Төмен
Орташа
Жоғары
Төмен
1
2
3
орташа
4
5
6
жоғары
7
8
9
Ротационды жоспар «латын квадраты» əдісі бойынша құрастырылады, бірақ жоғарыда қарастырылғандардан
айырмашылығы, жол бойынша зерттелуші тобы бейнеленген, ал бағанда – 1-ші тəуелсіз айнымалының əсер ету
дəрежесі, кесте де – 2 тəуелсіз айнымалықтың əсер ету дəрежесі бейнеленген.
Топ
1-ші айнымалы дəрежесі
Х1
Х2
Х3
А
У1
У2
У3
В
У2
У3
У1
С
У3
У1
У2
Ротационды жоспардағы баған бойынша суммасы əртүрлі мəндегі 1 тəуелсіз айнымалықтың эффект дəрежесін
көрсетеді, ал жолдағы сумма топ арасындағы айырмашылықты сипаттау қажет. Егер топ сəтті
рандолизацияланса, онда топаралық өзгешілік болмау қажет. Егер топ құрамы қосымша айнымалық болып
табылса, онда оны бақылау мүмкіндігі туады.
Экспериментальды жоспардың əртүрлі нұсқасына қорытынды келтере отырып, оны былай жіктейміз.
Экспериментальды жоспар мына негіздер бойынша ерекшеленеді:
1. тəуелсіз айнымалық саны- біреу немесе көп. Олардың санына байланысты қарапайым немесе факторлы
жоспар қолданылады.
2. тəуелсіз айнымалық дəрежесінің саны- 2 дəрежеліде сапалы байланысты қондыру болса, 3 жəне одан да көп –
сандық байланыс.
3. кім əсер етуді алады. Егер «əрбір топта - өз комбинациясы» схемасы қолданылса, онда топаралық жоспар
болады. Егер «барлық топ – барлық əсер ету» схемасы қолданылса, онда ротационды жоспар. Готтскандер оны
кросс- индивидуальды салыстыру деп атады.
Экспериментті жоспарлау схемасын гомогенді немесе гетерогенді болуы мүмкін.
4. 1 зерттелушіге арналған эксперимент жоспары.
Психологияда таңдау эксперименті. Экспериментальды зерттеудің топқа таралуы атақты биолог жəне математик
Р.А.Фишердің экспериментті жоспарлау жəне олардың қорытындысын өңдеу теориясын жасағаннан кейін
танымал болды. Бірақ психологияда экспериментті таңдауды зерттеуді жоспарлау теориясының пайда болғанына
дейін ұзақ қолданылады. Алғашқы экспериментальды зерттеу 1 зерттелушінің қатысуымен өткізілді – ол
экспериментатордың өзі немесе оның ассистенті болды. 1913 жылы өткізілген 1 зерттелушіге классикалық
экспериментальды зерттеу Г.Эббингауз жұмысы болды. Көп жағдайда 1 зерттелушіге жүргізілетін зерттеу
əдістемесін 1970 – 1980 жылдары көптеген авторлар жасаған: А.Кездан, Т.Кратохвилл, Б.Ф.Скиннер, Ф.Дж.Мак
Гиган жəне т.б.
Экспериментте артефактінің 2 көзі бөлінеді: А.Жоспарлау стратегиясындағы қате жəне зерттеуді өткізу.
В.индивидуальды айырмашылық.
Оқыту психологияда критерийлерді ауыстыру əдісінде немесе «критерий өңдеу жоспары» қолданылады. Бұнда
əсердің өсуіне зерттелушінің жауабы тіркеледі. əрекет параметрінің өсуі тіркеледі жəне келесі əсер
зерттелушінің берілген деңгейден шығуынан кейін ғана жасалады. Орындау деңгейі тұрақталғаннан кейін
зерттелушіге əсердің келесі градациясы беріледі. Сəтті өткен эксперимент қисығы аяқпен тапталған баспалдаққа
ұқсайды, онда баспаның басталуы əсердің бастапқы деңгейімен, ал оның соңы зерттелушінің келесі критерийге
шығуымен сəйкес келеді. А – В – В – А жоспары бұл əсерлердің бірізділігінің инверсиясы. Бірізділік эффектілері
алдыңғы əсердің кейінгі əсерге əсер етуімен байланысты. Ауысу жағымды, жағымсыз жəне симметриялы,
ассиметриялы болады. А – В – В – А бірізділігі позиционды тұрақты схема болып табылады. Готтсданкер
айтқандай, А жəне В айнымалының əсері ерте жəне кейінгі ауысудың эффектілерімен негізделеді. əсерлер
бірізділігінің кездейсоқтығы тапсырмаларды рандолизациялау жолымен іске асады. Оны көп тексеруді талап
ететін экспериментте қолданады.
Бір зерттелушіге арналған жоспардың түрлі нұсқалары туралы Барлоу жəне Херсен «экспериментальные планы
для единичных случаев» монографиясында жазылған.
Аналогиялық схема мəліметтерді интерпретациялауда қолданылады. РАН психология институтында Дрынков
қарапайым жасанды ұғымдарды қалыптастыру процесін зерттеді. Оның ойынша, оқудың бастапқы деңгейін
қатысты индивидуальды көрсеткіштің нормасы жəне критетийге жету барлық зерттелушіге бірдей, уақытқа
тəуелді, функциональды сəттілікті алуға мүмкүндік береді.
Бір ғана зерттелуші қатынасатын эксперимент ерекшіліктерін қарастырайық. Бұндай эксперименттің нəтижесі
экспериментатордың болжамына жəне оның зерттелушімен қарым-қатынасына байланысты. əсердің бірізділігі
байқалған кезде экспериментатор өзінің саналы жəне санасыз əрекеті арқылы зерттелушіде болжамды
дəлелдейтін əрекет тудыруы мүмкін. Сондықтан бұндай зерттеуде «соқыр тəжірибелерді» қолдану ұсынылады.
«Соқыр тəжірибеде» экспериментатор соңғы плацебо эффекттің жəне қашан əсердің болатынын біледі, ал
зерттелуші одан беймəлім. Бір зерттелуші қатысатын эксперименттер психофизиологияда, психофизикада,
когнитивті психологияда маңызды роль атқарады.
3.Экспериментке дейінгі жəне квазиэкспериментальды жоспарлар.
Экспериментке
дейінгі
жəне
квазиэкспериментальды
жоспарлар
арасында
айырмашылықтар
бар.
Экспериментке деінгі жоспарлар психологиялық ғылымның бұрынғы рудименттері болып табылады. Ал
квазиэкспериментальды жоспарлар бүгінгі күннің жəне көптеген зерттеушілердің ойынша ертеңгі күннің
атрибуты.
Экспериментке дейінгі жоспарлар бұл классикалық зерттеуге қойылатын талаптарды қабылдамайтын жəне
белгілі схемамен жүргізілетін зерттеу. Себеп – бұл талаптарды білмеу.
Квазиэкпериментальды жоспарлар эмпирикалық зерттеулер жүргізудегі өмір шындықтарын тіркеу амалы. өмір
шарттары жəне экспериментатордың практикалық тапсырмалары көбіне «шынайы эксперимент» жоспарларын
жəне сыртқы айнымалықтарды бақылау схемаларын қолдануға мүмкіндік бермейді.
Квазиэксперимент тек қолданбалы проблемаларды ғана шешуге емес сонымен қатар ғылыми зерттеуді
жүргізуде қолданылады. Классикалық еңбектің авторлары Кокс пен Кэмпбелл квазиэкпериментальды
жоспарлаудың негізгі теоритикалық принциптерін қалыптастырды. Квазиэкспериментальды жоспар одан да
артық жоспар қолдануға болмайтын кезде қолданылады. Экспериментке дейінгі жоспарлар иллюстрациялар
ретінде қолданылады. Ғылыми зерттеулер практикасында мүмкіндік болғанша оларды қолданбаған жөн.
Экспериментке дейінгі жоспарлар.
Кэмпбел экспериментке дейін жоспардың 3 түрін көрсетеді. Олардың екеуін Макгиган квазиэкспериментальды
жоспарға жатқызады.
Экспериментке дейінгі жоспарға : а) бір рет болатын жағдайды зерттеу ; б) бір топты алдын ала жəне
қорытынды тестілеу жоспары; в) статистикалық топтарды салыстыру.
Бір рет болатын жағдайды зерттеу өткен салаға жатады Х0 оспары бойынша əсерге тап болғанбір топқа тест
жүгізіледі. Сыртқы жəне тəуелсіз айнымалылықтарда бақылау жүрмейді. Бұндай «зерттеуді» салыстыруға
ешқандай материал болмайды. Бұл зерттеулер нəтижені күнделікті шындықпен сəйкестендіру үшін ғылыми
қызметтің алғашқы этаптарында қолданылады.
Бір топты алдын ала жəне қорытынды тестілеу жоспары көбіне социологиялық, социологиялық психологиялық
зерттеулерде (О1ХО2) қолданылады. Бұнда соңғы таңдау болмайды, сондықтан тестілеу кезінде тіркелетін
тəуелді айнымалының өзгеруі тəуелсіз айнымалының өзгеруінен туады деп айтуға болмайды. Тестілеу эффектісі
бұл өткен келесі зерттеуге əсері. Артефактілердің көзі бұл да – бұл жоспармен бақыланбайтын сыртқы
айнымалылар.
Экспериментке дейінгі жоспарлау 3 нұсқасы бұл статистикалық топтарды салыстыру.
Х О1
О2
Бұл жоспар көмегімен зерттелушіге фондық əсерді жəне басқа сыртқы айнымалылардың əсерін анықтауға
болғанмен, табиғи дамудың эффектісі алынбайды, себебі зерттелушілердің бастапқы жағдайымен олардың қазіргі
күйін салыстыратын материал жоқ.
Бақылау жəне экспериментальды топтардың нəтижелерін салыстыру үшін Стьюденттің t – критерийі
қолданылады. Есте сақтаған жөн: тестілеу нəтижесіндегі айнымалықтар экспериментальды əсерден емес. Топ
құрамының айырмашылығымен де негізделуі мүмкін. Егер экспериментальды əсерді алып тастайтын болсақ, бұл
жоспар корреляциялық зерттеулерде қолданылады, бірақ оны 2 айнымалы арасындағы себепті байланыс туралы
гипотезаны тексеру мақсатында қолданбаған жөн.
Квазиэкспериментальды жоспарлар.
Т.Д.Кук жəне Д.М Кэмпбелл психологиялық зерттеуде квазиэкспериментальды жоспарларды қолданудың
теоритикалық негізін жасады. Квазиэкспериментальды жоспардың 2 түрі болада: А.Эквивалентті емес топтарға
арналған жоспарлар.
В.Дискретті уақытша сериялардың жоспарлары.
2 айнымалы арасындағы себепті тəелділікті анықтауға бағытталған кез келген зерттеу – квазиэксперимент
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |