Жоғары жүйке қызметі типтерінің классикалық түсінігіне қарағанда, қазіргі кезде психологияда адам мінезінің жан-жақты классификациясы қолданылады. Өзінің байқалу дәрежесіне байланысты кейбір қасиеттерінің, қылығының басым болуы ол мінез акцентуациясы деп аталады. Зерттеуші өкілдері К.Юнга, Э. Кречмер, П.Б. Ганнушкин, К. Леонгард, Е.А. Личко, т.б.
Мінез акцентуациясы түрлері: Гипертимді, циклоидты, психоастениялылық, гизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз, лобильді, комформды, секситивті, параноидты, дистимді типтер.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1. Мінез құрылымы.
2. Мінез дің еңбекке қатысты қасиеттері.
3. Мінездің ұжымға,адамға байланысты қасиеттері.
4. Мінездің жеке басына қатысты қасиеттері.
5. Мінез құрылымындағы ерекшеліктер.
6. Мінездің дамып,қалыптасуына әсер етуші факторлар.
7. Мінез акцентуациясы .
8. Мінез акцентуациясы түрлері.
Әдебиеттер:
1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы,1996
2. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды,2-х т.Т.2.-М.,1980 52-103 б.
3. Реан А.А.Психология личности.-СПб.,2004
4. Личко А.Е. Психопатии и акцентуация характера у подростков.-Л.,1983 6-10 б.
5. Шиханцов А.Е. Юридическая психология.-М.,1998
№ 13 дәріс
Тақырыбы: Қабілет.
Дәріс мазмұны:
1. Қабілет туралы түсінік.
2. Қабілеттің физиологиялық негізі.
3. Қабілет түрлері .
4. Қабілеттің даму деңгейіне қарай даралық ерекшелігі.
5. Интеллект туралы түсінік
Мақсаты: Қабілеттің табиғи негізі мен,түрлерімен және даму деңгейіне қарай даралық ерекшеліктерімен таныстыру, талант, дарындылық, данышпан ұғымдарының мәнін түсіндіру. Интеллектуалдық даму деңгейі туралы
түсіндіру.
Қабілет туралы түсінік.
Қабілет іс-әрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттердің дамып, қалыптасуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мысалы: оның алғашқы деңгейін (адамның бәріне ортақ оқи, жаза, есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет) екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет) қабілеті дейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен дағды болуы қажет.
Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс - әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемсіздік көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа бейне жасай алу мүмкіндігін айтады. Қабілеттердің дамуында нышандар белгілі орын алады. Нышан қабілетінің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі.
Қабілеттің даму деңгейіне қарай түрлері.
Қабілеттің қандай түрі болмасын еңбектен туындайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен (ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр – қайрат, алғыр қиял т.б) тығыз байланысты. Қабілеттілікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол қабілеттің алғашқы белгісі.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық қасиеттері жатады.
Дарындылық – адамның белгілі бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше көрсетуі. Қабілеттің жоғары деңгейінде дамуы талант деп аталады. Талант адамның нақты ісіне нәтижелі орындауындағы қабілетінің біршама қасиеттерінің өзара байланысы. Адам қабілетіндегі дарындылық тек талант одан әрі дамып, данышпандық қасиет тудырады. Бұл адамның ақыл ойымен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.
Интеллект туралы түсінік.
Адамның ақыл-ой қабілеті, ерекшеліктері негізгі құрылымы ойлаудың (анализіне) анализдік қызметі. Интеллект дегеніміз адамның барлық мәселелерді шешу барысындағы ақыл-ой қабілеті. Интеллектуальді белсенділік күнделікті өмір жағдайына адамның бейімделу тәсілі.
Интеллект желілерінің бірнеше комбинациялық бірлігі бар, шамамен 120 вариант, олардың ішінде көп кездесетінін мысалға келтірсек:
* Нақты практикалық интеллект (күнделікті өмірде)
Абстрактылы интеллект (сөздер, символдар, терминдер, т.б. сүйену арқылы)
Потенцияльды интеллект (туғаннан адамның ойлау әрекетіне қабілеттілігі)
Жүре пайда болған интеллект (приобретенн. интеллект) күнделікті өмірде білім, дағды, іскерлік негізінде қалыптасады.
Интеллект дамуы.
Интелект дамуы басқада психикалық процесстер сияқты негізгі екі формаға байланысты дамиды.
тұқым қуалаушылық;
айнала қоршаған ортаның әсері.
Интеллектіні бағалау. Адамның интеллектуалдық даму деңгейін сандық, сапалық жағынан зерттеу барысында көбіне интеллектуалдық коэффицент бойынша көрсетіледі. Оның таңбасы I.Q. Идивидтің интеллектуальдық мүмкіндігінің орташа көрсеткіші оның жас ерекшелігі мен кәсіптік іс-әрекетіне байланысты. Орташа көрсеткіш 100 балл, ең төменгі 0 балл, ең жоғарғы 200-ге таман.
Барлық адамға тән стандартты көрсеткіш 84-100 балл және 100-116 балл болуы мүмкін. 34%-68%.
Қалыпты деңгейдегі интеллект дамумен қатар ақыл-есі нашар кеміс адамдар болады. Туғаннан ми кемістігі бар,
ақыл-ойы жетіспейтін адамдарды олигофрендер деп атайды. Олардың психикалық даму деңгейі төмен, ойлауы, сөйлеуі, есте сақтауы, т.б. психикалық дамуы төменгі деңгейде. Олардың интеллектуальдық көрсеткіші халықаралық стандартқа байланысты былай қаралады. IQ<50-70 аз ғана ақыл – ой кемістігі. IQ<50 орташа деңгейде . IQ<35 – анық байқалуы.
Ең қиын формасы ақыл – ой кемістігінің идиотикалық жағдай. IQ=20, сөйлеу, ойлау мүлдем дамымаған тек қана эмоциональдық реакция байқалады. Оның орташа түрі (IQ=20-50). Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрі (легкая форма) дебильдік жағдай IQ< 75%
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Нышан дегеніміз не
2. Қабілеттің анықтамасы.
3. Бейімділік дегеніміз не.
4. Жалпы қабілет түрлері.
5. Арнайы қабілет түрлері қандай.
6. Дарындылық, талант, данышпан ұғымдарын түсіндіру
7. Интеллект қандай қабілет.
8. Адамның интеллектуалдық даму деңгейін қалай бағалайды.
Әдебиеттер:
1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996
2. Намазбаева Ж.И.Психология.-Алматы.,2005
3. Рубинштейн С.Основы общей психологии.-М.,1989 Т.2. 211-235 б.
4. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003
5. Немов Р.С.Общая психология.-М.,1996 332-341 б.
№ 14 дәріс
Тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы.
Дәріс мазмұны:
1. Қарым-қатынас туралы түсінік.
2. Қарым-қатынас түрлері.
3. Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы.
4. Іскерлік қарым-қатынастар.
Мақсаты: Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, түрлері және түрлі ерекшеліктерімен таныстыра отырып,студенттің қарым-қатынаста ескеретін психологиялық ережелерін білуге тәрбиелеу. Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.
Қарым – қатынас туралы түсінік.
Жеке адамның өзі де- қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмір көрінісі. Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесі сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланыста. Психологтар мен социологтар зерттеулеріндегі маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі.
Қатынас орнату нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдар өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, ақыл-ойы дамиды, әр-алуан іс-әрекеттерін жүзеге асырып, хабар алысады. Содан олардың арасында тұрақты қарым-қатынас орнайды, өзара бірігеді, әрбір іс-әрекетті орындау нәтижесінде кәсіби іскерлігі артады. Ұжымдық іскерлігі дамып, басқару ісінің мәнін түсінеді. Адамдар өзара қарым-қатынас жасасу арқылы бірін-бірі түсініп, мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді, әлеуметтік жағдайды түсінеді.Қоғамдық сипатта атқарылатын істердің нәтижелі болуы, ең алдымен адамдардың ақыл-ойы мен дене күшін біріктіре отырып, олардың саналы түрде жүзеге асырылуына тәуелді.
Қарым-қатынас түрлері.
Топтағы, ұжымдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі екі түрі болады. Іскерлік және жеке қарым-қатынас. Бұл екі түрі де жеке адамдардың бір-бірімен қатынас жүйесін құрайды.Қарым-қатынастың негізгі психологиялық сипаты.
а) дара адамдар арасындағы қатынас және оның әлеуметтік бағыт-бағдары.
ә) оның психологиялық дамуы мен тірегі.
б) қарым-қатынас жасауының белгі-таңбалары және оның қимыл-қозғалысы бет құбылысының, ым-ишаралары мен көзқарастарынан айқын байқалуы.
в) әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен көрінеді.
Қарым-қатынас психологиясы көп жақты және күрделі процесс. Сондықтан негізгі ерекшеліктеріне қарай бір-біріне байланысты үш жақты құрылымы бар.
1. коммуникативті
2 .интерактивті
3. перцептивті
Бұл құрылым адамдардың тіршілік әрекетінде қарым-қатынастың негізгі қызметі болып табылады.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы немесе коммуникация жеке адамдар арасында информация алмасу (общение как обмен информации).
Интерактивті жағы адамдар арасында пікір, идеалар алмасу мен қатар іс-әрекет барысындағы қарым-қатынасы.
Перцептивті жағы араласушы адамдардың бір-бірін түсіне білуі, ықпал жасауы, қабылдауы,өзара қатысы, байланысы, информация алмасуы.
Іскерлік қарым – қатынас
Іскерлік қарым-қатынас жеке адамдардың іс-әрекет барысындағы қатынас жүйесі, оның құрамы:
іскерлік әңгімелесу
телефондық іскерлік әңгімелесу
аудитория алдында сөйлеу
қызметтік кеңес өткізу
іскерлік құжаттармен жұмыс.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 Қарым-қатынас түрлері.
2. Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы.
3. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.
4. Қарым-қатынастың интерактивті жағы.
5. Қарым-қатынастың перцептивті жағы.
6. Қарым-қатынастың вербалды, вербалды емес жақтары..
7. Синтоникалық жақтары (визуалды,аудиалды, кинестикалық).
8. Іскелік қарым-қатынас түрлері.
Әдебиеттер:
1. Титова Л.Г. Деловое общение.-М.,2005
2. Морозов А.В. Социальна я психология.-М.,2003 49-86 б.
3. Сәбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы,2003
4. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003
5. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004
6. Немов Р.С. Практическа психология.-М.,1998.
№ 15 дәріс
Тақырыбы: Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы.
Дәріс мазмұны:
1. Топтар классификациясы.
2. Топтағы әлеуметтік психологиялық ахуал.
3. Ұжымды басқарудың әлеуметтік және психологиялық мәселелері.
4. Адамдар арасындағы жанжал түрлері (конфликт).
Мақсаты: Топ,топтың түрлерімен таныстыру. Топтағы әлеуметтік психологиялық ахуал және ұжымды басқарудыңәлеуметтік және психологиялық мәселелерімен адамдар арасындағы жанжал түрлерінің туындау себептерін түсіндіру.
Топтың әлеуметтік психологиялық жағдайы.
Жеке адам басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста болып, өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асыруда бір-бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Топтың түрлері:
1 .Қалыптаса бастаған өзара қатынастар еркіне қарай шағын және бастапқы топтар болады.
2. Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты, формалды және формалды емес топтар болады. Адамдардың уақыт және кеңістік белгілері негізінде топтардың қалыптаса бастауы – ассоциация деп аталады. Мысалы: 1 курс, 1 класс. Ассоциация күрделі қауымдастық корпорацияға айналады. Корпорация адамдардың өзара тұйық бірлестігі
Ұжым ол қоғамда, қызметте ортақ мақсатқа біріккен, психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті мәселе ретінде жеке қарастырылады. Бұл мәселе ұжымдық мүдде деп (аталады) саналады.
Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өкімділігін арттыруы, олардың жасаған жұмыстарына саналы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік- психологиялық ахуал орнатуы қажет.Екіншіден, іскер адамдардың әлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық санасын өрістету үшін әрбір қызметкер, жұмысшы мен жетекші арасында жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен жоспарланған істерді жүзеге асйру үшін әр адамның даралық мінез-құлқын білуді талап етеді. Мұндай талап әлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мәселенің бірі адам факторын үнемі ескеріп, ерекшеліктерімен санасып отыру қажет
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеген кезде психологиялық зерттеу әдісінің бірі таңдау. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологы Дж. Морено. Бұл әдіс объективті әдіс оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге адамдардың бір-бірімен өзара қатынасын зерттеген кезде қолданылады. Таңдау әдісі-социометриялық әдіс деп аталады.
Басқару ісінің жалпы психологиялық мәселелері.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатудың мынандай ерекшеліктерін қарастыруға болады:
1 – ші жетекшінің жеке басына қойылатын талап-тілектер мен оның психологиялық бейнесі.
2 – ші басқару жұмысының жүйесі мен стилі және адамдар мен топ ішіндегі психологиялық ахуал.
Жетекшінің немесе басқарушының өзіндік тәсілі дегеніміз-сол адамның істелетін істер мен атқарылатын қызметтерді қалайда жүзеге асырып отырудағы біліктілігі мен өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданып отыруы. Басқару ісіндегі жетекшінің басшылық қызметі өзіндік әдіс-сипатымен ерекшеленеді. Жетекшінің басқару қызметіндегі өзіндік тәсілі оның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктері болып саналатын мінезіне, темпераментіне, ықылас ынтасы мен қабілетіне байланысты түрліше болады.
Басқарушы адамдардың даралық ерекшеліктеріне сәйкес оларды психологияда мынандай үш типке бөліп қарастырады:
1. басқару ісінде демократияшыл тәсіл;
2. авторитарлық (әміршіл) тәсіл;
3. ымырашыл тәсіл.
Басқару ісіндегі демократияшыл тәсіл бойынша ұжымды басқару ісі көпшілік талқысына салынып, тиісті шешім мен бұйрық сонан кейін ғана қабылданады.
Басқару ісінде ымырашыл жетекшінің іс-әрекетінде бір жағынан алғанда, тұрақсыздық пен бей-берекеттік орын алатын болса, ал екінші жағынан қарағанда, ондай жетекшінің жұмысты ұйымдастыруға қабілетсіз екнін көрсетіп, әрбір іске немқұрайлы қарайды.
Менеджердің іс әрекетіндегі басқармалық ықпал.
Өз қол астындағыларға мақсаттылы, әрі тиімді түрде ықпал етудің жалпы потенциялды қабілеті үш блок білімдерді меңгерудің нәтижесінде қалыптасады:
- Басқармалық ықпалдың мазмұны мен спецификасы туралы білімдер.
- Психологиялық ықпалдың негізгі тәсілдері туралы білімдер.
- Ықпал етілетін адамдардың индивидуалды ерекшеліктері туралы білімдер.
Ықпал етудің екі деңгейін бөліп көрсетеді: когнитиві және эмоционалды.
Негізгі ықпал етудің тәсілдері: Иландыру, еліктеу, сендіру.
Менеджерлердің тұлғасы мен оның іс әрекетінің индивидуалды стилі.
Менеджерлердің жеке адамдық қасиеттерін зерттеудегі психологияда басқару мен жетекшілік ету (лидерлік) мәселелері бөлінеді.Басқару мен лидердің қасиеттері бір адамның бойынан табылған кезде, идеалды вариант алынады. Басқарушы – лидер: қиыншылықтар мен мәселерді қабылдай алу қабілеті, ұйымдастырушы бола білу, сезгіштік пен көрегендік, өзін -өзі көрсете білу ыңғайы, эмоционалды – психологиялық ықпал ете алу, оптимизм қасиеттерімен сипатталады.
Басқару стилі – бұл басқарушының өзіне тән басқару жүріс – тұрысына әкелетін тәсілдер, әдістер, ықпал ету формаларының тұрақты жүйесі. Басқарудың классикалық 3стилін атап көрсетеді: авторитарлық – күшпен бағындырушы әдістермен басқару. Демократиялық, яғни бірлесе отырып талқылау мен шешім қабылдау. Бос жіберушілік, яғни шын мәніндегі басқару жоқ, формальды түрде ғана бар.
Менеджердің іс әрекетіндегі топтық құбылыстар мен процестерді басқару.
Әлеуметтік ұйым басқаруда құрылым және жүйе ретінде қарастырылады. Ұйым – іс-әрекеті саналы түрде бірлескен іс-әрекетті тәртіптеу үшін және ортақ мақсаттарға жету үшін басқару субъектісімен координацияланатын индивидтердің бірігуінің спецификалық формасы. Мұның барлығы топтық динамика. Топтық динамика – бұл ұйымның тіршілігінің бүкіл циклін сипаттайтын топтың ішіндегі әлеуметтік – психологиялық процестер мен құбылыстардың жиынтығы мен ондағы жүріп жатқан психологиялық өзгерістер; бұл жекеленген, сонымен бірге топтық мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында өзара тәуелділік пен өзара ықпал ету негізіндегі ұйым мүшелерінің өзара әрекеттесу процесі. Топтық динамика келесі құбылыстар мен процестерде көрінеді: басқару мен лидерлік, топтық шешімдерді қабылдау, топтық нормалар мен құндылықтарды жасау, жұмылу, топтық қысым, қақтығыстар және т.б. кез келген топ өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтті: 1)танысу, 2)жанжал, 3)жетілген топ, ыдырау немесе жаңа сапаға өту.
Өндірістік жанжалдар, олардың түрлері.
Жанжал түсінігі және анықтамасы, жанжалдың талдауы және сипаттаудағы негізгі категориялар.Жанжалды сипаттайтын категориялардың проблемалық алаңы оның құрылымы және динамикалық сипаттамалардан тұрады.
Жанжалдың құрылымдық сипаттамасын келесі жүйелік компоненттер жатады: жанжалға қатысушылар (жақтар), оның жағдайы (пайда болуы және өтуі), жанжал пәні, қатысушылар әрекеті, жанжалдың аяқталуы.
Жанжалдың динамикалық сипаттамасы жанжалдың дамуын көрсетеді және жанжалда не болады (процестер) және қалай пайда болады (осы процестердің регуляторлары) деген сұрақтарға жауап іздейді.
ғыс түрлері және оның оларды түсіндіретін психологиялық концепциялар.
Жеке адамдар арасындағы жанжал.
Интерперсоналды жанжалдар.
Топ аралық жанжалдар.
Конфликтология өзінің пайда болуынан бері практикалық – бағдарлық сипатта болды, жанжалды шешу міндеттерін қарастырды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топ,топтың түрлері.
2. Топтағы әлеуметтік-психологиялық ахуал.
3. Ұжымды басқарудың әлеуметтік-психологиялық жақтары.
4. Ассоциация,корпорация түсініктері.
5. Басқару стилдері.
6. Менеджер іс-әрекеті.
7. Жанжал,жанжал түрлері. (конфликт).
Әдебиеттер:
1. Морозов А.В. Социальная психология.-М., 2003
2. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004
3. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003
4. Гришина Н.В. Психология конфликта.-СПб.,2000
5. Андреева Г.М. Социальная психология.-М.,2002
6. Семинар сабақтарының жоспарлары.
№
|
Сағат
саны
|
Апта саны
|
Сабақ тақырыбы
|
Сұрақтар
|
Әдебиеттер
|
Бағалау
|
1
|
1
|
1
|
Психология ғылымының зерттеу әдістері.
|
1Зерттеу әдістері туралы түсінік.
2.Зерттеу әдістері түрлері.
Ұйымдастыру әдістері.
3. Эмпирикалық зерттеу әдіс-
тері.
4. Мәліметтерді өңдеу және кор-
рекциялық зерттеу әдістері.
|
1.Алдамуратов Ә. Жалпы психология.- Алматы,1996 13- 16 беттер.
2.Жарықбаев Қ.Б. Психо-логия.- Алматы.,1993,2000, т.б.
3.Гамезо М.В., Домашенко М.А. Атлас по психологии.- М – 1986 24-42 беттер.
4. НамазбаевЖ.И. Психология Алматы.-2005, 29-40 б.
5.Лурия А.Р. Лекции по общей
психологии.-Питер.,2005
|
|
2
|
1
|
2
|
Психология ғылымының даму тарихы.
|
1.Психология ғыл. философия және жаратылыстану ғыл. бірге
дамуы.
2. Ежелгі психология және
Орта ғасырдағы жан туралы ілім.
3.ХVIII және ХІХ ғасырдағы психология ғылымының дамуы.
4.XX ғасырдағы психология.
5. Қазақстандағы психология ғылымының даму барысы.
6. Психологиядағы бағыт-бағдарлар мен мектептер.
|
Алдамұратов А. Жалпы психология. Алматы, 1996, 18-28 беттер.
2.Жарақбаев Қ. Б. Психология, Алматы, 1993.
3.Ждан А. Н. История психологии. От античности до наших дней. – М., 1990.
4.Ярошевский М. Г. История психологии – М., 1985.
5.Психология. Словарь – М., 1990.
6. Психология:Адамзат ақыл-ой қазынасы.1,2,3,4 том.-Алма-
ты.,2005
7. Жарықбаев Қ.,Қалиев С.
Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы.,
1995
|
|
3
|
1
|
3
|
Психология ғылымының
Жаратылыстық-
Ғылыми негізі.
|
1. Психика туралы түсінік.
2 Жоғары жүйке жүйесінің құ-
рылымы және қызметі.
.
3 Психикалық құбылыстар құ-
рылымы.
|
1.Алдамұратов Ә Жалпы психология. Алматы. 1996. 18-33 беттер.
2. ГамезоМ.В.,Домашенко И.А.
Атлас по психологии.-М.,1986
3. СтоляренкоЛ.Д.Психология.- Ростов н/Д.,2002
4.Леонтьев А.Н. Проблемы раз-
вития психики.-М.,1981,
410-435 стр.
.
|
|
4
|
1
|
4
|
Жеке адам психолгиясы
|
1.Жеке адамның
психологиялық құрылымы.
2.Жеке адамның дамып
қалыптасуына әсер етуші
факторлар
3 Жеке адамның бағыт-бағдары,
қажеттілігі,дүниетанымы,
қызығуы.
4 .Мотивтер сферасы.
.
.
|
1.Алдамұратов Ә жалпы психология. Алматы. 1996.
2 Психология: Адамзат ақыл-ой қазынасы.10 том.шығарма.
3,5 том.- Алматы.2005
3 Леонтьев А.Н..Лекции по
общей психологии.-М.,2002.
4. Ананьев Б. О проблемах современного человеко-знания. М., Наука., 1977. стр. 187-274.
5.Дубровина И.В.Психология
М.,2003
6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003
7. Романов К.М.Практикум по
общей психологии.-М.,2002,
259-268 стр.
|
|
5
|
1
|
5
|
Іс-әрекет
психологиясы.
|
1.Іс-әрекет туралы түсінік
2. Әрекет.Әрекет құрылымы
мен түрлері.
3.Іс-әрекеттің негізгі түрлері.
4. Іс-әрекеттің адам өміріндегі
маңызы.
|
1.Алдамұратов Ә Жалпы психология. Алматы. 1996.
2. Дубровина И.В. Психология.
М., 2003
3.Введение в психологию.-
СПб.,2003
4. Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии.- М.,1986. 83- 97 беттер, 13 схема.
5. Богословский В.В. Жал-пы психология.- Алматы-1979.
6. Столяренко Л.Д., Столя-ренко В.Е. Психология и педагогика - Р-н/Д, 2001 стр.49, 51-52.
|
|
6
|
1
|
6
|
Түйсіну және
қабылдау
процестері.
|
Түйсіну туралы түсінік
Түйсінудің физиологиялық негіздері
Түйсіну процесінің түрлері.
мен заңдылықтары..
3. Қабылдау түрлері мен ерек-
шеліктері.
4. Қабылдау қасиеттері мен
заңдылықтары.
|
1. Алдамуратов Ә. Жалпы психология.- А.,1996
2.Богословский В.В. Жалпы психология.- А,1979
3.Немов Р.С. Психология (3 кітап) / 1 кітап – М. –1995 стр 25-43.
4.Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии.- М.,1986
5.Лурия А.Р. Ощущение и восприятие .- М.,1987
6.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Том1 / М –1989
7.Психологический словарь / М-1990.
|
|
7
|
1
|
7
|
Ес процесі
|
1. Ес процесі туралы теориялар мен анықтамасы.
2. Ес түрлері және процестері.
3. Есте сақтау ерекшеліктері мен заңдылықтары.
4. Ес процесінің зақымдануы.
|
1.Алдамуратов Ә. Жалпы психология.- А,1996
2.Богословский В.В. Жалпы психология.- А..,1979
3.Немов Р.С. Практическая психология.-М. ,998.
4.Лапп Д. Улучшаем память в любом возраст.-СПб.,2003
5.Лурия А.Р. Маленькая книжка о большой памяти.- М.,1994
6.Хрестоматия по общей психологии / М –1978.
|
|
8
|
1
|
8
|
Ойлау және
қиял процесі.
|
1. Ойлау.Ойлау ерекшеліктері мен маңызы.
2. Ойлау түрлері,формалары,ой операциялары.
3. Қиял түрлері мен қиял бейнелерінің жасалу тәсілдері.
4. Қиял және шығармашылық.
|
1.Богословский В.В. Жалпы психология.-Алматы, 1982
2.Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998 42-56 б.
3.СтоляренкоЛ.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону, 2003
4.Лурия А.Р. лекции по общей психологии.-СПб.:Питер ,2003
5. Ревская Н.С.Психология и педагогика.-М.,2001 99-101
|
|
9
|
1
|
9
|
Сөйлеу процесі
|
1. Сөйлеу түрлері..
2. Сөйлеудің дамуы.
3. Сөйлеуді мәдениеті.
|
1.Богословский В.В. Жалпы психология.-Алматы, 1982
2.Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998 42-56 б.
3.СтоляренкоЛ.Д.Основы психологии.-Ростон/Дону, 2003
4.Лурия А.Р.Лекции по общей психологии.-СПб.:Питер ,2003
5. Ревская Н.С.Психология и
педагогика.-М.,2001 99-101
6.Рысбекеов Т.З.Психология и
этика делового общения.-Уральск.,2005
|
|
|
1
|
10
|
Сезім және эмоция.
Ерік.
|
1. Сезім және эмоция туралы түсінік.
2. Сезім түрлері
3.Эмоционалдық көңіл-күй түрлері..
4. Еріктің сапалық қасиеттері.
|
Алдамуратов Ә Жалпы психология / А-1996 2. 2. 2.Богословский В.В. Жалпы психология.-М.,1982. 3.Рубинштейн С.Основы общей психологии.Т.2.,-М.,1989
4.. Реан А.Психология и педагогика.-СПбб-2003 108-120 б.
5.. Романов К.М. Практикум по общей психологии.-М.,2002, 121-133 б.
6.Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998 235-239, 245-249 б.
|
|
11
|
1
|
11
|
Темперамент
|
1. Темперамент туралы түсінік
2. Темпераменттің табиғи
негізі.
3. Темперамент типтерінің
психологиялық сипаттамасы.
а) холерик
б) сангвиник
в) флегматик
г) меланхолик
|
1.Алдамуратов Ә Жалпы психология.- А.,1996.
2. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. 2-х т. Т.2. М. 1980 стр. 52-103
3. Введение психологию – Спб.,2003
4. Бодалев А.А Психо-логия личности М., 988
5. Немов Р.С. Психоло-
гия в 3-х кн. 1. М. 2003
6. Реан А.А. Психология личности. Социализация поведения, общение – СПБ., 2004
7. Столяренко Л.Д.Психология.-Ростов н/Д.,
2003
.
|
|
12
|
1
|
12
|
Мінез құрылымы.
|
1. Мінездің табиғи және әлеу-
меттік жағы.
2. Мінез адам қасиеттерінің
тұтас жүйесі.
2.1 мінез құрылымындағы
сенім
2.2 мінез құрыл. қажеттілік
2.3 мінез құрыл. интеллект.
2.4 мінез құрыл. сезім
2.5 мінез құрылым. ерік
2.6 мінез құрыл. темперамент
|
1.Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005
2. Введение в психологию.- СПб.,, 2003
3. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004.
4. Кон И.С. «В поисках себя» / М -1984
5. Немов Р.С.Общая психология.-М.,1996, 332-341
6. Столяренко Л.Д.Основы пси
хологии.-Ростов н/Д.,2003
|
|
13
|
1
|
13
|
Қабілет.
|
1. Қабілеттің физиологиялық
негізі.
2. Қабілет түрлері.
3. Қабілеттің даму деңгейіне
қарай түрлері.
4. Интеллект туралы түсінік.
|
1. Психология и педа-гогика/- под ред А.А.Бодалева и др.- М -2002
2. Столяренко Л.Д., Столяренко В.Е. Психология и педагогика.- Ростов-н/Дону – 2001
3. Намазбаева Ж.И.Психоло-гия .-Алматы.,2005
4. Романов К.М.Практикум по
общей психологии.-М.,2002
5.Психологическиетесты.
Под.ред.,А.А.Карелина.-М.,1999
|
|
14
|
1
|
14
|
Қарым-қатынас психологиясы
|
1.Қарым-қатынастың психоло-
гиялық құрылымы.
2. Қарым-қатынас түрлері.
3..Іскерлік қарым-қатынас.
|
Алдамуратов Ә. Жалпы психология.- Алматы.,1996
2. Реан А.А. «Писхология личности, социализация, поведение общения».- СПб.,2004
3. Столяренко И.С. Психология управления и делового общения.- СПб.,2001 4. Морозов А.В.Социальная психология.-М.,2003
5.Титова Л.Г.Деловое общение.
М.,2005
|
|
15
|
1
|
15
|
Топтағы қарым-
қатынас
|
1.Ұжымдағы тұлғааралық қатынастар
2. Топтық даму деңгейлерінің
принциптері.
3. Топтағы психологиялық
ахуалды зерттеу.
4. Басқару стильдері.
|
1.Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005 2.Кашапов Р.Р.Курс практической психо-
Логии.-М.,1996
3. Морозов А.В.Социальная психология.-М.,2003
4. Андреева Г.М.Социальная
психология.-М.,2002
|
|
35>50>
Достарыңызбен бөлісу: |