тақырып
Мына жолдар екі- үш қатарға бөлініп жазылғанымен олар бір жолға бірге жазылады.
Жабу тәгін жазбаса да болады.
Абзац басы тәгі тек жаңа жолға көшіріп қана қоймай, жол арасына орын қалдырып отырады.
Горизонтал сызықтан кейінгі мәтін
екі жолға бөлініп жазылған
Тәг атрибуттары.
Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар – тәг атауының және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден тұрады.
Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостынақшаны жазбаса да болады.
Жабылу тәгтердің ешқашанда атрибуттары болмайды.
Құжаттың тақырыптан кейінгі негізгі бөлігі …
құжаттың негізгі тұлғасы...
Құжатты безендіру тэгтері
Параметрлер тізімін толық берудің қажеті жоқ, көбінесе олардың бірде біреуі болмауы да мүмкін, мұндайда олардың алдын-ала (үнсіз) келісім бойынша бекітілген мәндері қолданылады.
BGCOLOR – құжаттың жалпы мәтінінің фоны түсін анықтайды, егер ол көрсетілмесе, ақ түс қолданылады. Фон түсі ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. Олар жайында кейінірек айтылады.
Мысалы:
мұнда фон сары түсті болады.
TEXT – мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін өзгерткенде соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі.
LINK – гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, ол көк түс болып саналады.
VLINK – пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады.
ALINK – гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін белгілейді. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.
BACKGROUND – мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз (обои) рөлін атқарады. Суреттік файлдың типі gif немесе jpg болуы тиіс.
Суреттің адресі көрсетілсе, ол Интернет желісінен тауып алынады. Мысалы:
2. HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR= «#COFFCO» ), мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі сан қызыл (Red) түс бөлігін, келесі екі сан – жасыл түс (Green) бөлігін, соңғы екі сан көк (Blue) түс бөлігін анықтайды. Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі.
Black=«#000000» қара
Silver=«#C0C0C0» күміс түсті
Gray=«#808080» сұр
White=«#FFFFFF» ақ
Maroon=«#800000» қызылкүрең
Purple=«#800080» күлгін
Red=«#FF0000» қызыл
Fuchsia=«#FF00FF» қызғыш
|
Green=«#008000» жасыл
Lime=«#00FF00» лимон түсті
Olive=«#808000» кофе түсті
Yellow=«#FFFF00» сары
Navy=«#000080» қара көк
Blue=«#0000FF» көгілдір
Teal=«#008080» шай түсті
Aqua=«#00FFFF» көк
|
HTML 4.0 нұсқасынан (версиясынан) бастап кез келген құжатты әдемілеп әшекейлеу ісін, сол құжаттан бөлек жасауға болатын болды, алайда бұл мүмкіндікті көптеген броузерлер арқылы әзір жасауға болмайды. Сол себепті HTML тілінде, тек қана құжаттарды безендіру үшін ғана қолданылатын тәгтер бар. Мүмкін, HTML нұсқаларының алдағы түрлерінде осында жазылған кейбір тәгтердің қажеті болмайтын шығар, бірақ әзірше оларды пайдалануға болады.
1. Әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін тәгін пайдаланады. Бұл қосарланған тәг, оның ашылған және жабылған тәгтері арасында орналасқан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. тәгінде қолдануға болатын SIZE=…; COLOR= …; FACE=…; тәрізді үш атрибуттың бірі тұруы тиіс.
SIZE=… атрибуты әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды. Әріптердің алдын ала берілетін жеті түрлі көлемі бар, олар 1-ден 7-ге дейінгі сандармен белгіленеді. Бұл сандар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды. Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3-ке тең болып саналады.
COLOR= … атрибуты әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді, ол ағылшн тіліндегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED – қызыл) немесе RGB жүйесіндегі он алтылық санмен (мысалы, #FF0000 – бұл да қызыл) берілуі мүмкін.
FACE=… атрибуты қаріп (шрифт) типін береді. Осы атрибуттың мәні компьютерде орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютеріндеқндай қаріптер орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті осы атрибутты көрсетпеген дұрыс. Мысалы:
Алдарыңызда үшінші мөлшермен arial типімен жазылған қызыл түсті әріптер”
Мұның нәтижесі:
Алдарыңызда үшінші мөлшермен arial пішімімен жазылған қызыл түсті әріптер
2. Осы параметрлердің барлығын бүкіл құжат үшін бірлен беру қажет болса, онда атты бір ғана тәг пайдаланылады. Бұл тәгте де жоғарыда келтірілген атрибуттар пайдаланылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, үнсіз келісім (по умолчанию) тәсілі бойынша белгілі бір мәндер таңдалып алынады.
3. Тәгтердің тағы бір арнайы тобы қаріптердің сызылымын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді. және тәгтері араларында орналасқан мәтін қарайтылған қаріпке ауысады. және тәгтері қаріптерді курсивпен берсе, және тәгтері мәтіндердің астын сызып, және тәгтері- белдерінен сызылған символдарды бейнелейді. Мысалы:
Қаріп типін, түрін, мөлшерін басқару
Негізгі қаріп Arial KZ типінде төртінші мөлшермен жазылған
Бұл мәтін әріптері алдыңғыдан екі мөлшерге ұсақтау және ол басқа қаріп типі мен жасыл түсті қолданады.
қарайтылған қаріп түрі
қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі
асты сызылған қаріп түрі
белінен сызылған қаріп түрі
Мәтін фрагменттерін белгілеп ерекшелеу тәсілдері
Мәтіндерді төмендегідей түрде ерекшелеуге болады
қалыңдатылған қарайтылған қаріптермен немесе
қисайтылған курсивпен немесе
асты сызылған символдар арқылы жазуға болады.
Оған қоса мәтіндерді ендері бірдей қаріптер арқылы логикалық стильде жазу мүмкіндіктері де бар.
Логикалық стильдер түрлері:
EM - ағылшынның emphasis – акцент сөзінен шыққан, яғни курсив түрінде берілген мәтін бөлігі
STRONG - ағылшынның strong emphasis – күшті акцент дегені, мәтін ішінде қарайтылған қаріп болып көрсетіледі.
CODE – программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль түрі.
SAMP - ағылшынның sample - мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарарда пайдаланылады.
KBD – keyboar – пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі. Пернелерден негізілген сөз тіркестерін көрсету мақсатында қолданылады.
VAR – variable - айнымалы сөзі, программадағы айнымалы аттарын жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас қаріп түрі.
Программа а жұмысының нәтижесі:
Мәтін фрагменттерін белгілеп ерекшелеу тәсілдері
Мәтіндерді төмендегідей түрде ерекшелеуге болады
|
Қалыңдатылып қарайтылған қаріптермен немесе
қисайтылған курсивпен немесе
асты сызылған символдар арқылы жазуға болады
|
Оған қоса мәтіндерді ендері бірдей қаріптер арқылы логикалық стильде жазу мүмкіндіктері де бар.
|
Логикалық стильдер түрлері:
|
EM - ағылшынның emphasis – акцент сөзінен шыққан, яғни курсив түрінде берілетін мәтін бөлігі
STRONG - aғылшынның strong emphasis – күшті акцент дегені, мәтін ішінде қарайтылған қаріп болып көрсетіледі.
CODE - программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль түрі.
SAMP - ағылшынның sample – мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарарда пайдаланылады.
KBD - keyboard – пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі. Пернелерден негізілген сөз тіркестерін көрсету мақсатында қолданылады.
VAR - variable – айнымалы сөзі, программадағы айнымалы аттарын жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас қаріп түрі.
|
HTML тілінде тізімдер жасау тәгтері
Тізімдердің (lists) HTML тіліне енгізілуінің басты себебі – мәтіндік редакторлардың тізімдермен жұмыс істеу мүмкіндерінің мол болуы әсерінен деп айтуға болады. Тізім құрғанда оның жолдарын нөмірлеу немесе белгілеуді біртіндеп орындау қажет етілмей, бұл жұмысты программа өз міндетіне алады. Егер тізім жаңа жолмен толықтыратын немесе оның бірі қысқартылатын болса, онда нөмірлеу реттілігі де автоматты түрде түзетіледі. Тізім нөмірленбей, тек белгіленетін кездерде әрбір жол алдына маркерлеу белгілері: сызықшалар, дөңгелекшелер, тіктөртбұрыштылар, ромбылар және де басқа да таңбалар қойылады. Осының нәтижесінде тізім оқуға ыңғайлы түрдегі “фирмалық” сипатқа ие болады.
Тізім жасау үшін қолданылатын тәгтерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: олардың біріншісі – тізімнің жалпы көрінісін анықтайтын атрибуттық сыртқы белгілер, ал екіншісі – оның құрылымын қалыптастыратынішкі белгілер. Соңғы ішкі белгілер үшін тек бір ғана ашылу тәгі қолданылады.
Тізім тәгтерінің ең қарапайым түрі – нөмірленбеген белгілеу тізімі (unordered list)
Нөмірленбеген тізімдер:
сыртқы тәгтерінің арасында орналасқан мәтін жолдары белгіленген тізім ретінде қабылданады. Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын - ішкі тәгімен бастап отыру керек. Сонымен нөмірленбейтін тізімнің жазылу үлгісі мен оның экранға шығатын жұмыс нәтижесі мынадай болады:
<
тізімнің 1 жолы
тізімнің 2 жолы
...
тізімнің соңғы жолы
UL>
- тізімнің 1 жолы
- тізімнің 2 жолы
...
|
Достарыңызбен бөлісу: |