Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Интеракция дегеніміз не?
2. Сендіру дегенді қалай түсінесің?
3. Иландыру қарым-қатынасты қалай жүзеге асады?
4. Еліктеу дегенді қалай түсінесің?
5. Еліктеуді ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым?
№9-10 дәріс
Тақырып:Жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны:
1.Іскерлік қарым-қатынастағы тиімді өзара байланысу тәсілдері.
2. Қарым-қатынас кезіндегі өзара арақашықтық.
3. Имидж қалыптастыру.
Мақсаты: Студенттерге қарым-қатынастағы арақашықтық және имидж туралы түсінік бере отырып, өзара әрекетте жағымы қарым-қатынас жасай білуге және имидждің іскерлік қарым-қатынастағы маңызын түсіндіру.
1.Іскерік қарым-қатынастаың ең басты міндеті сыбайласыңның өзіңе жағымды қарым-қатынасқа қалыптастыру. Іскерлік қарым-қатынста жағымды әсер қалыптастыру әдістері:
-мұқият тыңдау.
- киім үлгісін сол жағдайға байланысты таңдай алу.
сыбайласыңа сыйластық қатынас орнату.
-әлеумет қабылдаған жест, мимика, тұлғааралық қарым-қатынасты қолдана білу.
-жағымды эмоция қалыптастыра білу.
-әңгімелесу кезінде жазып алуға ынталану,
-мұқияттылық.
Іскерлік қатынаста кейінгі кезеңде кеңінен қолданып жүрген әдістер қолданбалы психологияда көптеп қолданылады.Нейролингвистикалық бағдарламада байланысу өзінің мінез-құлқыңды өзгенің мінез-құлқына бейімдеу мақсатында қолданылады.Басқарушылық қатынастағы байланысудың негізгі әдістеріне мыналар жатады:
« Кіріспе»- бұл сыбайласыңыздың дене тұрқы жест, сөзін қайталау реакциясы.Бұл әдісте сіздің жестіңізді қайталанса сыбайласыңыздың сіздің бағытыңызға қарай ауысқандығын білдіреді.Егер сыбайласыңыз санасыз түрде сіздің мимикаңызды қайталап тұрса ол сіздің ойыңызбен келіскендігі.
«Якорь»-бұл адамның бір көңіл-күйдің негізінде барлық көңіл күйді туғыза алу қабілеті.Ол үшін сыбайласыңды жақсы біліп оны қолданудың ұтымды сәтін таңдай білуі керек.
«Ауысу»- сөздік құрал арқылы адамның қалыпты жағдайдан жеңіл, икемді жағдайға көшу. Егер сіз сөйледі дұрыс құрып, сөздің арасында үзіліс болмаса, сыбайласыңның зейіні шашырап, талдау қызметі төмендейді. Бұл жағдайда қосымша мәліметке уақыт өткізбеу үшін, сыбайласың сізбен жеңіл келіседі.
Достарыңызбен бөлісу: |