тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып табылады, алайда, ең бағалы деген
гауһар тастың өзі жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бүзылуы - не
үлкен қылмыс, не орны толмас өкінішке айналады. Сондықтан, бүл
материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатынын күні бүрын біле отырып,
жүмыс істеу қажет» деген.
¥стаз - болашақ ел иелерін тәрбиелеу ісіндегі қоғамның жүрт сенген
өкілі.
Жоғары және орта білім беретін оқу орындарында ұстаздар
шәкірттеріне арнайы білімді ғана меңгертіп, мектеп қабырғасынан «кім
болса, ол болсын, тек білгір маман болып шықса болды» деп шығарып
сала алмайды. Олардың білімімен, шеберлігімен, іскерлігімен бірге
кісілігіне, адамгершілігіне ерекше кеңіл бөледі.
Ы.Алтынсарин езінің 1864 жылы Н.И.Ильминскийге жазған хатында:
«Кейін парақор болып шьгқпаулары үгггін оларға адамгершілік жағынан
әсер теуге бар күшімді салып отырмын» деп жазады.
Шәкөрім Құдайбердиев «Үш анық» деген философиялық еңбегінде
сыртқы дүниені игеруге бағьпталған арнаулы білімнің адам үшін
жеткіліксіз болатьшын, оған сол сиякты ар-ұятьга, үжданын оятатын,
тәрбиелік мәні бар білімнің қажет екенін көрсетеді.
Қоғамға тек мамандар - физиктер, химиктер, биологтар, инженерлер,
экономистер ғана керек деу ағаттық болады. Қоғамға керегі, ең алдымен,
ой-өрісі, ақылы толысқан, жақсы-жаманды айыра білетін, ар-намыстьг
жоғары қоятын адам, тұлға. Ал, оған қойылар көп талаптардың бірі -
жақсы маман болуы.
Педагог болашақта шәкіртінің кім және қандай болатынын, қандай
адам больгп шығатьгнын болжап білуі керек. Шәкірттерінің оқуымен бірге
тәрбиесін де қадағалау, жөнге салуы міндетті.
Абай Құнанбаев: «Күшік асырап ит еттім,
Ол балтьгрымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім.
Ол мерген болды, мені атты» - дейді.
Неге бұлай болады? Кім кінәлі бүған? Әрине, шәкіртінің кім болып
келе жатқанын көре білмеген үстаз, тәрбиеші кінәлі. Ғылым да, оқулықтар
да әлсіз күйде болады. Оған мысал: шәкірті Александр патшаға ықпал ете
алмаған Аристотель одан қол үзеді. Сенеканың қолынан келгені шәкіргі
Нерон патшаның бүйрығымен өзін-өзі өлтіреді.
Егер ұстаз шәкіртінің білімімен, кәсібімен шектеліп қалмай, кісілігіне
көңіл бөліп, жақсы адам етіп шығаруға ат салысса, онда мына мәселеге
айырықша мән беруіне тура келеді: ол адамның түсянггін қалыптастыру,
адамдарды түсінікке жетелеу мөселесі.
Түсініксіз білімнен түк те шықпайды. Түсініксіз адам - тірі робот,
машина. Түсінік осы кезге дейін еліміздің рухани өмірінде өзіне лайық
59
орнын таба алмай, еленбей, тасада қалып келе жатқан құбылыс. Оқу бар,
оқығанды көңілге току бар дейді. Сол сияқты білу, тану бір басқа,
білгеніңді, тоқығанынды тусіну бір басқа. Адамның кісілігін оның
түсінігінен, түсінікке сүйенетін сыртқы дүниеге, басқа адамдарға қарым-
қатынасынан аңғаруға болады. Түсінік тек адамға, адамның да адамына
тән қасиет.
Түсінік оқу орындарының, ұстаздың, тәрбиешінің бетке үстар
нысанасы, педагогикалық бағыт-бағдары болуы керек. Түсінік - қазақ
халқының төл қасиеті десек, артық болмас. Қазақ сөзді түсінген, сөзге
тоқтаған. Мәселен, Сүлтанмахмүт Торайғыров:
Асыл сезді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адалдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге - дейді.
Түсінікке бастайтын даңғыл жол - даналық. Даналықтың ауылы,
бүкіл мәдениеттің қайнар көзі, жанды өзегі болып табылатын -
философия ілімі.
Кант өз заманында өріс алып бара жатқан сыңар жақты
рационализмді қолдамай «таза ақылды» сынады, адам, қоғам өмірінде
ғылымға, таза ақылға бой бермейтін мәселелердің барын атап көрсетті.
«Мен сенімге орын қалдыру үшін - білімнің өресін тарылттым».
Қазіргідей кезде бізге мүмкін, ақша-қаражаттан гөрі ар-ұятқа, намысқа,
жігерге, сенімге, үмітке, сүйіспеншілікке арқа сүйегеніміз жөн шығар.
Ахмет Байтүрсыновтың мынадай өлең жолдары еске түседі:
Балалар, бүл - жол басы даналыққа
Келіңдер түсіп, байқап қаралықта
Бүл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Оларды көре тұра қалалық па?!
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер іздеп тауып алалық та.
Ұстаздың мандайына жазылған пешене - баланы, адамды үйретуден,
түзетуден жалықпау.
Мәдениеттілік туралы сөз еткенде, тоқтап қалатын процесс емес,
әрдайым қимыл іс-әрекетте, қозғалыста болатьш рухани және ішкі бай
қүндылықтарды бейнелейтін процесс ретінде көрсетеді және жалпы
шығармашыл қабілеттері мен білімдері - интеллектуалдық (ақыл-ой),
көркем әдеби, техникалық, әлеуметтік (үйымдастьфушьшық,
басқарушылық) болуы керек. Ересектерді де, балаларды да бірыңғай
пайдалы іске жүмылдыру үшін педагог жеке тұлғалық қасиеттері басым,
өмірдегі әртүрлі салалар бойынша дарыны болуы керек.
А.С.Макаренко - өзінің психологиядан, этика, эстетикадан, көркем
әдебиеттерден бар білімінің арқасында балалар үжымында, отбасындағы
60
тәрбиенің психологиялық-педагогикалық, этикалық, эстетикалық
негіздерін жасаған.
В.А.Сухомлинский - ақпарат көздері ретінде кітаптарды атаған,
Оңтүстік Украина Павлыш селосында мүражай пәтерінде әртүрлі ғылым
саласынан бай кітаптар қоры бар.
В.Ф.Шаталов - физика және математика сабақтарында мәдениеттану
материалдарьш, оқушыларына ғылыми және керкем таным бірлігін
керсете білген. «Тірек сигналы» - дидактикалық көрнекі қүралдарын
мысалға келтіруге болады.
К.Д.Ушинский «педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы»
мақаласында XIX ғ. ортасында жас мүғалім мен тәрбиешінің кәсіби іс-
әрекеті үшін арнайы білімдер, ғылыми эрудициялардың маңызы зор
екенін айттьі. Бүл пікір қазір педагогика ғылымы мен педагогика жүйесі
қалыптасқанда, олар жаңа іргелі ізденістермен байытьшғанда өзекті.
Педагогтардың ғылыми даярлығын кез келген мамандыққа
байланысты іске асыру тәжірибе жүзінде анықталды. Білім беру
мекемелерінің кызметкерлері, ең алдымен, педагогиканың теориясы мен
тарихын, оқу-тәрбие іс-әрекетінің әдістемелерін, педагогикалық
мәселелерді шешудің қазіргі кездегі жолдарынан ажырата алу керек. Адам
- қоғамның жеке бір мүшесі болғандықтан, оның әлеуметгік,
мәдениеттану, психологиялық аспектілерін білу керек. Балалардьщ жас
және физиологиялық, психологияльщ ерекшеліктерін, этиаксы мен
эстетикасын, жеке қалыптасу заңдылықтарын ескеру қажет.
Ең алдымен, пәнді жақсы меңгеруі қажет, өйткені, кәсіби іс-әрекеттің
негізгі мазмүны больш табылады.
Педагогтың кәсіби мәдениегінің маңызды негізі - педагогикалық
этика немесе деонтология (грек сөзі - сіеоп- парыз және -Ісчюз - білім)
болып табылады.
Этика (грек сөзі - егпоз- әдеП, әдет) - тәртіп нормалары мен ережелері
туралы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы ғылым.
Педагогикалық этика (педагогикалық деонтология) - жалпы этикалық
нормаларға сүйене отырып, оқушылармен, олардың ата-аналарымен,
әріптестерімен қарым-қатынас процесінде педагогтың жасайтын
жетекшілігіне қажет нормативті адамгершілік көзқарастарды айқындайды.
Гуманисгік педагогика бірнеше ғасырлар бойы этикалық
нормалардың бірі - балаға деген сүйіспеншілік қасиет деп келді. Соның
өзіңде, балаға деген эмоционалды құнды қарым-қатынас әр түрлі болды-
Жан-Жак Руссо, Л.Толстой, Р.Штайнерлер үшін баланы сүю
цшпармашылық түрде жас ерекшеліктерінің қажетгіліктеріне сәйкес
максималды еркіндік беру болып саналды. И.Г.Песталопди мен Януш
Корчактың үстанымдары мынадай: «Балалар үшін ғана өмір сүру емес,
сонымен қатар олармен бірге «ыстығын да, суығын да» бөлісе алу».
61
Достарыңызбен бөлісу: |