Педагогикалык процестің сипаттамалары жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. /Оларға байланысты жанұядағы педагогикалық процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады (жоғары, орташа, төмен) (кесте 2 қараңыз).
207
№
|
Көрсеткіштер
|
Деңгейлер
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
1.
|
Ата-ананың мақсат-мүдделері,
әлеуметтік-құндылық
бағыттары.
|
+
|
+
|
-
|
2.
|
Ата-ананың баланың өмір әрекетіне қатынасы.
|
+
|
+
|
|
3.
|
Ата-ананың адамгершілік мақсат-бағьптары.
|
+
|
+
|
-
|
4.
|
Жанұядағы өзара қатынас мәдениеті.
|
+
|
-
|
-
|
5.
|
Ата-ананың тәрбиенің мақсат-тары мен міндеттерін түсінуі
|
+
|
+
|
-
|
6.
|
Тәрбиенің амалдарын, әдістерін, тәсілдерін педагогикалық сауат-ты пайдалану.
|
+
|
-
|
-
|
7.
|
Ата-ананың баланың қызмет-әрекетін ұйымдастырудағы білік пен дағдаларының болуы.
|
+
|
-
|
-
|
8.
|
Оқушының жанұя өміріне араласуы.
|
+
|
-
|
-
|
9.
|
Баланың іс-әрекетінің мақсаты мен себеп-салдарының адамгер- шілік негіздері.
|
+
|
-
|
-
|
10.
|
Оқушының іс-әрекетінің алуан түрлілігі.
|
+
|
-
|
-
|
11.
|
Оқушының іс-әрекеттің біліктері мен тәсілдерін игеруі.
|
+
|
-
|
-
|
Жоғары деңгей - барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан жанұялар. Ата-ананың әлеумсттік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Балалар белсенді, дамыған, ұйымдасқан, алдында белгілі бір мақсаттары бар. Жанұяда оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Жанұядағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай жанұяларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетістіктерін де біледі; баланын мектептегі жағдайы да жанұяда еркін
208
талқыланады; ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; әкесі мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көніл бөледі; баланың бос уақыттын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Жанұяларда бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кітап оқу - күнделікті және жиі болып тұратын құбылыетар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік-жауапкершілігін түсінеді. Ата-аналар жанүя айтарлықтай түзетулерді керек етпейді. Олар оның мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді.
Орташа деңгейде жанұяның педагогикалық процесі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиеде аз әдістерін қолданады (насихат әңгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Жанұядағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда авторитарлық бедел қалады. Жанұя сипатындағы ортак нәрсе - педагогикалық процесті ұйымдастыруда әртүрлі қиыншылықтардың болуы.
Ата-ана баланың оқу іс-әрекетіне көңіл бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшін қиындық туғызады. Олар, сондай-ақ, баланың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруды да қиыналады. Бос уақытты бірге өткізу кездейсоқ болады. Онда жүйелілік пен педагогикалық бағыттылық жоқ. Авторитарлық, оқушыға ықпал етудің педагогикалық негізі жоқ тәсілдерін қолдану, әкесі мен анасы арасында бөлісу жанұяда орын алады.
Төмен деңгей жанүянын іс-әрекетінде ала ауыздықпен, ата-ананын нашар педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік, педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады.
209
Балалардың үлгерімі төмен, олар үшін жанұялық өмірдің қызығы жоқ, балалардың әуестіктері кездейсоқтық сипатқа ие, жасөспірімдер ортасының оларға кері әсері өте үлкен. Ата-аналар өз міндеттерін тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және бақылаудын жалпы қызметтерін атқару деп түсінеді. Олар мектеппен жүйелі түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесін ескермейді. Оқушының оқудағы, тәртібіндегі ақауларды мұғалімдердің жаман жұмыс істеуімен түсіндіреді. Мұндай ата-аналардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ және, ең бастысы, педагогикалық шараларға қатысуға ынтасы жоқ.
Жанұяның тәрбие жұмысын зерттеуді ұйымдастыру өте маңызды. Ол мектеп құжаттарын (оқушылар сипаттамасы, сынып журналы, медициналық карталар) зерттеу мен талдаудан басталады. Бұл әдісті қолданғанда алдын ала жоспарланған мәселелер бойынша материалдар жинау.
Жанұя жайлы алғашқы мәліметтерді "Менің жанұям", "Біздің жанұядағы демалыс күні", "Менің үйдегі міндеттерім", "Оқушының жанұядағы бір күні" атты шығармаларды жаздыру арқылы алуға болады. Оқушыларға сұрақтар беру солардың төңірегінде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың азаматтық көзқарасы, жанұяның рухани өмірі, оның мүшелерінің өзара қатынасы, балаларға деген қатынасы туралы білуге болады.
Шығармадағы жанұя туралы мәліметтерді ата-анадан (ата-аналар жиналысында өткізілген) сұрақ-жауап арқылы алынған материалдармен салыстырып, қайта тексеру керек. Бұл екі әдісті (шығарма мен сұрақ-жауапты) оқушылар мен ата-анадан объективті ақпарат алу үшін бір уақытта өткізу керек. Жетістіктер мен кемшіліктердің себептері айқындалып, мектеп пен жанұяның бірлескен қызмет-әрекетінің болжамы анықталады.
Жанұя - іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі бір қиыншылықтар негізделеді. Жанұяның сипаттамасы туралы мәліметтер алу мақсатында жанұяға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғалімнен өте жақсы дайындықты талап етеді. Педагогтің өте маңызды қасиеті - бақылағыштығы. Әңгімелесіп отырған адамның бет әлпетінен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық жай-күйін білуге болады.
210
Жанұя мүшелерінің ара қатынасы мәселелерін анықтаудың аталған әдістерден басқа тағы бір жолы "Менің жанұямның суреті" әдісін сәби және жасөспірім жаста өткізу тиімді. Оқушыларға "Өз жанұяңның суретін сал", "Өз арманыңдағы жанұяның суретін сал" деген тапсырмалар беріледі. Бұл әдістің артықшылығы сонда -балалар өз суреттерінде жанұя мүшелерінің ара қатынасы туралы ақпаратты өз бетінше, өз қалауымен бейнелей алады. Алайда оның объективтілігі күмән келтіруі мүмкін, оған бірнеше себеп бар: көзбен көру-моторлық сипаттың жетіспеуі (бала адамдардың суретін сала алмайды, сондықтан өз жанұясын салудан бас тартады), кейде бала өзінің қалауларын, тілектерін шындық, ақиқат ретінде беруге тырысады (жанұяда жоқ мүшенің суретін салады -оның ата-анасы ажырасқан). Сондықтан "Жанұя суреті" арқылы алынған ақпаратты басқа да әдістермен толықтыру қажет.
Осы ұсынылып отырған жанұяның диагностикасының әдістері мұғалімге объективті ақпарат алуға және бөлек алынған немесе тұтас сынып жанұяларының ұжымы ретіндегі жанұяның тәрбиелік сипатын қарастыруға, оқушылардың жанұяларымен жұмысында әдетте кездесетін мәселелерді табуға, ата-аналарға бала тәрбиесін жетілдірудің белгілі бір жақтарын түзетуте көмектесуге мүмкіндік береді.
Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
211
Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті -сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үтіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.
Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары -оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.
Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).
Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді.
Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын
212
жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар жанұя мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әнгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткізіп тұру керек, яғни бұл процестің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшін керек.
Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, "жанұя суреті" ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардын педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі "жаман" тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай ағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: "Кей ата-ана мұндай әңгіме-ден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады", -дейді А.С. Макаренко.
213
Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық
ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде "Ашық есік күндері" дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақгарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады.
Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі "кіші педагогикалық кеңестер", ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі (3 суретгі қараңыз).
Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қальштастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.
214
Достарыңызбен бөлісу: |