Педагогикалық факультет



жүктеу 3,13 Mb.
бет3/14
Дата25.11.2017
өлшемі3,13 Mb.
#1610
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5. Лекцияның кешені.
Лекция 1. Тақырыбы: Кіріспе. Кіріспе. Еңбекке баулуды оқытудың теориясы мен технологиясының мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты: курстың мақсаты мен міндеттерін таныстыру және еңбекке баулуды оқытудың білім беру мазмұны туралы білімін қалыптастыру.

Лекция мазмұны.
Зерттеу объктісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сәйкес « Бастауыш оқыту педагогигасы мен әдістемесі» мамандығынан жоғары кәсіби педагогикалық білім алудың кажетті компоненті ретіндегі еңбекке баулу әдістемесі мен практикумы болып табылады.

Әдістеме пән ретінде оқыту және тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырарады.Педагогикалық ғылымда жалпы жәнежеке әдістемесі бар. Жалпы оқыту заңдылықтары дидактикамен, ал жеке - әрбіроқыту пәнінің әдістемесін қарастырады. Әдістеменің зерттеу объектілері, міндеттері және әдістері болады.

Оқыту мен дамытуда үш өзара тығыз байланысты процестер бар: оқытудың мазмұны,мұғалімнің қызметі – оқыту, оқушылардың қызметі – оқу. Әдістеменің мінднті – осы үш заңдылықтардың байланыстарың зерттеу және соның негізінде оқу пәнінің, оқытудың, оқудың мазмұнының талаптарын құрастыру.

Сонымен, әдістемінің объектісі болып оқыту процесі саналады.



Оқыту едістемесі әрдайым бір мақсатқа бағыттала-ды. Қазіргі мектепте оның мақсаты тек оқушыларды біліммен, білікпен және дағдымен қаруландырып қою емес, сонымен қатар денесі шыныққан, иілімді ақылы-мен, жақсы эстетикалық талғамымен және жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған адамдарды дайындау.

Оқыту әдістемесі машықтық тәжірибсні тсориялық жағынан қорытындылайды, өзін дәлелдейтін және жақ-сы нәтижелер беретін оқыту әдістерін үсынады.

Қазіргі әдістемеде, соның ішінде еңбекке баулу әдістемесінде, оқу пәніне және оны қүру жүйесінде ғы-лыми материалды таңдауда белгілі мөлшерде айқындала-ды, яғни оқу пөнінің логикасьш талап етеді.

2.Еңбек пәнінің әдістемесі-бастауш мектеп мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі негізгі пәннің бірі.



Еңбек пөнінің әдістемесі — бастауыш мектеп мүғалімдерін дайындау жүйесіндегі негізгі пәннің бірі. Өйткені ол педагогика, психология және техника мен енеркәсіп технологиясындағы қазіргі ғылыми жетістіктерінде негізіделген. «Еңбекке баулу эдістемесі» курсын, психология, оқу процесін үйымдастырудың талаптарын, сонымен қатар техника, технология, өнеркәсіп экономикасының заңдылықтарын білмей, меңгеру мүмкін емес. Педагогикалық мамандықты игеру үшін оқу-тәрбие процесімен тынгылықты меңгеруді үйрету қажет, әрбір нақты жағдайда қандай оқу өдістері жақсы нөтюкелер беретінін, қандай көрнекіліктерді пайдалану неғүрлым тиімдірек болатынын және т.б білу қажет.

Мүғалім өзінің шығармашылық, сонымен қатар ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі жетілдіріп түруы қажет.

Еқбекке баулу әдістемесі курсының негізгі мақсаты: педагогикалық институт студенттеріне, болашақ мүғалімдерге, еңбекке баулудың едіс-төсілдерін, түрлерін тиімді пайдалана білуге үйрету. Оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік, еңбек, эстетикалық т.б. төрбие көрсету, еңбектің маңыздылығын, оның қоғам өміріндегі өлеуметтік-экономикалық рөлін түсіндіру; -мектеп оқушыларын еқбекке баулуда Мемлекеттік стандартгың негізгі тараулары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру;



-сабақта жөне өнеркөсіптерде қолданылатын қүрал-саймандармен, қүрал-жабдықтармен жүмыс істей білуге үйрету;

-Қазақстан Республикасының Мемлекетгік жалпыға міндетті білім стандартында көрсетілген түрлі бүйымдарды жасауға, оқушылардың өзін-өзі күтуге, көркем, техникалық еңбекке қатысты жүмыстарды орындауға үйрету;

-мектеп оқушылары белгілі бір мамандық жөнінде нақты кәсіптік бағдар алу үшін оларды үнемі кәсіби - техникалық училищелерге, фабрикаларга, зауыттарға және т.б. орындарға саяхат үйымдастыра білу;

-оқушының түлғасын, оның еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыру мен дамытуда кластан тыс және мектептен тыс іс-шараларды үйымдастыра білу.

Курс екі бөлімнен тұрады:

еңбекке баулудың теориялық негіздері мен практикумы.

бастауыш клас окушыларын еңбекке баулу мен тәрбиелеудің әдістемесі.


Курстың мақсаты бастауыш сыныптардың болашақ мүгалімдсрін еңбекке үйрсту сабақтарын жүргізугс көсіби даярлау болып табылады.

Осыған байланысты курсты зсрттеуде:

- сңбсккс үйрсту әдістсмесін оқытудың психологиялық жәнс псдагогикалық негіздері;

- сңбекке үйретуді оқыту бойынша сабақтан, сыныптан және мектептен тыс жүмыстарда бастауыш сынып оқушыларына білім бсру мсн тәрбиелеудің ғылыми-тсориялық нсгіздсрі;

- қазіргі сңбеккс үйрсту сабагына қойылатын талаптардың мәні қарастырылады.

Курстың бағдарламасы төмсндсгідсй оқу-тәрбиелік міндеттерін анықтайды.

- сңбсккс үйрстуді бала түлғасын жан-жақты дамытудың қүрамды бөлігі ретіндс мәнін ашу,

- еңбекке үйретудің теориясы мен өдістемесінің қазіргі жагдайын ашу;

- тсхникалық, түрмыстық, қоғамға пайдалы. сңбектердің қолданылуына байланысты, әр түрлі материалдарды көркемдік өндеудің әдістемелерінің негіздерін үйрету;

- дизайнды оқытудьң теориялық негіздерін беру;

- студенттерді еңбскке үйрету сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушыларды үйымдастыруда түрлі формаларын пайдалануды, қүралдармен әдістерді дүрыс таңдауға үйрету;

- еңбек тәрбиесін, ақыл-ой, мінез-қүлық , эстетикалық және дене төрбиесін біріктіру.



Балаларды оқыту процесін ұйымдастыратын — мүғалім. Ол әр сабақтың мақсатын, құрылысын, тиімді әдіс-тәсілдерін анықтайды. Мұғалім оқу материалын жүйеге келтіріп, бағдарламаға сай одан әрі жетілдіреді. Сабақ нәтижелі болу үшін ол нақты дайыңдалып, сабақтың мақсаты мен түрін, әдіс-тәсілдерін, сабаққа қажетті материалдар мен қүрал-саймандарды, қолданатың оқу көрнекіліктері мен техникалық жабдықтарын алдын-ала ойластырғаны дүрыс. Сабақты жүргізу барысыңда мүғалім оның білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндсттерін нақты анықтайды. Бүл міндеттер сапалы орындалуы үшін мүғалім кластағы әр оқущының жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, мінез-қүлқың үнемі зерттеп отыруы керек.

Еңбекке баулу пөні мүғалімі оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыруымен қатар бір маманға кәсіби бағдар беріп отырады. Үлкен адамдардың еңбегін сыйлап қүрметгеуге, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие көрсетіп, өз еңбегіне жауапкершілікпен қарауға, өзін-өзі қадағалауға бейімдетуі керек.

Мүғалім ез пәнін және оның едістемесін, сонымен қатар педагогика мен психологияны жетік білетін, біліктілігі жоғары мүғалім болуы керек. Ол өзінің педа-гогикалық жөне кәсіби шеберлігін үнемі жетіддіріл отырғаны дүрыс. Ол үшін мүғалім әрдайым білім саласындағы, өндіріс пен экономикадағы больш жатқан жаңалықтардан әрдайым хабар алып отыруы керек. Сонымен қатар мүғалімнің кәсіби білімдері мен педагогикалық шеберліктерін одан әрі жетілдіруге педагог кадырлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты көмек көрсетіп отырады.

Бастауыш кластарда еңбекке баулу сабағында оқушылар:



- еңбек затымен (өңдейтін материалдармен);

- еңбек құралдарымен;



- еқбектегі адамның қызметімен (еңбек қүралдары сүйенумен);

- еңбек нәтижесімен (аяқталған бүйымдармен) таныстырады.

Еңбекке баулу сабақтарында мүғалім бастауыш клас оқушыларының еңбек қүралдары туралы танымдарын үлғайтады. Бастауыш класс оқушылары жартылай өңде-уден өткен материалдармен, мысалы, қағаз, картон, мата, пластилин, ағаш сынығы, металл, полуфабрикат жөне басқаларды қолданады. Осымен қатар, балалар тірі таби-ғаттан алынған материалдарды өндейді, мысалы: шырша, емен жаңғақтары мен жапырақтарын, аққайьш қабықта-ры мен бүтақтарды, т.б.

Сонымен қатар мүғалім балаларды аталған материалдардың физикалық және технологиялық қасиеттерімсн таныстырады. Әңгімелеу, тәжірибе, саяхат, практикалық жүмыс барысында оқушылар қағаз-картон, мата, пластмасса шығаратын, полиграфия және құрылыс өнеркәсіптері туралы жалпы мәліметтер алады. Материал қасиеттері мен оны өндеу тәсілдерін оқыту оқушылар-дъщ политехникалық бағдарларьш кеңейтіп қоймай, олар-дың еңбегінің нақты, тиімді және нәтижелі болуына ықпал етеді.

Мұғалімнің маңызды міндеті ретінде оқушыларды еңбек қүралдарымен жүйелі таныстырып отыруды санауға болады. Бастауыш клас оқушылары жүмыстың тәсілін үйреніп, келесі жүмыс қүралдарын қолданады: қайшы, пышақ, біз, ине, отверткі, кемпірауыз, гайкалық кілт, бүрғы, қылара. Қол аспаптарымен жүмыс тәсілін оқытуды еңбектің машиналық қүралдарьң оқыту базасы ретіндс қарастыруға болады. Еңбек қүралдарының қол және машиналық негізінде бір ғана принциптердің болуына мүғалім көңіл аудару қажет. Осылайша қүралы үлкен пилораманың қүралынан қол пышағының - кесуші станок пышағынан, қол қайшыларының айырмашылығы жоқ. Мүғалім оқушыларды еңбектің қол қүралдарымен таныстыра келе, ең күрделі машиналық жүмыс негізінде қол жүмысының принциптері енгізілгенін көрсетіп, еңбектін, қолдық қүралдарын жақсы меңгеру машинадағы жүмыстың жемісті болуын қамтамасыз етуін мәлімдейді. Модельдеу процесінде мүғалім жалпы түрде балаларды кейбір машина жүмыстарының негізіне алынған жаратылыстану ғылымдық заңдарымен таныстырады.

Маңызды болып есептелінетін міндеттер-оқушыларды еңбектегі адам қызыметімен таныстыру. Мүғалім нақты мысалдарда қандай да болмасын өнеркәсіптік бүйымның бірнеше сатысының болуымен таныстырады. Бірінші конструктор болашақ бүйымның сызбасың шығарады; технолог оның дайындалуының реттілігін жоспарлайды; кейін сызба дайындау реттілігі бейнеленіп өнеркөсіп орындарының цехтарына түседі, онда жүмысшылар танысып, оны шығаруға қажетті материалдарды, құралдарды, станоктарды дайындап, түрлі технологиялық өңдеулерді жүргізеді, осы қызметтің нәтижесінде тапсырылған еңбек өнімі пайда болады. Оны аяқталған бүйым деп санауға болады. Технологиялық процесс туралы әңгімелеуді мүғалім өнеркәсіптік еңбекте бәрі: еңбек пәні де, еңбек қүралы да, адамның еңбектегі қызметіде - «аяқталған бүйымда», «еңбек енімінде өшіріледі». Осы білімдер жалпыланған біліктердің қалыптасуына және оның жоғарғы кластарда политехникалық білім берудің жалғастыру базасының негізі болады.

Бақылау сұрақтары:



  • курстың мақсаты мен міндеттері қандай?

  • Еңбекке баулу пәні қандай бөлімдерден құралған?

  • Еңбектің мәні қандай?

  • Еңбекте қандай процесстер жүреді?

Әдебиет:


1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Лекция2. Тақырыбы : Қатты материалдарды өңдеудің технологиясы.

Мақсаты: қатты материалдардың қасиеттері мен технологиясы туралы білімін қалыптастыру.

Лекция мазмұны.

Ағаш материалының адам өмірінде қолданатын орны өте мәнді ағаш материалы өнірісте, құрылыста, тұрмыста өте жиі қолданады. Сонымен бірге ағаштан жасалған бұйымдардың қолданбайтын жері жоқ.

өсір тұрған ағаш тамырдан, діңнен және ағаш басынан тұрады. Ағаш массасының 12 пайызы ағаштың массасын құраса, 15 пайызы тамыры және 75 пайыз діңі болып табылады. Ағаштың басы бұтақтар, жапырақтар бөлігінен тұрады.

Ағашты көленеңнен кескенде мынандай бөліктерден тұрады: өзек,жүрекше сәуле, ядро, төз қабығы, қабықша, шел қабық, камбий, жылдық сақина қабық.

Ағаштың физикалық қасиетіне сыртқы беті, иісі, тығыздығы, ылғалдығы, жылу өткізгіштігі жатады. Сыртқы беті оның түсі, жылтырлығы және текстурасымен анықталады. Ағаштың түсі, оны көлденең және бойымен тілген кезде байқауға болады. Ақ түсту ағашқа жөке, шырша, терек жатса, емен, шетен ағаштары күңгірт, жаңғақ ағашы қоңыр түсті болып келеді. Яғни ағаштардың тұқымын түсі, жылтырлығы және текстурасы арқылы ажыратуға болады. Ағаштың ең құнды қасиеті, оның текстурасында. Тексурасымен сәндік бұйымдар, жиһаздарға өте құнды қасиет. Бұл тектсураны алу үшін ағашты үш түрлі бағытта кеседі: ағаш бойымен, радиальды және тангенциальды. Тағы бір ағаштың бөлігі – тамыр бөлігі. Ол бөліктерден құнды сувенир бұйымдар жасайды.

Жарық сәулесін шағылыстыра алатын қабілетін ағаштың жылтырлығы дейді. Жылтырлығы жоғары ағашқа емен, ақ акация, шамшит үйеңкі жатса, жылтырлығы төмен ағаштарға жөке, теректер жатады. әрбір ағаштың өзіне тән иістері болады. әсіресе қылқан жапырақты ағаштардың иісі мәнді шығады. өйткені олардың құрамында шайыр, эфир майы кездеседі.

Бұйым жасау және құрылыста қолдану үшін ағаштың ылғалдылығын төмендету қажет. Бұйым жасауда ағаштың ылғалдылығы 10 пайыздар артпау қажет. өйткені, қолданылу орнында деформацияға ұшырап бұйымның сапасын төмендетеді немесе бұзылуы мүмкін. Ағаштың мынандай ылғалдылық дәрежесіне байланысты мыналар тобына бөледі: 100 паыз ағаш суда жатуы; 50-100 пайыз ылғалыдылық ағаш жаңадан кесілуі; 15-20 ағаш ауада кептірілуі; 8-12 пайыз бөлмеде кепкен ағаш; 0 пайыз ылғалдылықтың мүлдем жоқтығы. Ағаштың өсіп тұрған кезінде жыл мерзімінде ылғалдылық әр түрлі болады. Қыс және күздің кешінде ылғалдылық жоғары, ал жаз мезгілінде төмен болады. Ағаш тығыздығының дәрежесі үш топпен құралады. Төмен дәрежелі тығыздық шырша, қарағай, терек, ива ағаштары жатса, орташа тығыздықта жөке, қайың, груша,емен,рябина, ал тығыздығы жоғары – ақ акация, самшит қызыл ағаш(макагон) жатады.ағаштың жылу өткізгіштігі оның тұқымына, тығыздығына және ылғалдылығына байланысты жылу тығыздығы төмен ағаштарда төмен болса, жоғарыда артады. Көлденең тұрған ағаш жылуды жақсы өткізбейді. Ұзын талшықтарымен жылуды екі есе жоғары өткізеді. Дыбыс өткізуі де солай. Ұзын талшықтарымен арттыратын болса, көлденең нашар өткізеді. Ылғалдылық төмен болса дыбысты жақсы шығармайды. Сондықтан саз аспаптарын жасауға шырша ағашы өте қолайлы.

Металлды екі топқа бөледі. Қара металл және түсті. Қара металлға жоғары көміртекті элементтен тұратын темір материалын атайды(2 пайыздан жоғары тұратын көміртекті металл). Қара металл – шойын. Ол 1250 градуста балқиды, аморфты дене, соғуға келмейді, өңдеуге қолайсыз. Шойыннан алынатын бұйым құйма әдісімен алынады. Келесі металл – болат. Оның құрамында көміртек 0,45 тен 1,7 пайызға дейін құрайды. Ол серпімді материал, шыңдалына отырып өзінің қасиеттерін өзгерте алады. Ол металлдан өндіріске қажетті конструкциялы материалдар және бұйымдар жасайды. Темір жақсы өңдеуге келетін материал болып табылады. Ол ауада тотығады. Оның жұмсаруын қыздыру арқылы алады. Темірден қаңылтыр бетті материалдар алынады. Қаңылтыр темір қайшымен кесуге, оны июге, бүгуге болады. Пісіре отырып біріктіруге болады.

Түсту металлды таза немесе қоспа түрінде қолданады. Мырыш сұр металл, жұмсақ, жеңіл пісіріледі, балқу температурасы 419 градус. Алюминий – ақ түсті, өте жеңіл, жұмсақ, қол аспаптарымен жеңіл өңделеді. Балқу температурасы 658 градус. Мыс жұмсақ, қызғылт-сары, қол аспаптарымен жеңіл өңделеді, пісірілуі ауыр. Балқу температурасы 1083 градус. Латунь – мыс пен мырыштың қоспасынан тұрады. Жеңіл өңделеді және пісіріледі. Қалайы – жұмсақ, сұр түсті, 232 градуста балқиды, ол пісіруге ең қажетті материал. Қорғасын жұмсақ металл, бірақ ауыр болып келеді. Балқу температурасы 327 градус.

МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛАР – ЧЕКАНКА, МЕТАЛЛОПЛАСТИКА, ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМ ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР техникалары, мысалы, сым темірден ширата бейне кескіндерін жасау техникасы.

Қазіргі химия өндірісі металл мен ағаш материалдарын алмастыра алатын конструкциялы материал – пластмассм материалын өңдеу мен одан бұйымдар жасау кеңінен таралуда. Пластмасса – ол молекулярлық тәсілде жинақтала жасанды түрде алынатын материал. Оның негізгі шикізаты мұнай өнімі болып табылады. Қазіргі кезде осы тәсілмен алынған материалдар түрі көбеюде. Мысалы, оргстекло, ПВХ, поролон, полиэтилен, капрон және т.б.. пластмассаның қасиетін өзгерту үшін, оның құрамына ағаштың ұнтағын, мақта материалын, шыны, қағаз сияқты материалдарды қосады. Пластикалық қасиеттерін арттыруға пластификаторлар, яғни май тәріздес материал қосады. Түсін өзгертуге және атмосферадан түсін жоғалтпауға әр түрлі бояулар қолданады. Бастауыш сынып оқушыларына қолайлы пластикалық материалдар оргстекло, поролон, пенпласт, линолеум, эбонит, капрон, тестолит,ПВХ сияқты материалдар.

Бақылау сұрақтары.



  • қатты материалдар түрі және олардың қасиеттері;

  • қатты материалдардың әсемділік қасиеттері;

  • қатты материалдарды өңдеу;

  • қатты материалдардан әсем бұйым жасау техникалары.

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.


Лекция 3. Тақырыбы: Жұмсақ материалдарды өңдеу технологиясы.

Мақсаты: жұмсақ материалдарды жасау және олардың технологиялық процесстері туралы білімін қалыптастыру.

Лекция мазмұны.

Адам баласының күнделікті өмірінде қолданатын киімдер және өндіріс орындарында қоданатын жазық немесе аумақты бұйымдардың кейбір түрлері тармақты материалдар және жіптер мен маталардан жасалынып келеді.

Тармақты материалдар екі түрмен алынады: табиғи және химиялық. Табиғи материалдарға мақта, зығыр, конопля, джут, кандырь жатса, жануарлардан жұн мен құрттан жібек алынады, минральды затт - асбест болып табылады. Химиялық түріне синтетикалық және жасанды.

Зығыр - өсімдік сабағынан алынады. Оны кесіп алып жайып бірнеше күн суда ұстайды. Кейін өндіріс орнына апарып, оны езіп, тармақтарынан қоспаларды арылтады. Таза тармақтарынан киім бұймдарына жіберілсе, оның дөрекі қалдықтарынан, яғни, тармақтарынан техникалық маталар және бұйымдар жасайды.



Жібек жібін алу үшін құрттың құраған ақ түсті қабығын кептіргеннен кейін, ішіндегі құрт көбелектеп, кейін қабықты ыстық ауамен қыздырады. Домалақ қабығы жібігеннен кейін оны тарқатып пряжа жасайды. Одан сапалы бұйымдар мен маталар алады. Асбест – минерал заты. Оны өңдегенде тармақталынып берік жіпке айналады. Оны техника саласында жылу сақтайтын материал ретінде қолданады. Жасанды тармақты жіптерді ағаштың құрамынан алса, синтетикалық тармақты жіптерді тас комірінен, мұнайдан алады. Оларға капрон, лавсан, нитрон және т.б. маталар жатады. Жоғарыдағы шикізатты ерітіп оларды бекіткіш-фильерден еріген затты өткізіп, тармақтарға бөле жіп тәріздес түтікшелер алады. Оны басқа өндіріске жібере пряжа алады. Химиялық тармақты материалдар жылтырлығымен, бедерлігімен, эластикалығымен, қаттылығымен, су өткізбейтін, химиялық реактивтерге қалыпты, шыдамды материал. Мақта материалынан жіп бұмасын(пряжа) жасау үшін оны тазалап, жұмсартып, үлпілдетіп, тарап, түзу тармақта болу үшін, оларды лента тәрізді созып иіреді. Ал басқа материалдардан жіп бұмасын жасау басқаша өтеді. Ол үшін жүнді, зығырды жұмсартып(разрыхление) тарап, созып, түзетіп, ширатып алады. Яғни, соңғы процессте бірнеше жіңішке алынған тармақтарды біріктіре шиырып жіп алады, оны бұмалайды.


Жіптің жіктелінуі. Жіптер қатты, ақ және түсті, матовый және жылтыр болып келеді. Егер бірнеше тармақты бір жіпке көбірек біріктірсе сол ғұрлым берік болады. Сонымен бірге беріктік шикізат материалына да байланысты. Жіптің сауда номірімен ажыратады, №10 ең қалың бұмалы жіп болса, №80 ең жіңішке болып табылады. Жібек жіптері әр түрлі номерлі, ақ және басқа да түсту болып келеді. Берік жібек жіптерінен киімдер тугіге арналады.

Жоғары сортты мақта жіптерінен әр түрлі түсті тугу жіптерін жасайды. Олар бұмаланып сатылады. Олардың ұзындығы 10-20 м дейін созылады. Олардың номері №37 қалың, ал №100 жіңішке.

Аталған жіптердің түрлерінен өрі техникаларымен тесьмалар, бейнелі жолақтар жасайды.

Маталар. Матаны жасау тоқыма өндірісінде болады. Оның негізгі принципі мынандай: тоқыма станогында жіптер ұзын бойында бір-біріне жақын параллельді орналасады. Осы жіптердің құрамын толықтыру үшін утка аспабымен, яғни, жіп оралған, сол параллель жіптерге утка перпендикуляр өтіп, қайта кейін келе торлы бет алады. Осы принциппен жоғары қарай жалғаса береді. Матаны жасауда әр түрлі материалдан жасалған жіп бумаларын қолдануға болады. Осындай технологияда түкті және түксіз кілемдер де тоқылып келеді. өндіріс жағдайында және кішігірім шеберханаларда.



Бақылау сұрақтары:



  • жұмсақ материалдардың түрлері;

  • табиғи және жасанды жұмсақ материалдарды алу тәсілдері;

  • жұмсақ материалдардың қасиеттері.

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.




жүктеу 3,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау