Педагог психолог маманны ң ж ұ мысы барысында кездесетін қ иынды қ тар



жүктеу 44,06 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.02.2018
өлшемі44,06 Kb.
#8752


ПЕДАГОГ – ПСИХОЛОГ  МАМАННЫҢ ЖҰ МЫСЫ БАРЫСЫНДА 

КЕЗДЕСЕТІН  Қ ИЫНДЫҚ ТАР  



 

Даулетова В.А., 

«Педагогика және психология»,  06301-топ студенті  

Ғылыми жетекші:  

педагогика және  психология магистрі  

Исмагулова Ж.С. 

 

«XXI ғасыр – психология ғасыры» деп Эйнштейннің өзі айтып 



кеткендей,  қазіргі  кезде  барлық  білім  беру  мекемелерінде 

психологиялық  қызмет  көрсетуді  ұйымдастыруға  үлкен  назар 

аударылып келеді. Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеу-меттік 

ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру 

жүйесінде,  соның  ішінде  орта  мектепте,  осы  қызметті 

ұйымдастырудың  өзіне  тән  қиындықтары  мен  шешілмеген 

проблемалары өте көп.  

Педагог-психологтың  жұмысы  барысында  кездесетін  қиын-

дықтарды  келесі  психологтар  өз  еңбектерінде  қарастырған: 

В.Н.Карандашев,  В.А.Фокин,  Т.М.Буякас,  О.Н.,  Е.А.Климова, 

Г.Леонова, С. Лучкина, Е. Марченко, Л.К. Сеил, М. Степанова және 

т.б.  Дегенмен,  осы  күнге  дейін  педагог-психологтардың 

жұмысындағы  кездесетін  қиындықтар  мәселесінің  шешілмеген, 

талас-тартысты қырлары баршылық. Психология және педаго-гика 

теориясы мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі 

арасында  қарама-қайшылық  тудырады.  Осыны  жүзе-ге  асырудың 

жолдарын іздестіру зерттеу мәселесінің өзектілігін тудырады. 

Мектеп  психологының  жұмысы  -  психологиялық  мамандық-

тардың ішіндегі ең көп сұранысқа ие қызметтердің бірі. 

Қызметке  жаңа  келген  жас  педагог-психологтардың  кәсіби 

әрекеттерінің  табысты  болуы  олардың  педагогикалық  ұжымның 

өміріне  қаншалықты  тез  араласып  кетуіне  және  еңбек  әрекетінде 

өздерінің  кәсіби  қызметтерін  қаншалықты  нәтижелі  орындауына 

байланысты. 

Қазіргі таңдағы зерттеу көрсетіп отырғандай, педагог қызметін 

жаңа  бастаған  жас  педагог-маман  бейімделу  кезеңінде  өзбетті 

жұмыстануда  өзіндік  мамандану  бойынша  дағдарысты  басынан 

кешеді.  Еңбек  жолын  жаңа  бастаған  жас  мамандарда  қажетті 

психологиялық-педагогикалық, практикалық білімдердің, білік пен 



дағдылардың  болмауы,  педагогикалық  жұмысқа  даярлығының 

жеткіліксіздігі, жіберген қателіктері мен сәтсіз-діктері өкініш, көңіл 

қалу сезімдерін туғызады. Туындаған мәселелердің қиындығы және 

оларды жеңу жолдарын анық білмеуі, олардың көңіліне сенімсіздік 

туғызып,  жас  педагог-психологтардың  кәсіби  бейімделуіне  кері 

әсерін тигізеді. 

Жас педагог-психолог мамандардың кәсіби бейімделу про-цесі 

ішкі 


және 

сыртқы 


қайшылықтармен 

сипатталатындығын 

зерттеушілер  анықтаған.  Кәсіптік  бейімделу  процесі  барысында 

туындайтын ішкі қайшылықтар: 

  жас  маманның  өз  бетінше  практикалық  міндеттерді 

шешуге  ұмтылуы    және  оған  қажетті  білімі,  білік-дағдыларының 

жоқтығынан; 

  жалпы теориялық білімін практикалық қызметінде қолдана 

алмауынан; 

  жас  маманның  өзін-өзі  таныту  қажеттілігі  мен  оның 

коммуникативті мүмкіндігінің сәйкессіздігінен. 

Жас  маманның  кәсіби  бейімделу  процесінде  оның  жұмыс 

орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтар: 

  жас  мамандардың  өмірлік  жоспарлары,  құлшыныстары, 

кәсіби үміті, олардың жаңа әлеуметтік жағдайы; 

  жас  маманның  талап-тілектері  және  оны  аталған  ұжым-

ның  тұлғааралық  қарым-қатынастар  құрылымындағы  нақтылы 

алатын орны арасында; 

  педагогикалық  ұжымның  мамандыққа  байланысты  қойы-

латын  нақтылы  талап-тілектері  мен  жас  мамандардың  даралық 

ерекшеліктерінен  туындайтын  оның  сенімділік,  қызығушылық 

ұмтылысы арасында; 

  қарым-қатынас  тәжірибесінің  жеткіліксіздігіне  және  ал-

ғашқы  жылдарда  қоғамдық-педагогикалық-психологиялық  қыз-

метінің көп салалығына байланысты да туындайды. 

Туындаған  қайшылықтарды  жеңу  үшін  жас  мамандардың 

алдымен оларды жақсы түсіне білуі және болатын қажетті өзгеріске 

ынта-құлшыныспен қарауы өте маңызды[5;32-33]. 

Дегенмен, диплом алу, жұмысқа орналасу бойынша бөлу бәрі де 

артта қалғандай, алда не күтіп тұрғаны белгілі секілді. Бірақ көптеген 

және  көптеген  буын  тәжірибесі  жас  маманның  жұмысқа  шығуы 

барысында "адасушылық" мәселесі әлі де шешілмегендігін көрсетеді. 

Тіпті барлығы дерлік жұмыстың алғашқы айларында белгілі бір үрейді 



сезінеді  және  осы  тәжірибе  жас  мамандардың  көпшілігі  бірдей 

қателіктерге ұшырайтындығын көрсетеді[8;8]. 

Педагог-психологтың 

жұмысы 


барысында 

кездесетін 

қиындықтарды келесідей көрсетуге болады: 

1. Әлеуметтік және коммуникативті құзіреттілік бойынша; 

2. Практикалық қызмет сферасы бойынша; 

  Психологиялық диагностика; 

  Психологиялық коррекция; 

  Психологиялық ағарту; 

  Психологиялық кеңес беру. 

  Сондай-ақ  нормативті  құжаттармен  жұмыстануда  да 

қиындықтарға ұшырап жатады. 

 

Жұмысының кең ауқымдылығына байланысты; 



3. Материалдық жағынан: 

  кабинеттің жабдықталмауы; 

4. Жоғары сұраныстарға байланысты; 

5. Жұмыс уақытына байланысты.  

Жоғарыда  аталып  өткен  қиындықтарды  анықтау  мақсатында 

зерттеу  жұмысын  жүргізуді  жөн  көрдік.  Зерттеуіміздің  мақсаты: 

педагог-психолог  мамандардың  жұмысында  кездесетін  қиындық-

тарды  анықтау,  қиындықтарды  шешу  және  алдын  алу  жұмыстары 

бойынша  ұсыныстар  беру  болды.  Зерттеу  жүргізуде  педагог-

психолог  жұмысында  кездесетін  қиындықтарды  саралай  келе, 

психолог  мамандарға  сауалнама  жүргізуді  ұйғардық.  Сауалнама 

сұрақтарына  педагог-психологтың  жұмыс  барысында  және 

студенттердің  сараман  барысында  кездескен  қиындықтарына 

қатысты сұрақтарды енгіздік. 

Тәжірибелік  зерттеу  жұмыстары  2011  жылдың  сәуір  айынан 

бастап  жүргізілді.  Зерттеу  жұмыстары  Орал  қаласындағы  №34, 

№38  мектеп  –  гимназиялары,  №41,  №42,  №44  ЖОББМ  педагог-

психологтары  және  Ж.Досмұханбетов  атындағы  педагогикалық 

колледждің педагог-психологы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің 3-

4  курс  студенттеріне  жүргізілді.  Зерттеуге  барлығы  30  адам  

қатысты.  Жалпы  әдістемелік  инструментария  -  сауалнама  болып 

табылады.  

Бұл  сауалнама  педагог-психологтардың  жұмысы  барысында 

кездесетін қиындықтарды анықтау мақсатында қолданылды. 




Жалпы  зерттеу  жұмысы  барысында  жас  мамандардың  өзінің 

қызметтік міндеттерін шешуде көбіне кезігетін қиындықтары және 

туындаған қиындықтарды шешудің тәсілдері анықталды. 

Жалпы педагог-психологтардың жұмыс барысында кезде-сетін 

қиындықтарды шешу мына 2 факторға байланысты: 

1.  Ішкі  фактор  психолог  шеше  алатын  -  бұған  өзін-өзі  тәрбие-

леу,  өзін-өзі  жетілдіру,үздіксіз  білім  алу,  тәжірибелі  психолог 

мамандармен кездесу, тәжірибе алмасу т.б. жатады. 

2.  Сыртқы  фактор  мектеп  әкімшілігі,  ЖОО,  білім  беру 

департаменті  шеше  алатын  -  бұған  қаржыландыру,  жабдықтау, 

қолдау, жалақыны көтеру т.б. жатады. 

Психолог  оқушылардың  жан-жақты  және  үйлесімді  дамуына 

тікелей ықпал ететін маман. 

Мектеп  психологының  қызметі  оның  барлық  қарастырылған 

формасында  жоғары  кәсіби  мотивация  және  шеберлікті,  кең 

ауқымды  теориялық,  практикалық  қолданбалы  білімді,  қарым-

қатынас  және  түрлі  адамдармен  өзарақарым-қатынас  дағды-

ларын талап етеді.  

Болашақ  маманның  кәсіби  дамуы  мен  қоғамдық  ортада 

қалыптаса отырып, өзінің біліктілігін көрсете білуі, ЖОО-нда алған 

теориялық  білімін  практикамен  ұштастыра  білуі  үлкен  жетістік. 

Зерттеудің  қорытындысы  ЖОО-ның  оқу  процесінде  ескерілу 

қажеттілігі болашақ құзіретті мамандарды даярлауда тиімді нәтиже 

беретіндігін  көрсетеді.  Олай  болса,  біздің  педагог-психологтың 

жұмысы барысында кездесетін қиындықтарды анықтауымыз  және 

оны  шешу  мен  алдын  алу  жолдарын  ғылыми  тәжірибелік  тұрғыда 

негіздеуіміздің  практикалық  мәнділігі  бар  деп  санаймыз.  Педагог-

психологтың  жұмысы  барысында  кездесетін  қиындықтарды  шешу 

және алдын алу бойынша  төмендегідей ұсыныстар жасаймыз: 

1.  ЖОО-да  мамандарды  даярлауда  теориялық  білім  берумен 

қатар  практикалық  білімді  көбірек  қарастыру,  ЖОО-нда  болашақ 

мамандарға  психологияның  қолданбалы  салаларынан  (психоло-

гиялық  диагностика,  психологиялық  коррекция,  психологиялық 

ағарту  жұмысы,  психологиялық  кеңес  беру)  жетік  біліммен 

қамтамыз ету. Ол үшін болашақ мамандарға оқытуда жаңа пәндерді 

енгізу  (қиын  балалармен  жұмыс,  психологиялық  ағарту, 

психологтың іс-қағаздарын жүргізу негіздері т.б.) 

2.  Арнайы  жеке  кабинетті  жарақтау.  Материалдық  жағынан 

мазмұнға  сай  қамтамасыз  ету  (стимулдық  материалдар,  компью-




тер,  ойыншықтар,  магнитофон,  видеокассета,  теледидар,  сенім 

телефоны  т.б.)  Топтық  жұмыстарды  өткізуге  арналған  тренинг 

кабинетімен толықтыру;  

3.  Ресми  сабақ  кестесі  аясында  оқу  уақытының  I  кезегінде 

когнитивті  психикалық  процестердің  диагностикасын  өткізу 

мүмкіндігі мен  құқығын ресми түрде рәсімдеу. 

4.  Тәжірибелі  мамандармен  кездесулер  ұйымдастырып  тұру, 

бұл  мамандардың  тәжірибе  алмасуына  және  білімін  жетілдіруге 

көмектеседі. 

Адамы мен заманы да дағдарысқа ұшыраған қазіргі кезде балаға 

көмек  көрсетіп,  күйзелістен  шығуға  жол  көрсететін  психолог 

мамандарының  жұмысы  нәтижелі  болуы  үшін  жоғарыда  аталып 



өтілген біздің ұсыныстарымыз жүзеге асуына тілекшіміз. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.  Асылханова  М.А.  Болашақ  мамандарға  кәсіби  психологиялық 

білім берудің маңызы.//. Мектептегі  психология  –Психология в школе.-

2009.-№1.-14б. 

2.  Карандашев  В.Н.  Психология:  Введение  в  профессию:  учеб. 

пособие для студ. высш. учеб. заведений   -3-е изд., стер. – М.: Смысл; 

Издательский центр «Академия», 2005. – 382с. 

3.  Қайсаева  Г.А.  Жас  педагогтардың  кәсіптік  бейімделу  мәселе-

лері.// Мектептегі психология - Психология в школе.-2011.-№1(31) 

4.  Леонова  Г.  Рабочее  время  педагога-психолога.//Школьный 

психолог.-2009.-№21.-10-11с. 

5.  Материалы  семинара  «Нормативно-правовое  обеспечение 

работы школьного психолога» интернет-ресурсы 

6.  Психолог:  Введение  в  профессию:  учеб.  пособие  для  студ.  высш. 

учеб.  заведений./  В.А.Фокин,  Т.М.Буякас,  О.Н.Родина  и  др.;  под  ред. 

Е.А.Климова.  – М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 208с. 

 

жүктеу 44,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау